Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 83 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 74 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 75 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 76 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 77 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 78 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 79 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 80 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 81 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 82

 

Стр. 84

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бірақ бірден жылынып кеткен жұрттың жүзі, түгел солай қарай бұрылып қалған мойындар

маған да естіп тұрғаның ән дегендей болады. Көптен таныс әдемі ән барлық у-шуды,

гүрсіл-гүжілді басып, баяғы бейбіт күйіндегідей ерке, ойнақы, еркін шығады.

Өлең өмір сүрудің қолқанаты,

Өлең досың бірге өлер, бірге аттанып...—

дейді.

Ән шыққаннан кейін темір біткеннің қаршылдаған үні де, машиналардың гүжілі де,

жұрттың айғай-шуы да басыла бастаған сияқты. Көпірмен етіп бара жатқан қызыл

әскерлер ыржия күлісіп, ән жаққа қарай қолдарын сілтейді. Саусақтарын еріндеріне

апарып, қыздарға сүю ишаратын жасайды.

Қазір біреу ән салады. Азырақ тыншыға тұрыңыздар! — десең, мына жұрт сені

құтырған шығар, дер еді. Ән өз бетімен келіп, еріксіз килігіп еді, жұрт құлағын соған

түріпті. Бар адам солай қарап, бір-бір езу тартып қалады.

Ән шыққан машинаның, үстінде бір топ қара көз, қолаң шашты Украина қыздары отыр.

Сыртқы түрлері оқушылар сияқты. Бірінің үстіне бірін қойған шамадан, корзинкаларының

үстіне қызыл патефонды қойып, ойнатып отыр екен. Жұрттың көңілін бөліп, жүздерін

жадыратқанға өздері де қуанып кеткендей, жарқылдай күлісіп, мәз болып отыр.

Менің де әлгі бір кездегі ашуым тарап, қатты қысып ұстаған наганның салмағын енді

сезіп, қабына салдым. Машинасының қанатына шығып, мойнын соза тыңдап тұрған

манағы майорға көзім түсті.

Аузың ашылып қапты, ана қабақтағыны көремісің? — деді майор маған, қолын

қабаққа қарай сермеп.. Жұрттың біразы әнге қарай аңтарылғанын көріп, кейбіреулер

машинасы мен арбаларын сына сияр жер болса, қыстырып қалайын деп жанталасып

қалған екен.

Жолдас майор, жәрдем беруіңізді сұраймын! — дедім, манағы мінезіме кешірім

сұрағандай жылы дауыспен. Майор маған бір жалт етті де, бері қарай жүрді. Жеңілген

ұстаз, жеңген шәкіртіне қалай қараса, майордың көзқарасы да сондай еді. Азырақ ұялу да

бар, бірақ дұрыстыққа мойындап, енді шәкіртін жақтамақ, адал жақтамақ. Әлгіде ғана

қарсыласып қалған майор, енді менімен одақтасып қасыма келіп қатар тұрды. Көпір

тәртібі екі есе күшейгендей болды. Жұрт та кеуделеуді қойып, тез-тез өте бастады.

Менің жауынгерлерім қарап отыр,— деді майор.— Жолдас сержант, мақұл көрсең,

қабақтың алдынан тағы бір белдеу жасасақ қайтеді?

Мен майорға рахмет айттым. Майор орап жатқан темекісін менің аузыма тыға салды да,

тез тұтатып беріп, өз бөліміне жүгіріп кетті. Ұзамай, майордың жауынгерлері де жұрттың

алдын құлай беріс қабақтан орап алып, енді сығылысуға ырық бермей қойды. Көпір

арқылы, әрі тез, әрі еркін қозғалыс басталды.

Шаршадың ба?— деді майор, менің қасыма қайта келіп.

Шаршаған жоқпын, ұйықтап жүргендеймін... Күн батып бара ма, таң атып келе ме?

Бар, суға басыңды тығып-тығып ал. Шомылып шықсаң тіпті жақсы болады.

Орныңды маған сеніп қалдыра тұр.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 82 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 84 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)