Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 183 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 172 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 182

 

Стр. 184

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бізбен бірге капитан Ревякин мінді, Мирошник басқа самолетте.

Сережа, суретін аяқталды ма?..

Жоқ, жолдас лейтенант.

Соғыстан кейін аяқтайсың да...

Әрине!

Самолет жерден тік көтеріліп, тура оңтүстікке қарай бір-ақ тартты...

Түндегі үлкен айқаста не болып жатқанын түгел жазу түгіл, түгел ұғынудың өзі қиын.

Суреттеуі қиынға соғатын жағдайды оңай ұғылсын деп, таныс нәрселерге теңеп,

мөлшерден тыс екендігін аңғарту үшін тамұқ сияқты ешкім білмейтінге тартатынымыз да

осыдан болу керек. Бүгінгі түннің айқасы да сондай бір теңеуі қиын сұрапылдардың бірі

еді.

Қараңғы түнде тұтас балқып, қып-қызыл болып жанып, гүрс-гүрс құлап жатқан үлкен

қаланы ешнәрсеге теңеуге болмайтын сияқты. Қабат-қабат биік үйлер темірдей балқып,

қағаздай жұқарып барып, құздай қопарыла қулайды. Жанып жатқан қала әлі оқ

боранының астында. Үшінші түн осымен етіп барады. Құрғақ шелден құлаштай шалқыған

от теңізі көз жетер жерді түгел басып, шып-шып қайнағандай көрінеді. Өзің тұрған

жерден басқаның бәрі от құшағында қалғандай сезіледі.

Сол жағымызда тынбай күрсініп жатқан теңіздің үстіне жұмсақ бір биік қара тау орнап

қалғандай. Қалың қара түтіннен бір жұлдыз жылт ете алмайды. Қою түтін кернеп кеткен

аспанның бір бүйірі іскен сияқтанып, бозалаңдап қана ай бары сезіледі.

Снаряд пен миналар қаладан да, қалаға қарай да жосылып атылады. Әрбір жерге соғылған

снаряд әуелі бір

үлкен-үлкен от жапырағы бар ши түпке ұқсап кетеді де, лезде бұрқырап-будақтаған шаң-

топырақ болып аспанға атылады. Күндіз көрген жазық жерің қазір бір қара ормандай, я

болмаса, тау шатқалындай өркеш-өркеш көрінеді.

Біздің оң жағымыздан бір жанар тау пайда болғандай. Бұйра қара көк түтін шымыр-

шымыр қайнап, от өзеніндей ағылып жатыр. Бұл жанып жатқан көл-көсір етіп салған

цемент заводы. Бүгінгі кешке дейін завод маңайы екі жақтың аралық шегі еді. Завод

маңына адам аяқ салуға болмаса да, екі жақтың снаряд, миналары да сол араға ұйлыға

төгіліп, сүзісе жарылып жатыр...

Володя Толстов осы қалада туған. Әкесі бұрын осы заводтың жұмыскері екен. Қазір қайда

екенін ешкім білмейді. Менің туып-өскен қалам осы деп, сағынышын да, қуанышын да

қалдырмай айтатын Володя, бүгін қатты күйзелісте жүр. Түн ішінде қаланың қай жері

жанып, қай жері біржола жоғалып жатқанын танып күйзеледі.

Анау Пионерлер сарайының тұсы... Мынау жанып жатқан Мәдениет сараны болса

керек... Музей... Театр... Парк...

Заводтың ар жағында, әрі қаратып тізіп қойған топ-топ алып пілдерге ұқсап бозғыл түсті

жақпар тастар көрінетін еді. Одан әрі күнгей беттің күрең қия тастары бірінің иығын бірі

баса көтеріліп, едәуір биік тауға айналып кеткен. Күндіз бұл түтін астында үнсіз

қарауытып, қимылсыз қалғып тұрған жота еді. Қазір сол бөктерге үлкен бір қала орнап

қалғандай жарқырайды. Жүздеген үйлердің электр шамы жарқ етіп бірге жанып, лып етіп


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 182 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 184 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)