Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:11:28

Ұзын сөздің қысқасы, орыстар нағыз қазақты көргенде, оларды қазақ атағысы келмеді, өздерінің тілдік заңдылықтарына сай, казак атауы керектұғын. Сонымен, бізді киргиз деді, кайсак деді, киргиз-кайсак деді, кара киргиз деді. Қысқасы, ойына не келсе, сонымен атады, тек, қазақ дегісі жоқ! Кеңес үкіметі казак қауымын жалғасты өмір сүруден тоқтатқанымен де, қазақтарды дұрыс атағысы келмеді, Америкадағы тұрғылықты тұрғындарды Еуропа отаршылдары үнді деп жаңылысқандай, бізге де тың атау берілді, казах деген! Сонымен, осы уақытқа дейін жүрміз, казах болып. Ресми құжаттардан бастап, паспортымызға дейін, біресе kazakh біресе KAZAK. Орысты көрсе, ұяла қалатын H қосымшасы біздің артымызға орыс арқылы байланып, ағылшыншаға өтіп, енді күллі дүние бізді казах деп атап жүр. Азан шақырып қойған атымен жүрмей, орыс қойған лақаппен жүрген жұрт біз боламыз, мінеки!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:17:59

К емес, қ-ға тілі әбден келетін арабтардың да бізді тура осы төте жазуша оқығанда, «Казахстан» деп атағаны қызық. Соңғы кезде араб елдеріндегі қазақ оқушыларының еңбегімен, арабтар бізді «қазақ» деп атай бастады.

Жә, Алманияға оралалық.

Германия жұртын Алмания атағанымыз да дұрыс емес. Бұл осы герман жерінде жасаған герман ұлтының бір тайпасының ғана аты болатын. Бір тайпаның атын тұтас бір ұлтқа берген де дұрыс емес. Бейне, қазақты біреу келіп керей немесе найман деп атағаны сықылды...

Бұл ат дегенің де бір бәле. Осыдан барып біраз дүниенің басы былығады. «Егер» деген сөзді қоса отырып мынадай бір болжал айталық:

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:32:24

Үндістанді іздеп сілекейі шұбырған еуропалықтар адасқаннан адасып отырып Америка құрлығынан шығады ғой. Сонымен, маялар, әстектер, т.б болып аталып жүрген, күнге табынған Американың тұрғылықты жұрты өздері ешқашан көрмек түгілі естімеген, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «үнді» қауымының атын иеленіп шыға келеді. Осы теріс қойылған ат осы күнге дейін жалғасып келеді. Үндістанның үнді қауымы мен Америкадағы үнді жұрты екі бөлек дүние екенін бұл күні бала-шаға тұтас біледі, бұл туралы дауласудың қажеті жоқ. Ал, «егер» сөзімен басталық:

Америкалық бір «үнді» «ғалымы» аяқ-астынан мынадай бір «ғылыми еңбек» жаза қалса ғой. Ол еңбегінде қазіргі Үндістан мемлекетінің барлық тарихын Америка үнділеріне теліп, Үндістанның барлық атақты тарихи тұлғаларын Америка үнділерінікі десе?! Қалай болар еді?

Ғалымдарды айтпағанның өзінде, бұл қисынсыз ертегіге бала-шаға жата кеп күлер еді ғой, нағыз есалаңның қылығы дер еді. Себебі, бұл екі қауымның аталуы бір болғанымен, заты мүлде бөлек екенін білмейтін адам жоқ. Оның үстіне, бұлар мүлде екі бөлек құрлықта жасайды, аралары алыс. Сонымен осындай өтірік тарихтың туылуының мүмкіндігі жоқ болып отыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:42:54

Бірақ тура осындай тарих Орта Азияда туылды, бұрын жоқ еді, соңғы кезде бұл тарих күн санап ұлғайып, зорайып, молайып барады. Баяғыда 1911 жылы шүршіт патшасын аударарда, атақты Сүн Жұңшан мырзаның (Сұн Ят Сен) 驱逐鞑虏, 恢复中华 деген ұранындағы «татар» мен қазіргі Қазан-Уфадағы татардың екі бөлек дүние екенін білеміз. Сүн Жұңшанның татар атап отырғаны– мәнжулер (шүршіттер) еді. Енді Қырымдағы татарлар келіп, мәнжу тарихын меншіктене қалса, бұл енді нағыз ұят тірлік болар еді ғой! Бірақ осындай ұят тірлік қазір күн сайын туылып келеді. Бұның туылуының арғы тарихи астары бар.

Сталин заманында ұлттарды айыру қатты қолға алынды. Шеркешті кіші жүзден бөлектеп ұлт жасап жіберді де, егін еккені үшін ғана қарақалпақты қазақтан айырып тастады. Болмаса, алты Алаштың бірі қарақалпақ алашы болатығұн. Түріктерді зорлықпен әзербайжан жасады, Грузиядағы түріктерді грузин жасай салды. Сонымен, кезек Орта Азияда жасайтын, өздерін қашқарлық, қотандық, күчарлық деп атап жүрген, кейде алты шаһарлық деп аталып жүрген түркі жұртына келгенде, Сталин бұларға біртұтас ат қою керек деп шешеді.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:47:35

1920 жылдардан басталған ат қою, ұлттарды айыру мәселесі Кеңес Одағында осылай жүріледі. Қолдан жасалынған өзбек ұлты тарихқа шығады да, тәжік пен қазақ олардың құрамында кете барды. Өзбекті қолдан жасау орысқа керек болды. Орта Азияда қазақты етектен басып отыратын орыстан өзге бір күш керек болды. Болмаса, ол өзбек пен мына қазіргі қашқарлық, қотандықтың арғы ата-бабалары бір еді, қазақ бұлардың барлығын сарт атай салатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:53:21

Сонымен, тағдыр тәлкегімен Орта Азиядағы Алматы маңына жиналған саудагер жұрт, алты шаһарлықтар Алматыда үлкен жиналыс ашады да, өздерін «ұйғыр» деп атауды ұйғарады! Бұл туралы тарихи құжаттар Қазақстанның барлық музейлерінде толық сақталынған. Бір бет қағазды жанындай аялайтын орыс салты мұндағы жиналыстың басынан-аяғына дейін тұтас естелікке алған. Бастабында жұңғарлар Ақсу, Тұрпаннан алдыға салып айдап отырып, Іле өңіріне егін ектіру үшін апарған ұйғыр жұрты Іле өңірін мекендегендеріне көп өтпей-ақ, осы өңірді жаулаған орыс шапқыншыларының айдауымен Жаркент, Шонжы арқылы Алматы маңына қоныстанады. Бұған да көп уақыт болған жоқ. Қазан төңкерісінің алды-арты ғана болатын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:56:05

Сонымен өздерін ұйғыр деп атауға келіскен осы қауымның шешіміне Москва қосылады. Бұл тарихи құжат еді. Сөйтіп Германияның Алмания атанғаны сықылды, Америкадағы жабайы тұрғылықты жұрттың үнді атанғаны сықылды, Қытайды 4 ғасыр билеген мәнжулердің татар атанғаны сықылды бір тарихи қателік бастау алады.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 09:59:18

«Ұйығыр, ұйыссын, ұйысын» сөздері қазақ сөзі еді. Үйсін ұлы жүзде әлі бар. «Ұлы жүз үйсін» деп қосыла айтылады, атақты Үйсін елі туралы да тарих шындықты ғана айтады. Көшпенді еді. Хан Уди патша қорыққанынан құда болуды сұрап, қызын берген-ді.

Сол заманда, егер бір тарихшы бұларға «үйсін» атын беруді ұсынғанда, біздің ұлы жүз үйсіндеріміз ұйғыр болып кетер еді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 10:08:25

Немістер өз-өзін дойч (deutsch) деп атайтын. Сондықтан да олардың домейндері өз атауларының қысқартындысы бойынша алынды. Ағылшындар оларды GERMAN атағанымен, немістер домейндеріне ge-ні алған жоқ, de-ні алды. Себебі, бұл олардың нағыз өз аттары еді. Біз құсап КZ болған жоқ. KAZAK деп қолдансақ, орыстың казакына ұқсайды деп шынайы алаңдасақ, онда QAZAQ болайық та! Домейн де QZ болады. Паспортымыз да екі түрлі емес, бір түрлі ғана жазылады. Ұрлық пен ұятсыздық білімсіздік емес, ұлт сүйгіштік болып салтанат құрған мына заманда, күндердің күнінде бізден де бір иемдене қалғыш өтірік тарихшы шығып, баяғыдағы шапқыншы казактар, міне, мына қазақтар болатын десе, не бетім?! Оның бетін ары қылсын, өздерімен кетсін!

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-6 10:32:53

Испандар мен француздар осы уақытқа дейін дойчтарды (немістерді, алмандарды, германдарды) алман (allemand, aleman) атап келеді. Күллі германның қырық руының бірінің атымен барлығын атағанын білсе де, өзгерткен емес. Ал, ағылшындар болса, баяғыдағы Рұм шапқыншылары қойған ат «германды» осы уақытқа дейін қолданып келеді. Себебі, рұмдар Британия жеріндегі Англо-Саксон ұрпағын өте жоғары деңгейде латындастырып кеткен еді. Рұмдар құл қылған, сол латындасқан ағылшындар, міне, күллі жер шарындағы ең кең қолданыстағы тіл болды.

Ал, голландиялық туыстары дұйтс десе, швециялықтар мен норвегиялықтар диск дейді.

Мың құбылып, сан аталса да, бір жұрт осы дойч еді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)