Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 98 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 88 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 90 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 92 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 94 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 96 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 97

 

Стр. 99

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

көзі бұған ұқсай алмайды. Әр жағы тайыздығын аңғартып, сенімсіз қыпылықтайды.

Мирошниктің көздері қалтқысыз сенім білдіре қарайды екен. Мұндай командир

жауынгерін сеніп жұмсайды, сен ойдағыдай орындап келесің.

Ал, жолдас сержант, баянда,— деді Мирошник, жазған қағазын жинап қойып.

Мен соңғы үш күннің ішінде көпір маңында болған жайды түгел баяндадым. Өткел жайын

да айттым. Лейтенант ықлас қоя тыңдап, үстірт кеткен жерлерімді бірер сұраумен анықтап

алып отырды. Кейде менің орысша сөйлеуім кедір-бұдыр шығып қалғанда лейтенанттың

көзінде күлкі ұшқыны жылт ете түседі. Бірақ ондай кезде де, кейбіреулерше, көзін бұрып

әкетпейді, тура қарап отырып күлкісін тыяды. Әрі әдемі, әрі дұрыс сөйлейін дегенде кеп

сүрінетін бір әдет бар ғой, менде сол бар еді, сол өңірге шығып кетіп барып әрең

тоқтадым. Соңғы бір сөздерімді ажарлап айтқым келіп, қанша сықпақтасам да

ажарланбады.

Отырыңыз!—деді лейтенант, мен орыс тілінің әртүрлі өткелдерінен жүзіп, малтып,

әрең өтіп болған соң. Отыратын орындық жоғын енді өзі де есіне түсіріп,— я, орындық

әзір жоқ... көсіле кет... Азырақ демал,— деді. Мен Владимир Толстов деген жауынгерді

шақырып алып, ерекше тыңдауын өтіндім.

Ерекше тыңдайтын неменесі бар? —деді лейтенант.

Барлауға барып келіп еді.

Володя менен гөрі де бытыраңқы сөйледі. Бұрын баяндама жасап көрмеген жас жауынгер

көрген-білгенін ілгерілі-кейінді пайымдап, бірді айтып келе жатып, екінші бірдемеге түсіп

кетіп, аяқтай алмай қойды. Мана маған айтқанда көп нәрселерге баға бере айтып еді, енді

оның бәрін тастап, келе жатқан жау танкыларының ішіне кіріп алды да, шыға алар емес.

Ұялшақтық істеп, фашист капитанын өлтіргенін айтпай қоя ма деп қорқып ем, ойлаған

жерден шықты... Ол туралы түк айтқан жоқ. Моншақтап, терлеп те кетті.

Не бар көргенім осы, жолдас лейтенант,— деп тұрып қалды.

Болдыңыз ба?

Болдым...

Мен Володяны шынтағыммен түртіп қалдым. Володя енді ғана түсініп, тағы бірдемені

айтқысы келіп еді, еріндері бір дірілдеп, бір ыржиып жайылып кетіп, айтқызбады.

Асығыс-үсігіс қалтасынан сары сапиян әмиянді алып, лейтенантқа берді де, Володя екі

адым шегініп барып тұрды.

Лейтенант капитан Корринидің қағаздарын түгел қарап болды да, екеумізді де ойлы

көзімен бір шолып өтіп:

Рахмет, жолдастар. Барыңдар. Демалыңдар, қырыныңдар...— деді. Әлуетті қолы,

әлденеменеге уәде байласып тұрғандай, екеуміздің қолымызды да қатты-қатты қысты.

Мен ішімнен «әзірмін!» дедім.

Сен неге мені алдап ұрдық? — деді Володя былай шыққан соң. Дауысында әлгі

қысылыстан қалған ба, болмаса, жаңадан келе жатқан бір жәбір бар ма, әйтеуір діріл бар

екен.

Алдап ұрғаның қалай?


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 99 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)