Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 94 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 83 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 86 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 88 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 90 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 92 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 93

 

Стр. 95

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұл жолы Володядан күтпеген қатал сөздер шығып кеткеніне жолдастарым түгел

таңырқап қалыпты.

Жаса, Володя! Адам болуға бет алыпсың!—деді, риза болып кеткен Петр. Зонин

кеңкілдей күліп:

Сен оны қалай жаукендедің? — деп сұрады. Володя сұрауға таңданғандай, айнала

қарап:

Қалай болушы еді? Атыс салды деймісің? Егін арасында шешінгелі жатқанда

желкесінен салып жібердім де, алқымынан сығып тастадым,— деді Володя. Ішіміздегі ең

жасымыз Володяның жалғыз жүріп жауға шапқан ерлігіне бәріміз де қызыға қарап, бір

ауыздан мақтау айттық.

Бір сорлы әйелдің көз жасын жұғасың ғой... Солай ма?—деді, манадан шетірек

отырып қалған кемпір. Соны айтты да, Володяның жауап беруін күтпей қасына келіп,

иығынан сипап, арқаға қақты. Жауынгердің кімді арашалап, қол іске барғанын енді өзі де

түсінгендей еді. Әмияннан табылған хаттар мен әр түрлі әйел суреттерін ақтарыстырып

отырып:

Осының бәрін штабқа өзің апарып тапсырасың! — дедім.

Штабқа?.. Жоқ, Костя, мені ондай жерге жұмсама, тәңір жарылғасын. Көрген-

білгенімді сұрай қалса, мен бәрін шатастырып алам,— деді Володя жүрексініп. Әлде өз

ісін ағаттыққа санап қалды ма, әлде шын-ақ көрген-білгенін тәртіппен айта алмаймын деп

қысылды ма, әйтеуір жүзінде едәуір қобалжу бар еді.

Жоқ, барасың. Бұл бетте келе жатқандар қандай дивизиялар екендігін анықтау,

біздің штабқа өте қажет істердің бірі болар. Барасың,— деп, капитан Корринидің

қағаздарын Володяның қолына бердім.

Жарайды, жолдас сержант,— деп, Володя орнынан тұрды.

Әуелі тамақтанып ал.

Жоқ, тамақ жегім келмейді... Өзеннен жүзіп өтейін, ә?—деп, Володя кетуге

ыңғайланды. Жүзіндегі қобалжу көбейе түскен соң, тағы бір-екі ауыз сөз үшін тоқтатқым

келіп:

Жолдас Толстов! Мен сізге тамақтанып ал деп бұйырамын! — дедім.

Володя жауабын ширақ қайтарып, тамаққа отырды. Жауынгерді жұмысқа жіберерде

беретін бұйрығыңды соғыстың өз тілімен қатал беру керектігі өзімнің есіме де түсе қалды.

Екінші барлаушы Сергей әрі бармай, беріректе қалған екен. Сондықтан оның әкелгені

қашқан жұрттан естіген хабарлар. Оның үстіне Володяның көрген-білгенін көтерісіп

келіпті... Сергей суретші болам деген талабы бар жас. Курста жүргенде қолы босап кетсе-

ақ, сурет салып әуреленуші еді. Демалыс күндерінде өзгеміз теңіз жағасына кетсек, ол

сурет салып үйде қалатын. Ол қазірде Володя әңгімесінің қалтарыс қалған жақтарын

толықтырып қойып отыр. Володяның әскер тілімен айтқандарына Сергей әр түрлі

бейнелеу береді.

Сережа дұрыс айтады. Менің есімнен шығып кеткен екен— деп, Володя мақұлдап

қояды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)