Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 22:16:03

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-15 22:17 да өзгерткен

Жас күнінде Москвадан оқыған бір ақсақал танысым бар еді, өзі бұл күнде Алматыда үйсіз-күйсіз жағдайда жүр. Бас десең басы, білім десең білімі бар, қайда салсаң сонан шығатын мықты кісі еді. Білмейтіні – жердің астында. Бітірген оқуы – күллі Кеңес Одағына ғана танымал болмақ түгілі дүниежүзілік беделге ие атақты ЕМГУ болатын. Ал, ЕМГУ (МГУ – Москва мемлекеттік университеті), шын мағынасында, Кеңес қоғамының біраз қасқасы мен жайсаңын тәрбиелейтін орын болатын...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-15 23:56:43

Сол ақсақалдың өзі жас күнінде, сонда оқып жүрген албырт шағында мынадай бір ғажап құбылысты байқаған екен. Осы жоғары оқу орынына (ЖОО) келіп оқығандардың ішінде одақтас 15 республиканың барлық ұлттары қамтылса керек. Саяси-қоғамдық ғылымдардан тартып жаратылыстану пәндерінің барлық саласында, күллі Кеңес Одағы бойынша ең үздіктер мен ең алғырлары жиналатын Москвада оқыған барлық бұратана ұлттың жігіттері тұтасымен орыс немесе украинның қызына үйленіп шыға келеді екен. Орыс-украиның бейне қазақ пен қырғыз сықылды туысқан ұлт қой. Кеңес кезінде славян тектінің барлығы дерлік түкірігі жерге түспейтін шенділер болды емес пе?! Ал, сол орыспен үйленген қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт сықылды бұратаналардың жастары өздері жасайтын қоғамдық ортадағы сорпа бетіне шығарлары болатын. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сықылды талданып, екшеліп, мың қайтара електен өте әзер жеткен Москвалары болатын. Негізінде, өзге ұлттың ең мықты азаматтарын арнайы «аулауға» мамандандырылған жұмыс тобы мақсатты түрде жұмыс жасаған болуы мүмкін дейді жаңағы ақсақал. Себебі, орыспен үйленген азаматтар оқу бітіре сала дереу құйқалы, майлы жерлерге орналасып үлгіреді екен. Қатыны орыс болса, сенімді адам, өз адамы ретінде қараған орыстар мұндай қазақтарды, көбінеки, қазақ баласын қабылдай бермейтін КГБ саласына жұмысқа алатын көрінеді. Ал, КГБ-ның қандай орган екенін білмейтін адам болмаса керек. Аудан дәрежелі КГБ бастығы республика бас хатшысын қорқыта алатын сол заманда, үш әріптілердің барлығы дерлік тек қана орыс болған болатын. Демек, азғантай қазақты жалған демократия үшін партия комитетіне жұмысқа қойғанымен, қоғамның негізгі тетігінің барлығын жасырын түрде ұстап отырғандардың барлығы осы КГБ-дағы орыстар болатын. Ал, жаңағы қазақтардың бар міндеті жиналысқа қатынасып, бас шұлғу ғана болғанын, мақұлбай мен изекбайлар ғана болғанын білеміз. Сонымен, қасқасы мен жайсаңы, сорпа бетіне шығар азаматы, алғыры мен ең зерегі, ел алқаған, халық қалаған ұлдары тұтас орыстан үйленіп шыға келгенде, ауылда қалған қара қазақтың кейінгі буындары да оларға көзсіз еліктейтіні шын болатын. Сонымен, Кеңес Одағының жұртының 50 пайызына да емін-еркін жете бермейтін орыстардың орыс емес соншама халықты 70 жыл ішінде құртып жібере жаздағаны осындай жымысқы саясаттардың берген нәтижесі екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 01:03:38

Қазақтың мықты азаматтарының біртұтас орыс қызымен үйленуі Кеңес заманындағы ұлттық ұйысуымызға берілген аяусыз соққы болды. Әрине, заманның азғыруына ермей, Алла берген басымен дербес ойлаған ұлт оғландары да аз болған жоқ. Бірақ Кеңестік саяси кеңістікте, өсу мен өшудің арасы қылдай ғана болғанын білеміз. Ұстараның дүзіндей ғана аралығы бар ақиқат пен арамдық ортасында былғанбай жүре алудың өзі де өнер ғой. Атақты Мұхтар Әуездің өзі де Абайдың немересі Кәмиләні қан құстырып құсадан өлтіргенде, өзі Мәскеуге барып орыс қызымен былыққанын өзі өкінішпен еске ала отырып өз аузымен айтқан сөздерінен атақты естелікші Данабике Байқадамованың алған естеліктерінен біліп отырмыз. Болмаса, тобықты арасына келіп паналаған қожаның тұқымы Мұхтарға және оның арғы ата-бабаларына қазақтың ақсүйектері, Абайдың арғы ата-бабалары бар мейірін төккентұғын. Сол Мұхтардың өзі Абайды орыстың ықпалына ұшыраған көзқарасымен жазды ғой, мұнда ұлы тұлға Мұхтарды сынағалы отырған жоқпыз, тек қана бала күнінен ауыл молдасынан оқып, мұсылмандық сауатын ашқан, иманы берік, ақидасы дұрыс, тақуалығы күшті Абайдың Семейдегі атақты молдалар ашқан медіреселерден діни оқудан сусындағанын біле тұра, хакімдік, әулиелік деңгейге жеткен мұсылман ғұламасы Абайды өмірде болмаған Тоғжанмен «бозбалалық» жасатқанда, Мұхтардың Абайды биіктете алмағанын, керісінше Абайды кейінгі ұрпаққа аман-есен аманаттау үшін, орыс көзіне жағу керек болып, ұлы тұлға Абайды кішірейтіп, оған пендеуи бояулар жаққанын білген болар едік. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген Абай нағыз кәмелетіне жеткен кәміл сенімді мұсылман болғандығы шын еді. Себебі, Абайдың шәкірті, туысы Шәкәрімнің өзі орыстың ұлы Толстойын уағыздап жүріп мұсылман қылып жібергенде, Абайдың қай деңгейде екенін ойша-ақ ойлап жетуге болар еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 01:13:09

Ұлы Абайды, ұлық Абайды, әулие Абайды кішірейтпейінше, оған қара бояулар жағып, жарқыраған алтынның аптап буын азайтпайынша, өктем орысқа жаға қою да қиын болғанын білеміз. Себебі, әулиелік деңгейдегі алтындай асыл нұр шашып жарқыраған Абайдың кәпір орыс көзіне шағылысып дұрыс көрінбейтіні шындық болатын. Олар құдайсыз, имансыз, кір-қожалақ болатұғын. Әрине, иттің көзі боқты жақсы таниды.

Ұлы тұлға, қазақтың қайсар тұлғасы Мұхтардың да өз көздегені болғаны шын. Болмаса, Абайдың бәйбішесі Ділдә ханымның аяғын құшып отырып, «қазақ сұлуы», «Азия сұлуы» атанған Кәмиләға әзер қолы жеткен Мұхтар бұлай жасамаған болар еді. Орыстың қатал тегеуірінінен түрмеге де отырып шыққан, орыс диктатурасының дәмін ертеден татқан Мұхаңның сақтық жасайтын да жөні бар. Болмағанда, көзсіз ерлік жасаса, мүмкін, бізге Абай аман-есен жетпеген де болар ма еді?! Абайынан қазақ қана айырылып қалмас еді, адамзат баласы айырылған болар еді, себебі ол адамзаттың Абайы болатын!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 01:43:25

Абайды көтергені үшін «байшыл» деген жалаға да ұшыраған Мұхаңның Абайға қарсы тұлға ретінде Құнанбайды орыс әдебиетінің үлгісі бойынша, тіпті пролетарлық әдебиеттің үлгісі бойынша жамандап, қаралап жасауы керек болатын. Болмаса, таптық күрес шиеленіскен сол заманда байшыл, ұлтшыл болып шыға келуі оп-оңай болатын. Сонымен, Құнанбайды жауыз қылып, атасымен ойнас болған Қамқаны атасы Қодармен бірге мұсылманша жазаға тарттырады. Мұнысын соңыра ала өзі де мойындаған Мұхаң, Қамқа-Қодар оқиғасының шын болғанын да айтқан екен. Ойдан құрастырылған Базаралыны қажы Құнанбайдың тоқалымен ашына қылып қойғанда да, орыс оқырмандарына жаққысы келгені шын. Орыстардың осы тектес ашына-құшыналыққа құмар екені, онысын махаббат деп көкке көтеретіні баршаға аян құбылыс болатын. Көзіне көрінген еркекпен кәрі-жасы демей жастайынан ылыға беретін орыстың ұятсыз қыздарының бүкіл жер шарының нәпсіқұмар еркектерін жезөкшелікпен қамдап келе жатқанын білсек, олардағы айтылмыш махаббат ұғымының да қай деңгейде екенін білген болар едік. Орыс қыздарының жаппай жезөкшелікті кәсіп қылып, бейне емі жоқ оба сықылды барша елдерге тәсіл талғамай таралып, бұл күнде Еуропа елдерін, Америка елдерін, Аустралияны, тіпті Қытайдың өзін алаңдатқан үлкен мәселеге айналғанын білсек, Мұхаң қаламындағы осындай тұстарға да түсіністікпен қарауға болар еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 13:06:43

Орыс бодандығының қазаққа қаншалық зұлматтар әкелгенін айтсақ, тоқтай алмаспыз. Ендігіде мәселе осыдан қалған зардаптарды ұлт болып ұйысып қалай жоюда жатыр. Батпандап кіргенімен мысқалдап шығатын ауру сықылды, қазақ санасына сіңген аздырғы ұғымдардың да мысқалдап-мысқалдап шығып бара жатқаны көңілге медеу. Ұлт жанашырларының шыр-пыр болып уағыздағанының арқасында, біраз жұрттың санасынан саңлау ашылды. Қазірше осыған да шүкірлік етеміз.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 14:23:48

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-16 14:30 да өзгерткен

Ішкі Қытайға оқуға барған қазақтардың балалары өз ортасындағы мақтаулылары екені шын. Бірақ, ішкі Қытайда аспаннан алтын жауып тұрмағанын бірі білсе, бірі білмес. Алатаудай атағына қызығып оқыған мамандығының ауылға үйлеспейтінін немесе Үрімжіге қайтып келген соң жақсы жұмыс таба алмайтынын көбісі ескермейді. Мақта өнеркәсібі қазақтары көп Шыңжаңда тек қана шикізат күйінде екенін білмеген біраз жас адасқан саясаттың құрбаны болып ішкі Қытайдағы мақта өнеркәсібі мен тоқыма мамандығының оқуын оқыды. Оқу тауысқандардың ауылға қайтатыны шын, заводы көп ішкі Қытайда қалғысы келетін қазақ аз. Елі-жұрты қашан да ыстық. Сонымен, жаңағы тоқымашылықты оқыған қазақтардың бұл күнде өз кәсібімен айналысатыны да жоқтың қасында болды. Көбі әкімшілік салаларға ауысып тынды. Осы сықылды мысалдар көп-ақ. Ауылын аң-таң қалтырған қазақтың қызы Нанчаңдағы бір ЖОО-на оқуға түседі ғой. Оқуын аяқтай сала, ауылға қайтады. Ішкі Қытайда 6 жыл оқыған оны Үрімжіде жақсы жұмыс күтіп тұрмаған болатын. Ары сандалып-бері сандалып, соңына ала ішкі Қытайына қайтады ғой. Қазағы жоқ жердегі қазақтың қызы бізге белгісіз себеппен «шетелдікке» тиіп кетеді. Қазақтар мұны қабылдай алмайды да. Туыс-туған, ата-ана қарғап-сілеп қалады. Сонымен, шіріген жұмыртқа атанған сорлы қыздың қандай шетелдікке тигенін білсеңіз ғой. Филппиннен Шяңгаңға (Гонконгқа) келіп, қара жұмыс істеп жүрген, сонысы арқылы Шяңгаңда (Гонконгта) нан тауып жеп, күнін қалт-құлт етіп әзер көріп жүрген кәдімгі қара қытай болып шығады ғой ол шетелдігі. Иә, қарасаң шынында шетелдік, Филиппин азаматы. Ұлты – қытай. Оқыған-тоқыған қыздың осыншалық сорлы халін көріп миың ашиды. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен жаңағы күйеу бала Шяңгаңдағы (Гонконгтағы) қалың қара жұмысшы филиппиндіктердің бірі ғана екен. Бізге оның қара жұмысшылығы сөз емес қой, таңдаған тазға жолығады дегендей, тым құрығанда, ауылға ертіп келгенде, ел-жұрттан ұялмайтындай да біреу табылмағанын қарашы деп кейисің ғой! Бізбен кезіккенге күйеу баланың өзі ұялды ма, әлде қызымыздың өзі намыстанды ма, күйеу баланы кетер-кеткенше көре алған жоқпыз, бірақ күйеу баланың «шығармасы» – қазақтың жиені болған «қара домалақтан»-ақ, «авторының» қандай екенін болжап, түңіліп қайттық....

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-16 16:34:25

Жоғарыда айтқандарымның барлығы еш жалғандығы жоқ, еш әдеби бояу қосылмаған шынайы шындық болатұғын. Өз көзіммен көрген, өз айналамда болған оқиғалардың осы легіне қарап отырып ойға шомбай көр.

Ішкі Қытайдың қалаларын тынбай аралайтын менің көрген-түйгендерім осы болды. Әрине, көкек дегенің де жақсы дүние. Осы көкектің арқасында барған қалаңнан қазақ тауып алу қиын емес. Мен көрген қазақтың біразы ішкі Қытайдағы мұсылман асханалары мен дәмханаларында кездескендер болатын. Бір қаладан бір қазақ тапсаң болғаны, қалған қазақ ешқайда қаша алмайды. Ұлтымыздың осындай ұйысқақ екенін білеміз, бұл да Алланың бізге берген бір нығыметі болар. Бірақ, жастығы мен мастығы билеген осы күнде ішкі Қытайда несібесін теріп жеп жүргендердің ертеңін көбірек ойлағанын қалар едім. Ақылымды алған бірнеше қызға ұрсып жүріп Үрімжіге қайтарған да болатынмын. Байсыз қаласың, көмусіз қаласың деп қорқытқаным да бар болатын. Қалай болмасын, әр қазақ менің жалғызым! Әр қазақ менің туысым. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп ғұлама хакім Абай айтқанындай, көзім көрген қазаққа қолымды созып, құшағымды ашатыным шын. Осыны өзін қазақ сезінетін барша азаматтан күткен болар едім...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 11:13:37

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-18 03:24 да өзгерткен

Қоғамды мұндай аралас некеге дайындау үшін ұлттар мен ұлыстар арасындағы айырманы құрту керек болатұғын. Бұны Кеңес Одағы аса табысты түрде орындап шыққан болатын. «Ұлттардың тәжірибеханасы» атанған Қазақстанда таза қанды қазақты табу, қанын да, басқа бұратананың қаны қосылмаған таза қазақты табу оңай еместұғын. Ауылдың қазағы ғана таза болмаса, қалалы жақтың қазағы былығып біткен еді. Әрине, қазақтың көбі ауылда. Кеңес кезінде қалаға, әсіресе, Алматы сынды қалаға оңай-оспақ адам орналаса алмайтын. Орыс жаққан отынды көсеп, орыс қазанына жақын жүрген қазақтар орысшыл болатыны шын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 11:20:35

Алматы сықылды ірі қалада, аралас некеге баратын қазақтың қызы мен жігітінің үлес салмағы 20 пайызды ұстайды екен. Демек, әр бес жұп некенің біреуі аралас неке деген сөз. Демек, біздің Алматыдағы құдаларымыздың әр атаның баласынан екені ойға салмай қоймайды. Қазақтың қызына үйленетін немісті телеарнада көрсетті, ол Жамбыл қаласы еді. Назарбаевтің өзі қатынасқан жиналыста қазақша сөйлеген немістің жігіті қалыңмалдан қиналғанын айтқанда, күлкі мен қалжың ішінде, Назарбаевтің өзі оның қалыңмалын шешетін болған болатын. Ұлттар ынтымағының қазақстандық үлгісін уағыздау осындай-ақ болатын. Алдын-ала жазылған сценарий бойынша ойналған осындай ойындардың саяси ұпай үшін екенін білсек те, қанымыздың бұзылып бара жатқанын ойлайтын кезге жеткенімізді аңғаруымыз керек еді. Аңқау қазақтың аңғал қызына дұрыс бағдар, өмірлік даңғыл жол нұсқағанның орнына көрінген көк аттыға үйленуге болатынын айтып жасыл шырақ жаққанымыз өз тамырымызға өзіміз балта шапқанмен бірдей еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 11:30:44

Қазақстан қоғамындағы қазақтардың Қытайдағы қазақтардан оқу-тоқуының жоғары екендігі талассыз ақиқат. Біз толық орта мағлұматын жалпыластыра алмай, осы уақытқа дейін жанталасып жүргенде, олар баяғының баяғысында бұл міндетті орындап қойғантұғын. Кем дегенде, жарты ғасыр бұрын сауатсыздықты жойған олардың өресі кез-келген дамыған елдердің бұқарасымен тепе-тең тұрарлық деңгейде болатын. Біздің сауатсыздықты жою, толық орта мағлұматын жалпыластыру деген науқандарымыздың шылығи жалғандықпен толы екенін, көз боямашылықпен, өтірік доклаттармен, жалғаннан жасалынған құжаттармен «табысқа жеткенін» оқу-ағарту саласында жүргендер айдан анық біледі. Жылына бір ойға түспейтін таудағы қазақтың сауатсыз баласына орта мектептің дипломын ауылнайы алып берген келеңсіз жағдайдың не мақсатта екенін біле алмайсың. Жоғарының мадағы мен мақтауы біздің жалғанды жалпағынан басып жүрген ел ағаларымыз үшін соншалықты маңызды болғаны ма деп ойлайсың. Бірақ, Қазақстандағы оқу өренің жоғарылығы мен ұлттық сананың деңгейі қашан да кері пропорционал болатыны шындық. Оқыған-тоқыған азаматтардың біразы ұлтсызданғаны себепті, біз зарлаған, Алашшылдар зарлаған, қазіргі ұлтшылдар зарлаған қоғамдық келеңсіздіктер мен ұлт болашағына қатерлі жағдайлар жарыққа шыққан болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 11:54:16

Сол үшін де жаңағыдай ұлт шекарасын аттаған «Қызжібек пен Төлегендерге», «Салиқа-Сәменге» немесе қытайдың ғашықтары бойынша айтсақ, «Таң Бо Ху мен Чюшяң», «Жя Бау Иұй мен Лин Дай Иұй», «Жау Миңчың мен Ли Чиңжау» сияқтыларға айтарымыз, ең алдымен өз ата-анасын ойлағаны абзал. Болмаса «Қыз Жібек пен Жиә Бау Иұй» немесе «Таң Бо Ху мен Сәмен» дастаны үнемі трагедиямен аяқтайтыны шындық. Ол үшін ата-анаңыздың «ойы ашық», көкірегі тұмшаланбаған, заманына сай білімі бар адам болғаны абзал. Жаңа дүниені қабылдай алатын ата-ана ғана болашақ күйеу баласын қабылдай алады. Болмаса, мұндай некеге қарсы тұратын ең бірінші және ең қиын өткел осы болмақ. Онан кейін қоғамдық ортаңызды ойлаңыз. Өз жасаған ортаңыздағы барша қақпайға төзе аламын десеңіз, жігітіңіздің етегінен ұстап кете беріңіз. Себебі, біздегі халықтың көпшілігі сіз сықылды «дамыған», «ақыл-есі асқан» (ескерту: «ақыл-есі адасқан» емес) адамдар емес, көбісі, әліге толық орта мағлұматы жоқ «топастар» болғандықтан, сіздің мұндай авангарт идеяларыңызды қазірше қабылдай алмайды.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 14:07:39

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-18 03:25 да өзгерткен.

Соңғы кездегі бізді шажа қанды нарқоспақ жиендерге қарық қылып жүрген осындай ұлағатты қыздарымыздың молаюына байланысты халық арасындағы белсенді де тілді-жақты, қоғамға көңіл бөлгіш, ешнәрсені назарынан қағыс қалдырмайтын зерттермен жеңгейлердің халықаралық академиялардың ғылыми журналдарында жарияланбаған, ашыққа шықпаған ғылыми зерттеу нәтижелеріне қарағанда, тіл білген күйеу баланың тіл білмеген күйеу балаға қарағанда жұрт арасындағы қарсы алыну коэффициенті (көрсеткіші) жоғары болады екен. Тіпті, аса сенімді ақпараттарға сенсек, сүндеттеліп, мұсылман болған, өзіне азан шақыртып, мұсылманша ат қойғызғандардың қарсы алынуы тіпті де жоғары болады екен.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-17 14:41:40

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-18 03:26 да өзгерткен.

Мұндай ғылыми жаңалықтарды зерттермен жеңгейлердің рұхсаты бойынша жариялап отыруымыздың себебі – алдыңғы әпекелерінің жолымен келе жатқан кейінгі буын қыздарымыздың нұрлы болашағы үшін еді. Махаббатта ұлт жоқ, махаббатта шекара жоқ. Махаббатта дін жоқ. Ұлы махаббаттарды ештеңе тоса алмақ емес. Бағып-қаққан, ақ сүтін берген, он ай омыртқасын үзіп көтерген ана да тоса алмақ емес.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)