Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 96 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 86 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 87 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 88 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 89 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 90 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 91 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 92 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 94 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 95

 

Стр. 97

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Өткел ме?

Жоқ, фабриканы айтам... Өткел қалды орнында... Астына тас төсеткен «тас еткел»

атанған болатын. Асты кейін құм-қайраңданып алған соң, барлық бала сонда шомылатын.

Биыл су кеп болып кетпесе, арбаның астына байлаған қара май шелекті шешіп алмай-ақ

өте беруші едік...— деді.

Енді кемпірдің айналасына бірталай адам жиналып қалды. Бәрі де көпірді қалай табудың

жайын сұрастырып жатыр. Кемпірдің өзін де машинаға мінгізіп ала кеткілері келеді.

Кемпір оларға:

Сіздер ілгері жүре беріңіздер... Мен де қуып жетермін. Өгіздерім он шақты күн

шөп шабуға салынған, жарау...— дейді.

Шеше-ау, өзіңіз неге көпірден етем деп, үш күн отырдыңыз осында? Өткелден етіп

жүре берсеңіз ғой, ендігі әлдеқайда боласыз! —дедім.

Жалғыз ба? — деді кемпір таңданғандай болып.— Мен жұрт қайда болса, сонда

болам да, балам.

Көпір іздеп жиналып қалған жұрт, өзенді жағалап өткелге қарай жөнелді. Тракторлар да,

кішкене танкылар да кетіп барады. Көпшілігі арбалы, машиналы жұрт. Зеңбірек үні

жақындай түсіпті. Таңертең алыстан күркіреген күндей күңгірт естілетін соғыс үні, енді

ашық естіледі. Айқыш-ұйқыш кездесіп қалған найзағай жарығы көрініп қалады.

Ал, шеше, енді жұрттан қалмаңыз. Сау болыңыз,— деп, өгізін жегісіп беріп,

кемпірді жөнелтіп жібердік. Кемпір жаралы қызды да алып кетті.

Қараңғы іңірде өзеннің арғы бетінен таныс белгі берген дауыс естілді. Штабқа жіберілген

жігітім екенін таныдым.

Көпір жоғын білесің ғой. Жүзіп өт! —дедім.

Бірдемені сындырып, бірдемені аударыстырып жатқан үн келіп еді, ұзамай, қайықпен келе

жатқандай, түрегеп тұрып есіп келе жатқан адам көрінді. Жаңада ғана қираған машинаның

төсек-тақтайын қайық қылып мініп алып, жауынгерім бері өтті.

Батальон командирі бізге қайт деп әмір етіпті. Бірақ ел білгенді біздің штаб та біледі екен

«көпірден он жеті

Километр жоғарырақ жердегі тас өткелді тексере қайт» депті.

Кездескен машинаның біріне мініп әлі бір қыр аспаған кемпірді қуып жеттік. Өгіздерін

ақырын ғана жайқап, кетіп бара жатыр. Енді бізге керексіз болып қалған азық-түлікті

кемпірге беріп, қош айтысып жүріп кеттік. Бәрімізді бір-бір сүйіп, кемпір қала барды.

Әсіресе, Володяны ерекше сүйді:

Жүрегің жақсы екен! Бақытты бол, балам!—деді. Әлде, кемпірмен тағы

кездесетінімізді сезінгендей, ешкім қоштасқан жоқ еді. Бұл жолы кемпірмен бұдан былай

кездеспейтінін тағы да айқын сезініп тұрғандай, жауынгерлер бір-бір ауыз жылы сөз

айтып, кемпірдің батасын алып жатқандай, ұзақ қоштасты.

Жолдарың оңғарылсын қарақтарым, бақытты болыңдар бәрің де. Көпір басында

біреуің аянған жоқсыңдар! Мен ылғи қандай батыр жігіттер деп, қуанып қарап отырдым!

— деді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 97 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)