Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 198 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 208

 

Стр. 210

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сол екі арада аттаныс белгісі беріліп қалды да, қазір, міне қайық күтіп жағада тұрмыз.

Қуанар мен мұңаярдың қайсысына кездесіп қалғанымды өзім ажырата алмаған соң,

жолдастарыма айттым:

Үй іші болып, от басында бір кездесудің орайы келіп-ақ қалған шығар деп ем...—

деп бастап, аяқ жағын күмілжіте салдым...

Қайтесің, шырағым, амал қайсы...— деп Егор күрсініп қойды:— Бәріміздің,

жайымыз бірдей... Қатын қайда жүргенін кім білсін... Біздің жайды олар да білмейді,—

деді, үй іші есіне түсіп кетіп.

Қайтесің, шырағым, амал қайсы...— деп Егорды мазақтай сөйлеп, Самед бір

қалжың айтқалы келеді.— Хожа Насреддин айтқан,— дейді Самед,— қатыны қайда

жүргенін біле алмау — еріне ғазап... Бірақ оны алла тағала әдейі жіберетін болса керек...

Неге, неге, Самед аға?..

Ерлерінің қайда жүргенін білмеу әйелге азап емес пе екен? Ерлер соны жете

түсінсін деп жіберетін көрінеді!.. Старый чорт все понимает деген Хожа Насреддин!.. Кәрі

сайтан бәрін біледі!— деді Самед.

Әзірлен!..— деген Мирошниктің айғайы бізге де беріліп қалды.

Биік толқынның жалына жармасқандай тырмысып, бізге арналған қайық жағаға жақындап

келеді.

Иә, ханнан!..— деп Самед қайыққа секіріп түсті.

Уух!..— деп тітіркеніп қалып, Егор секірді.

Өзгеміз жеңіл секіріп, қайықтың үстіне дік-дік түсіп жатырмыз. Самед пен Егор, екі

үлкеніміз, бізді қағып алардай, құшақтарын ашып оңтайланып тұр... Манадан жаңқадай

ойнақтап жүрген қайық, үстіне жиырма кісі мініп алған соң, едәуір салмақтанып, жуасып

қалды. Сонда да қайықтың ернеуінен ұстап, әрең отырмыз. Жиырма бірінші болып

капитан Мирошник біздің қайыққа мінді.

Сарталиев, жауынгерлерің түгел мінді ме?

Түгел, жолдас капитан.

Зорин, сенің адамдарың ше?

Түгел.

Етек таулардай қырқа-қырқа болып, дөңбекшіп жатқан ақжал толқындарды

көлденең кесіп, әрең жылжып келеміз. Қайық кейде биік жарға шыққандай тырмысып,

кейде құздан құлағандай құлдилап кетеді. Үйіріліп, алай-түлей төңкерілген түнгі судан

жүрегің айниды.

Иә, ханнан... Жаһаннамға құлап бара жатқандаймын,— дейді Самед. Үнсіз тістеніп,

атылып ұшар қаршығадай болып, Петр Ушаков отыр.

Астым тіпті тұрақтай алар емес...— деп, Сережа жылжып қайықтың түбіне түсіп

кетеді де, әркімнен ұстанып, қайта келіп арамызға қыстырылады...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)