Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 185 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 182 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 183 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 184

 

Стр. 186

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Алдымызда ғана неміс барлаушылары жатқан көрінеді.

Алдарыңда... Шұңқырда отыр... Елу-ақ метр жерде,— деді, дірілдеп, әрең шыққан

дауыс. Жаралы солдат әрбір үнді әлде қай жерінен әрең қысып шығарып жатқандай

болады. Бірақ өзі ойдағысын айтып қалуға асығып жатыр.

Өзің кім едің?

Барлаушымын.

Ауыр жараланғанбысың?

Екі аяқ... және шатымда бір жерім у құйғандай ашиды...

Ауыр жараланған жауынгерге кездесіп, түк жәрдем бере алмау деген ең бір қиын хал.

Алып та кете алмайсың еш қайда хабар да бере алмайсың. Жер бауырлап жатып, жарасын

таңып бердік. Жаралы солдат өз өмірінен үміт етпесе де, майдан өмірінен қол үзе алмай

жатыр:

Жау барлаушылары мана, іңір кезінде келіп еді. Енді ілгері аттауға қорқып,

шұқырда отыр... Жаңа ғана темекі тартқан иістері келді... Қасына барыңдар да, бас

салыңдар...— дейді.

Сен енді шыдап бақ, жата тұр... Қайтарда ала кетерміз,— дедім.

Жарайды... Рахмет. Әуре болмай-ақ қойыңдар, мен үшін айналмаңдар,— деді

жаралы.— Бірақ мені аттың қарнына сүйеп, отырғызып кетіңдерші. Бүгінгі түнді көріп

отырайын. Енді мен бәрібір жауынгер емеспін... Түн немен тынар екен көріп елейін...

Түнгі айқасты көріп отырайын тым болмаса...

Жаралы жауынгердің әр сөзі ортасынан үзіліп, барлың дыбысы қырылмен шығады. Кеуіп

қалған еріндер біріне-бірі тимей, жақындап қана қайтатынын сезесің. Енді жауынгер

еместігін білсе де, соңғы айқастың, немен тынарын кезімен көргісі келіп жатыр. Өлімін

бұлдап, орынсыз еркелік те етпейді. Өлімнен қорқып, бұғатын да емес. Жалғыз ғана ойы

көрген-білгенің бізге түгел айтып, үйінен аттанғанда не үшін аттандым деп білсе, соны

түгел көргісі келеді.

Енді оны өлген аттың қарнына сүйейік деп орнынан көзі қанға малшынған денесі жылп

етіп, жеп-жеңіл сырады. Аузына су жұтқызып, бір сауыт суды қойнына тығып беріп,

қасына «Беломор» папиросын қалдырдық.

Папирос емес, бар болса, махорқа қалдырыңдар... өзім орар едім... Ішім де пысып

барады,— деді жаралы. Мен оның кескінін көргім келіп қанша үңілсем де қарауытып

кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне жарық дұрыстап бір түспей қойды.

Жаралыны осы күйде қалдырып, айтқан шұңқырына үшеуміз үш бүйірінен жақындадық.

Бұл түнде дыбысымыз естілер деп қауіптенерлік те емес еді. Автомат, пулемет атылғаны

жас баланың алақан шапалақтағанындай ғана естіледі. Барлық басқа дыбыс зеңбірек

арсылынан жасқанғандай, бүгін біржола бұғып қалыпты.

Бірінші кезек берілген Самед шұңқырдың жиегіне барып, азғана бұғып жатты да көтеріле

беріп:

Иә, ханнан, иә маңнан! — деп қалып, шұңқырға бірінші гранатасын тастап жіберді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 184 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 186 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)