Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау

Мазмұны | Бағдарлама паспорты | АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі | Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу | АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау | Негізгі тұжырымдар | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау
  3. АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау
  4. Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.
  5. ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
  6. Микроскоптық талдау ненi анықтауға мүмкiндiк бередi?

3.3.1 Өсімдік шаруашылығының проблемаларын талдау

Негізгі дақылдар бойынша өнімділік әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде.

5-сурет. Негізгі а/ш дақылдарының өнімділігін салыстыру

       

Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер – ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.) шетелдер бойынша деректер -FAO (2008ж.)

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау 2011 жылы жеткілікті жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай – 22732,1, жүгері, – 482,
арпа – 2593, күріш – 347, соя – 133, күнбағыс – 409, рапс – 149, мақта – 336, картоп – 3076, көкөніс – 2878, жемшөптік жүгері – 1053, жемшөп (тамыр жемістер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) – 279, алма – 115 мың тонна.

Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны аса өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуаттарының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуаттарының тапшылығы және ауыл шаруашылығы өндірушілері білімінің жетіспеушілігі айқын көрінді. Соя мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы жоғары емес өнімділікке әкеледі, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар ұсақ тауарлы өндірушілер арасында бөлінген суарылатын жерлердің тапшылығы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі үшін шикізаттың жетіспеушілігі болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі.

Жемшөп дақылдары егілетін жыртылған жерлер ауданы 2011 жылы 2619,9 мың гектарды құрады, оның ішінде 79,6 мың гектар жемшөпке арналған жүгері, 310,3 мың гектар – бір жылдық шөптер және 178,2 мың гектар көпжылдық шөптер. Жемшөп дақылдарының өнімділігі төмендеуде, бұл жер пайдаланудың тиімсіз құрылымымен байланысты. Мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері сапалы күрделі жемшөппен жеткіліксіз қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасындағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін әкетуге тыйым салу жағдайларының төмен санымен қанағаттанарлық деңгейді.

3.3.2. Мал шаруашылығының проблемаларын талдау

Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке үй шаруашылықтарында өндіріледі, бұл төмен өнімділікке әкеледі, ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, жоғары өзіндік құнына және бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеп соқтырады. Осылайша, барлы ет түрлерін негізгі өндірушілер әлі күнге дейін халықтық жеке үй шаруашылықтары болып табылады, оларда 82,4% ірі қара мал басы, 70,2% қой мен ешкі, 78,6% шошқа, 72% жылқы және 47,6% құс ұсталуда. Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен.


 

6-сурет. Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері

Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер – ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.) шетелдер бойынша деректер -FAO (2008ж.)

Асыл тұқымды мал басының төмен үлесі (мысалы, етті бағыттағы малдың үлесі – 2,5%-дан артық емес), сапалы жемшөптердің тапшылығы, күтіп-бағудың сәйкес емес шарттары негізгі себептер болып табылады.


 

3.3.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу проблемаларын талдау

Шешуші қайта өңдеу өнімдері экспорты-импортының теңгерімі бірқатар өнімдер бойынша Қазақстанның үлкен импортқа тәуелділігін көрсетеді.

7-сурет. Ішкі тұтыныстағы негізгі азық-түлік тауарлары импортының үлесі, %

Дерек көзі: Есептеулер ҚР Статистика агенттігі деректерінің негізінде

8-сурет. Тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі, тауарлар импортының құрылымы, 2011 ж., %

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті

2011 жылы негізгі азық-түлік тауарлары импортының көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін қант, шикізатын қоса алғанда (31%), өсімдік майы (13%), сүт және қоюлатылған кілегей секілді өнімдер алады.

Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (31,1%), етті қайта өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балықты қайта өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%), май-тоң май (2,6%) салалары, сусын өндіру (9,5%) алады.

Қайта өңдеу секторының дамуын негізгі тежеуші факторлар мыналар болып табылады:

- шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымағандығы, бұл, қайта өңдеу қуаттылықтарының толық жұмыс істемеуіне әкеледі;

- отандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;

- өндірілген өнімдерді сату мен өткізудің қиындығы.

Сондай-ақ салық салумен байланысты проблемалар бар – салықтар бойынша 70% жеңілдік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің бір бөлігіне ғана таралады. Ол формальды түрде таралатын белгілі бер өнім түрлері өндірісіне жергілікті салық органдары толық салық салады, бұл іс жүзінде аталған норманың әрекетсіздігіне әкеледі. Сондай-ақ ҚҚС бойынша жеңілдіктер қайта өңдеу үшін шикізат жеткізушілерге таралады, бірақ қайта өңдеу кәсіпорындарына қатысы жоқ, бұл қайта өңдеу кәсіпорындары үшін жоғары деңгейдегі салықтық жүктемеге әкеледі.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 195 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау| Аржыландыруға қол жеткізу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)