Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

орытынды



Читайте также:
  1. ОРЫТЫНДЫ
  2. Тақырып. Сарапшының қорытындысы: құрылысы және мазмұны

Қорытындылай келе, Біріккен Ұлттар Ұйымының әр-түрлі мәселелерді шешудегі ролін сипаттайық. Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Демографиялық мәселелерді шешу мақсатында БҰҰ «Халықты қоныстандыру тұрғысында іс- қимылдың бүкіл дүниежүзілік жоспарын» қабылдады, оны жүзеге асыруға географтар мен демографтар да қатысады. Сонымен бірге прогресшіл күштер отбасын жоспарлау бағдарламалары халықтың өсуін жақсартуға ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан қарайды. Бірақ бір ғана демографялық саясат жеткіліксіз, Ол адамдардың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен жалғасын табу тиіс.

Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және ғылыми іс-әрекет нәижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады.

Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери белсенділік аренасы ретінде паййдалануда жатыр. Міне, сондықтан да теңіз құқығы бойынша 1982 ж қабылданған «Теңіздер Хартиясы» аталатын БҰҰ Конвенциясының өте зор маңызы бар. Ол жағалаудан бастап 200 теңіз мильдік экономикалық аймақ белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық ресурстарын пайдалануда егеменді құқықтарын жүзеге асыра алады. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын шешудің негзгі жолы-барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге негізделген мұхит табиғатын тиімді пайдалану, оның байлықтарын кешенді пайдалану болмақ.

Кедейшілікке қарсы күрестегі БҰҰ-ның ролі. Көптеген дамушы елдердің кедейшілік жағдайы аса ірі жалпы адамзатық, жалпы дүниежүзілік мәселеге айналды. Сонау 1974 ж. БҰҰ 1984ж. бастап дүние жүзінде бірде бір адам аш қалпында ұйқыға жатпауын ескерген бағдарлама қабылдады.

Міне, сол себепті дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу әлі де өте- мөте өзекті міндет болып отыр. Оны шешудің басты жолдары тұрмыс пен қызметтің барлық саласында түбегейлі әлеуметтік- экономикалық қайта жаңғыртулар жүргізуде,ғылыми- техникалық прогрессті халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыру болмақ.

Тұрақты даму термині БҰҰ құжаттарында 80ж ортасында пай да болды. БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрлда өткен қоршаған орта және дамыту жөніндегі конфе-ренциясынан (1992ж) кейін мемлекеттік және ғылыми ортаның пайдалануына кеңінен енді.Ресейді қоса алғанда, көптеген елдер қоғамды тұрақты дамуға бағдарлайтын Заңдар қабылдады.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)