Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 180 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 169 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 170 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 171 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 172 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 174 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 175 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 176 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 177 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 178 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 179

 

Стр. 181

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Айналаны қараңдаршы, айнытпай салған бейне емес пе! Көңіліңе салынған өрнек, көз

алдыңа сол күйінде келіп тұрғандай!..— деп, көзі жасаурап, айнала қаранып, тұрып қалды.

Бұл жаңа жылдың таңертеңінде еді. Кавказ бен Терекке қанша қадалсақ та, біз сол ақын

айтқаннан арғыны көре алмадық. Еркін бейнелермен берілген ақын жыры өз ойымыздан

асып түсе берді. Тегінде, ұлы жырға іліккен нәрсені өз көзіңмен көріп тұрғанда да одан

асырып бейнелей алмасаң керек.

Лермонтов, Пушкин жырларына мен ең әуелі Абай арқылы кездестім. Жолсыз шөлейт

далалардан асып, айсыз қараңғы заманнан асып, ұлы жыр қазақ даласына жетті. Сол

заманда ақынға ақынның үн қосуы жай ма еді? Екі қиянда жатқан екі ақынның үндері

қалай қосыла кетті? Елінің мұңында ұқсастық болмаса, ой ерісінің беті бір болмаса, ақын

үндері де қосыла алар ма еді? Жат ақынды жат ел қалай ұғына алар еді?

Сережа қырға шығып кетіп, шашылып жатқан жау қанжарының бірін тауып әкеліп, күрең

жартасқа Лермонтовтың суретін сала бастады. Әуелі қанжардың ұшымен сызып, ақынның

бет бейнесін жобалап алды да, ұзамай шақ-шұқ ұрып, тасты оя бастады. Оның суретші

екенін де біз сол жерде көрдік.

Көптен бергі әдетімізше, Володя екеуміз бір ғана қарасып қалдық та, екі шақпақ тасты

алып, күрең жартастың екі бүйіріне тұра қалдық. Арамен тілгендей тегіс бір жеріне

Кавказға арнаған ескерткішімізді жаза бастадық.

Мен жазарымды бұрынырақ жазып болып, Володяның, қасына келсем, о да соңғы

ноқаттарын қойып жатыр екен. Екеуміздің жазғанымыз да бір болып шығыпты. Құж

жартастың бір бүйірінде Лермонтовтың өз өлеңі тұр:

— А Терек прыгает, как львица, С косматой гривой на хребте...

Володя осылай басталатын бес жол өлеңді жазыпты, Тастың екінші бетіне мен де осы

өлеңнің Абай қолынан шыққан аудармасын жазып ем:

Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты жарып,

Арыстанның, жалындай бұйра толқын —Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып...

Енді аңдасам, манадан бері қанша тесіле қарасам да, осы Абай айтқан Теректі көріп тұр

екемін. Өз көзіммен көріп тұрған Терек алдымда жатыр. Бірақ сипатын өзім«ше айтуға

бір теңеу таба алмай, айналып Абайға к.еле бердім.

Арыстанның жалындай бұйра толқын — Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып...

Талай белдің ар жағында жатып, қараңғы түнде даусынан таныған, Лермонтовпен

бірге күрсінген жөн сұраспай құшақтаса кеткен қазақтың ұлы ақыны,— деп,

жолдастарыма Абайды таныстырдым.

Менімше Абайға қатты әсер еткен ақын Лермонтов сияқты. Өз заманына қайғырып,

болашақ үшін мұңайғанда, кектеніп кеп жалын атқанда, дандайсыған тағылыңда лағынет

айтқанда Абай Лермонтовпен үндес:

Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым.

Одан да шықты жаңғырық...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 179 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 181 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)