Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 05:55:28

Отанын қорғау – мұсылманның парызы болатын. Егер сол замандағы түріктің батыр патшасы Зеңгі мен оның ұлы, мұрагері Нұриддин (діннің нұры мағынасында) егер осы заманда болған болса, өз Отандарын қорғағаны үшін емес, қайта шапқыншыларға қарсы қару көтергені үшін, Батыс баспасөзі, медиасы жағынан қараланып, жауыз да қанқор ретінде суреттеліп, Бен Ладеннің қатарында террорист болып танылып шыға келер еді. Батысқа жағу үшін сатқын болуың керек. Отаның мен ұлтыңды сүйдің бе, Батысқа жағамын деп ойлама. Батысшылдарға жағамын деп те мүлде ойлама.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 06:05:01

Нұриддиннің қолбасшысы Салахуддин 1187 жылы Иерусалимді қолына қаратады. Осы хабар Еуропаға жеткенде, қасиетті Иерусалимнің мұсылман жасақтарының қолына өткенін естіген Урбан екінші папа сол минуттың өзінде-ақ құсадан қан құсып жан тапсырады. Күллі кәпірдің басшысы болған, тұтас Еуропаның, барша ақ нәсілді қауымның көсемі болған Ватикан папасын құсадан қан құстырған батыр түріктің бүгінгі ұрпағы Еуропа одағының қақпасы алдында телміріп отырғанына да жарты ғасырдан асып барады. Қарап отырсаң, тарих дегенің де бір қызық нәрсе...

Тек байыбына бара алмайсың...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 06:12:30

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-11 13:17 да өзгерткен

Мұсылмандарға қарсы үшінші реткі крест жорығын да осы Салахуддин быт-шыт қылады. Бұл жолғы «қасиетті соғыстарына» еуропалықтар мықтап дайындалғантұғын. Онда Рұм империясының атақты патшасы қызыл сақал Фридрих Бірінші, Англия патшасы Ритчард Бірінші, Франция патшасы Филипп екінші қатынасқан болатұғын. Қарасаңыз, осы шайқастардың барлығында Батыс қоғамының бірлесіп шабуылға шығатынын байқаған болар едік, бейне, ғасыр бұрын 8 ел әскерінің Қытайға шабуылдағаны мен аз жыл бұрын 27 ел әскерінің Ираққа шабуылдағаны сықылды еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 13:28:08

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-11 16:42 да өзгерткен

Фрдирих өзеннен өтерде суға кетіп тұншығып өледі. Қазақша айтқанда, аяқтағы суға ағып өледі. Осыдан-ақ, «құдай жолында» құрбан болуға анттасқан Еуропалықтардың құты қаша бастайды. Немістер қолды бір сілтейді де, не болсаң о бол деп елдеріне қайтады да, ағылшындар мен француздар байлық үшін, отарлаған жер үшін таласа бастайды. Соңына ала, француздарың да «ат-тонын ала қашуға» мәжбүр болады, майданда, өркеуде ағылшындар ғана қалады. Қанша айтқанымен, ағылшындарды ғасырлар бойы құлданған үрімдер олардың санасын қаттырақ улап жіберген болатын. Латындасып, өз әуелгі англо-саксон тегінен, тілінен алыстай бастаған ағылшындар бұл кезде ғажап бір қауым болып қалыптасқан болатын. Кейде, осы сықылды тарихи шындықтарды қарап отырып аң-таң қаласың. Қашан да осы тақлетті тамырынан алыстаған қауымдар қауіпті болып келеді екен...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 16:55:20

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-11 16:56 да өзгерткен

Өркеуде ағылшын патшасы шығыста шайқасып жатқанда, артта қалған ауылы-Британияда былық басталған болатын. Француздың патшасы тыныш жатпай, ағылшын патшасының інісін уағыздап, таққа таласуға азғырады. Амалы құрыған ағылшын патшасы артқа қайтуға мәжбүр болады. Мұсылмандармен келісімге келіп, Иерусалимге келіп христиандардың тауап етуіне рұхсат алғанымен, шын мағынасында, бұл осы жолғы мұсылмандарға қарсы бағытталған атақты «крест жорығының» жеңіліспен аяқтағанын көрсететін еді...

Арт-артынан үш реткі жорықтары сәтсіз аяқталған христиандар ендігіде төртінші реткі жорығын ұйымдастырмақ болады. Әрине, осы тектес қанды қырғындардың басында қашан да христиандардың рухани патшасы, көсемі Ватикан побы жүретін еді. Холлюуд әртісі Том Хэнкс ойнаған «Да Винчи құпиясы» атты кинода Ватиканды рухани тірек ретінде қарайтын христиандардың ертеден тартып бүгінге дейінгі жасырын келе жатқан көп құпиясының шеті қылтиатын еді. Шын мағынасында, Ватикан-күллі христиан жамағатын ғасырлар бойы қырғын соғыстар мен атышулы апаттарға айдап отырғаны шын болатын. Сол үшін де аталмыш кино Батыс әлемінде шектеуге ұшырап, бұған қарсы уағыздар мен қарсы түсірілген кинолар күллі ғаламды жаулап кетті.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 20:29:48

Ватикан папасы Иннокентий үшіншінің құтыртуымен Еуропа ақсүйектері мен сарбаздары тағы да бір реткі мұсылмандарға қарсы бағытталған жорықтарын ұйымдастырады. Папа «қасиетті мекенді қайтарып алу» туралы уағыз айтудан тоқтамаған болатын. Бұл 1201 жылы болатын. Тарих дегенің қызық-ақ. Дәл осы кезде, қиырдағы еуропалықтар ұлтының бөлектігіне, тілінің айырмашылығына қарамастан, бір дін болғаны үшін ғана Ватикан папасына бағынып, қалың қол болып ұйысып, мұсылмандарға қарсы соғысқалы жатқанда, қиырдағы моңғол жайлауларында Шыңғыс хан мен наймандар соғысып жатқан болатұғын. Наймандар ол заманда христиан болатын. Ол заманда наймандар күллі моңғол даласын қамтыған орталық Азияның шығыс аумағындағы ұланғайыр далада ең құдіретті ел еді. 1204 жылы Темучин найманның ханы Таян ханды біржолата күйретеді де, сахарадағы ең құдіретті ел болып шыға келген еді. Ал, ақ нәсілді жұрт болса, крестерін құшақтап, Венеция кемелерін пайдаланып, шығысқа жорық жасамақ болғантұғын. Себебі, құрлықпен жүрген алдыңғы үш реткі соғыс дерлік сәтсіз аяқтаған соң, бұл жолы су жолы арқылы жүріп, жол бойындағы өздерінің діндес елдерімен қажетсіз қырғындар туылуынан сақтанбақ болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 20:35:54

Шыңғыс хан туралы қазақ жұртында да біраз дау болды. Бұл даудың ел ішіндегі 200-ге тарта баспасөз құралдарын қамтығанын, телеарна, радионы қоса барша қазақ тілді қазақ пен орыс тілді қазақ медиасы Шыңғыстың қазақ, әлде мұңғұл екендігі үшін бас қатырды. Қырғын дау салды. Кейде маған осы даулардың ар жағында, аңқау қазақтың аңғал да ақкөңіл зиялылары арасына от салған әлдебір арам күш жатқан сықылды сезіле береді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-11 20:40:14

Қазақтың екі алыбы, екі асқар тұлғасы, екі Мұхтардың дауын қоя тұрып, Орта Азияда жасаған ата-бабамыздың шығысы мен батысындағы азуын айға білегендердің қанға толы тарихтарын парақтайық...

Венециялықтар христиан балғанымен, түріктермен сауда саласында мықты байланысы бар болатын. Оның үстіне, мұсылман елі исламдағы еларалық қатынастар туралы айтылған шариғат жолы бойынша жүретін. Жат діндегілердің нанымына құрмет қылатын. Саудада адал, алдамшылығы мен арамдығы болмайтын. Бұл венециялықтардың құрметіне ие болған үлкен қасиеттер еді, олар әрине, алжыған папаның алдауына түсіп, адал мұсылмандармен соғысқысы келмейтін еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 00:01:47

Венециялықтар үшін папаның уәде еткен жәннатынан көз алдындағы ақша мен мүдде маңызды болды. Сол үшін, тасымал ақысын қымбаттатты, әрі венгерлер (ғұн ұрпақтары) қолына өткен Сара қаласын крест армиясының венгерлер қолынан тартып алып Венецияға қайтаруын сұрады. Ал, дін үшін, өлгеннен кейінгі жәннат үшін соғысқа жиналған христиан-католиктердің нағыз бет-бейнесі осында-ақ айпарадай ашылады. Олар екі сөзге келместен-ақ, өз діндес бауырлары, католик нанымындағы венгерлерге қанды шабуыл бастап кеп жібереді. Мұны естіген Ватикандағы папа қатты ашуланып, оларды «діннен шығару» жазасына тартады. Яғни, «кәпір» атанып, болашақта «жәннәтқа кіре алмайтын болады»...

Осы арада Византияда патша тағына талас басталады да, жеңілген мұрагердің бірі папа алдына көмек тілеп бара қалсын, папаң саяси мақсат үшін, жаңағы діннен шығарылған, жәннатқа кіре алмайтын күнәһарлардың салауатын қалпына келтіргенін жариялап, қайда барып, қайда тұрарын білмей қалған «қасиетті соғыс жасақтарын» Византияға кіріп, мұрагердің тағын қалпына келтіруіне көмектесуін бұйырады. Константинопольға (Стамбұлға) бет алған әскерлерден қорыққан тақты тартып алушы қаланы тастап қаша жөнеледі. Ортада біраз былық оқиғалардан соң, 1204 жылы 4-айдың 13-күні Константинопольді қайтара жаулаған крест армиясы бір жұмаға созылған бұлап-талау әрекетін бастайды. Міне, бұл осы күнге дейін Батыс қоғамының 13 сәуірді жек көретінінің себебі. Себебі, осы жолғы талан-тараж кесірінен, византиялықтар сенетін провослав ағымы мен Ватикан сенетін католик ағымы арасында мәңгі бақиға созылған араздық қалыптасады. Күні бүгінге дейін, Ресей сықылды провослав дініндегілердің Ватикан папасын қос басты құбыжыққа теңеп, оның діни басшылығын мойындамайтын себебі осы. Қазақстанға келіп, күллі қазақ қоғамының шенді-шекпендісі жапырыла қарсы алған, естері шыға, не істерлерін білмей, қалай жағарларын білмей қарсы алған Рим папасының қазақтың көршісі Ресейде қарсы алынбайтын себебі де осы болатын. Сегіз жүз жыл бұрынғы діни кектерін ұмытпаған Ресей мен Грекия (орысша айтқанда Греция) ұмытшақ қазақ жұртына ұқсамайтынын осылары арқылы болса да дәлелдеп келеді. 800 жыл түгілі, 8 күн бұрынғы дұспанымыздың, ата-жауымыздың қорлығын ұмытып, құшағына өзімізді өзіміз атып, «Ежелгі дұшпан ел болмас» деген аталар ақылиясын ұмытатын бүгінгі қазаққа ақылың жетпейтіні шын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 00:26:16

Крест армиясы құдай үшін деп жиналған христиан-католик еуропалықтар, жәннатты аңсаған ақ нәсілді армия Константинопольді қызыл қырғынға бөктіреді. Шіркеулердегі қымбат бағалы асыл тастарды талан-таражға салып, қаладағы бүкіл елдің алтын-күмісі мен қымбат бағалы заттарын тұтастай талап алады. Шіркеудің мрамор мінберлерін шағып, поп миссия жасайтын биік күмбездің басына өздері ертіп келген бір ұятсыз жезөкше әйелді шығарып, оған бәдік өлең мен зинақорлықты әспеттеген ән салғызады. Онысымен қоймай, адамзаттың асыл мұралары жиналған, Шығыс пен Батыстың барша ғылымын жинақтаған Константинополь кітапханасын өртке орайды. Міне, бұл күллі Шығыстың ғана емес, адамзаттың асыл қаласы атанған Отырардың кітапханасын ойрандаған Шыңғыс ханмен бірдей әрекет еді. Осы қылықтары үшін ұялған, тәубеге келген Ватикан папасы араға 800 жылды салғасын барып, Грекия еліне арнайы сапарлай барып, олардан кешірім сұраған болатын.

Бұл күнде қарап отырсаңыз, мейлі, Американың Холливуды болсын немесе Еуропаның барша христиан, католик, православ ағымындағы елдері болсын, кино, ақпарат саласында өз поптарына шаң жуытпайды. Барша кинодағы поптар бірінен-бірі ақылды, сабырлы, тарыққанға ақыл беріп, адасқанға жол нұсқайтын парасат пен иман иесі болып суреттеледі. Өз бұқарасын соншама сүйетін, қара қылды қақ жаратын әділ, тура сөзді, нәпсіқұмарлыққа салынбайтын, ақшаға сатылмайтын болып суреттелетін осы кинодағы поптардың образын сомдау, шын мағынасында, Батыс қоғамының өздері де сенбейтін христиан-католиктік адасқан нанымды қазіргі күндегі өз боданында жатқан Азия-Африка елдеріне тықпалау саясаты еді. Сол арқылы жері-елі бодан болған бұратаналардың санасын да біржолата отарлап тастау болатын олардың көздегені.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 00:38:25

Еуропа елдерін аралаған кез-келген саяхатшы бір ғажап нәрсені байқаған болар еді. Әрине, байқайтын адам ғана байқайды ғой. Болмаса, алақандай ауылға айналған жер шарының бұл күнде бір-бірінен құпиясы қалмай бара жатқаны шын. Өздерін «кәрі құрлық» атайтын Еуропа шынында жат жұрттық адамға аса қарт кемпір-шалдың үйін елестететін. Мұны ондағы мәлкілдеп тұрған шіркеулерден бірден байқаған болар едіңіз. Еуропада не көп, шіркеу көп. Бұл баяғыда жаңадан бері айтып келе жатқанымыздай, «құдай жолында құрбан болуға дайын» еуропалықтардың құдайларының разылығы үшін салғандары болатын. Әрине, көбісі отар жұрттағы бодан болған, қынадай қырылған жұрттың қолынан тоналған байлықпен салынғаны да жасырын емес. Осы шіркеулердің бұл күнде кетеуі кетіп, құр сүлдерлері ғана қалған. Иесіз, қаңырап қалған шіркеулерге арнайы ғибадат үшін жиналатын жамағат та жоқ. Үкімет тарапы болса, осы шіркеулерді отқа орандырмай, аман-есен сақтап тұру үшін жылына қомақты қаржы ажыратып отырғанымен, санасы сарқылған, діни нанымнан гөрі ақша мен байлықтың рахатын көргенді ұнататын Батыс қоғамында бұл шіркеулерге келетін адамның аяғы да жыл сайын сиреп кеткен болатын. Дінсіздену қатты белең алған Батыс қоғамы қылмысқа бетпе-бет келген болатын. Адам аузы барып болмайтын сан алуан күнәһар һәм қылмысты тірліктер де осы батыс қоғамынан бастау алатын себебі де, олардағы рухани бағдарсыздық пен шайтани адасудың себептерінен еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 00:45:27

Өздері де сенбейтін адасқан нанымдары мен діни сенімдерін Азиядағы, Африкадағы бодан жұрттарға таратуда, уағыздауда Еуропа жұрты ешқашан жаңылысқан емес. Бұл салада есептері дұрыс, өздеріне. Жылына үкіметтік қазына есептерінен миллиардтаған қаржыны арнайы дін тарату саласына жұмсайтын Англия, Америка сықылды алпауыттар өз ата жұрттарында қаңырап қалған, сенушісі мен жамағаты жоқ шіркеулерін естеріне де алмайды, керісінше, Қазақстан сықылды, ой-сана, бағыт-бағдары жағынан әлі де кеңестік зұлмат заманның зардабынан айыға қоймаған, идеологиялық вакумдық бостық қалыптасқан қоғамға өз жалған нанымдарын зор күшпен дамытып келеді. Қазақтың сөзімен айтқанда, қасқырдан құтылып жолбарысқа тұтылған қазақ елінің қоғамдық ой-сана кеңістігі Батыс қоғамының мың бір шырғасының құрбандығы болып келе жатыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 01:15:46

Оқырман сұранысы бойынша, ойымызды жия отырып, Ватикан туралы аз ғана сауат бере кетелік.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 01:30:07

Ватикан – діни мемлекет. Шын мағынасында, қитұрқы Батыс қоғамының ғажап бір туындысы ғана. Оның басшысы – өзін католик дініндемін деп біледі. Католик – христиан мазхабтары діни басшы папаны, қазақша аудармасын айтсақ, «қасиетті әкейді» (бізге емес, өздеріне «әкей» ғой!) құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде қарайды. Бұлары жағынан тибеттердің нанымындағы «тірі құдай» ұғымына аздап ұқсап та қалады. Әрине, арасында біраз айырмашылық та бар. Бұл «мемлекет», егер мемлекет деп атау дұрыс болса, қазіргі Италия (қазақша: Ит елі) мемлекетінің астанасы Рұм қаласының батыс терістік бұрышы ғана. Бар-жоғы 0.44 шаршы шақырым ғана аумағы бар, жер бетіндегі ең кішкене мемлекет. Жан саны да бар болғаны мың шақты адам. Оның өзі тұтасымен поптар және оның айналасындағы қызметкерлер ғана. Өз тарихында қаншалаған қырғындар мен геноцизмнің басталуына төте себепкер болған Ватикан мемлекеті өз құпия архивтерін ешқашан ашқан емес. Коперник пен Бруно сықылды Батыс ғалымдарының аянышты тағдырлары мұндағы кішкене ғана бір мысал болатұғын. Жан сақтау үшін ғана өз ғылыми жаңалығын құпия ұстаған Ньютон басына тарс етіп түскен алмасымен аузын тығындап қана тірі қалған болатын. Болмаса, Ньютон жердің күнді айналатынын баяғыда-ақ байқаған. Болмаса, «егер бір арбаның жылдамдығы секундына 8 шақырым болса, жер тартылысынан құтыла алар еді» деп айтпаған да болар еді. Ньютон есептеген ғаламдық бірінші тартылыс күшін жеңетін жылдамдық секундына 7.9 шақырым болатұғын. Жат нанымға ергендерді ауыл-ауылымен, аудан-ауданымен қырып салуда, Ватикан тарихынан артық қанды тарих табу мүмкін емес болар.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 01:51:31

Ватикан басшысы дінді желеу етіп кез-келген елдің ішкі ісіне араласады. Әрине, католик мүриттері бар елдер Ватикан папасының басшылығын міндетті түрде еш шартсыз қабылдауы керек. Бұл папаның құдай атынан адамзатқа діни билік жүргізетін «қасиетті құқықтары» және «католиктердің жәннатқа кіруінің бірден-бір кепілі». Осы тұрғысынан-ақ олардың жалған діндар, шынайы саясаткер екенін көруге болады. Қазақстан үкіметі сексеннің сеңгіріне келіп, мәлкілдеп, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен Ватикан папасын өз елдеріне құрметтеп, патшадайын сыйлап шақырғанда, папаның Қазақстан жеріндегі католик-христиан нанымдарына нанған, кеуделеріне крест таққан, Исаны құдай деп таныған немесе «қасиетті ана, қасиетті әке, қасиетті бала» сықылды «үш тұғырлы наным» ұғымына сенген барша қазақстандықтың, оның ішінде, өзіміздің қаракөз қазағымыздың адасқан ұл-қыздары да бар, папа билігін мойындауға үкімет тарапынан ресми түрде келісім бергені болып табылатын. «Қасиетті әкелерін» бұлайша «ауызынан сөзі, қойнынан бөзі түскен» деп суреттесем, осы күнде Қытай қазақтарының арасында да осы адасқан жалған нанымға нанып, адасып, қаңғып жүрген қаракөз қазағымыз, бауырларымыз ренжитін болар, ренжісе, ренжісін, түптің түбінде, бірі мұсылман, бірі христиан екі қазақтың отаса алмасы шындық. Қытай қазақтарында да осы тақылетті адасқан қауымдардың молайып келе жатқанын мен осыдан шамасы бір ай бұрын «христиан қазақтар Қытайда қаптап келеді» атты мақаламда, Бозбала, Күлтегін тораптарында ашына айтып айқай салған болатынмын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 02:01:55

Папаның Қазақстанға келуі, Астананың оны шектен тыс салтанатты қарсы алуы – күллі мұсылман қоғамының наразылығы мен жек көруін тудырғаны шын. Қазақ сықылды жалпақшешейлікті түрік бауырларымыз да қатыратынын дәлелдеді. Жоғарыда суреттегеніміздей, мәлкілдеген қарт «әкей», Сарыарқаның сары аязы мен сақылдаған желінде өзін жайсыз сезініп, шын мағынасында, аузынан сөзі түсіп қалған болатұғын. Оның не деп, не қойғанын сондағы құмырсқадай жыпырлап жиналған жағымпаз әкім-қаралардың өзі де білмей, түсіне алмай, шарадай бастары шақшадай болғантұғын. Қызық болғанда, аузынан сөзі түскен папаның «қойнынан бөзі де» түсе қалмасы бар ма?! Арыстан жүректі, Алланың адал құлы, күллі алты Алаш баласының падишасы Абылай хан ордасын тіккен Сарыарқаның тентек желі папаның қолындағы оқуға арналған қағаздарды ала қашады ғой!!! Сол сәтте жел жұлқа қашқан қағаздарды қуа жөнелген, қазақтың бүгінгі игі жақсылары, құл саналы, құл текті жағымпаздардың ұятсыз қылықтарын ойласаң, тікелей таратудан мұны көріп отырған күллі адамзат баласынан ұялып жерге кіріп кете жаздайсың...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 02:06:57

Жұмыр жерге, күллі адам баласына, дінді желеу етіп, өзінің жымысқы саясатын жүргізбек болған Ватиканның арамза ойына нағыз, шын мағынасындағы қарсылықты Қытай билігі ғана көрсете алды. Бұл жағына келгенде, миллиард халықтың тағдырын қолдарына ұстап отырған Қытай басшыларының ұлты мен елі үшін, ұрпағы мен ертеңі үшін бәрінен де аянбайтын саясаткерлігі мен ерлігіне сүйінбей тұра алмайсың! Бұл шынайы шыңғырған шындықтың сөзі болатұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 02:23:45

Шетел басылымдарында айтылуынша, бұл күнде коммунистік Қытайда, күнде шіркеуге барып шоқынатындар мен жексенбі сайын шоқынатындарды қоса есептегенде, ұзын саны 13 миллион шамасында католик мүриті бар делінеді. Бұл санақтың қаншалық шынайы екенін біз білмейміз. Бірақ, Шаңхай сықылды ертеден-ақ дамыған, Батыс отаршылдары бірінен соң бірі отарлаған аумақтарда бұл дін баяғыдан-ақ таралған болатын. Аштық пен жоқтықты ілестіре келген отаршылдардың қырғыны кесірінен, момын Қытай жұрты біраз заман ауыр күндерді бастан кешкен болатұғын. Осы орайды пайдаланған Батыстың мысық тілеу миссионерлері (жат дінді таратушылар, баптистер – баптаушылар) үндіден бастау алған будда діні мен Қытайдың өз топырағының төл тумасы – дауизмге (дау жяу, дау діні) нанатын қытайларды өз діндеріне молдап тарта бастаған болатын. Бұған куәні Шаңхай қаласының Шұйхұй аймағындағы және көне Шаңхай қаласындағы мұнарасын көкке созған шіркеулерден-ақ көруге болатын еді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 03:16:54

Қытайлардың католик дінімен қатар христиан, иегова куәгерлері, православ, саентологизм, шик, зороастранизм, евангеликализм, ислам, дауизм, т.б сықылды діндерге сенетін бұқарасы бар. Ормандай ұйысқан қалың қауым, адамзат баласының бұрынды-соңды тарихында болмаған, бір миллиард жарты келетін ұлттың бір орталыққа ұйысып отыруы да осы ұлттағы береке мен бірлік ұғымының тамыры тереңде жатқанын көрсетсе керек. Батыс отаршылдары мен Жапон көршісінің тепкісін көп көрген ордалы ел өткен тарихындағы осы нәубеттерді, ұлт басынан өткен қанды қырғындар мен қорлық-зорлыққа толы отарланған тарихты ұрпақтан-ұрпаққа ұмытпай жеткізуге құлықты-ақ. Қытай билігі бұл күнде қарауындағы қарашасын берекелі ел қылып ұйыстырып отыр. Бұл жағынан басқару жағындағы 5000 жылдық тарихы бар көне ел өзгеге үлгі болғандай. Батыстың шалған шайтани күйіне еліткен Қытай билігі жоқ, өз мүддесін өзгенің жылтыр демократиясынан артық көреді. Ұлтының ұлылығын ғана ұлықтайтын Қытай үшін Америка бастаған Батыс қоғамының қысымы түк те емес.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 05:10:26

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-12 05:11 да өзгерткен

Ватикан билігі Қытайдың да ішкі істеріне араласуды ұмытқан жоқ. Оған айтар уәждері бар. Қытайдағы католик шіркеулерін Қытай билігінің емес, төтеден-төте Ватикан побының басқаруын үміт еткен Ватикан талабын қытайлар ешқашан қанағаттандырған емес. Бір уақ саясатты қайырып қойып, таза адами тұрғыдан қарасақ та, Ватикан билігінің талабы аса орынсыз еді. Дербес, егемен елдің қарашасын айдаладағы атасы басқа біреудің басқарғаны кімнің болса да ақылына сыймайтын тірлік еді. Дінді желеу еткенімен, үй ішінен үй тікпек болған зәндемі мақсаттарын қытайлар түсінбей отырған жоқ. Батыс қоғамы жылтырақ демократияларын көлденең тартып, кісілік құқықтар мен діни наным-сенім бостандығын сылтауратып, Қытай билігіне қаншалықты қысым салғанымен, бұған бола майданынан тайсақтаған қытайлар болған жоқ. Ұлт мүддесін Батыс марапаттап жабатын шекпен мен арзан шеннен артық көретін ұлт ұландары күні кеше ғана болған қытай ұлтының ашынышты тағдырларын, талауға, қорлауға түскен намыстарын ешқашан ұмытқан емес. Қазақ билігі құсап, 2000 мыңнан аса жан ниеттегі діндерді қазақ елінде заңды жұмыс жасауға рұхсат беріп тастаған жоқ...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 11:03:15

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-12 13:26 да өзгерткен

Ватиканның ақылға сыймайтын қисынсыз талабы – Қытай билігі жағынан сан жылдардан бері еш ымырасыз тойтарылғаннан кейін, дінді емес, саясатты арқау қылған арамы билік екенін паш еткен Ватикан папасы Қытай мен саяси ойындар ойнай бастайды. Алдымен, Қытайдың жан жарасы болған Тайваньды дербес ел ретінде мойындайды да, онымен дипломатиялық достық байланыс орнатады. Бұл Тайваньдағы бөлгінші партиялар үшін жерден тілегенін көктен бергендей үлкен қуаныш еді. Себебі, халықарада барар жер, басар тауы қалмаған Тайвань бөлгіншілері саяси ұпай жинау үшін, Африкадағы кей кедей елдерді ақшамен алдарқатып, «саяси дос» жасап отыратын. Мұның Тайвань саясатындағы ықпалы зор болмағанымен, халықтың қан-терімен келген қаржыны желге шашқанмен бір еді. Ватикан тура осы мәселеде Қытайды жарасын тырнағанымен қоймай, оған үнемі тұз себіп те келеді. «Құдайдың жер бетіндегі өкілі» тірі құдайдай-ақ көрінетін папаның пендеуи нәпсілерден халас емес, дін тонын жамылған екіжүзді, екібеткей, мың құбылған арам мақсатты саясаткер екендігі осыдан-ақ анық һәм ашық көрінсе керек.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 14:27:55

Өз жеріндегі дін басыларын өздері сайлап алуға Қытай католиктерінің құқығы бар екеніне пысқырып та қарамайтын Ватикан Қытай билігі жағынан сайланған немесе Қытай католиктері жағынан сайланған қытайлық католик дін басыларын (епископтарын) қашан да мойындамай келеді. Тіпті біраз жылдар бұрын, ол дін басыларын «діннен шығарып», тіпті католик мүриті ретінде қарамайтындарын да жариялап салды. Басында санасы бар кез-келген адамға еш қиындықсыз-ақ түсінікті жағдай, адамдардың өзі нанатын діни ұстанымдары бойынша, өзі жаратушы деп табынған иесіне құлшылық жасауы, шынтуайтында, сол жеке тұлға адам мен оның «жаратушысының» арасындағы жеке-дара шаруа, яғни, жекелік қатынас болатын. Ортаға айдаладағы Ватикан побының делдалдық жасап, ара ағайын болуының қажеті жоқ еді. Міне, бұл кез-келген адам баласының табиғи ойлау қабілетімен-ақ ойлап жете алатын ақиқаты еді. Ал, ислами көзқараспен қарайтын болсақ, мұның тіптен қисынсыз екені шыға келетін. Себебі, Ислам ұғымында, ештемеге мұқтаж емес Алла мен оның құлшылыққа мұқтаж құлы арасында төте қатынас бар. Бұл қатынас төтеден-төте, оған ешқандай адамның ара ағайындық жасауы, делдалдық қылуы қажет емес. Құлшылық қылғысы келген пенде, ешқандай бір дінбасы немесе молда, имамсыз-ақ өзі төте Аллаға құлшылығын жасай береді. Ал, Ислами діни басқарудың өзі де аса ғылыми еді. Мысалы, Сауд арабиясы ешқашан басқа бір елге мүфти тағайындау жұмыстары хақында саяси қоқан- лоққы мен саяси ойындар ойнамайды. Себебі, дінбасыларын таңдау, сол қауымның өз еркіндегі шаруа екені Аллаға аян, ал оны Саудыдағы ең үлкен имамның мойындау не мойындамауы қажет емес. Себебі, Аллаға құлшылық –адамдардың жеке шаруасы. Осы тұрғыдан қарағанда-ақ, Исламның нағыз хақ дін екендігі, саясатпен қатысы жоқ, пендеуи былық-шылықтардан ада, нағыз құлшылық қылуға лайық дін екендігінің бір көрінісі жарқ етіп шыға келеді. Әрине, бұл исламның хақ дін болуының бірден-бір шарты емес, оның хақ дін екендігіне шексіз мысалдар мен дәлелдер бар, біз бұл арада, тек қана дінмен бетін бүркеген Ватикан побын алға салып, өздері перде артында жасырынып тұрған қанды ауыз Батыс отаршылдарының сананы отарлаудағы саяси ойындарының шынайы бет-бейнесін ашып тастап қана отырмыз. Дербес ойлай алмайтын кез-келген адам мұндай ақиқаттарды білуге тиіс те. Себебі, «Алла тағала жаратқан адам санасы қашан да жалғандыққа қарсы». Себебі, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» болатұғын! Мұны хакім Абай баяғыда-ақ қортындылап тастағантұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 15:30:34

Қазақ мемлекетіндегі діни жағдайды әңгімелесек, таңды таңға ұрып, ыза мен ашудан көмір қара шашымыз ағарып кетуі мүмкін. Өздерін зайырлы ел атаған қазақ елі көршісі болған, өздерін коммунистік жүйедеміз деп сезінетін қытайлардан осы салада үйренетін тұстары аса көп еді. Қытай билігі қазақ билігі құсап Батыстың алдында құр жорғалаған жоқ. Батыстың сөзімен ісінің басқа екенін бұл қытайлар баяғыда-ақ біліп, зерттеп қойған. VІІ ғасырда-ақ крест құшақтап келген миссионерлер бұл ордалы жұртты да мазалауын тоқтатқан емес. Сонан бері қанша ықылым заман өтсе де, Қытай жеріндегі бөгде діннің көсегесі көгерген емес. Қытаймен салыстырғанда, Қытайдың шығыстағы көршісі корейлердің діни таным жағындағы өзгерістері аса көп. Американың қолдауына сүйеніп, өз топырағында ала байрақты жұрттың жасағын тұрғызып отырған Оңтүстік Корей жұрты соңғы жарты ғасыр ішінде кең көлемде христианданып кеткен еді. Өзі сенбейтін діндеріне өзге жұрттан аңғал сенушілерді тапқан Еуропа отаршылдары Кореяда шіркеулер мен дін тарату орталықтарын қаптатып жіберсін. Тіл үйретуді желеу қылған, Еуропа мен Канадаға, Америкаға қоныс аударуды, оқуға түсуді шырға ретінде қолданған, қысқасы, қолдануға болатын барша айла-тәсілдің барлығын қолданған еуропалықтар корей жұртын бұл күнде бөгде діндердің отанына айналдырып үлгірді. Ата-бабалары шамандық наным мен аруаққа табынатын, тәңіршілдік, төтемдік сипаттары басым буддизмге нанатын корейлер де, дауизм мен кунфуцизм де өз орнын ұстап келе жатқантұғын. Қаржысы мол, қалтасы қалың миссионерлер христианданып крест таққанды жастар арасында прогрессивтік (дамушылдық) ұстаным ретінде үгіттеп үлгерді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 16:08:02

Орыс қолдап отырған Солтүстік Корей халқы дінсіз атеисттер еді. Санасы жуылған, адами дербес ойлау қабілетінен айырылған бұл қауым өз бауырластары Оңтүстік Корей жұртымен бұл күнде от пен судай отаспай отырғаны, шын мағынасында, елді билеген билеушілердің қылығы ғана еді. Онан тыс, бағынан соры қалың Корей жұрты әлемдегі екі үлкен державаның ойыншығына айналған болатын. Күндердің күнінде екі корей елі бейне немістер құсап бірлесе жатса, оқу-тоқу, өнер-білім жақтағы айырмашылықтарын айтпағанда, діни жақтан да мүлде айқын айырмашылықтар қалыптасқан осы жағдайлары да ұлттың ұйысу қуатына кедергі болары хақ.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-12 18:10:32

Қазақ зиялылары бұл күнде жарты миллионнан аса қазақтың жат дінге өтіп кеткенін айтып зарлап жүр. Қарнының қамынан өзгені ойламайтын билікке қазақтың арасына түскен жік бас ауыртатын мәселе қатарына кірмейді. Дөңгеленген дүниедегі күллі адам баласының арасында жүрген қаншама аздырғы дін болса, соның бәрін Қазақстаннан табасың. Бұл күнде Қазақстан елі баяғыдағыдай, ақындар айтатындай, мазақстан емес, ғажапстан еліне де айналып шыға келді. Ұланғайыр даласы бола тұра күріш пен картопты (былай алсақ қалай: жертүйнек не ақ сәбіз?) алақандай ғана жері бар ала тақиялы жұрттан сатып алатын қазақ елі отандық өндірісті өркендеткеннің орнына дін өндірісін өркендетуге келгенде алдына адамзат бойынша жан салмай келе жатыр. Қазақ жеріне заводтар мен фабрикалар, өндіріс ошақтары салынғанның орнына шіркеулер мен бұтханалар, атын атап, түсін түстеп те бола алмайтын қалың ханалар қаптап салынды. Мемлекеттің тілге келгенде биліктің кежегесі кейін тартқанымен, шетелден келген дін таратқыштар Інжіл мен Забұрды, Тәурәтті қазақша сайратып тастады. Қазақтың ен даласына аспаннан Інжіл жауып, Алматының көшесінде кітап үлестіргіш қатындар қаптады. Бұл өмірінде ақиқатқа жарымаған қазақтың үйінде неше түрлі құдайлардың ақиқаты айтылған кітаптар самаладай самсып тұратын болды. Оқулығын қазақшалай алмай жүрген қазақтың баласы, пайдаланатын кітапқа жарымай жүрсе, інжілдер мен тәураттар камаз-камаз кітап болып басылып, қиырдағы ауылдарға да тарады. Сайттар жасалынып, дисктер жастардың қойны-қонышына тықпаланды. Демалыс күні үйде демалып жатсаң, жексенбілік ғибадатқа шақырған сұлу қыздар мазаңды алып есік қоңырауын басып тынышыңды алып қоймайды. Ол-ол ма, орталық арналардан мүфтиді көрмесек те, Исаға нануды уағыздаған қуыршақ кинолар бала-шағаны аздырып болды. Оған қоса, қазақша сарнаған ағылшындар телеарнадан түспей-ақ қоятын болды. Айтары – Иса, иегова.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-13 07:44:54

Мұсылмандарды жер бетінен жойып жібермек бола қойған христиандардың 4 реткі шайқасы тұтасымен жеңілісіпен аяқтаған соң, еуропалықтардың сүлкіні қатты түскен болатұғын. Ендігіде соғысқұмар, атаққұмар, жалған діндар Ватикан үшін тағы да бір реткі жорықты ұйымдастыру түк те емес еді. Сонымен, бүгін де епископ тағайындау мәселесінде Қытай сықылды егемен елмен жымысқы саясат ойнайтын, үй ішінен үй тіккісі келетін Ватикан тарихтағы өзінің қанға толы тағы бір бетін парақтаған еді. Сонымен, 1218 жылы бесінші реткі «қасиетті соғыс» сарбаздары жасақталады, сонымен, мұндағы найза үшін, Еуропаға жақын Мысыр еліне тірейді. Үш жылдан соң Қаһираны жаулап алады. Құдайдың құдіретімен, осы кезде Ніл өзені қатты тасыған болатын. Мысы құрыған шапқыншылар амалсыздан кері қайтады. Сонымен, бұл жолғысы да сәтсіз сапар болған еді. Римнің императоры Фридрих екінші бесінші реткі соғысқа қатыспаған болатын. Сонымен, папа оның діни нопосын (діни салауатын) жоқ қылады әрі Фредрихті қасиетті соғыс жасауға толымсыз деп жариялайды. 1228 жылы ол папа Григорий тоғызыншының шектемесіне пысқырып та қарамастан, алтыншы реткі жорығын бастап кеп жібереді. Мысыр сұлтаны Кәмілмен «Яффа келісіміне» қол қойысып, онымен он жылдық одақ құрған болатын. Шарты Мысырдың дұспаны Дамшықтың әмірімен шайқас жасау болатын. Сонымен, Мысыр сұлтаны оған Иерусалимді сиға тартады. Аталмыш хабар папа құлағына жеткенде, папа ызадан жарыларман болады. Сонымен, өздері қаншама аңсаған «қасиетті соғыстың» өзі кәпір деп жариялап тастаған Фредрих жағынан жеңіске жеткенін қабылдай алмаған жалған діндар, шын саясаткер папа дамашықтықтармен одақтасып, Фредрихтің Рұм оңтүстігіндегі жерін жаулап алады да, оны Еуропаға қайтуға қыстайды. Себебі, Иерусалимді қайтарып алған «қасиетті еңбек пен атақты» папа одан қызғанған болатын. 1244 жылы Хорезм түріктері Иерусалимді қайтадан жаулап алады. Сонымен, христиан еуропалықтар өздері ғасырлар бойы аңсаған қасиетті мекендері Иерусалимнен біржолата айырылған болатын. Ал, сол Иерусалимде бүгін еврей билігі мұсылман арабтарға күн көрсетпей отыр. Себебі, қысымға шыдамаған арабтар мекенін тастап біртіндеп құрып жоғалса, тұтас Иерусалимді өздері мәңгіге иеленіп қалмақ болатын...

Алты реткі шабуылдары сәтсіз аяқтаған соң, папа да тыныш болған болатын. 1243 жылы Инносен төртінші таққа отырады. Таққа шыға сала, жетінші реткі «қасиетті соғысты» ашуға дайындала бастайды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)