Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау | Аржыландыруға қол жеткізу | Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі | Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу | АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау | Негізгі тұжырымдар | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 3 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 4 страница |


Читайте также:
  1. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница
  2. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница
  3. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 3 страница
  4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 4 страница
  5. Жобаны іске асырудағы соңғы нәтиже.
  6. жылдарға арналған АӨК-ні дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

2013-2020 жылдарға арналған АӨК-ні дамыту бағдарламасы екі кезеңде іске асырылады.

5.1 Бірінші кезең: 2013-2015 жылдар

Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың мығым іргетасын қалау қажет:

- Мақсаттарға жету, міндеттерді шешу және осы бағдарламада көзделген іс-шаралар үшін заңнамалық база қалыптастыру;

- төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредиттерін қайта құрылымдау жолымен АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;

- Өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

- Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен интенсивті әдістеріне көшу;

- Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;

- Қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат құру;

- Инвестициялық және пилоттық жобалардың пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;

- Агралық ғылымдағы трансферт, бейімделу және коммерцияландыру технологияларын пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;

- Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

- Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту;

- Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;

- Маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;

- Көліктік-логистикалық қуаттылықтарды, оның ішінде, сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- Салық салу, мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;

- АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Нәтижесінде саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар қалыптасады.

5.2 Екінші кезең: 2016-2020 жылдар

Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға жету алда тұр.

Екінші кезеңде қойылған міндеттерді шешудің нәтижелері:

- Өсімдік дақылдары түсімділігінің және малдар өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту;

- АӨК-нің өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімдерді қайта өңдеу салаларының белгіленген нысаналы көрсеткіштеріне шығу.

5.3 Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияны екі еселеу, өнімділіктің өсуі нәтижесінде мемлекеттік қолдау көлемін елдің ауыл шаруашылығы ЖІӨ 10%-ына дейін ұлғайта отырып, осы бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу орын алады.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ға беру| Ажетті ресурстар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)