Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лғаю термометрі.

1.Сұйық шыны термометрлер.

Сұйық шыны термометрлердің жұмыс істеу принципі термометрлерге құйылған термометрлік сұйықтың жылулық ұлғаюына, яғни осы сұйықтың көлемінің өзгерісіне негізделген. Термометрлік сұйық ретінде сынап, толул, этил спирті,эфир т.б. пайдаланылады.

Сұйық шыны термометрлер -90 С-тан 600 С-қа дейінгі температураны өлшеуге пайдаланылады, ішіне шкала орнатылған таяқша түрінде жасалынады. Батырылатын ұшы шкаласы бар термометрлерде тік және бұрышты болып келеді.

Сигнал беру үшін және температураны автоматты позициялық реттеу үшін дәнекерленген жанаспалары бар техникалық электр жанаспалы термометрлер пайдаланылады. Жанаспаның бірі қозғалмалы, ол магнит муфтаның көмегімен жылжиды, ал келесі жанаспа капилярға қозғалмайтындай етіліп дәнекерленеді.

2.Дилатометрлік термометрлер.

Бұлардың жұмыс істеу принципі түтікше мен стерженнің сызықтық температуралық ұлғаю коэффициентінің әртүрлі болуына қарай қыздырған кездегі ұзындықтарының өзгеру айырымын пайдалануға негізделген (4-сурет).

 

4.1 Сур. Өзекті дилатометр

 

Биметалды термометрлер деп бір-бірімен тұтас дәнекерленген, сызықтық температуралық ұлғаю коэффициенті әртүрлі болатын екі әртүрлі металл пластинкадан, мысалы болат пен инвардан (4.2-сурет) жасалған өлшеуішқұралдарын айтады. Қыздырғанда биметалл пластинка деформацияланып, сызықтық температураның ұлғаю коэффициенті кішірек металл жағына (инварға) қарай иіледі. Биметалды термометр өлшеу қателігі % болатын -100 С-тан 600 С-қа дейінгі температураны өлшеуге арналған.

 

4.2 Сур. Биметалды термометр

Манометрлік термометрлер.

Жұмыс істеу принципі тұйық герметикалық терможүйеде жұмыстық термометрлік заттың қысымы мен температурасы арасындағы тәуелділікке негізделген. Жұмыстық термометрлік заттың түріне қарай, манометрлік термометрлер газды, сұйықты және конденсациялы болып бөлінеді. Осы термометрлердің көмегімен -60 С-тан 600 С-қа дейінгі температура өлшенеді. Дәлділік класы . Манометрлік термометрлер (9-сурет) ортаға батырылатын термобаллоннан (7), қорғаушы қабаты бар (6) капиллярдан (5) және қорапта орнатылған манометрлік серіппеден (2) тұрады.

Аспап келесі түрде жұмыс істейді: термобаллонды қыздырған кезде терможүйедегі жұмыстық заттың қысымы артып, манометрлік серіппені деформациялайды. Серіппенің бос ұшының деформациясы жетек (3) пен сектор (1) арқылы өлшенбекші температура мәнәне сәйкес келетін белгіге аспап стрелкасын жылжытады.

 

 

4.3 Сур. Манометрлік термометр

Газды манометрлік термометрлер.

Бұл аспаптарда жұмыстық (термометрлік) зат ретінде азот пайдаланылған. Жұмыстық заттың қысымы мен температураның арасындағы тәуелділік келесі формуламен өрнектеледі

Мұндағы -қысым өзгерісі, Ра, Рс, Рб-жұмыстық заттың (газдың) tс және tб кездеріндегі қысымдары, Па; -газ ұлғаюының термиялық коэффициенті,1/оС; tб және tс-бастапқы және соңғы температура, оС;

Өрнекті талдау терможүйедегі қысымның өзгерісінің Рб бастапқы қысымға және (tс- tб) температура айырымына тура пропорционал екенін көрсетеді, яғни аспап шкаласы бірқалыпты. Газды манометрлік термометрлер -60 оС-тан 600оС-қа дейінгі температураны өлшеуге арналған.

Сұйық манометрлік термометрлер.

Сұйық манометрлік термометрлерде жұмыстық зат ретінде сынап (-30оС-тан 600оС-қа дейін) не ксилол (-40оС-тан 200оС-қа дейін) қолданылады.

Олардың жұмыс істеу принципі келесі теңдеумен өрнектеледі:

,

-қысым өзгерісі, Па; -сұйықтың көлемдік ұлғаю коэффициенті,1/оС; - температура өзгерісі, оС; -сұйықтың сығылғыштық коэффициенті, м2/Н.

Сұйық манометрлік термометрлердің шкаласы бірқалыпты болады және -150оС-тан 300оС-қа дейінгі температураны өлшеуге арналған.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 691 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР | ЛШЕУ ҚАТЕЛІКТЕРІ | Дәріс бойынша тест сұрақтары | ЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ | Егер кері байланыс байланыс оң болса, онда | Шығыстық шаманың кескіні бұл жағдайда былайша жазылады | ЫСЫМ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР | Деформациялы аспаптар. | ДЕҢГЕЙ ӨЛШЕУІШТЕР | ГАЗ, ҚАТТЫ ЖӘНЕ СУСЫМАЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс бойынша тест сұрақтары| Температура түрлендіргіштері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)