Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Читайте также:
  1. А. 3-4 мың жыл бұрын
  2. Запах сарсапарели
  3. Сұхбат «дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  4. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  5. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  6. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар
  7. Сұхбат «Дүние мәдениеті» Мың бір сапар

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-4 09:27:33

Құдай сені бұл дүниеге тыр-жалаңаш жібергенде, сені бұл дүниеден тыр-жалаңаш кетсін деген емес.

Ақшаның әрбір жымыңдауы пайда әкелуі керек.

Періштенің қанаты болғандықтан бақытты. Адамда арман болғандығынан көңілді.

Cаудагердің құлағы ақшаның сыбырын естісін.

Төрт нәрсемен-ақ еркекті бағала: Ақша, арақ, әйел, уақытқа көзқарасы.

Сатылмайтын тауар болмайды, сата алмайтын адам болады.

Саудаңды ғашығым деп біл, қанша беріле сүйсең, соншама бақытқа кенелесің.

Еврейдің көзқарасында барлығы әйелге байланысты. Неке мен махаббатта жақсы әйел – жақсы мектеп сынды.

Қонақ – балық сықылды. Жаңа кезінде иісі аңқып тұрады, үш күннен асса, сасық иісі шыға бастайды.

Әйел мен ауыз – екі үлкен байлық қайнары.

Ақпарат – ақша.

Ақшаны сақтаған – байымас, жұмсаған – байыр.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 13:02:25

Сталиннің назарында еврей біртұтас ұлт емес, діни нанымдары бойынша біріккен адамдардың қоғамдық тобы ғана болатын. Себебі, еврей сықылды ұлтты Сталиннің ұлттарды айыру мәселесінде қолданатын 4 түрлі белгі өлшемі деген «ғылыми тапқырлығы» бойынша айыра қою қиынға соғар еді. Көсемдердің бәрінің қоғамдық ғылымдар ғалымы болып келетіні сықылды, Стекең де осы салаға қалам тербеп, «ғылыми еңбектер жазумен» айналысқаны бар еді. Соның бірі, бізге бала күнімізден құлағымызға сіңісті болған, саясат сабағында мықтап тұрып оқытылған ұлттарды айырудың 4 түрлі өлшемі болатұғын. Сталин заманында еврейлердің орыс қоғамында жасағанына біраз ғасырлар болған заманы еді. Еуропалық орыс қалаларындағы еврейлер мен Қапқаз жағалаған еврейлердің арасында үлкен айырмашылықтар бар болатұғын. Ал, ендеп, біртіндеп, түркі жұртының аймағына кірген кей аз сандағы еврейлер де өз жасаған ортасына бейімделіп кеткентұғын. Орыстың өзі сіңістіре алмаған еврейді Сталиннің елі – грузиндер қатты өзгеріске ұшыратып жібергені бір ғажап қоғамдық құбылыс еді. Себебі, Грузияда жасайтын еврейлер салыстырмалы түрде алғанда, ассимиляцияға түскентұғын. Алқаш орыстан гөрі қанішер грузин еврейлердің жүрегінде мойындалғанын осыдан-ақ байқауға болатын. Мұндай мысалдың тағы бір түрі Сталиннен кейінгі заманда пайда болды, мүмкін, сол заманда-ақ жүре бастаған да болуы мүмкін, бұл жағын мен анық айта алмаймын, бір қызығы, Өзбекстанды мекендеген Хйуа еврейлері де өзбектеніп кеткентұғын! Өзбекше сайрайтын еврейлердің өзгергені соншалық, түрі-түсі жағынан да өзбектен аумай кеткен-ді. Мүмкін, бай талғамай тие беретін сарт қыздарының мұндағы үлесі басым болуы мүмкін, қалай дегенмен, осы өзбектердің осындай бір қасиеттеріне таңырқамай тұра алмайсың. Осы жағының өзінен-ақ өзбектердің өзгені сіңіргенде алдына жан салмасын білгендейміз. Кейбіреулердің Кәрімов әкәні да осы өзбектескен еврей тұқымынан дейтінінің ар жағында осы мәселе жатса керек. Оны, көбінеки, Кәрімовтан өзбек елінде оңбай таланған қарсыластары айтады. Андижан қырғынынан кейін. Кәрімовтың кім екені айқындала түскеннен кейін, Қазақстандағы шошаңбайлар да тынышталғантұғын. Себебі, Кеңес қазанынан пісіп шыққан көсемдердің кім екені барған сайын айқындала түскентұғын.

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 13:20:42

Бұл темені соңғы рет Жарқын0991 2011-2-5 14:03 да өзгерткен

Ғасырлар бойы ешқандай мемлекетте, ешқандай жерде ешкім өзгерте алмаған еврейлердің Кеңестік билік тұсында тілден айырылғаны шындық болатұғын. Орыс жеріндегі еврей автономиясында ғана аз қауым өз жебірей тілдерін қолданатын. Ал еврейлерді еврей қылып тұрған діні де осы заманда қатты өзгеріске түскен еді. Мұндағы еврей де Кеңес Одағындағы барлық басқа ұлттар сықылды ғасырлардан бергі сан қырғын мен сан нәубетте аман-есен сақталынған діни нанымдарынан айрылып, дінсіз бір ғажап қауым болып шыға келгентұғын. Дінінен айырылған еврейдің нағыз еврей болуы екіталай еді. Кеңес Одағының шаңырағы ортасына түсіп, ыдырай сала Израильге жабал көшкен еврейлерді әлемнің өзге аймағынан Израильге көшіп барған еврей ұлтшылдарымен салыстыруға болмас еді. Олардың арасында аса үлкен айырма бартұғын. Себебі, Кеңес еврейлерінде ұлтын сүйер ұлтжандылықтан гөрі Кеңес Одағындағы кетуі кеткен қоғамдық орта, қатты нашарлаған тұрмыс жағдайы, еврейді қамтыған барлық бұратанаға бағытталған орыс ұлтшылдарының қысымы, егемендік алған одақтас республикалардағы сол замандағы тынышсыз факторлар, асқынған жерлік ұлтшылдық беталыс сықылды алуан себептер басым болатұғын. Олар Отан үшін емес, жан бағу үшін ғана еврей еліне барғантұғын. Себебі, Израиль заңы бойынша, шетелден келген «оралман еврей» өзі жазған өтініші бойынша, шекарадан аттай сала, Израиль кеденінде 3 минуттың ішінде Израиль азаматы болып шыға келетін! Міне, қараңыз! Құжаты толық, барлық қоғамдық ортада еш кемсіту мен кедергіге ұшырамайтын, жұмыс жасауы мен білім алуында, емделуінде жерлік бұқарамен бірдей құқыққа кенеліп шыға келетін мұндай қолайлы жағдайды әлемнің басқа жерінен табу қиын еді. Сол үшін де, Америка, Еуропа елдеріне барып, бірнеше жыл ол арада азаматтық құжатты күтуге қарағанда, бұл аса қолайлы еді...

Оның үстіне, Израильге барған еврейдің барлық шарт-жағдайы жасалынатын. Баспана, жұмыс олар үшін алғанда бас қатыратын мәселе болмай қалатын. Осы үшін де қалың еврейлер қаптап жүріп, Израиль азаматтығын алып шыға келді...

Жарқын7 жолданған уақыты: 2011-2-5 14:12:21

Америка мен Еуропадағы жанға жайлы өмірін, абыройлы әрі жалақысы жоғары жұмысын, патша сарайындай саяжайларын тастап Израильге көшіп келген еврей ғалымдары, профессорлары, академиктеріне сүйінбей тұра алмайсың. Себебі, мұнда Америкада университет мұғалімі болған, жоғары жалақы, жоғары сыйақымен бардам да баяшатты, бақытты күн кешкен еврейдің Израильге келіп, еврей оралманы болғасын, Тель Авивтің көшесін сыпыруына тура келетін. Күллі Еуропаны аузына қаратқан үлкен физиктің құрал-жарақ заводында май-май қара жұмыскер болғанын көрсеңіз таңырқамаңыз. Холливудтың атақты режиссерінің мұнда қолына пулемет алып, қырық градус шыжыған ыстықта арабтармен алғы шепте айқасып жатқанын көрсеңіз жағаңызды ұстамаңыз.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)