Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер

Читайте также:
  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  3. Аллергияға қарсы дәрілер
  4. Антихолинэстеразды дәрілер
  5. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер
  6. Гистаминге қарсы дәрілер
  7. Глаукоманы емдеу үшін қолданылатын заттар

Эпинефрин (Адренергиялық дәрілер, адреномиметиктер).

Аминофиллин (Aminophyllinum), эуфиллин. Аминофиллин - бронхолитикалық дәрілер, бронхтардың бұлшық еттерін, қан тамырларын босаңсытады, шеткі венодилатациялық әсер көрсетеді, бүйрек қан ағысын жоғарылатады. Тыныс алу орталығын ынталандырады, жүректің жиырылу күшін және жиілігін жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, бронхитте, өкпе эмфиземасында, бронхоспазмдардың шеттетілуі; тыныс алу орталығы жағынан бұзылыс; өкпелік-жүрек; ми қан айналымының бұзылысы; қан айналу жетіспеушілігі, жүректік және бүйректік ісінулер (қосалқы зат ретінде қиыстырылған терапия құрамында). Ішке ересектерге тамақтан кейін күніне 3 реттен 0,15 г (таблеткалар 150 мг N30, ампулалар 2,4 % - 10 мл және 24 % - 1 мл), балаларға дене салмағына сәйкес 7-10 мг/кг күніне 4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Қояншық, миокард инфарктісінің өткір фазасы, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылысы, препаратқа сезімталдығының жоғарылауы. Балалар 3 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Жанама әсері. Жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бас ауыруы, мазасыздану, ұйқысыздық, тері бөртпесі, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, гипотензия.

Шығарылу түрі. 150 мг таблеткалар N. 30; 2,4% 5 және 10 мл ампуладағы көк тамырға қолдануға арналған ерітінді; 24% 1 мл ампуладағы бұлшық етке қолдануға арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aminophyllinі 24% - 1 ml

D.t.d N. 30 in amp.

S. 1 мл бұлшық етке тәулігіне 1 – 2 рет.

#

Теофиллин (Theophуllinum), эуфилонг. Теофиллин орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әсер көрсетеді, кофеинге қарағанда әлсіз; миокард жиырылуын күшейтеді. Шеткі, тәждік, бүйректік артерияларды біршама кеңейтеді, шамалы диуретикалық әсер көрсетеді, тромбоциттер агрегациясын баяулатады, месше жасушалардан аллергия медиаторларының бөлінуін тежейді. Теофиллиннің негізгі қабілеті бронхтарды кеңейтетін ықпал көрсету. Теофиллин әсерінің механизмінде негізгі рөлді фосфодиэстеразаның баяулауымен және тіндерде 3-5 –аденозинмонофосфаттардың жиналуы жатады. Жасушаларда цАМФ жиналуы миозиннің актинмен байланысын тежейді, ол тегіс салалы бұлшық еттің жиырылу белсенділігін төмендетеді, ал ол бронхтарды босаңсытады және бронхоспазмдарды шеттетеді. Бұлшық еттердің босаңсуына теофиллиннің жасушалық мембранасының «бәсең» түтікшелері арқылы кальций иондарының тасымалдануын тежеумен әсер етеді. Молекулярлы механизмде теофиллиннің негізгі әсерінің аденозинді рецепторларды тежеу әрекетінің маңызы зор.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхолитикалық зат ретінде, сонымен қатар жүректік және бүйректік тоқырау кезіндегі кардиотоникалық және диуретикалық зат ретінде қолданады. Кейде басқа спазмолитикалық және бронхолитикалық препараттармен бірге береді. Ішке 0,1-0,2 г ересектер күніне 2-4 рет тамақтан кейін қолданады. Балаларда 2-4 жаста 0,01-0,04 г, 5-6 жаста 0,04-0,06 г, 7-9 жаста-0,05-0,075 г, 10-14 жаста- 0,05-0,1 г. (ұнтақ, балауыз 0,2 г) 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Кері көрсеткіштері. Теофиллин және оның құрамындағы препараттарды көтере алмағанда тағайымдамайды және қалқанша безінің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында, субортальды стенозда (жүректің сол жақ қарыншасының бұлшық ет тінінің қабынусыз ауыруында, оның қуысының тез қысылуымен түсіндіріледі), экстросистолияда, қояншықта, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында байқап қолдану.

Жанама әсері. Қыжыл, жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас ауыруы. Балауызды қолданғанда тік ішекте күйдіру сезімі болуы мүмкін. Препаратты көтере алмағанда оны қолданбайды. Көп мөлшерде қолданғанда қояншық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.

Шығарылу түрі. Балаларға 100 мг таблеткада N.30 және 200 мг таблеткалар N.30; 100 мг ретард таблеткалар N.10, 50, 60, 200 мг N. 30, 100, 250 мг N. 50, 300 мг N. 30, 100, 400 және 600 мг N. 20, 50, 75 және 100 мг ретард капсула N. 20, 30, 125 мг N.20, 50, 100, 200 мг N. 20, 30, 40, 250 мг N. 20, 300 мг N.20, 30, 350 мг N. 20, 50, 100, 375 мг N. 20, 400 мг және 500 мг N. 20, 40, 50, 100; 0,5% шырын; 200 мг тік ішек балауыздары.

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 114 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Оксикам туындысы | Пропион қышқылының туындысы | Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері | Жасанды препараттар | Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері | Интерферондар (ИФН) | Интерлейкиндер | Иммуноглобулин препараттары | Аллергияға қарсы дәрілер | Гистаминге қарсы дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер| Пәндік көрсеткіш

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)