Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 45 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 35 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 41 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 44

 

Стр. 46

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сен жылан тұқымы емессің. Сен ұша аласың, әзір тек қанатың жоқ. Бұл сырыңды соңғы

хатыңнан аңғардым. Бірақ нені арман ететініңді жазбапсың. «Болмашы бір кәсібім де бар»

депсің. Атын неге атағың келмейді? Аты жоқ кәсіп пе, болмаса, атынан ұялатын кәсіп пе?

Ұшар ойға дүние кең. Тек, таңдай біл, Костя! Біздің өмір — күрес майданы деп өлең

айтамыз ғой. Күрес -— аспанда да, жерде де, суда да күрес. Есептеспей ерлік істер жан

«жаумен санасып соғыспайды!» депті...

Түн бойы Шеген хатының әрбір сөзің ауыр-жеңіл салмағын ежелеумен болдым. Қайда

шақырады, қайда айдайды? Ұялам да, қызығам да. Әрі қайтпас жігер, әрі талмас қанат

бергендей болады. Толқын тербеткендей, қиял теңізінде жүзіп барам. Дүниеде екі әдемі

өнер бар екен оны екі жолдасым алып қойыпты: ән дүниесін Бораш алды, аспан биігін

Шеген алды. Бірақ, ұшар ойға дүние кең... Таңдай білу керек. Өнерден өнерді таңдап

жатып, оралып өз ойыма тоқталдым.

Таңертең облыстық соғыс бөліміне келдім. Өз еркіммен әскер қатарына алуды тіледім:

Қағаздарым оқу бөлімінде, әскерлік оқудың қай түріне болса да жіберулеріңді

өтінем,— дедім.

Менің қолымнан оңай шығып кеткен қағаздарым соғыс бөліміне де оңай келіп қалды. Оқу

бөліміндегі ағай бойына бітпеген тездікпен жөнелтіпті.

Он күнде оралып кел. Пакетіңді қолыңа береміз. Біржола жүруге әзірленіп кел,—

деді соғыс бөлімі.

Ертеңіне кеменің бірінші ұзақ айғайын ести сала, ағаш шамаданымды қолыма ала

Жайыққа қарай жөнелдім. Апама барып қайтпақпын. Ақботаны да көргім келеді... Таң

бозарып атып келеді. Жапырақ қыбыр етпейтін мүлгіген тыныш таң, қаланы көгілдір

жібекке орап алған. Аспанда жалғыз жарқырап, әр ғашыққа бір жымың етіп қалып, таң,

Шолпаны ғана тұр. Өзге жұлдыздар мұның мінезінен ұялып, беттерін басқандай, бірте-

бірте сөніп барады. Түн бойғы ыржақтан сілесі қатқан жарым ай, еш нәрсеге нұр бере

алмай, кескен қарбыздай қызарып, етекке шөгіп барады.

Енді аңдадым, қаланың шет жағы ерініп қана көңілсіз үрген көп иттің даусынан бүлк-бүлк

еткендей болады. Ұзаған сайын ит үнін көлбақа бүлкілі жеңіп, алысқа созылып кете

беретін сияқтанады.

Жайық бетіне ұзын-ұзын жарығын төгіп, өз жүрегінің соғуынан өзі дірілдеп, «Қазақстан»

деген кеме тұр. Келіп міндім де, ең жоғарғы үшінші қабатына көтерілдім.

Ұзындығы көшедей, үш қабат көгілдір кеме. Жайықтың арнасын толтыра, езуін көпірте,

еркін есіп, жайқап келеді. Кеменің құйрығынан екі жаққа қарай төңкеріле жөнелген

толқындар жағаға соғылып, көбігін тастап, кейін шегінеді. Жайқалып келіп жағаға

тірелген көк майсаны майда жел ақырын ғана тербетіп, теңселтіп қояды. Кеме ұзын қара

шудасын бір оң жағынан, бір сол жағынан шұбатып, үзбей будақтатып келеді. Түтін кейде

өзен жағасынан жөнеле берген түйелі керуенге де ұқсап кетеді. Кейде түтін арасынан аю,

қаблан, арыстан жолбарыс, адам, маймыл көрініп кеткендей болады.

Кеменің «Қазақстан» деген аты маған кеп ой салып келе жатыр. Жайықтай кең арнамен

жүзіп отырып, Каспийдей теңізге апаратын кеме Қазақстанның, өз бейнесін елестеткендей

болады. Еркін есіп, кідіріс жоқ алға басып бара жатқан кеме, еркін өрлеп келе жатқан

еліміз сияқтанады.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)