Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Зейнетақы төлемдері

 

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс мыналарды:
1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;
2) мынадай мөлшерлердегі:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшерінде;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде салық шегерiмдерiн қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 

Бап. Салық сомасын есептеу

 

Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 170-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын, зейнетақы төлемдері түріндегі табыстың сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу | Бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар | Бап. Салық ставкалары | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Салық салу объектiлерi | Бап. Салық салуға жатпайтын табыстар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық шегерiмдерi| Бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)