Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi

Читайте также:
  1. Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi
  2. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  3. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  4. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  5. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  6. Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
  7. Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi

 

1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған кезде осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына жіберуге тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойғызып тапсырған күн немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген кезде пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.
Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) пошта арқылы – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Уәкiлеттi органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 677-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою | Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару | Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану | Бап. Мемлекеттік тізілім | Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау | Бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау | Бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi| Бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)