Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс бойынша тест сұрақтары

Читайте также:
  1. Lt;variant>Акт амнистиясы бойынша босату.
  2. Ағымдық (аралық) бақылау бойынша бақылау сұрақтары.
  3. Арналған емтихан тест сұрақтары
  4. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  5. Дәріс бойынша тест сұрақтары
  6. Дәріс бойынша тест сұрақтары

1.Осы аспаппен дымқыл өнімдерге диэлектірлік өтімділік пен диэлектрик энергия шығынының өзгерісі бойынша құрамындағы ылғалды өлшейді.

*1. Диэлькометірлік ылғал өлшеуіш

2. АЖЖ-ылғал өлшеуіш

3. Оптикалық ылғал өлшеуіш

4. Гигрометр

5. Психометр

2. Заттың құрамындағы ылғал салмағының М ылғалды заттың салмағына Мвл қатынасы:

1. W=M/Mвл=М/(Мо+М) *

2. W=M/Mвл

3. W=М/(Мо+М)

4. W=Мо+М

5. W=M/Mвл+М

3. Жоғарғы сезімталдығымен дәлдігімен сипатталатын аса жоғарғы жилікті тәсіл ылғалды жанаспасыз өлшеу үшін пайдаланылады

1. Диэлькометірлік ылғал өлшеуіш

*2. АЖЖ-ылғал өлшеуіш

3. Оптикалық ылғал өлшеуіш

4. Гигрометр

5. Психометр

4. Қандай ылғалөлшеуіште инфра қызыл (ИҚ) сәулелер ылғалы бар үлгілерде жұтылады не шығалады. ИҚ сәулелердің жұтылу дәрежесі зерттелетін үлгідегі ылғал мөлшеріне тәуелді болады.

1. Диэлькометірлік ылғал өлшеуіш

2. АЖЖ-ылғал өлшеуіш

*3. Оптикалық ылғал өлшеуіш

4. Гигрометр

5. Психометр

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар тізімі.

№ п/п Тақырып атаулары Өткізу түрлері Әдістемелік нұсқау
  Берілген статистикалық қатарға гистограмма тұрғызу Берілген статистикалық қатарға гистограмма тұрғызу. Гистограмма түріне қарап, өлшеу қателігінің таралым заңдылығын анықтау. жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Статистикалық таралымды аналитикалық қисықпен апроксимациялау Берілген статистикалық қатарға гистограмма тұргызу және оны қалыпты таралу заңдылығымен сипаттау. жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Теориялық таралым мен тәжіриебелік таралымның сәйкестігі туралы гипотезаны тексеру Колмогоровтың сәйкетік критериін қолданып, алдыңғы есептегі теоретикалық таралыммен тәжрибелік таралымның сәйкестігін тексеріңдер жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Өлшеу аспаптарының және автоматтандыру жабдықтарының шартты белгілерін құру принциптері Автоматтандыру схемасындағы шартты белгілердің мысалдары жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Техникалық жүйелерді жобалау кезіндегі бақылау және өлшеу аспаптарын таңдап алу Бақылау және өлшеу аспаптарының сипаттамаларын қойылған техникалық талаптарға сәйкес таңдау жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Сұйықтардың ысуына және салқындауына арналған типтік автоматтандыру схемасы Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау
  Кептіру процесіне арналған типтік автоматтандыру схемасы Автоматтандырудың функционалдық схемасын құруға мысалдар жеке және топқа арналған тапсырмаларды орындау

ДӘРІС

СҰЙЫҚТЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР

Тығыздық дегеніміз бақыланатын ортаны бірлік көлеміндегі құрамдас бөліктерінің (не олардың қатынасын) массасын анықтайтын параметр болып табылады. өлшеу тәсіліне қарай тығыздық қалтқылы, таразылы, пъезометрлік және радиациялы болып бөлінеді.

Алтқылы тығыздық өлшеуіштер.Жұмыс принципі зерттелетін ортада қалтқыға әсер ететін итергіш күш шамасын не оның бату тереңдігін өлшеуге негізделген.

Қарапайым қалтқылы тығыздық өлшеуіш ареометр (4.21-сурет) шыны цилиндр (1) түрінде болады, оның төменгі теңдеу бөлігі корпус (5) деп, жоғарғы бөлігі сырық (стержень) (2) делінеді. Ареометр сұйыққа батып тұруы үшін оның корпусында жүк (7) (металл шариктер) орналасқан, сырық ортасында тығыздық бойынша межеленген шкала (3),

Ал жоғарғы жағындағы шаригі корпус түбінде жататын термометр шкаласы (1) болады. Термометрдің капиллярлы (4) қалтқының жоғарғы және төменгі бөлігіне бекітілген. Тығыздық температураға тәуелді болатындаықтан шкаласы 20oС температурада межеленген ареометрлермен өлшенгенде, арнаулы кестелер көмегімен, өлшенген шамаға орта температурасына сәйкес түзету енгізілген.

Ағыстағы тығыздықты өлшеу үшін қалтқыны ағын камераға (1) орналастырады да (4.22-сурет), ареометр сырығының жоғарғы ұшына көпірлік схемаға жалғанған индуктивтік катушканың (3) өзекшесін (2) бекітеді. Қалтқы ығысқанда катушканың индуктивтік кедергісі өзгереді, ол күшейткішпен (4) күшейтіліп, өлшеуіш аспапта (5) тіркеледі.

Таразылы тығыздық өлшеуіш. Оның жұмыс істеу принципі тұрақты көлемде (V-const) r=f (m) кезінде r= m /V тәуелділікке сәйкес қадағаланылатын өнімнің массасын өлшеуге негізделген.

Пъезометрлік тығыздық өлшеуіш. Жұмыс принципі сұйықтың гидростатикалық қысымның түтіктердің батырылуы тереңдігіне тәуелділігіне негізделген. Н тереңдіктегі сұйық қысымы бойынша оның тығыздығы анықталады. Қысымды өлшеу тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Қарапайым тәсілдердің біріне сұйық арқылы тазартылған ауаны үздіксіз үрлеу жатады, мұнда ауа қысымы сұйық бағанының қысымына пропорционал. өндіріс жағдайында резервуардағы сұйық деңгейі өзгеріп отыратындықтан, қос түтікшелі (1.2) аспаптың дифференциалданып қосылу схемасы пайдаланылады (4.23-сурет), DН=Н12 =const. Тығыздықты түтіктердегі қысымның кемуін көрсететін монометрдің (3) көмегімен анықтайды.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс бойынша тест сұрақтары | ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | Дәріс бойынша тест сұрақтары | Лғаю термометрі. | Температура түрлендіргіштері. | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Деформациялы аспаптар. | ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР| КОНСЕНТРТ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)