Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасанды препараттар

Читайте также:
  1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары
  2. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
  3. Иммуноглобулин препараттары
  4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
  5. Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері
  6. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері

 

Левамизол (Levamisolum), декарис. Левамизол құрттарға қарсы дәрі, сонымен қатар иммуномодуляторлық қасиеті бар: кейбір салыстырмалы ауыр емес иммуножетіспеушілік жағдайларда иммунды белсендіруші қасиетке, ал кейбір аутоиммунды ауруларда әлсіз иммуносупрессивті қасиет көрсетеді. Иммуномодуляторлық механизмі толығымен зерттелмеген, бірақ кейбір деректер бойынша макрофагтар мен Т-лимфоциттерді ынталандырушы әсерімен байланысы бар деп қарастырған.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Иммунды жетіспеушілік жағдай және аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит, Крон ауруы және т.б.), аскаридоз, анкилостомидоз. Иммунды белсендіруші дәрі ретінде ішке 150мг 1 рет тәулігіне (150 мг және 50 мг таблеткалар), гельминтоз кезінде 1-14 жастағы балаларға 25-125 немесе 2,5 мг/дене салмағына бір рет қолданады.

Кері көрсеткіштері. Агранулоцитоз, жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 14 жасқа дейінгі бала жасы, левамизолға сезімталдықтың жоғарлауы.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, ұйқы безі және бүйрек қызметінің бұзылыстары, тырыспалар, шеткі полинейропатия, жатырдан қан кету, агранулоцитоз, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Таблеткиалар 50 мг N. 2 және 150 мг N.1.

Рецепт үлгісі. Rp.: Levamisoli 0,05

D.t.d N. 2 in tаb

S. 1 таблеткадан 2 рет.

#

Полиоксидоний (Polyoxidonium) иммунды белсендіруші дәрі. Дезинтоксикациялық әсер көрсетеді, жергілікті және жалпыланған инфекцияларға қатысты ағзаның иммунды тұрақтылығын жоғарылатады. Иммунды жетіспеушіліктің ауыр түрлерінде иммунды реакцияны қалпына келтіреді. Препараттың полимерлі табиғатымен анықталатын, айқын антитоксикалық белсенділікті көрсетеді: мембрана жасушаларын цитотоксикалық әсерге тұрақтылығын жоғарлатады және бірге енгізілген дәрілік заттың улылығын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Иммунды тежейтін үйлесімді терапияның құрамында, іріңді-септикалық ауруларда; жедел және созылмалы вирусты және бактериалды инфекциялар; хирургиялық науқастардағы инфекциялық асқынулардың алдын алу мақсатында. Ішке қабылдау мөлшері жасөспірімдерге 12 мг, ересектерге 12 мг 2 реттен тәулігіне, бұлшықетке және көктамырға ересектерге 6-12 мг тәулігіне 1 реттен аптасына 1 ретке дейін, балаларға 0,1-0,15 мг/дене салмағына 2-3 күнде 1 реттен.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі.

Жанама әсерлері. Енгізген жерде ауырсыну.

Шығарылу түрі. 12 мг таблеткалар N. 10; 3 және 6 мг егуге арналған қасында еріткіш заты бар ампуладағы және флакондағы лиофилизерленген ұнтақ; 3, 6 және 12 мг тік ішек балауыздары N.5.

Рецепт үлгісі. Rp.: Polyoxidonii 0,012

D.t.d N. 5 in tаb

S. Тәулігіне ½ – 1 таблеткадан 1 рет және аптасына 1 таблеткаға дейін жоғарылатамыз.

#

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 187 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары | Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Индол сірке қышқылының туындысы | Фенил сірке қышқылының туындысы | Оксикам туындысы | Пропион қышқылының туындысы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері| Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)