Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы мӘлімет

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер
  7. Бап. Жалпы ережелер

Тіс қатты тағамды тістеуге, майдалауға, шайнауға арналған ең қатты орган болып келеді. Адамда 4 топ тістерді ажыратады: күрек тістер,сүйір тістер, кіші азу тістер, үлкен азу тістер тобы. Адамның тұрақты тістемінде 32 тіс болады: 8 күрек тіс, 4 сүйір тіс, 8 кіші азу тіс, 12 үлкен азу тіс. Үшінші үлкен азу тіс кейбір жағдайда толық шықпауы немесе болмауы мүмкін.

Ауыз қуысындағы тістің бір бөлігі – тіс сауыты деп аталса, ал жақ сүйекте орналасқан бір бөлігі - тіс түбірі деп аталады. Содан басқа сауыт және түбір шекарасындағы сауытты жауып тұрған кіреукенің түбір цементіне ауысатын аздап қысыңқы келген аймақты тіс мойыны деп атайды. Тістің қатты тіндеріндегі өзгерістерді дұрыс сипаттау үшін тіс сауыт бөлігін және түбірді үш бөлікке бөлген дұрыс. Тістерде келесі беттерді ажыратады:

окклюзиялық - тістің қарама –қарсы жаққа қараған түйісу беті. Үлкен азу тістерде бұл окклюзиялық үстірт болса, күрек тістерде –бұл кесу қыры болып табылады;

вестибулярлық – алдыңғы тістерде ерінмен жанасқан үстірт еріндік, ал артқы тістерде ұртқа қараған беті –ұрттық деп аталады;

оральды – тістің ауыз қуысына қараған беті. Астыңғы жақтағы тістерде –тілдік, ал үстіңгі жақ тістерде –таңдайлық деп аталады;

жанасу — тістердің көрші тістерге қараған беті. Бұндай беттер екеу:

медиальді (алдыңғы) және дистальді (артқы).

Тісті пломбылау, реставрациялау, эндодонттық ем жүргізу кезінде тіске сипат беретін негізгі белгілерді еске ала отырып жұмыс істеу керек. Ол белгілер: түбір белгісі, сауыт бұрышы белгісі және сауыт дөңестік белгісі.

Түбір белгісі: түбірдің бой осі тіс сауытының ось сызығынан қарағанда дистальді жаққа қарай ауытқуы.

Сауыт бұрышы белгісі: тістің окклюзиялық сызық шеті медиальді бетке өту барысында дистальді бетке қарағанда ең аз бұрыш жасайды. Мұндай құбылыс астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерден басқа тістерде ережеге сәйкес дистальді бағытта окклюзиялық беткейі азаяды, немесе окклюзиялық беткей алдыңғыартқы бағытта жазықтау боып келеді.

Сауыттың дөңестік белгісі: барлық тістердің ерін және ұрт беттерінің алдыңғы жақ бөлігі (медиальды) бүйір немесе артқы жақ бөлігіне қарағанда дөңестеу болады және көбіне алдыңғы жақ бетіне тіктеу бұрыш жасай, ал артқы жақ бетіне доғалдау бұрыш жасап ауысады. Сыртқы пішіні тіс сауытының вестибуло-оральді және медиодистальді (алдыңғыартқы) беткейлерден құралған. Бұл беткейлер аздап дөңестеу және бірінен біріне өтіп отырады. Сызықтың ең көп дөңестігі экватор деп аталады және шайнау үрдісі кезінде пародонт тінінің бүтіндігін қамтамасыз етеді. Күрек және сүйір тістерде экватор сауыттың вестибулярлы және тілдік жағынан мойын бөлігінің аймағынан өтеді.

Бұл тістердің жанасу беттерінде экватор сызығы ұшы тіс сауытының үштен бір бөлігінде орналасқан доға жасайды. (жанаспалы аймақтық нүкте). Үлкен және кіші азу тістерде экватор сызығы вестибулярлы жағынан сауыттың үштен бір мойын бөлігінен, ал оральді беткейінде сауыттың ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Үлкен және кіші азу тістердің медиальді жанасу беткейлерінде экватор сызығы тіс сауытының ортаңғы және окклюзиялық үштен бір бөлігіндегі аймақта орналасқан. Дистальді беткейінде экватор сызығы тек бірінші кіші азу тістен басқасында тіс сауытының ортаңғы бөлігінде мойын бөлігіне жақын орналасқан.

Физиологиялық жағдайда тіс сауытының сыртқы дұрыс пішіні пародонттың маргинальді бөлігін физиологиялық ынталандырумен қамтамасыз ету арқылы пародонт тінінің бүтіндігін сақтап отырады. Егер пломбылау, реставрациялау, жасанды сауыт жасау үрдісі кезінде сауыттың сыртқы пішіні артық жасалса, шайнау үрдісі кезінде пародонтқа шеттік физиологиялық әсер ету болмағандықтан тіс қақтарының пайда болуына жағдай туындайды, қабыну және өзіндік тазалану үрдісінің төмендеуі салдарынан тісжегі дақтары пайда болады.

Экваторға артық пішін беру жанасу нүктесінің дұрыс қалыптаспауына және амбразур кескінінің өзгеруіне әсер етеді. Міне сондықтан осы жағдайда тіс қақтарының жиналуына жағдай туғызылып, гигиеналық шараларды жүргізу қиындайды.

Егер толық бұзылған тіс сауытын қалпына келтіру барысында сауыттың сыртқы пішіні толықтай пішінделмесе, онда пародонттың маргинальді бөлігінің соның ішінде эпителиальді байламның шайнау кезінде жарақаттануы мүмкін.

Бұдан басқа тіске толық пішін бермеу тіс үйлесімінің амбразурасының бұзылуына, жанасу нүктесінің болмауына алып келеді.

Екі көрші тістердің тістер доғасында экваторының түйісу аймағы жанасу нүктесі деп аталады. (1.1сурет).

1.1. Сурет Жанасу нүктелерінің орналасуы: а — үстіңгі жақтың окклюзиялық проекциясы; б — үстіңгі және астыңғы жақтың вестибулооральді проекциясы; в — астыңғы жақтың окклюзиялық проекциясы;

 

Әрбір тіс тіс доғасында көрші тістермен медиальді және дистальді беткейлерімен түйіседі. Түйісу алаңы көптеген дәрежеде адамның жасына байланысты болады.

Тіс жарып шыққаннан кейін тістер арасында нүктелі жанасу пайда болады. Уақыт өте келе тістер тістердің қызмет ету үрдісі барысында тұрақты үйкеліс нәтижесінде және тістегі физиологиялық қозғалыс әсерінен жанасу аймағы тегістеліп алаңға айналады. Жас ұлғаюына байланысты жанасу беткейінің қажалуына қарай тіс доғасының қысқаруы байқалады.

Дұрыс қалыптастырылған және орналасқан жанасу нүктелері даму үрдісі және тісжегімен бұзылған тістерде дұрыс қалыптастырылған жанасу беткейлері ешқандай күмәнсіз тісаралық қызылиек бүртікшелерін сақтай отырып шайнау үрдісі кезінде пародонт тінін қорғауды қамтамасыз етеді. Одан басқа жанасу нүктелері тіс доғасында тістің тұрақты деңгейін сақтап тұрады.

Жанасу нүктелері күрек және сүйір тістерде вестибулярлы-оральді бағытта күрек тіс сауытының үштен бірінде және де дистальді жанасу нүктесі астыңғы жақ ортаңғы күрек тістен басқасында аздап мазиальді төмендеу орналасады. Астыңғы жақ ортаңғы күрек тістерде сауыт бұрышы белгісі толық болмағандықтан жанасу нүктелері бір деңгейде орналасады. Күрек тістерден басқа барлық тістерде жанасу нүктесі окклюзиялық жазықтықта әр түрлі дәрежеде вестибулярлы жаққа қарай жылжығандықтан тіс сауытының ортаңғы үштен бірінде және вестибулярлы аймақта орналасады. Күрек тістерде жанасу нүктесі сауыттың ортасында орналасқан. Алдын алу шараларын тиімді жүргізу барысында жанасу нүктесін қоршаған кеңістіктің функциональдық маңызын және құрылымын есепке ала отырып тісжегі кезінде қуыстарды егеп тазалау және пломбылауды жүргізу керек. Міне осындай кеңістіктерге амбразур жатады. (1.2 сурет).

1.2.Сурет Амбразурлар: 1 — вестибулярлы амбразура; 2 — оральді амбразура; 3 — окклюзиялық амбразура; 4 — тісаралық қызылиектік аралық (қызылиектік амбразура); 5 — жанасу нүктесі; 6 —қызылиектің бүртікшесінің вестибулярля бөлігі;7 — қызылиек бүртікшесінің оральді бөлігі; 8 — қызылиек бүртікшесінің аралық бөлігі

 

Амбразура — бұл тістердің жанасу нүктесін қоршай орналасқан V-тәрізді кескін көлемі жағынан өте күрделі кеңістік. Олар қалай ашылса солай қарай белгіленеді.

Вестибулярлы, оральді, окклюзиялық және қызылиектік амбразуралар боып бөлінеді. Қызылиектік амбразура тісаралық қызылиек аралығында орналасады.

Вестибулярлы амбразурдың шекарасы көрші тістердің сауытының вестибулярлы жанасу кеңістігінен басталып жанасу нүктесі аймағында бітеді. Вестибулярлы амбразуразурдың окклюзиялық шекарасы окклюзиялық амбразураға қарай өтіп тіс мойынына (кіреуке дентин шекарасы) қарай бағыт алып тісаралық қызылиек аралығына ауысады. Вестибулярлы амбразура кең және қысқа болып келеді.

Оральді амбразура шекарасы көрші тістер сауытының жанасу еңістігі болып табылады. Бұл шекарада жанасу нүктесі аймағында аяқталады. Оральді амбразураның окклюзиялық шекарасы окклюзиялық амбразураға ақарай өтіп, тіс мойынына кіреуке дентин шекарасы) қарай бағыт алып тісаралық қызылиек аралығына ауысады.Оральді амбразура тар және ұзын болып келеді.

Окклюзиялық амбразура көрші тістердің сыртқы еңістігінің жиектік білігінде орналасады және жанасу нүктесіне дейін жетеді. Вестибулярлы және оральді бағытта олар оральді және вестибулярлы амбразураға ауысады.

Қызылиектік амбразура, немесе тісаралық қызылиектік аралық ұшы жанасу нүктесінде болатын, екі жағы көрші тістердің жанасу беткейінен тұратын, ал негізін тісаралық альвеолярлы қалқанша болатын үшбұрышты кеңістік болып келеді.

Қалыпты жағдайда тісаралық қызылиектік аралық толықтай тісаралық қызылиек бүртікшесімен толықтырылған. Вестибулооральді бағыттағы кесіндіде тісаралық қызылиек бүртікшесі вестибулярлы және оральді бөліктен тұрады және олар жанасу нүктесін қоршап тұрған өзара ертоқымды ұстатқыш сияқты байланысады.

Ертоқымды ұстатқыштың ұзындығы күрек тістер бағытына қарай қысқарады. Тісаралық аралықта қандай да бір әрекет жүргізу кезінде тісаралық қызылиек бүртікшесінің ертоқымды бөлігінің түлемейтін эпителимен жабылғандықтан жарақатқа беріктігінің төмен мекенін ескеру керек. Бұл аймақтың құрылым ерекшелігін тістерді пломбылау кезінде тісаралық матрица және интердентальді сынаны қою кезінде де есепке алып отыру керек.

Жанасу нүктесінен басқа тістер жақтардың жыбылуы кезінде де өз ара жанасады. Үстіңгі және астыңғы жақ тістердің жабылу кезіндегі функциональдық қатынасы окклюзия деп аталады.

Окклюзияның негізгі төрт түрін ажыратады: орталық, алдыңғы, оң және сол бүйірлік.

Орталық окклюзия кезінде тістердің өзара жанасуы барынша көп болады. м Окклюзия физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық окклюзия патологиялық окклюзияға қарағанда шайнау, эстетиканы және сөйлеу қызметін толыққанды қамтамасыз етеді.

Амбразураларды, жиектік біліктерді, көрші тістердің окклюзиялық беткейлерінің рельефін және төмпешіктерін, қарсы тістердің және пародонтпен түйісетін тіс сауытының өзара қарым –қатынасының дұрыс қалыптастыруын, тістердің шайнау қызметінің толыққанды болуына жағдай жасайды.

Тістерде тісжегінің пайда болуына ықпал етуші әсерлерді нақтылы түсіну үшін тіс тіндерінің дамуына, құрылымына және қасиетіне шолу жасаған дұрыс.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 483 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІС КІРЕУКЕСІНІҢ, ДЕНТИННІҢ, ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ | ПЕРИОДОНТ | ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІНІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ | Нәтижесін талдау | ТІС ҚАҚТАРЫ МЕН АУЫЗ СҰЙЫҚТЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ | CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. | ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ | ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МАЗМҰНЫ| ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)