Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы

Тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары | Оқыту анықтамасының жан - жақтылығы | Оқудан оқу қызметіне ауысу | Оқу мен дамудың ара- қатынасы | Жаңа педагогикалық технологиялар | Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт | Оқушының позициясынан тұлғалық—іс-әрекеттік бағыт. | Занков жүйесімен дамыта оқыту | Эмпирикалық білім Теориялық білім | Субьект дәрежесінің жалпы сипаттамасы |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Вирустардың морфологиялық сипаттамасы.
  3. Жаңа педагогикалық технологиялар
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар, пәндер мен проблемалық салалардың (жүйелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік сияқты беталыстармен қатар) ықпалдасуы мен саралап жіктелінуі сияқты негізгі екі беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе, Ж.Пиаже, Б.Г.Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым - психология тұр деп көрсеткен.

Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр).

Адам проблемасының ғылым дамуындағы рөлін анығырақ Б.Г.Ананьев анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу,саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізді.

Осы адам мәселесін жаһандандыру беталыстарының педагогикалық психология саласындағы көрінісін кезінде К.Д.Ушинский де байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам тәрбие пәні ретінде», «Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты еңбектерінде, адам тәрбиесіне өз үлесін қосқан ғылымдардың бағынылыстығын анықтау негізінде психологияның жетекші рөлі атап көрсетілген.

Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім болып табылады, оның құрылымдық көрінісінің негізінде, А.В.Петровскийге сәйкес, келесі психологиялық жақтары алынған:

«1)нақты іс-әрекеттің,

2) даму,

3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеттің субъекті ретінде) қоғамға қатынасы (өзінің іс-әрекеті мен іске асатын дамуы)».

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық психологияның пайда болуы мен дамуына психология негізгі бағыттары қандай әсерін тигізеді?

2. психологияның құрылымдық бөлінуінің 3 негіздемесінің қайсысы бойынша педагогикалық психология саласы бөлінеді?

3. Педагогикалық психологияның қалыптасуы үшін оның тарихындағы әрбір кезеңнің маңызы қандай?

4. «...Қазіргі замандағы оқыту әдісі бойынша бихевиористі және табиғаты бойынша ассоциативті» деген тұжырыммен қаншалықты келісуге болады?

Әдебиет:

1.Возрастная и педагогическая психология/Под ред.А.В.Петровского.М.,1979.

2. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики.СПб.,1992.

3.Каптерев П.Ф. Дидактические очерки.Теория оразования// Избранные педагогические сочинения.М.,1982.

4.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.,1972.

5. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/ Под ред.М.В.Гамезо.М.Гл.20.

6.Никольская А.А.Возрастная и педагогическая психология дореволюционной России.М.,1995.

7.Петровский А.В.,Ярошевский М.Г. история и теория психологии.М.,1996.Т.1.

8. Смирнов С.Д.Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности.М.,1995.

9. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М.,1998.

Оқыту психологиясы – ол педагогикалық психологияға бағыт беру, оған ең жақын дидактика мен оқыту методикасы. Ақырғы жылдары психологиялық теорияның және оқыту әдісінің аймағында үлкен жаңалықтар ашылып, гипотезалар құрастырылды.

Соңғы жылдары әсіресе оқыту әдісінің пайда болуы, оқу үрдісін оптималдау ұсынылды. Кейбір ұсынылған бағдарламалар зерттеулерден өтіп, кейбіреулері ескі әдістердің жаңартылып шығып жатқандағы, ал кейбіреулерін мүлде қабылдамай жатыр. Бұл процесс заңдылықты, бірақ ол екі түрлі. Ол бір жағынан жақсы. Мұғалімдер шеберлікке ұмтылып, ойлағандарының бәрін жузеге асырады. Ал бір жағынан балаға жүргізілетін тәжірибе дұрыс ұйымдастырылмаса ол балаға зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жұмыс ұзақ әрі қиын.

Бұндай жұмыстардың бірі әр типті мектептерді салу. Айта кететіні жалғыз біз ғана мектептерді жаңартумен айналыспаймыз. Мысалға; Америка құрама Штатында бұл жағдай бізден бұрын болды. Және одан оптималдаудың келесі этаптардың бөліп айтыға болады.

1. Оқытушыларды топтастыру

а) жасына қарай

б) қабылетіне қарай

Қортындысына мектеп мұғалімдеріне бұл тиімсіз болып көрінеді, өйткені бұлардың арасындағы арнайы айырмашылықтар қалып қойды.

2. Элективті жүйе, ол балаларға пәндерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұны жүргізгенде білім денгейі төмендеді.

І-нұсқа – оқушы өткен тақырыпты меңгергеннен кейін ғана жаңа оқу ырғағын қабылдай алады. Оқушыларда әр пән бойынша әр түрлі оқу көлемі және әр оқушыда әр түрлі пәндерден байқалды. Бірден білімді бағалағанда мұғалімдер қйыншылықтарға кездесті.

ІІ-нұсқа «Трамп жоспары» (құрастырушының атымен аталған) 9-12 сынып оқушыларына арналып құрастыады. Міндетті және міндетті емес оқытуды жоспарлайды. Міндетті оқыту өзіне және жалпыға бірдей дәрісті және 10-15 аамдардан құралған топтағы оқыту. Міндетті емес оқыту – арнайы пәндер бойынша оқыту және ол пәнді оқушы өзі тандайды. 9 сыныптарда оқу сағаты ½ бөлімі өздік жұмысқа, ал 12 сыныпта ½ бөлігі өздік жұмысқа арналады.

Бірақ бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы құрал – жабдықтар, жақсы жабдықталған кітапхана, мектеп, сонымен қатар бұндай мектептерде балалар көп оқымайды.

4. Мектеп өмірінің програмалы оқытуын практикасына кең көлемді кіргізу.

5. Компьютерлік оқыту. Деңгейге байланысты еңгізу 1 деңгейде берілген тапсырма мұғаліммен түсіндіріледі, сода кейін ғана компьютердің көмегімен практикалық дағдылары өңделіп, есептер шығарылады. 2-ші деңгейде тьюторлы жүйе қолданылады, яғни компьютер оқушыларға қысқаша түсінік береді және сол түсініктерді қолдануға байланысты дағдылар қалыптасады, ал меңгеру деңгейін мұғалім тексереді. 3-ші деңгейде компьютермен оқушылардың арасында диалог пайда болады.

Бірақта оқу процесін толығымен компьютерлендіруге мұғалімдер келіспеді, өйткені олардың ойынша бұл тәжірбие бір жағынан оқушылардың шығармашылықтан және комуникативті сапаларын дамытпайды.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 857 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)