Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 210 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 199 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 200 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 201 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 202 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 203 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 204 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 205 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 206 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 207 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 208 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 209

 

Стр. 211

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Теңіз беті ойылып кетіп, кейде терең түбі көрініп қалғандай болады. Қара теңіз тасып

төгілердей, дөңбекшіп жатыр. Жота-жота толқындар іргесімен қопарыла ырғып

жөнелгенде, теңіз сені жұтып қоярдай көрінеді. Биік толқынның қыр арқасына шыққанда

артта келе жатқан қайықтарды бір аңдап қаласын, да қырқадан төмен қарай сырғығанда

теңіздің дәл түбіне барып соғылардай тыңқиясың.

Биік толқындардың астынан түпсіз бір үңгір көрініп, һип-қара аузын ашып қалғандай

сезіледі.

Әуелі бір полк тұтас аттанып едік, жүре-келе жайлау көшіндей керіліп, шашылып,

бытырап кеттік. Теңіз алдыңнан, бүйірден түйгіштеп, бір шоңқайтып, бір тоңқайтып,

қатты мазалап келеді. Бізден қалыспай, су сиырдай сумаңдап бір-екі «аңшы» қайықтар

ғана келе жатыр. Толқын бізді біресе сүмеңдетіп жағаға қарай айдап, біресе тартып

теңіздің ортасына қарай әкетеді. Ай сәулесі біресе қырқада, біресе темен бір жыра түбінен

көрінгендей болады.

Жаһаннам түбі бұдан терең болмайды екен...— дейді Самед.

Немене, түсіп көргенің бар ма еді?

Түсіп көргенім жоқ... Хожа Насреддин талай хат жазып еді... Жаһаннамнан қорықпа, онша

терең емес екен депті...

Үсті-басымыз малмандай... Иығыңнан асылып қалған суық толқын мойныңнан сорғалап,

арқаңмен жылжып атыңа құйылады. Суық бір жылан қыр арқаның қуысымен сүмп етіп

астыңа кіріп кеткендей болады. Сығылысып отырысқан тар қайықта қозғалуға да дәрмен

жоқ. Айнала қолтықтасып алып, ұшып кетпеудің ғана қамын ойлап отырмыз. Қайықтың

ернеуіндегі темір қоршаудан гөрі су суық сезіледі.

Ер қайық таудай толқындарға көлденең асылып, қорықпай ілгері басады. Керчьпен

арамызды он сегіз километр деп еді, алыстан орап, «Эльтиген» деген балықшы

поселкесіне төніп келеміз. Түнгі сағат бірде, белгілі мерзімде барлық қайық бір рет

қанаттасып алып, енді бар күшімен жағаға қарай қатты жосылтып кетті. Толқын

артымыздан айдап, әрең-әрең аман қалып келеміз.

Теңіз дем алысы қанша қатты болса да, саққұлақ немістер кеп мотордың күжілін естіп

қалыпты. Бір сәтте су бетіне мыңдаған ракеталар атылып, жібек қанаттары желбіреп,

асылып-асылып тұра қалды. Түпсіз тұңғиықтай қара-қошқылданып жатқан теңіз беті

күндізгідей жарқырайды. Оқ су бетін бұршақтай сабалап, шып-шып етеді. Зеңбірек

снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната

бастады. Сап-сап толқындар кеңсірігінен су атып, жөңкіліп келе жатқан кит балығына

ұқсап кетеді. Жақынырақ түскен снарядтар қайығымызды қақбақтай лақтырып, ойға-

қырға қуалай бастады... Жағаға жақындаған сайын аспалы шамдай асылып тұрған

жарықтар да көбейіп барады.

Жарықтарды атыңдар! —деді Мирошник.

Қайықтың екі жағына қарама-қарсы отырған жиырма жауынгер салбырап тұрған

жарықтарды ата бастадық. Қызылды-жасылды оқтармен от сөндіріп келеміз!..

Жағаға жақындаған сайын қайығымыз кеп күміс бағаналардың арасымен жүруге қалды.

Бірін тасаланып, біріне сүйеніп өтеді. Қайық тұмсығынан есілген су екі ұртынан

салбыраған ақ мұрт сияқтанып, кейде сол бағаналарға оралып қалғандай, жүрісіміз де


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 209 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 211 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)