Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 50 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 41 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 45 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 47 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 48 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 49

 

Стр. 51

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сені еркелетіп Бота демейтін бе еді ауылда... Соған қарап, сен түйе болып кетерсің

деп ешкім ойламаған шығар.

Жоқ, Кайрош... Шешесін біржола тастап кетіпті... Көрмегенім ауыл болсын деп

айтады дейді. Москваға кетіп қалыпты деп бүкіл ауыл шулайды,— деді.

Көзі тағы да жақындап келе жатқан күйеуіне түсті. «Осыны айтқан сен ғой!» деп, мен

күйеуіне тесіле қарап ем, ол күнәлі адамдай төмен қарады. Аласа маңдайына кепкасын

бастыра киген сіріңке қара жігіт маған бірден ұнамады. Жас баланың өкшесіндей

тайпиған ғана кішкене иек, сояудай тістерін әрең жасырып, құлағына дейін созылған

қалың ерінді, бақа ауыздау жігіт екен. Мойны қылқиған, айыр желке, ала көздеу... Желке

мен төбесінің арасы төрт-ақ елі, құшық жаурын, қалақша жігіт, өте бір сүйкімсіз жан

көрінді.

Ақбота әдемі ақ келіншек болыпты. Жасында дөңгелек жүзді жұмсақ мұрындылау,

арықтау, аласалау еді, қазір ашаң жүзді, қыр мұрынды, бойшаң болуға бет алыпты. Балғын

дене иіліп-бүгіліп, дөңгеленіп тұр. Толқындап келіп, оң иығынан алдына түскен қолаң

шаш аппақ жұмыр мойны мен мінсіз тізілген тістеріне ерекше бір ашық ажар береді. Әйел

дегенге бірінші рет қадала қарағандығымнан ба, әлде бірінші рет қадала қарап тұрғаным

Ақбота болғандығынан ба, әйтеуір, әйелге тән сұлулық сипатын көріп тұрғаным осы.

Әйел дегеннің көзі қандай, аузы қандай, қолдары қандай еді деп ойым шарқ,ұрып кезіп

барады.

Кіп-кішкене, қуыршақтай едің-ау! — дедім. Бота де» генді қоса алмай.

Қуыршақ болса, тозбай ма екен! — деп, еркек менің қолымдағы баланы алып,

шешесіне берді.— Қуыршақ кейде дал-дал боп, қирап қалатын шырағым!—деді маған

бұрылып. Содан кейін, жерге қойған шамаданы мен қоржынын қолына алып, жоғарғы

қабатқа қарай кетті:

Қатын-ай, кеттік..,

Жоғалып кетер деймісің, бара бер! — деді Ақбота. Күйеуіне кете бер десе, маған

«тұра тұр» дегендей естілді.

Апаңның дені сау, үй арасы жақын. Араласып турамыз,— деді Ақбота, әңгіменің

бетін аударғысы келіп. Мен үндемедім. Кеменің екінші қабатынан:

Қатын-ай! —деген жексұрын үн тағы естілді. Ақботаға да біреу «қатын-ай!» деп

айтады екен-ау деп, мен аң-таң болып тұра бердім. Көзіме де, құлағыма да, өзіме де сенгім

келмейді.

Менің басқа әңгімеге елікпей, мұңайып тұрған түрімді танып, Ақбота көзін көзіме қадап

тұрып:

Обал-жазығым сенің мойныңда! Осы тұрған Оралдан тым болмаса бір хат жазсаң

етті! — деді.

Әйел алдында кінәсіз болсаң да, кінәны мойныңа еріксіз алатын бір жай барын мен осы

арада түсіндім. Кінәлы адам тағы да үндей алмады.

Қатын-ай!.. Қадалып қалдың ба?—деген дауыс үшінші рет келді.

Ақбота жоғары қарай кезін бір жарқ еткізді де, үнсіз ғана менімен қоштасып, күйеуінің

соңынан кетті. Мен сол жерде ұзақ тұрып қалдым.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 49 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 51 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)