Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 153 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 143 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 144 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 145 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 146 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 147 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 148 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 149 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 150 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 155 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 152

 

Стр. 154

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

келеді. Түс болды деп салған шахта айғайлары маған Каспий үніндей естіледі. Гурьев —

Қарағанды, Гурьев — Қарағанды деген жазу шұбартып барлық қабырғаларды алып бара

жатқандай болады. Алтынмен жазылған де жазылған, қара сырмен де жазылған... Кішкене

бір кабинетке кіргендей боламын. Самайына ақ кіре бастаған, қара мұртты, денелі жігіт

аты-жөнімді сұрайды... Қысқа-қысқа айтып жатырмын...

Иә, келген жұмысыңыз?...

Шахтаға жұмысқа түссем бе деп едім.

Бұрын көмірде болып па едіңіз?

Жоқ, сондықтан да көмірдің қара жұмысынан бастағым келеді.

Курсқа түсіп, бір мамандық алуыңа да болады.

Жоқ, мен әр нәрсені әліп-биінен бастайтын әдетім бар еді. Курсты кейін көре

жатармын...

Қара мұртты жігіт азырақ таңқалғандай, оның таңқалғанына мен де таңданғандаймын...

Ерсі көрінетін немене айттым оған? Мен не істесем де түгел біліп істегім келеді. Мен

солдат тамын, офицер демін. Бірін біліп, бірін білмесем, мен өзімді бұл екеуінің бірі де

емеспін дер едім.

Біреу бұл сабақты еткен шығар, біреу өтпей-ақ жеткен шығар. Онда менің не жұмысым

бар, мен басынан бастап түгел өткім келеді...

Болашақтың осындай бір суретін өз ойыммен жасап келе жатып, бас дәрігердің кабинетіне

кіріп кеткенімді аңдамай да қалыппын. Бас дәрігер толық денесімен дөңгелене қозғалып,

орнынан тұрды да:

Қане, билеп жібер!.. Құттықтаймын. Жолдасыңнан қалмай қайтатын болдың

майданыңа... мә! — деп, төрт бүктеген бір қағазды қолыма ұстата салды.

Тапочканың табанымен сырлы еденді сылп-сылп еткізіп, дәрігердің тілегін орындай

бастап едім, ол менің, аяқтауыма қараған жоқ, басын маған қарай бір изеді де шығып

кетті. Менің ойым біржола сауыққанымды аңдату еді, онымның керегі болмай қалған

екен.

Дәрігерлер деген бір қызық қауым болады. Ауруың қатты болған сайын сен оған көбірек

ұнайтындай, айналып, үйіріліп қасыңнан кетпейді. Сені көрінгеннен қызғанып, өліп-өшіп

үстіңде жүреді. Саған келетін хаттар мен телеграммаларда көңілсіздік жоқ па екен деп,

оны да қадағалай жүреді. Ауру кезіңде сен бір еркесің. Орынсыз ауыр айтып қалғаныңды.

да елемейді. Үйіңде не жай бар екен жақсы көретін қызың бар ма еді, ол не жазыпты,

соның бәріне ортақтасып кетеді. Қайғы-қуанышыңа еріксіз еншілес болып алады. Бірақ

мұның бәрі де жазылды деген қортынды шығарғанша ғана. Сауықтым дегенше, дәрігер

үшін бар қызығым таусылды, бағам біржола түсті деп есепте. Енді сенің қайғы,

қуанышыңның бар-жоғы оған түкке керек емес. Бірнеше ай қарауында болып, достасып

кеткенің, басталған бір әңгімелеріңді аяқтағың келетіні,— енді оның бірде-бірі қызықтыра

алмайды дәрігерді. Енді ол сенен гөрі «қызығырақ» ауруға ауысып кетті. Сен жәбірленбей

қала бер, жәбірленсең де қала бер...

Бас дәрігер маған да осыны істеді.. Майданға қайтасың деп қуантты да, содан кейін менің

бар-жоғымды біржола ұмытқандай, өз жұмысына кетіп қалды. Маған қалай болса солай


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 154 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)