Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

КІРІСПЕ | АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы | АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау | Ызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері |


Читайте также:
  1. орытынды
  2. Тақырып. Сарапшының қорытындысы: құрылысы және мазмұны

Қорыта келе серіктестіктің негізгі қызметі - меншігіндегі негізгі құралдарын жалға беру. Меншігінде негізгі құралдардан ғимараттарды ағымдағы жалға беру серіктестіктің негізгі табыс көзі. Негізгі құралдарды ағымдағы жалға берудің серіктестік үшін тиімділігі:

- Негізгі құралдарды жалға бергенде жалдау мерзімінің ұзақ болмауынан тозу қаупінің аз болуы;

- Жалгерден негізгі құралдарды жалға алғаны үшін кепілдік сомасының алынуы, серіктестіктің ақша қаражаттарының айналғыштығын жоғарылатады;

- Жалдау мерзімі аяқталғаннан соң негізгі құрал жалға берушіге қайтарылады;

- Жалдау мерзімінің соңында негізгі құрал қайтарылып алу актісі бойынша негізгі құралдарды бастапқы қалпындағы күйімен қайтарып алады;

Серіктестіктің қызметінің мақсаты жарғыдағы қызметтерін орындау барысында таза табыс алу. Мақсатына жету барысында, Серіктестіктік келесі негізгі қызмет түрлерін іске асырады: жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және жалға беруді қоса алғандағы жылжымайтын мүлік саласындағы қызмет; коммерциялық қызмет; делдалдық қызмет; көтерме, бөлшек құрылыс саудасын ұйымдастыру; құрылыс материалдары мен құрастырмаларын өндіру және сату; тұрғын үй, өндірістік, әлеуметтік, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы объектілерді салу; мұнайды, мұнай өнімдерін, газды және газ өнімдерін сатып алу, сақтау, қайта өңдеу және сату саласындағы қызмет; автокөлікке жанар май құю станцияларын ұйымдартыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы риэлтерлік қызметтер, кеңес беру қызметтері; ғылыми зерттеу қызметтері мен басқа қолданыстағы заңдарға сәйкес сыртқы экономикалық қызмет Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдарымен тыйым салынбаған өзге кәсіпкерлік. Осы қызметтерді орындау барысында серіктестік жылмымайтын мүліктерді сатып алуына, жеке мүліктік есеп құқықтарға ие болуына келісім шартқа отыруына құқылы және сол бойынша өзінің міндетемелеріне жауап беруіне тиіс болады.

Қазіргі таңда инвестицияның дамып келе жатқан құралы болып лизинг табылады. Лизинг - кәсіпорындарда негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға беру ұзақ мерзімді жал түріне жатады. Негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алудың немесе жалға берудің өзі жай және қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе берілген негізгі құралдар өзінің жал туралы келісім шартарында көрсетілген мерзімі аяқталған соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша келісім шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң, негізгі құралдарды жалға алушының сатып алуына құқығы бар болып табылады.

Сатып алу-сату келісім шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте жалдау келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

Бірақ серіктестік үшін қаржылық лизингпен айналысу қызметінің көлемін ұлғайту және қосымша табыс көзі болып табылады. Бірақ бұл егер осындай келісім шарттар көбірек болған жағдайда ғана тиімді болады. Жалдау мерзімінің басында жалгерлер қаржылық жалдауды активтер және өздерінің баланстарындағы жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс немесе бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалгердің әрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс. Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады. Жалгер мүлікке иелік ете отырып, мүліктің амортизациялық құнына өзінің салық салынатын базасының сомасын азайтады және мүлікті қолданғаннан қызметі шегінде кіріс алады. Ал жалға беруші, яғни серіктестік қаржылық жалдаудан пайда және пайыз бойынша жыл сайын пайда алады.

Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру, қорытындысында құқықтық мәртебе жалгерге берілуі де, берілмеуі де мүмкін. 17 ҚЕХС бойынша қаржылық жалға: мүлікке деген меншік жалдау мерзімі соңында жалгерге берілсе, жалгер жалдағы мүлікті «келісілген бағаға» сатып алуға құқығы болса, жалдау мерзімі активтің пайдалы қызмет мерзімінің көп мөлшерін құраса, жал мерзімінің басында ең аз жалдық төлемінің дисконтталған құны мүліктің әділ құнынан кем емес болса, жалдық келісім-шарт жалгер тарапынан бұзылатын болса, онда жалға берушінің барлық шығындары жалгердің шығыны ретінде есептелсе, жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде 80%-ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20% шегінде басталмаса, ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние-мүліктің өткізу бағасының 90%-інен кем болса, жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған сәттегі өткізу бағасының 20% - інен аспаса, жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға алушы жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді баға бойынша сатып алу құқығына ие болса қаржылық жалдау болып есептелінеді.

Жалдаудан серіктестік үшін тиімді болып ең негізі – жалдаудан алынатын кіріс болып табылады. Кірісті көбейту үшін серіктестік қызметін тоқтатпай, негізгі құралдары үнемі жалгерлерге жалға берілуі тиіс. Себебі негізгі құралдар жалға берілмей, бос тұрған уақыттарда серіктестіктің шығындары көбейе беретін болады. Ол шығындарға: негізгі құралдарды ұстау бойынша шығындар (салықтар, коммуналдық шығындар және тағы басқа).

Сонымен қатар аяққы жылдардағы бүкіл әлемдік дағдарыс салдарынан барлық саладағы қызметтер құнының төмендеуі де, жалдау бойынша құнның төмендеуіне себеп болып отыр және жалдық төлемдердің нарықтағы бағасының төмендеуінен кейін жалгерлер тарапынан әлі күнге дейін жалдық төлем сомасын азайту сияқты сұраныстар түсіп отыр. Серіктестік ұзақ уақыт бойы негізгі құралдарын қолданып келе жатқан жалгерлеріне жалдық төлем бағасын өздерінің сұранысы бойынша төмен бағамен беруде. Бұл шешімнен кейін кірістер көлемі азайғанымен, серіктестік нарықтағы болып жатқан құбылыстарға да көңіл бөлуі қажет. Бұл бәсекелес ұйымдармен салыстырғанда сұранысты төмендетіп алмау және нарықтағы сұраныс заңына бағыну болады.

Серіктестік үшін жалға берумен айналысудағы негізгі тәуекел - ол мүліктің моралдық тозуы және пайыздық мөлшер жоғарылап кеткеткен жағдайда серіктестік үшін бұл да тәуекелдік болады. Серіктестіктің құрылғанына төрт жыл ғана болды, ол нарықта әлі жас ұйымдар қатарына жатады және осы жылдар ішінде серіктестік өзінің меншігіндегі негізгі құралдарын жалға берумен айналысып келеді. Серіктестікке өзінің қаржылық жағдайын көтеріп, сонымен қатар залалдан шығу үшін жалдық ағымдағы жалдауымен қатар қаржылық жалмен айналысу ұсынылады.

«АССО Лтд» ЖШС жалдау қызметін талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады:

- Серіктестік негізгі табысты өзінің меншігіндегі негізгі құралдарын жалға беру қызметінен алады;

- Серіктестікке негізгі құралдарды қаржылық жалға беріп, өзінің қызметін кеңейтуіне болады, ол үшін жаңа негізгі құралдар сатып алуға құрылтайшысы тарапынан қаржыландыру қажет болады; немесе

- Қаржыландыру мемлекет тарапынан, төменгі пайызбен аз уақытқа несие алуға мүмкіндік берілсе, яғни серіктестік мемлекет тарапынан берілген несие сомасына қызметін кеңейтеді.

- Қаржылық жалмен айналысқан уақытта серіктестікке негізгі құралдарды ұзақ мерзімге емес, аз уақытқа жалға берген дұрыс болып табылады, себебі негізгі құралдар ұзақ уақыт қолданғанда тез тозатын болады;

Болашақта серіктестік қаржылық жалмен айналысып қызметін кеңейтетін болса, қазіргі залал сомасын жаба алатын болады және де қаржылық жағдайы жақсарады деген сенімдемін!

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ызмет көрсету кәсіпорынының маркетингтік мүмкіндіктерін талдау| ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)