Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 14:42:09

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-2-17 15:01 да өзгерткен.

Бұл күнде дегдар қазақтың асыл текті қаны күллі жер шарына таралғанын мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан үкіметінің күллі адамзат баласының қамын жеп, күйтін күйттеген, шексіз гуманитарлық ретінде бағаланатын аса үлкен қамқорлығының арқасында бір ата – Адам ата мен бір ана – Хауа анадан таралған барша адамның баласы бір үйдің баласы екенін қазақ үкіметінің осы істерінен-ақ сезгендей. Шетелдегі ұрпақсыз бедеу қатындар мен белсіз еркектерге беріліп жатқан қазақ сәбилерінің атағы арқылы бұл күнде қазақ баласын барша әлем мойындайды. Қанымыздың асылдығы ғой, ақсүйек қауым екенімізді, ардагер жұрт екенімізді білгені ғой, болмаса, жетімдерімізді бағып алуға олар қайдан келсін? Сонша алыстан ат артып келгесін, бермей қайтерсің?! Береміз де! Не сұраса да береміз. Балалармен қатар қыздарымызды қосып береміз. «Бар, алып кет те, өзің ұрықтандырып ал» деп бере береміз, бере береміз. Сөйтіп, бүкіл жер шарына ұрығымызды шашамыз. Баяғыдағы ата-бабамыз алтынды алты тоғыз дәлдігінде қорытып, темір құралын (темір құрал-ол заманда атом қаруы) алғаш пайдаланып, пырақ тұлпарларының тұяғымен Еуразияның төсін тоздырып, шығыстағы қысық көзділерден бастап батыстағы күнкөрместерді құл қылған болса, бүгінгі біз осындай берілетін сәбилеріміз бен ұзатыла беретін қыздарымыз арқылы бүкіл ғаламды жаулап алғалы отырмыз. Қандай керемет ойлар! Енді аз жылда, бүкіл адамзат баласы бізге айналып шыға келеді. Сонымен мемлекеттің тіл деңгейіне көтерілсе де, орнын таба алмай отырған қазақ тілі әлі-ақ ғаламдық тіл болып шыға келмек! Ағылшын тілі босағада қалып, сорлы жарлы-жақпайлардың тіліне айналып, сөйлеуге намыстанатын тілге айналмақ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 23:21:20

Шынжыннан Бейжіңге жеткесін мұнда біраз уақыт аялдадым. Себебі, Бейжіңнен Алматыға ұшатын ұшақтың билетін алу біраз әуре болатын. Бирократ қазақтар мұнда, Бейжіңнің Шоуду әуежайында өздері құрған “Эйр Астана” әуекомпаниясының ұшақ билетін сататын ісханаға ешқашан да келіп көрмегенін көрші ісханадағылар бізге баяғыда-ақ айтқан болатын. Ісхана сыртына «Қазақстан Республикасы Эйр Астана әуекомпаниясы» деп жазылғанымен, ішінде адам жоқ екені белгілі болатын. Түсінікті жағдай. Нағыз Кеңестік стиль, демек, пысықай біреулер мұнда зәрден қымбат бағаға Бейжің Шоуду әуежайынан арнайы орын алып, оған аспандағы бағамен жалақысын төлеп, атағын Алатаудай қылып арнайы ісхана ашқанымен, іс жүзінде бұл ісхана еш жұмыс жасамайтын. Мүмкін, осы ісханаға «жұмыскер» ретінде қағаз жүзінде қытайдың он шақты, мүмкін отыз шақты қызын жұмысқа алғандығы жайлы да құжат бар болуы мүмкін. Демек, жоғары жалақысынан тартып, жаңағы қағаздағы жұмысшыларға дейін үкімет немесе компания тарапынан төленетін ақылардың барлығы осының барлығын іске асырып отырған жаңағы пысықайдың қалтасына айлап-жылдап түсіп отырған болуы әбден мүмкін. Себебі, парақорлық пен жемқорлықтың адам ойлап жетпейтін сан-алуан әдістерін тапқырлау жағынан Кеңестің елдер адамзат бойынша ең алда болатын

Шыжыған ыстыққа ылғалдылығы қосылғанда, Оңтүстік Қытайдың теңіз жағасында қазақ баласының ұзақ тұруы мүмкін емес еді. Күні-түні сібірлеп жауған жаңбырының өзі берекеңді қашырып, бұлттан айықпайтын бұлыңғыр аспаны көңіл-күйіңді құртып-ақ жіберетін.

Ал, Бейжің болса, көшпендінің тұқымына бап келетін қала болатын. Бейжіңді билеген Құбылай мен шүршіт патшаларының барлығы көшпенділер еді. Бұл күндегі Бейжіңде қанша қазақтың, қанша мұңғылдың, қанша шүршіттің тұқымы жүргенін бір ғана Алла білмесе, ешкім де білмейтін еді. Себебі, ғасырлардан ғасырларға созылған, мың құбылып, сан төңкерілген Қытай қоғамы мұңғұл-қазақ шапқыншыларынан тартып шүршіт билеушілерін соғыссыз-ақ құртып жіберген болатын. Бұл күнде мұңғұл баласы түгілі, күні кешегі шүршіттен тұқым қалмаған болатын. Қалған шүршіттің шүршіт деген аты ғана еді. Заты баяғыда құрыған болатын. Себебі, тілінен айырылған ұлт ешқашан да ұлт ретінде қаралмайтын еді. Өзгенің тілінде сайраған шүршіттің ұлттық болмысын бар дегеннен гөрі жоқ деген дұрыс болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-18 00:43:29

Қытай – жер бетіндегі ең таңғажайып мемлекет. Бір миллиард үш жүз миллион халқын асырап отырған, тамағын беріп, киіндіріп, емдеп, оқытып отырған Қытай компартиясының басшылық қабілетінің аса жоғары екендігін мойындау керек. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқтаған мезгілде Қытай мен үнді елінің айырмасы жоқ дерлік еді. Екеуі де Азиядағы ең алып елдер болғанына қарамастан, шапқыншы еуропалықтардың салған лаңынан ұзақ жылдар бойы азап пен қорлық көрген елдер еді. Бірақ, Үндістанда компартия билікке келе алған жоқ. Адасқан немесе құрапи діндердің Отаны болған Үндістан топырағы соңғы жарты ғасырлық даму барысында Қытай сықылды бақытты болған емес. Қытайлар үнділерді соңғы 30 жылдық экономикалық даму жарысында шаң қаптырып артқа тастап кетті. Қоғам дамуының қай қырынан қарасаң да, Үндістанға қарағанда, Қытайдың бай да бақуатты, дамыған, ұлт аралық, дін аралық қатынастарды дұрыс шешкен ел екендігін байқаған болар едік. Қараша халқының қаны мен терінен жиналған қаражатты әскери қару-жарақ бәсекесіне ғана жұмсайтын Үндістанның халық бұқарасының хал-жағдайын жақсарту жағында қытайлардан мүлде артта қалғанын мойындау керек. Онсыз да сан алуан адасқан нанымдарға алданған, сайтани танымдардың шырмауына шырмалған бақытсыз үнді халқының оқу-тоқу деңгейі де қытайлармен салыстырғанда аса төмен болатын. Ал, үкіметтің ұзақ жылдық саяси-экономикалық басым бере көмектесуінің арқасында, Қытай қоғамындағы ағартушылық жұмыстарының қарқынды дамығанын ойласақ, ауылдарына электр бармаған, адамзаттың айға шыққанын да әлі естімеген үндінің жабайы ауылдарын көзге елестетудің өзі қиын еді....

Пекин Қытайдың көзі болатын. Пекинді көр де, Қытайды көр. Әр елдің, әр мемлекеттің жағдайының қандай екенін білмек болсаң, ұшақтан түсе сала әуежайын тексерсең ғана балғаны. Әуежайынан-ақ сол елдің әлеуеті шыға келетін еді. Пекинде үш әуежай бар. Мен осы уақытқа дейін екеуінде ғана болдым. Бірі – осы Шоуду әуежайы. Бұл аса үлкен, аса зор халықаралық әуежай болатын. Ал Үрімжіден асығып-аптығып ұшқан бір сәтімде Нанюан әуежайында болғаным бар болатын. Шамасы, кішкене әуежай болса керек. қараңғы түнде барғандықтан, бұл әуежайды толық зерттей алмағаным бар еді. Онсыз да асыға-үсіге ертесі болатын кездесулеріме дайындалу үшін, қонақ үйге тездетіп жеткенге асыққан болатынмын.

Үндістанда бұл күнде миллиардтан аса халық жасайды. Бірақ, олардағы кедейлік көрсеткішінің аса жоғары екендігі баршаға аян. Ал, күн санап дамып, шаруашылығы шалқып келе жатқан Қытайдың доллар базасының ғаламдық бірінші дәрежеде мол екенін аңғарсақ, долларды басып, таратып отырған Американың өзі бұл күнде Қытаймен байқап сөйлесу керек екенін байқағанын білетін едік. Американың баяғыдағы арыны басылған. Керісінше, Қытайдың тасы күн санап өрге домалап келеді. Пекиндегі әуежайда отырып, ондағы сан-алуан елден келген ақ, сары, қара неше түрлі жұрттың жыртылып айырылғанын көрсең, Қытайдың бара-бара мына ғаламның орталығына айналып келе жатқандығын байқағандай болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-18 01:12:45

Пекин әуежайында отырып үнді мен қытайды салыстыруымыздың қисыны бар болатын. Себебі, мұнда келіп ұшақтан түсе салғаныңда, мишықтағы ГПС бағдаршық көрсеткен жазу тянжу -天竺болатын. Тянжу атауы тарихта Қытайлардың Үндістанды атаған аты болатын. Кейін білгенімдей, Пекин әуежайы орналасқан қалашықтың аты осындай екен. Ал, бұл екеуінің ортасында нендей байланыс бар екенін біле алмадық. Қытай елі – мың сан бұлақ келіп құйылып жатқан телегей теңіз сықылды. Мүмкін, баяғының баяғысында, Таң Шуанзаң Үндіге барып будда номын әкелгені сықылды, мұнда Үндіден келген монахтар тұрған ба екен, кім білсін? Тарих дегенің дүниедегі ең қиын пән ғой. Себебі, онда ешқашан дұрыс жауап болмайды.

Ол жағын Үндістан зерттермендеріне қалтырдық...

Пекин әуежайы – жер шарының кішірейтілген көрінісі еді. Мұндағы кетіп жатқан, келіп жатқан адам баласының санында шек жоқ. Алуан тілде сарнаған, алуан пішімде киінген, не таңғажайып киімдерді киіп алған, не таңғажайып адамдар мұнда сапырылысып жатқаны жатқан. Жұпыны киінген кедей елдердің тұрғыны да, малынып киінген бай елдің адамдары да, жасанды талшықтардан арзан-құрзан, ескі-құсқы киімдер киінген аса кедей өңірдің сапаршылары да, жартылай жалаңаш киінген латын Американың кез-келген уақытта байсырай беретін ұятсыз қыздары да жүретін. Қарыны қампиған арабтарың мұндағы ең қызық көрініс еді. Бір қора қатынын артынан ертіп алған арабтың ұзын бойлы, аппақ киінген қап-қара еркегі осыншама жұрт ішінен мүлде бөлектеніп тұратын. Жүзін жасырып, көзін төмен сала беретін араб әйелдерінің қасында, жаңағы жартылай жалаңаштар аса жиіркенішті, сүйкімсіз көрінетін еді. Ұятын жасырған мұсылман әйелдері мен қыздары мұнда көп болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-18 04:35:12

Қытай Халық Республикасындағы қытайлардың саны қанша екенін мен айтпай-ақ қояйын. Дың жоспарлы туыт саясатын қатал атқармағанда, Мау жылдамдығымен бала туа бергенде, арты не боларын ойлаудың өзі мүшкіл болатын. Ал, шетелдегі қытайлардың санының қанша екенін осы уақытқа дейін ешкім дұрыстап отырып санамаған болатын. Себебі, мұнда көп жағдайлар бар еді. Бірақ, қара есеппен шамалап есептегенде, арысы 30 миллион, берісі 20 миллион қытай бар дегенді айтады осы саламен айналысатындар. Қалай болмасын, өскен атаның ұрқы. Мен білгенде, қазақтың бір биінің аты Қытай болатын. Қытай сықылды өскен жұрт болсын деп ырымдап, атын Қытай қойған екен. Соңғы кезде, Қытай елінің әлеуетінің артуына байланысты қытай тілінің де беделі көтеріліп келеді. Қытай тілін үйренгісі келетін шетелдіктердің саны күн санап артып келе жатыр. Ал Қытай жұрты өз ішінде, Пекин акцентін негіз қылған, солтүстік аймақтар акцентін қосымша қылған ортақ тілді – путуңхуаны қатты дамытыуының арқасында, баяғыдағыдай өлкелер ара түсінбестік жағдайы туындамайтын болды. Осымен бірге, кей тілгерлер қытайдың жерлік акценттерінің жоғалуы – адамзат мәдениетінің ерекше бір түрінің жоғалуы екенін алға тартып келеді. Қалай болмасын, қытай ұлты осы заманғы телеарна, радио, дамыған қатынас құралдары, өлке аттап саудамен, кәсіпкерлікпен айналысу арқылы өз ішінде бір-бірімен тығыз араласып, шын мағынасындағы толыққанды бір тілді ұлт болып келе жатыр. Бұл күнде қытай тіліне сұраныс көп. Америкада сіздің ағылшын тілін білуіңіздің керегі де жоқ, егер қытай тілін білсеңіз. Америка демократиясы бұған жол беріп отыр. Қытайша телеарна, радио, баспасөз, газет мұнда жетіп асады. Ағылшын тілінен сырт, мұнда 30 миллион испан ұрпағы өмір сүреді, әрине, көбісі Мексика, Кубадан келгендер, демек, ағылшын тілі мен испан тілінен кейінгі 3-орынды қытай тілі ұстайды деген сөз. Осы сықылды, Канада елінде де Қытайлардың үлесі артып келе жатыр, оған 97-ден бұрынғы Шяңгаң (Гонконг) азаматтарын қосыңыз, демек, қытай тілді медиа Канадада да басым. Мұнда қытай тілі ағылшын, француз тілдерінен кейінгі 3-орында. Аустралияда да қытай тілі қарсы алынады. Мұнда қытай текті премьер-министрдің таққа шығуының өзі біраз нәрсені көрсете алады. Ал, мұнда да қытайлар азшылық халық емес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-18 11:50:21

Қазақстан әуекомпаниясының Пекиндегі өкілдігінің телефонына телефон соға-соға шаршадым. Себебі, ұшақ билетін алу қиынға айналды. Баяғыда, әуежайда қаңғылестеп жүретін, орысша білетін бір қытайдан қымбат бағаға ала салатынбыз. Ал, қазір ол қытайдың өзі кергіп телефон тұтқасын көтермейді. Демек, бір шатақтың болғаны рас. Әлде бір пысық Алматыдағы басқармаларына арызданды ма екен, әйтеу, осы мен білгеннен бері әуекомпанияның ісі бір оңған жоқ. Ең түсініксіз бір жағдай, ол заманда, олардың билетін тек өздері ғана сататын. Ал, қазақтан басқа, күллі жершарындағы кез-келген елдің ұшақ билетін кез-келген билет сататын дүңгіршектен кез-келген уақытта сатып алуға бола беретін. Интернеттен алуға да болатын. Ал, қазірше қазақтың кертартпа басекеңдерінен интернетте сатуды үміт етпеген де дұрыс. Себебі, ашықтық пен жариялылық олардың шіріктесуі мен арам ақша қымқыруына мүмкіндік бермейтін еді. Сол үшін де Пекин әуежайынан сіз жер бетіндегі 200-ге тарта мемлекеттің кез-келген бағытқа ұшатын ұшағының кез-келген рейісін сатып ала алсаңыз да, тек қана біздің қазекеңнің билетін сатып ала алмайтыныңыз шын болатын. Демек, біз жер шары бойынша ең ғажап ел болғандығымыздың бір көрінісі осы бір кішкентай ғана істен көрініс беріп тұратын еді. Ашынған кей ағаларымның Қазақстанды Ғажапстан дейтіні де осындай аяқ алып жүргелі болмайтын қалың үлкенді-кішілі парақорлық пен шіріктесуден кейінгі амалсыздықтан еді. Пекин әуежайындағы арлы-берлі сабылысып зыр жүгіріп кеткенімді ойласам, кейде күлкім келеді. Соншама үлкен, алып әуежайдан барша елдер мен өңірлердің өкілдігі орын алғанда, жалғыз ғана біздің қазекең қаңғылестеп кеткен ғой. Өзгелердің барлығы билетін сату үшін, өзін жарнамалап өліп бара жатса, қазекең «барсаң бар, бармасаң онан ары» деп шалқалап отырмай ма? Тіпті өзге елдер сықылды әуежайда біздің саяхат орындарымыздың жарнамасын да ілмеген ғой. Әдетте, өзгелер ебін тауып, кез-келген формамен өз елдеріне баратын саяхатшыларды қызықтыратын еді. Бұған тіпті, елбасшылары да араласатын. Америка президенттері үнемі шетел телеарналарына жарнамаға шығып, шетел саяхатшыларын Америкаға келуге шақыратын. Себебі, әр саяхатшының қалтасындағы ақшаны сыпырып алып қаласың емес пе? Ішкен-жегенінен тартып, барлық нәрсеге шығынданған саяхатшы өз еліңді байытып кетеді ғой. Ең соңында, амалым таусылып не істерімді білмей отырсам, белгісіз біреуден cмc келе қалды. Мүлде бейтаныс нөмір. «Алматыға ұшқың келсе, мына араға кел» деп бір адресті берген. Аң-таң қалдым. Менің нөмірімді қайдан білген дейсің ғой. Сонымен, амалдың жоқтығынан, басқа ештемеге бас қатырмастан, айтқан жеріне баруға бекідім, себебі менде онан өзге амал жоқ еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-21 13:10:27

Құрметті оқырмандар:

Тірлік күйбеңімен бірнеше күн босай алмадым. Өмірдің көңілді-көңілсіз сәттеріне байланысты көңіл-күйім де тұрақты болмай отыр.

Сапар естелігімнің жалғасын кешіктіріп барып жалғасты жазатыным үшін алдын-ала кешірім сұраймын...

Жалықпаңыздар, жалғасы бар...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-21 13:10:34

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 да 2011-2-21 13:15 өзгерткен

Осы уақытқа дейін, мені шабыттандырған, маған ақыл-кеңесін берген, үздіксіз жаза түсуіме дем берген, ойларымен бөліскен барша оқырмандарға, аға-бауыр, қарындастарға шексіз алғысымды айтамын. Алла разы болсын сіздерге.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 14:32:45

Жаңағы қытайдың кел деген жеріне бару үшін, әуежайдың алдындағы таксиге отыру керек екен. Себебі, бұл әуежай маңы болмай шықты. Пекиннің жоғары қарқынды тас жолымен тұп-тура жарты сағат жүргенде айтылған жерге барып жеттім. Алдымнан баяғыдағы түстаныс қытайым ыржалақтап шыға келді. «Іздаластите, Издаластите» деп екі езуі құлағына жете қолын ала ұшты.

– Не бола қалды, соншама сырланып? Не бәле болды?- дедім мен де аң-таң қалып.

Қытайда үн жоқ. Мағынасыз ыржалаңдай береді. Сонымен, онымен ежікелесіп отырып, біраз нәрсенің шетін аңғарғандай болдық. Демек, менің бұрынғы ойлағаным шын болған. Алматыдан Пекинге тексеруші келген. Соның өзінде де мынауың билетін қорықпастан сатып жүр. Осыған қарағанда, бұл тексерулердің де жырғатқан, алматылықтарша айтқанда «қатқан» тексеру болмайтыны белгілі болса керек. Әшейін, бір бопсалау сықылды ғана болып өте шығатын қазақстандық тексерулердің жайы күллі дүниеге белгілі еді. Аты шулы тексерудің өзі жеке қалтасын қампайтумен ғана шектелетін, парақорлық пен шіріктесуді өшірмек түгілі, керісінше, өсіре түсіп, онан арман құтырынған, ашықтан-ашыққа шыққан шекке апаратын қылықтар еді бұл. Қазақстан қауымының өз тапталған құқықтары үшін арызданбайтынының, қоғамдағы жаппай етек алған осы сықылды үлкенді-кішілі барша өктемдік пен парақорлық, әділетсіздік пен қиянат, заң бұзушылықтар мен зорекерлікке еттері үйренгендіктері соншама, соның өзін кәдімгідей қалыпты құбылыс ретінде қарайтынының себебі де осы болатын. Себебі, осындай жалған саяси ойындар мен қоғамдық «шоулардан» қара халық жұбына жете титықтап шаршаған болатын. Әрине, бұған менің де етім үйреніп келе жатқан еді. Қазақстанға алғаш барған сәттегі қазақ ұлтының тілі мен ділін, дінін қорғау жолындағы жанқиярлық рухым барған сайын әлсіреп бара жатқандай сезілетін маған. Әр кез осы ой басыма келген сәтте-ақ, өз ойымнан өзім қатты шошынып, өз-өзімнен тіксініп, өз-өзімді сындап ала жөнелетінмін. Өз-өзімді қайраттандырып, жігерлендіріп, кез-келген сәтте, кез-келген уақытта қазақ мүддесі үшін күреске дайын тұруға қайрайтынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-24 14:42:45

Менің билетті қалай болмасын алатыныма көзі жеткен қытай бағаны аспандатып жіберді. Себебі, бұларың кісінің бет-әлпетін аңдитын әккілер ғой. Ата-бабасынан тиын санап, кісі алдап көрмеген қазақтың баласы осы тақылетті жетпіс жеті ата-бабасынан бері саудамен айналысқан қауымдармен ашық бәсекеге түскенде, ұтыла беретінінің сыры да осы еді. Себебі, қанымызда, жанымызда осындай қасиеттер болмаған ғой. Арзан бағалы эконом-класс билеті таусылғанын білгенде, қымбат бағадағы бизнес кластың билетін алмайтын не ала алмайтын адам құсап керігуім керек еді. Оған қазақы шыншылдық автоматты түрде ырық берген жоқ. Сонымен, кассадағы бағасынан екі есеге қымбат бағамен бизнес кластың билетін алып артыма қайттым. Ыржалақтаған қытайым маған дән риза болып, артымда қолын бұлғап қала берді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)