Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы

Ызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері | Ызмет көрсету кәсіпорынының маркетингтік мүмкіндіктерін талдау | ОРЫТЫНДЫ | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |


Читайте также:
  1. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау
  2. БҰҰ-ның құрылымы
  3. БҰҰ-ның құрылымы.
  4. Егер жалпы қан мөлшері 5 л, ал гематокриті 40 % болса, плазманың көлемі неге тең болады?
  5. Жалпы қан аналізі
  6. Жалпы ережелер

 

«АССО Лтд» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай мәтін бойынша «Серіктестік») 2006 жылы 19 сәуірде негізі құрылған. Құрылған кездегі қатысушысы (құрылтайшысы) «INTERIM STANDARTS LTD» компаниясы, орналасқан жері мекен–жайы P.O.Box 3321, Road Town, British Virgin Islands, Серіктестіктің Жарғылық капиталының 100 (жүз) пайызын иеленген. Серіктестік жарғылық капиталы 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде құрылды. Серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 223 үй, 3-пәтерде болған.

Кейін серіктестік қайта тіркеуден өтті, мекен – жайы Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 140/140а болып өзгертілді және құрылтайшысы Қазақстан азаматшасы Нугуманова Айжан Сериковна болып ауысты, осы кездегі серіктестіктің жарғылық капиталы 106 500 000 теңге көлемін құрайды. Осы төрт жыл ішіндегі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері орта есеппен он еседен артық артты.

Серіктестіктің құрылғанына 4 жыл ғана болды, ол нарықта әлі жас ұйымдар қатарына жатады және осы жылдар ішінде серіктестік өзінің меншігіндегі негізгі құралдарын жалға берумен айналысып келеді. «АССО Лтд» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, Қазақстан Республикасының 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және басқа қолданыстағы заңнамаларға сәйкес және Жарғысы мен құрылтайшылармен келісім-шарттар негізінде құрылған. Алматы қаласының Әділет Департаментінде Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі, тіркеу номері 77196-1910-ЖШС (ШҚ) Серия В № 0464504, 2009 жылы қазан айының 6-да қайта тіркеуден өтті. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Сериясы 60 №0048356, 20 сәуір 2006 жылдан бастап салық төлеуші ретінде тіркелген (СТН) 600700572319 салық төлеушінің тіркеу нөмері. Серіктестік заңды тұлға болғандықтан өзінің жеке балансы бар, Казкоммерцбанкте банктік есеп шоты мен депозиттік шоты ашылған және жалпы қойылған тәртіп бойынша қосылған құн салығын төлеуші болып табылады (пропорционалды есептеу әдісті қолданады, мерзімі – тоқсан сайын). Өзінің жеке мөрін иеленген, сонымен қатар басқа да реквизиттері бар. Серіктестіктің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен және серіктестіктің жарғысымен анықталады.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады және толық шаруашылық есептің, өзін-өзі қаржыландырудың және өзін-өзі ақтаудың негізінде әрекет етеді.

Серіктестіктің жоғары органы – құрылтайшысы.

Серіктестіктің атқарушы органы – директор.

Серіктестіктің меншік түрі – жеке меншік.

Кәсіпкерлік субъектісі – активтерінің жылдық жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселік айлық көрсеткіштен аспайтын, жұмысшыларының орташа жылдық саны 250 адамға дейін орташа кәсіпкерлік. Серіктестікте есепті жылы он бес қызметкер жұмыс жасайды.

Құрылтайшының міндеттері мен құқықтары:

- Серіктестік істерін басқаруға;

- Серіктестік қызметі туралы ақпаратты алуға және оның бухгалтерлік және басқа да құжаттарымен танысуға;

- Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес серіктестік қызметінен табыс табуға;

- Анықталған құқықтарды бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сотта даулауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен анықталған басқа да құқықтарға ие болады.

Құрылтайшы міндеті:

- Серіктестіктің Жарғылық капиталына құрылтай құжаттарымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салымдар салуға;

- Құрылтай құжаттарының талаптарын қатаң сақтауға;

- Құрылтайшының аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері өзгергені туралы жазбаша хабарлауға;

- Басқа да міндеттемелер;

Серіктестіктің атқарушы органы - Директордың өкілеттіктері:

- Серіктестік қызметін қамтамасыз етумен байланысты барлық мәселелерді шешеді, тек Қатысушының айрықша құзырына жататын мәселелерден басқа;

- Ағымдағы және болашақтағы жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

- Азаматтық құқықтық келісім – шарттар жасайды.

«АССО Лтд» ЖШС құрылтайшылар мен директорлар өкілеттілігі ҚР-ның заңдарына және серіктестігінің жарғысына сәйкес жүргізіледі.

Директор қарамағында: жалға беру бойынша қызметтерімен айналысатын менеджерлер мен бас бухгалтер және басқа қызметкерлер.

Менеджерлердің қызметтері: жалгерлермен жал бойынша келісім шарт жасау және уақытына сай келгенде тоқтату, жал мерзімі кезінде мүліктердің жағдайын тексеру, жалгерлердің сұраныстары мен ұсыныстарын шешу және тағы да басқа жал бойынша барлық қызметтер.

Бас бухгалтердің атқаратын жұмыстары мыналар: барлық бухгалтерлік есеп қызметтері, соның ішінде келіп түскен негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық қорлар есебінің дұрыс жүргізілу; жалгерлерге келісім-шартта келісілген мерзімге шоттар беру, сол шотта көрсетілген соманың уақытында төленгендігін тексеру, жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу, салық саясаты мен салық есебін дайындау, белгіленген мерзімде басшылықты шаруашылық туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

Серіктестіктің қызметінің мақсаты жарғыдағы қызметтерін орындау барысында таза табыс алу. Мақсатына жету барысында, Серіктестіктік келесі негізгі қызмет түрлерін іске асырады: жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және жалға беруді қоса алғандағы жылжымайтын мүлік саласындағы қызмет; коммерциялық қызмет; делдалдық қызмет; көтерме, бөлшек құрылыс саудасын ұйымдастыру; дүкендердің, супермаркеттердің, сауда орындары мен сауда үйлерінің желісін ұйымдастыру; құрылыс материалдары мен құрастырмаларын өндіру және сату; тұрғын үй, өндірістік, әлеуметтік, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы объектілерді салу; мұнайды, мұнай өнімдерін, газды және газ өнімдерін сатып алу, сақтау, қайта өңдеу және сату саласындағы қызмет; автокөлікке жанар май құю станцияларын ұйымдартыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы риэлтерлік қызметтер, кеңес беру қызметтері; ғылыми зерттеу қызметтері; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ұйымдастыру, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қызмет көрсету; автоқызмет көрсету, автосервистік қызмет көрсету, соның ішінде арнайы орындардың торабы арқылы; сыртқа шығару, сырттан алып келу операциялары мен басқа қолданыстағы заңдарға сәйкес сыртқы экономикалық қызмет Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдарымен тыйым салынбаған өзге кәсіпкерлік.

Осы қызметтерді орындау барысында серіктестік жылмымайтын мүліктерді сатып алуына, жеке мүліктік есеп құқықтарға ие болуына келісім-шартқа отыруына құқылы және сол бойынша өзінің міндетемелеріне жауап беруіне тиіс болады.

Серіктестіктің қызметінің мерзімі - шектеусіз.

Серіктестіктің бухгалтерлік есебін жүргізудің жауапкершілігі, есепті жүргізген кезде заңдардың қатаң сақталуы, бухгалтерлік есептіліктердің уақытылы салық органдары мен басқа да мемлекеттік органдарға тапсырылуы және серіктестік қызметінен түскен пайда мен шыққан шығындарды басшылыққа ұсыну бас бухгалтер мен бас бухгалтердің қарамағындағы бухгалтердің міндетіне жатады. Барлық серіктестіктің бухгалтерлік қызметі туралы міндеттемелері басшылықтың қарамағында болады.

Серіктестік бухгалтерлік есепті активтермен және сол активтердің қозғалысы, міндеттемелер, меншікті капитал, кіріс және шығыстарды бухгалтерлік есептің шоттар жоспарының екі жақты жазу әдісімен жүргізеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында ұйым қамтамасыз етіледі:

- қабылданған есеп саясатының өзгермеуі, әрбір операциялардың есепте көрініс табуы және есеп беру мерзімі ішінде активтер мен міндеттемелерді бағалау;

- есеп беру мерзімі кезінде орындалған барлық операциялардың толық қамтылуы және активтер мен міндеттемелердің түгенделуі;

- есеп беру мерзімінде пайда мен залал туралы есептіліктің дұрыстылығы;

Серіктестікте бухгалтерлік есебі компьютерде 1С Бухгалтер 8.1 бағдарламасымен жүргізіледі.

Серіктестік басшылығымен кассалық аппаратты жүргізбеуге келісілген және кассалық аппарат жоқ. Ақша қаражаттарының қозғалысы банктік есеп айырысу шоттарда жүргізіледі. Есеп айырысу шоты - 110467420 Казкоммерц банкі. БЖК – 190501724.

Құжаттар айналымы.

Операциялардың жүргізілгендігін нақтылайтын құжаттар – ол алғашқы құжаттар. Алғашқы құжаттардың нысандары мен талаптары Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен анықталынады.

Алғашқы құжаттар қағаз жүзінде немесе электрондық түрде жүргізіледі, уәкілетті органдарымен анықталынбаған алғашқы құжаттардың нысандары мен талаптарын серіктестік өз қызметтіне сай жасайды және ол мынадай міндетті реквизиттерді қамтуы тиіс:

- құжаттың атауы (форма);

- орындалған күні;

- ұйымның аты немесе құжатты жүргізген кәсіпкердің аты-жөні;

- операцияның мазмұны;

- операцияның өлшем бірлігі (сандық немесе құндық түрде);

- операцияның жүргізілуіне жауапты тұлғаның аты-жөні;

Операциялардың мазмұны мен маңызына байланысты алғашқы құжаттарды құрастыру барысында оларға қосымша реквизиттер жазылуына болады.

Алғашқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп регистрлерін электрондық түрде жүргізгенде ұйым оларды басқа ұйымдарға берген кезде қағаз түрінде шығарып береді және мемлекеттік органдармен талап етулеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген.

Алғашқы құжаттар операция болған уақытта толтырылады, егер ол мүмкін болмаған жағдайда операция аяқталған уақытта толтырылады. Құжаттарға, оның ішінде кассалық және банктік құжаттарға өзгерістер енгізілмейді. Басқа алғашқы құжаттарға операцияны жүргізген тұлғалардың келісімімен және өзгеріс енгізілген күні мен қолы қойылғаннан кейін ғана өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Есепке алынған алғашқы құжаттардың ақпараттары бухгалтерлік есеп регистрлерінде, нысандары мен талаптары Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен анықталынатын, жинақталынып жүйеленеді. Осы бухгалтерлік есеп регистрлері мәліметтері топталған түрінде қаржылық есептілікті құрастыруға жатады.

Серіктестік алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрлерін қағаз түрінде және (немесе) электронды түрде, қаржылық есептілігін, есеп саясатын Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген мерзімге сақтауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)