Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібі.

Читайте также:
  1. Тақырып. Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
  2. Тақырып. Бала асырап алу тәртібі.

Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар

1. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.

 

Тақырып. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың құқықтық жағдайы.

Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары: өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне; қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына; өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге; тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға; қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға; қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге; өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне; тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.

 

Тақырып. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы нормаларының шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау.

 

Тақырып. Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы катынастарындағы коллизиялық сұрақтар.

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелеу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесінеқабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табылады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 362 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Бала асырап алу тәртібі.| Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыбы мен мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)