Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат» Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін туризм катализаторының маңызы ... өтті *Автомобиль транспортына
  3. Запах сарсапарели
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 17:12:55

Шыңғырған шындықты жазған осындай кітаптардың ұлт мұраты үшін үлесінің зор екенін мойындай отыра, шыңғырған шындықпен бірге шылғи өтірік те кітап болып жазылатынын ескерген жөн. Бұл, әсіресе қазақ қоғамына зәру дәрі. Соңғы жылдары шылғи өтіріктен құрастырып тарих жазатын, қазақ мемлекетінің жеріне алакөзбен қарайтын туыстарымыздың қатары геометриялық прогрессия жылдамдығымен молайды. Соңғы жылдары самса сатып, кәуап пісіруден түсетін пайда азайған соң ба, әлде әлдебіреулердің перде артында отырып берген тапсырмасымен бе, кім білсін, қаптаған қалың самсашы мен кәуапшы кәсіптерін өзгертіп тарихшы ғұлама ғалым болып шыға келді. Ата-бабасы найзасын сүйретіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, жан беріп, жан алып, қанмен жазбаған тарихты бүгінгі бетсіз ұрпағы қолдан жасап, шылғи өтіріктерден шындықты тудырмақ мақсатта жанталасуда. Сондай шылғи өтірік тарихтың бірі баяғының баяғысында Қытайда жазылып, шамасы 1990 жылдар болса керек, үкімет жағынан қатты сынға ұшырап, жазаға тартылған болатын. Қытайдағы биліктің өз ұлты мен өз территория тұтастығын қорғаудағы осындай батыл шешімдерін қазақ билігі үйренсе болғандай. Мопассанның «барлық адамға жаққысы келген адамды барлық адам жек көреді» деген ақылиясын Қазақстандағы жалпақшешей, жалтақой биліктің қақ шекесіне ойып тұрып жазып қойғың келеді. Алматыда баспадан шыққан, ұятсыздығы мен өтірікшілдігі жағынан жүлде алатын, тұла бойы ойдан құрастырған қисынсыз пәлсапалармен толған, ертегі немесе аңыз сықылды еш дәлелсіз дүниені еш ғылыми дәлелден өткізбестен-ақ, тарих ретінде шұбыртып жаза берген бір сұмдық кітап болды. Авторы Қасым Мәсіми деген сайда саны, құмда ізі жоқ белгісіз біреу. Өмірінде еш жерден ғылыми атақ алмаған, еш ғылыми ұжымдарда жұмыс атқармаған, өмірінде осыдан өзге «ғылыми шығарма» жазбаған, қысқасы, осы сала бойынша қалам ұстап та көрмеген сатпақ-сатпақ сасық кәуапшы саудасын доғара салып, кәуабының істігін сияға мала сала, осындай бір, ел мен ел арасына, ұлт пен ұлт арасына, мемлекеттер арасына іріткі салатын ылғи өтіріктен құралған, іші іріп, сірті шіріп тұрған кітап жазып шыға келеді. Мақсаты – жер жәннәты Жетісуді мыңдаған жыл бұрын мекен еткендерін дәлелдемек арқылы Қазақстан жерінен тіліп алып, елді бөлшектеп, қазақтың шаңырағын шайқалтып, Қазақ пен Қытай мемлекеттерінің ортасынан ойып тұрып орын алған, тарихта еш тамыры болмаған бір сұмдық мемлекет болып шыға келмек! Мұның ар жағында, азу тісін ақситып Америка бастаған Батыс отаршылдарының тұрғанын айқын аңғару еш қиындыққа соқпайды. Батыс отаршылдары жүз жыл бұрын, өздері сегіз мемлекет болып ұйымдасып, Бейжіңді талан-таражға салғанда, Қытайдың бейбіт халқын өз ата-бабасының жерінде қан жоса қылып қызыл қырғынға ұшыратқанда, мақсаттары осы алып елді бөлшек-бөлшек қылып, тілкімдеп алу болатын. Ол арамдықтарына жол табылмаған соң, бұл күнде шығысы Жапония, Кореядан бастап, жасағын қаптатып орналастырып, Тайваньның қолтығына су бүркіп, батыстан ауғанды Бен Ладенді сылтауратып жаулап алып, онда жасағын орналастырып, ендігіде қанды ауызын Орта Азияға салғалы отыр. Қырғыздың билігі Манас әуежайын Америкаға берерін беріп алса да, енді онан ала алмай басы қатып отыр. Қасқырдың қанды аузын Орта Азияға кіргізіп берген қырғыздардың күнде қырғын, күнде былық болуының шынайы себебі де, Орта Азияға таласқан орыс пен Американың қырғыздағы әскери базаларының арасы не бары 30 шақырым ғана еді. Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайтынын осыдан-ақ білуге болатындай. Ендігіде Американың жатса-тұрса армандайтын бір ғана арманы бар, ол осы Орта Азия елдерінің іш жағынан іріткі шығару. Ту сонау Жұңғар шапқыншылығынан кейін аз ғана заман дербес ғұмыр сүрген Орта Азиядағы қазақ бастаған түркі жұрты ендігіде алыстағы жау Американың өз босағасының түбінде қанды аузын ақситып, сілекейін шұбыртып төрге қарап ырсылдап отырғанын білуі керек. Қашан да іштен шыққан жау жаман. Жаңағыдай жалған тарихты жазғыштардың ар жағында тұрған Америка билігі үшін алғанда, көмірсутек байлығы жер шары бойынша аса мол Қазақстан және басқа да түркі елдері олардың болашақтағы мүддесі үшін аса керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 17:30:23

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-15 17:31 да өзгерткен

Қазақтың «Өртейтұғын кітап бар, өлтіретін молда бар» деген ақылиясын осындайда қолдану керек еді. Іріткі кітаптың көзін оны жазған өтірікшісімен қоса құртып, ел мен елдің арасына салынған отты өшірген абзал. Баяғыда Алматыдағы кезімде бір жұмыс бабымен қазақ радиосының бастығы болып отырған, қазақтың біртуар азаматы, қазақ ақындық өнерінің аман сақталып қалуынан бастап үздіксіз дамуына өлшеусіз өшпес еңбек сіңірген атақты Жүрсін Ерманмен сұхбатта болғаным бар болатын. Сонда, сөз арасында, жаңағы шірік кітап хақында біраз сырдың шетін шығарған ұлы тұлға осы тектес адамгершіліктен безген, арам пиғылды тобырларға кегі мен жиіркенішін жасырмаған болатын. Осы шірік кітаптың қазақ жерін қоныстанған, суын ішіп құдығына түкірген, асын ішіп аяғын тепкен ұятсыз бір топ тобырдың шаңырақтарында, тордың төбесінде, қасиетті Құранмен қатар ілулі тұратынын айтқан еді сонда. Демек, егемен қазақ елі үшін алғанда, пәтуасы белгісіз аталмыш көп «векторлы саясаттан» гөрі, жауы мен дұшпанының кім екенін адаспай аңғаратын нағыз бір векторлы саясат қана керек еді. Себебі, екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді дегендей, Америка бастаған Батыс қоғамының қазақ жерінен нені күтетіні белгілі еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 17:50:45

Былық-шылыққа толы католик-христиан діні туралы айттық. Қазақ елі сол діннің басшысы Ватикандық папаны өз еліне шақырып жігі-жапар болғанда, көздегені не болды екен? Батыстың қулары нобелдің сыйлығынан үміттенген Горбачевті арқаға қағып, мақтай-мақтай, ең соңында омақастырған болатын. Нобелін құшақтап қалған сорлы Горбачев сонда ғана сиқырға дұғаланғанын біледі ғой. Есін жиған сәтінде мың жерінен байбалам салғанымен де орнына келмейтін еді. Бұл күнде, бұл нобел дегеніңіз де саясаттың сайқалдығымен тығыз байланысып алды. Тиірмен тартқан сорлы есектің көзі көретіндей қылып жем салған дорбаны айналған тиірмен тастың ағашына іліп қоймаушы ма еді?! Өзі қанша айналдырған сайын сонша айналған тиірмен тасымен бірге ешқашан жеткізбейтін жемнің жұпар иісі есектің сілекейін ағызтып, сүлдерін құртушы еді ғой! Сорлы есек жемге жетемін деп жете алмай сілікпесі шыққаша тас айналдыратұғын. Иесіне есектің еңбегі адал балғанымен, еті арам болғаны сықылды, Батыс қоғамына қазақтың байлығы «халал» балғанымен, қазақтың ұлттық мұрат-мүддесі «харам» еді. Сол үшін де аңқау есек құсап, Батыстың итке де керексіз нобелін аңсағанша, ұлт үшін нақтылы қызмет еткен әлдеқайда абзал болар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 18:02:01

«Оскар сыйлығын алу үшін орысты жамандауың керек» деп орыстың бір фильмгері айтқан екен. Ақылдының сөзі. Өз ұлтын жамандаумен ғана Батысқа жағатынын білген қазақтың сатқындары соңғы жылдарда бірінен соң бірі жанталаса кино түсіргіш болды. Онсыз да еңсесін көтере алмай, 3 ғасырлық езгіден есін жия алмай ыңыранып жатқан қазақтың ұлттық намысын осындай ұлт сатқындары езгілеп болды. Қытайдағы қазақтың Қазақстанға барғандарының саны соңғы жылдары көптеп артып келеді. Бауырларымыз Алматы облысы, Талдықорған маңын өзек ете орналасып, шығысы Семейден батысы Атырауға дейін кең көлемде таралды. Қиырдағы Қызылжарға орналасқан қазақты көргенде, қатты таңырқағаным бар болатын. Екібастұз қаласында болғанымда осы араға көшіп келген қытайлық отбасының бар екенін естігенімде таңырқаған болсам, онан ары Баянауыл, Көкшетауларда болғанымда бұған таңырқамайтын да болдым. Барған жерінде қазақ тілін талап ететін, ат басындай алтын берсең де орысша үйренбейтін қытай қазағының Қазақстан қоғамындағы ықпалы күн санап зорайып келеді. Қыз берісіп, қыз алысып, құйрық бауыр асатысып, құдандалы болған сырттан келген қазақ пен іштегі қазақтың берекесі де жаман емес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 18:25:42

Жаңағы шүршітке тиген қазақ қызының туған сіңлісі бұл күнде Қазақстанда. Бір қызын қытайға берген ана екінші қызынан алаңдаған болса керек. Ертерек қамданып елге жіберген екен. Ендігіде шүршітке бажа болатын болашақ күйеу баланың қазақ болуын ғана тілеп жүрміз. Қазақстанға қоныс аударған Монғолиядан келген оралман қыздың Әл-Фараби атындағы университетте оқып жүріп, африкалық негрге күйеуге шығып, қара зеңгінің етегінен ұстап Африкаға кеткенін де естіген болатынбыз. Бес қызының бірі басқа ұлтпен үйленетін қазақ ұлтының соры осы сықылды қарасы молайып келе жатқан жиендерінен болмаса болғаны. Бұлтұтас ұлт болып ойланатын шаруа болуға тиіс еді. Тұтас Қазақстан қоғамында ер-әйелдің ара салыстырмасының жоғары екенін білсек те, 137 «бір туған бауырлар» жасайтын «ортақ үйде» тек қана қазақ ұлтының осындай аралас некеге құмар болуының сыры ұлтсызданған, құлданған санадан екенін білуіміз керек. Ішкі Қытайға оқуға барған қазақ жігіттерінің қытай қызымен үйленуі де соңғы кезде ауылда қалған ата-аналар үшін үлкен бас ауру болып келе жатыр еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 18:57:18

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-15 18:59 да өзгерткен

Заң бойынша, неке жасындағы еркіндіктегі азаматтың кіммен болса да үйленуге ұқығы бар. Өкініштісі, қай елде болсын, аралас некелердің аса көп бөлігінің аса сәтсіздікпен аяқтайтындығы. Санақтарға негізделгенде, аралас некенің 80 пайызға жуығы баянды болмайды екен. Ал қалған 20 пайыз неке бар мен жоқтың арасында жүретін болса керек. Нағыз шынайы махаббаттарын көрлеріне ала кететіндері де тым сирек кездеседі екен. Көр демекші, аралас некеге барған жастар жас күнінде ешқашан ойламайтын мәселенің бірі осы көр мәселесі еді. Тірісінде бір үйде болғанымен, өлісінде бір көрлікке жерлене алмаудың өзі де үлкен қасірет болса керек. Жат атаға үйленген қазақ қызы қайтыс болғанда, зар-зар еңірегенде, етегі жасқа толған қыз жақтың ата-ана, туыс-туғанын елеп те қоймаған жат діндегі күйеу баламыз бен жиендеріміздің қазақ қызын ағаш табытқа салып, көшеге қағаздарын шашып, жоқтауды ақшаға айтатын жалдамалы «жаназа ансамбльін» шақырып, өз салттарынша жерлегенін естігенде, біраз заманға дейін жүрегім сыздап, мазасызданып, ақыры төсек тартып жатып қалған болатынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 19:30:34

Жарты ғасырға жуық уақыттан бері, ілгерінді-кейінді Бейжіңді мекендеген қазақтың қанша зиялысы аралас некелі болғанын былайғы қауым ашық біледі деп ойлаймын. Сондай некеге отырған атағы алатаудай бір ағамыздың Бейжіңге барған сайын мені тек қана мейрамхана мен ресторандарда күтетінін бастапқы мезгілде білмей жүрген екенмін. Алматыдан арнайы түрде жеңгемізге сыйлық алып Бейжіңге барған бір сәтімде Бейжіңнің Шоуду (астана) әуежайынан мені қарсы алып алған ағамыз менің жеңгемізге арнайы алған Алматының қазақы үлгідегі күміс сырғалары мен жүзіктерін көріп, қатты бір күрсініп барып, ащы мысқылмен күлгені бар болатын. Қазақ десе жүрегін жұлып беретін ұлтжанды ағамыздың кей қылықтары да аздап қытайласып бара жатқан болатын. Қашан болсын жүзінен кетпейтін, шын-өтірігін айыруға болмайтын күлімсіреудің ар жағынан қазақы шынайылық азайып бара жатқаны шығатын еді. «Бауыр-ау, саған айтқанға қысылып жүрген бір жағдайым осы еді, сенің үйдегі жеңгең қазақтың қызы емес болатұғын» дегенде, аң-таң қалған менің жүрегім тоқтап қалған сияқтанған еді. Іле-шала ағамыздың өңіндегі ашынышты қайғы табын байқай сала, менің жүрегімді де белгісіз бір ащы мұң қысып ала жөнелген болатын. Сөйтсек, ұлтжанды ағамыздың сүйген жары барлық қазақылық пен қазақы ұғымдарға атымен қарсы екен. Үйдегі домбыраға дейін себепсізден-себепсіз сынып, төрдегі Абайдың суреті кестеленген кілем сыртқы есіктегі аяқ сүртерге тасталынған екен. Қамшы зым-зия жоғалып, орнына Еуропаның қылышы ілінген екен. Төрдегі ілінген түлкі мен сусар терілерінің орнын Еуропаның жартылай жалаңаш тарихи суреттері басыпты. Демек, ағамыздың көзіне көрінетін барша қазақы болмысты тамырымен құртып, өзінің қазақ екенін біржолата ұмыттырмақ болған екен. Осының бәрін бір-бірлеп айта келе, жеке көлігінің рульіне ие бола алмай өкіріп жылаған қазақтың атпал азаматын, бүгінде шашын мезгілсіз қырау шалған ағамызды ойлаған сайын, маған Бейжіңнің шаң басып мұнартқан аспаны аса бір қайғылы түрде елестейді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 20:56:25

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-15 20:57 да өзгерткен

Шаңхайда оқыған қазақтың жігіті Қытайдың қызымен үйленіп, күшік күйеу болып, сонда қалып қойған екен. Өзі тумысынан ұйғыр арасында ержеткен, ұйғырша оқыған жетім жігіт апайлары мен жездесінің өзіне қалыңмалын төлеп қазақ қызын алып бере алатынына сенім арта алмапты. Онсыз да өскен ортасының ықпалы бойынша ұйғыр мінезді болып ер жеткен жігітті қазақтың қыздары да үрке қабылдайтын болған ғой. Ал, Жыжяң өлкесінде жұмысқа қалған қызымыздың бірі айдаладағы түріктің етегінен ұстап кете берген. Осылай тізбектей берсек кете береді ғой. Қазіргі күні қыз өсіріп отырғандарға ғана емес, ұл өсіріп отырғандарға да сын кезең басталды. Жүрегіне ұлттық наным-таным орнамаған баланың ержете келе ұлтын сүйе қоюы екіталай. Өз ұлтынан сүйген жарын таңдай алмаған азаматтың өз ұлты үшін қызмет көрсетуі де мүмкін емес. Аралас қандылардан пайда болған, жат жұрттықтардан туған жиендеріміз Қазақстан қоғамында барған сайын молайып барады. Әсіресе, еврейден туған жиендеріміз соңғы кезде билікке ұмтылып келе жатыр. Еврей қатыннан туған қазақтың ұлы да қарқ қыла қоймас қазақты. Ал, еврей әке тудырған қазақтың жиені ол да нағыз қазақ үшін қызмет ете қоймас. Қазақ элитасында қалыптасып келе жатқан осындай нарқоспақтардың қазақ қоғамы үшін пайдалы бола қоймасын ерте бастан байқағанымыз, дұрыс амалын қарастырғанымыз оң еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)