Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 212 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 213 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 215

 

Стр. 217

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Мынадай бекіністі жиырма жауынгер түгіл бір алдырмауға болады ғой! Пулемет екеу

дедің бе?

Ие, екеу... Оқтары да жеткілікті, окоптарына жүз пулюмотшыны еркін орналастыруға

болады.

Ракеталарын күндіз-түні бірдей атсаң да он күнге.ісегін!—деп, Самед келді.— Арақы аз

тамақ исі шөп татиды...

Қорғанды айнала күзетуге алты адам қойып, енді өзімізді түгендесек, жеті жауынгер

шығынымыз бар екен.?Қаудың мықты бір бекінісін қолға түсіру үшін бұл көп шығын

емес. Кейде мұндай қимылға жүздеген адам құрбан болады. Жаудың арасына келіп түсіп,

бекінісін ала қою деген оңайлықпен орындалмайды. Жаудың өзі жәрлем етпесе, бұл біздің

арман етерлік нәрсеміз емес. Бірақ біздің азғана топ үшін жеті жауынгер деген ете ауыр

шығын еді. Осы ауырлықтан едәуір уақыт үндеспей қалып едік, Петр кеудесіне орап алған

қызыл жалауды жайып жіберіп:

—■ Орнатайын ба төбеге?— деді капитанға қарап.

Батальон түгел келіп жетер күн болса, жалау орнату менің бөліміме тапсырылып еді де,

мен оны Петрға жүктеп ем.

Тоқтай тұр, сержант Ушаков,— деді Мирошник.— Күте тұрайық... Мүмкін, қорған

өз қолымызда деп ойлап, біраз мазаламас та...

Капитанның аузы осыны айтқанмен ойы бұған сене алмай отырғандығы кезінен көрініп

тұр. Айнала күзет қойылып, пулеметшілер де ұяларында әзір отыр. Тағы бір жарты сағат,

тым болмаса, бес минут тыныштық тілейтініміз де рас... Тыныштық болар деп

сенбейтініміз де рас...

Тыныштық минуттары біткенін хабарлағысы келгендей, телефон дір-дір шарылдап қоя

берді.

Гришин, бері кел!.. Сөйлес! Сен обер-ефрейтор Груббесің. Бекіністе ешбір өзгеріс

жоқ, бәрі орынша де!..

Вася телефонды қолына алды:

Алло!.. Тап солай, обер-ефрейтор Груббе... ешбір өзгеріс жоқ... Бәрі де орынша...

Тойтарылды, тойтарылды... Даусым?.. Өзімдікі!.. Мен Груббе емеспін бе?..— Васяның

беті сопайып, кезі қыпылықтай бастап, жалғандығын жасыра алмайсың дауыспен— обер-

лейтенант Вайсберг ұйықтап жатыр... — деді.

Жасқанба!.. Танба!— деп, Мирошник қысады.

Енді Вася өтірікті өршіте алмай, турасынан бір-ақ қайырғалы тұрғанын сезіп, Петя кіжініп

тұр.

Мен Груббе емеспін бе?—деп, Вася қызарып кетті де,— өзің шошқасын!.. Өзің

сволочь!—деп, манадан немісше сөйлесіп тұрып, енді аяғын орысшылап жіберді!

Немене, бүлдіріп тұрғаның! — деп, Мирошник орнынан атып тұрды.

Бәрібір сенбеді... Орысша боқтайды иттің күшігі!—• деп Вася капитанға бір

бұрылып қалды да боқтаған немісте кегі кетіп бара жатқандай, өршелене сөйлеп:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)