Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы 2014 жыл 9 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

+A) Құрсақ қуысын жеткіліксіз санациясы;

B) Құрт тәрізді өсіндіде деструкция болуы;

C) Инфекция вируленттілгінің жоғарлығы;

D) Науқас иммунитеттінің төмендігі;

E) Жеткіліксіз антибиотикотерапия;

 

Науқас 29 жаста, ауру басталғаннан 2 тәуліктен соң жедел аппендицит бойынша операция жасалды. Операцияда құрт тәрізді өсіндінің флегмоналық өзгерісі мен мықын аймағында лайлы сұйықтық анықталды. Хирург аппендэктомиямен шектелді. Операциядан алты күннен соң науқаста тік ішекте ауру сезімі, ауру сезімді зәр шығару пайда болды. Ректальды тексерісте тік ішектің алдыңғы қабырғасында ауру сезімді томпаю байқалды. Лейкоциттер қанда 18мың, температура 38,9. Операциядан кейінгі қандай асқыну пайда болды?

A) Жедел ішек өтімсіздігі;

B) Жедел панкреатит;

+C) Дуглас кеңістігінің абцессі;

D) Жедел ректосигмоидит;

E) Жедел парапроктит;

 

Науқас 58 жаста хирургияныңқабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінен: 9 сағат бұрын эпигастрий бөлімінде ауру сезімі пайда болып, ауру сезімі оң жақ мықын аймағына иррадиацияланды. Науқас ішіне жылу қойып, анальгин ішті, содан ауру сезімі басылды. Екі күннен соң ауру сезімі қайта пайда болды, бүкіл ішке жайылып, көп ретті құсу пайда болды. Науқастың жағдайы ауыр. Есі адасқан, эйфориялы. Пульс 128 соғ/мин., АҚ 95/60 мм.рт.ст. Тілі құрғақ. Іші кернелген, бүкіл аймақта ауру сезімді, әсіресе оң жақ мықын астында. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл бөлімде оң. Лейкоциттер қанда 18мың. Перитониттың ең ықтимал себебі?

+A) Жедел аппендицит;

B) Жедел панкреатит;

C) Жедел холецистит;

D) Жедел ішек өтімсіздігі;

E) Он екі елі ішектің перфорацияланған ойық жарасы;

 

Науқас 60 жаста, 9 сағат бұрын эпигастрий бөлімінде ауру сезімі пайда болып, ауру сезімі оң жақ мықын аймағына иррадиацияланды. Науқас ішіне жылу қойып, анальгин ішті, содан ауру сезімі басылды. Екі күннен соң ауру сезімі қайта пайда болды, бүкіл ішке жайылып, көп ретті құсу пайда болды. Науқастың жағдайы ауыр. Есі адасқан, эйфориялы. Пульс 128 соғ/мин., АҚ 95/60 мм.рт.ст. Тілі құрғақ. Іші кернелген, бүкіл аймақта ауру сезімді. Көбіне оң жақ мықын астында. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл бөлімде оң. Лейкоциттер қанда 18мың. Операцияға дейін қандай ем жүргізіледі?

A) Спазмолитик енгізіп, ауыз қуысын санациялау;

B) Тазалау клизмасы;

C) Парентеральды тамақтану,;

+D) Назогастральды зонд енгізіп, инфузиялы терапия;

E) Ішек перистальтикасын стимулдау;

 

Хирургиялық бөлімшеге этиологиясы белгісіз, клиникалық көрінісі перитонитке келетін 59 жастағы науқас түсті. Диагностикалық мақсатта лапароскопия жасалды. Лапароскопияда құрсақ қуысында аздаған геморрагиялық экссудат пен үлкен шажырқайда майлы некроздың дағы байқалды. Гепатодуоденальды байламдар аймағына қан сінген. Құрсақ қуысынан шыққан экссудаттың құрамында амилаза көрсеткіші көтерілген. Сіздің диагнозыңыз?

A) Перитонитпен асқынған жедел аппендицит;

B) Ішек өтімсіздігі, перитонит;

C) Перитонитпен асқынған жедел холецистит;

+D) Геморрагиялық панкреонекроз, панкреатогенды перитонит;

E) Меккель дивертикулының перфорациясы;

 

Хирургиялық бөлімшеге этиологиясы белгісіз, клиникалық көрінісі перитонитке келетін 59 жастағы науқас түсті. Диагностикалық мақсатта лапароскопия жасалды. Лапароскопияда құрсақ қуысында аздаған геморрагиялық экссудат пен үлкен шажырқайда майлы некроздың дағы байқалды. Гепатодуоденальды байламдар аймағына қан сінген. Құрсақ қуысынан шыққан сұйықтық құрамында амилаза көрсеткіші көтерілген. Геморрагиялық панкреонекроз, панкреатогенды перитонит диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз?

A) Лапаротомия, шажырқай қапшығын дренаждау;

+B) Құрсақ қуысы мен шажырқай қапшығын лапароскопиялық дренаждау;

C) Лапаротомия, ұйқы безінің резекциясы;

D) Сұйықтықты лапароскопиялық аспирациялау;

E) Лапаротомия, панкреатэктомия;

 

Науқас 18 жаста хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген бес сағат бұрын кенеттен эпигастрии аймағында пышақ сұққандай ауру сезімі басталды, кейін ауру сезімі бүкіл ішке таралды. Бұрын асқазан қыжылы мен түнде, аш қарынға ауру сезімі мазалайтын. Тексерісте: іші дем алуға қатыспайды, пальпацияда бүкіл ішінде ауру сезімі байқалады, бұлшықеттердің жайылған қатаюы байқалады, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Бауырлық тұйықтық анықталмайды. Температура 36,6ºС, қандағы лейкоциттер 11,2 мың. Перитониттың пайда болған себебін көрсетіңіз.

A) Жедел аппендицит;

B) Жедел холецистит;

+C) Гастродуоденальды ойық жараның перфорациясы;

D) Жедел ішек өтімсіздігі;

E) Жедел панкреатит;

 

Науқас 48 жаста іштің жоғарғы бөліміндегі белдемелі мінезді ауру сезіміне, жүрек айнуға, көп ретті құсуға шағымданды. Тексерісте: пульс 86 с/мин, ҚҚ 110/70 с/б. Іші аздап кепкен, пальпацияда жоғарғы аймағында ауру сезімі, Мейо-Робсон, Воскресенский симптомдары оң. Лабораториялық сараптаманың қандай көрсеткіштері өзгеру мүмкін?

A) Эритроциттер, гемоглобин;

B) АЛТ, АСТ, холестерин;

C) Тромбоциттер, гематокрит;

+D) Диастаза, лейкоциттер;

E) Ақуыз, креатинин;

 

Науқас 65жаста, төрт күн бұрын жедел калькулезды холецистит, іріңді холангит бойынша операция жасалған. Операциядан кейін жедел панкреатиттің клиникасы байқалды. Басқа дәрілерден басқа науқасқа омепразол тағайындалған. Осы дәрінің жедел панкреатиттегі терапиялық әсер ету механизмі?

A) Ұйқы безі ферменттерінің ингибиторы;

B) Асқазан ішек жолдарының моторлық қызметінің тұрақтандырылуы;

+C) HCl дың панкреатикалық секрецияға ынталандырғыш әсерін бәсеңдетуі;

D) Интоксикация симптомдарын жою;

E) Құсу рефлексін басу;

 

Науқас 25 жаста хирургтың қабылдауында кеуденің оң жақ бөліміндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру сезімі тыныс алғанда және қозғалыста күшейеді, дем алуы қиындаған. Кеше құлаған кезде жарақат алды Тексергенде: бұғана орта сызығының оң жағында,5-6 қабырға проекциясында тері астында гематомасы бар, ауру сезімі, теріасты эмфизема мен крепитация байқалады. Ең ықтимал диагнозыңыз?

A) Ығысуысыз қабырғалардың жабық сынуы;

B) Тері астылық гематома;

+C) Өкпе тінін зақымдалуымен 5-6 қабырғалардың жабық сынуы;

D) Кеуде клеткасының соғылуы;

E) Спонтанды пневмоторакс;

 

Бауыр циррозымен, портальды гипертензиямен 6 жыл бойы ауыратын 47 жастағы науқас әлсіздік, бас айналу мен қан кұсу шағымдарымен хирургияға түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-100 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст. ЭФГДС те өңештің2 дәрежеде варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Науқасқа Блэкмор зонды қойылды, ем тағайындалды. Тағайындалған дәрілердің ішінде вазопрессин тағайындалды. Осы жағдайда дәрінің әсер ету механизмі?

A) Қан ұйығыштығының көтерілуі;

B) Асқазан веналарында тромбтың пайда болуы;

+C) Портальды венадағы қысымның төмендеуі;

D) Вена қабырғаларының тонусының таңдаулы көтерілуі;

E) Фибринолиздың алдын алу;

 

Бауыр циррозымен, порталды гипертензиямен 6 жыл бойы ауыратын 47 жастағы науқас әлсіздік, бас айналу мен қан кұсу шағымдарымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-100 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст. ЭФГДС те өңештің 2 дәрежеде варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Тексеріс барысында қан кету жоқ. Ем тағайындалды. Осы жағдайда тағайындалатын дәрілердің комбинациясын көрсетіңіз?

A) Гепарин, фибринолизин;

+B) СЗП, вазопрессин, гептрал, сандостатин;

C) Реополиглюкин, но-шпа, тромбомасса;

D) Адреналин, преднизолон, полиглюкин;

E) Димедрол, хлорлы Са, преднизолон;

 

Науқас 52 жаста, гастродуоденальды қан кету клиникасымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Тері жабындылары боз, Ps-110 соғ\мин, АД-90\60 мм.рт.ст., Нв-80 г\л ЭФГДС те өңештің 3 дәрежелі варикозды кеңейген веналарынан қан кету байқалды. Науқасқа Блэкмор зонды қойылғаннан кейін және гемостаздық терапия жүргізсе де қан тоқтамады, эндоскопиялық әдістер сәтсіз өтті. Осы жағдайда жасалынатын операцияны көрсетіңіз.

A) Геллер;

B) Сплено-ренальды анастомоз;

+C) Таннер-Пациора;

D) Трансъюгулярлы бауырішілік портожүйелі шунттау;

E) Ниссен;

 

Науқас 67 жаста хирургиялық бөлімшеге асқазанның варикозды кеңейген венасынан қан кету клиникасымен түсті. Бауыр циррозымен портальды гипертензиямен ауырады. Эндоскопиялық склеротерапияда интравазальды тромбовар енгізілді. Осы препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз.

+A) Вена саңылауының облитерациясымен интиманың зақымдалуы;

B) Вена саңылауының кішіреюі;

C) Қан ұйығыштығының көтерілуі;

D) Фибринолиздың басылуы;

Е) Асқазан венасына қан келуінің азаюы;

 

Науқас 46 жаста, оң жақ кеуде бөліміне енген пышақ жарақат бойынша операция жасалды. Алдыңғы бүйірлік торакотомия жасалды.Өкпенің жиегінен 4 см қашықтықта, кіретін жарасы 2,0 см және шығатын жарасы 1,5 см өтпелі жарақат анықталды. Жаралар әр жағынан атравмалық инемен тігілген, өкпе тіні қалпына келді. Операциядан 10 мин өткеннен кейін көп мөлшерде бронхішілік қан кету басталды, интубациялық түтік арқылы көп мөлшерде қан шықты. Реторактомия кезінде жүрек тоқтады. Осы асқынудың себебін көрсетіңіз:

A) Қан ұйығыштығының төмендеуі;

+B) Операция көлемі жеткіліксіз болды;

C) Тамыр тромбының миграциясы;

D) Тігіс материалының дұрыс таңдалмауы;

E) Операцияға ену жолу дұрыс таңдалмады;

 

25 жастағы науқас торакалды бөлімшеге қақырығында қан пайда болу шағымымен түсті. Бір күн бұрын мотоциклден құлаған. Қақырықта тәулігіне бірнеше рет қара қоңыр қан байқалады. Қан сараптамасында: эритр_ 4,3млн, Нв-130 г\л, СОЭ-11мм\сағ. Бірнеше күннен кейін қанмен қақырық шығуы тоқталды, ауруханадан шығарылды. Қанмен қақыру пайда болуының себебі.

A) Өкпе тінінің жыртылуы;

B) Плевра зақымдалуымен қабырғаның жабық сынығы;

+C) Өкпе соғылуы;

D) Бронхтың жыртылуы;

E) Плевраішілік қан кету;

 

Науқас 66 жаста, пышақ жарақаты бойынша операция жасалды. Торакотомияда сол өкпе жарасы тігілді және 1300 мл қан реинфузияға жиналды. Ревизияда диафрагманың 2 смлік жарасы байқалды, құрсақ қуысынан қан келіп жатыр. Диафрагма жарасы және торакотомиялық жара тігілді. Хирургтың келесі қадамы.

A) Диафрагма жарасын тікпес бұрын құрсақ қуысынан қанды аспирациялау;

+B) Лапаротомия, құрсақ қуысындағы ағзалардың ревизиясы;

C) Гемостаздық терапия;

D) Эритроцитарлы массаны құю;

E) Динамикада бақылау;

 

32 жастағы науқас сол жақ кеуде бөлімінің пышақ жарақатымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Тексерісте: бұғана орта сызығымен сол жақта 3 қабырғааралықта аздап қанданып тұрған шаншылған жарақат байқалды. Рентгенограммада сұйықтық деңгейі екінші қабырғаға дейін. Хирургтың тактикасы?

A) Сол жақ плевра қуысын дренаждау;

B) Сол жақ плевра қуысын пункциялау және сұйықтықты аспирациялау;

+C) Шұғыл түрде торакотомия;

D) Динамикада бақылау;

E) Гемостатикалық терапия;

 

Науқас 56 жаста, хирургияның қабылдау бөліміне перитонит, құрсақішілік қан кету клиникасымен жол-көлік апатанын кейін бір сағаттан соң түсті. Операция барысында ашы ішектің шажырқайдан 5 смдей ұзындықта бөлінгені байқалды. Операция көлемін көрсетіңіз.

A) Шажырқайды ішекке тігу;

B) Шажырқай жарасын тігу;

C) Ашы ішектің түйінін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару;

+D) Ашы ішектің резекциясы;

E) Шажырқай аймағын тігу;

 

Науқас 43жаста енген пышақ жарақатымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Операция барысында ашы ішектің бір біріне жақын көптеген жарақаты байқалды, операция көлемін көрсетіңіз.

A) Жараларды тігу, тампондармен шектеу;

B) Жараларды тігу;

C) Илеостома шығару;

+D) Ашы ішектің резекциясы;

E) Жараларды тігіп, шарбы маймен перитонизациялау;

 

Науқас 58 жаста, жедел флегмоналық калькулезды холецистит бойынша бір жыл бұрын операция жасалған. Осы операция себебінен операциядан кейінгі алып вентральды жарық пайда болды. Операция барысында көпкамералы жарық қапшығында ішек пен шарбы майы түйіндерінен тұратын,жарық дефектісі айналасында құрсақ пен тыртыққа жабысқан, күрделі тыртықтық конгломерат байқалды. Осы жағдайдағы хирург тактикасы?

A) Жабысқаннын бәрін ажырату;

+B) Конгломератты резекциялау;

C) Жабысқан түйіндерді ашпай, құрсақ қуысына енгізу;

D) Жағдай операцияға келмейді;

E) Жабыспаларды жарым жарты алу;

 

Науқас 56 жаста, хирургияның қабылдау бөліміне оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауру сезімі мен жүрек айну шағымымен жол-көлік апатынан кейін бір сағаттан соң түсті. Ps – 90 соғ\мин, АД 110/70 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты аймағында ауру сезімі бар. Құрсақ қуысының тітіркену симптомы теріс. Үйге жіберілді. Екі аптадан кейін оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауру сезімінің күшеюіне, сұйық қара түсті нәжіс пен әлсіздікке шағымданып тағы түсті. Жалпы жағдай орташа дәрежелі ауырлықта, тері мен склерасы сарығыштау. Іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты аймағында ауру сезімі бар, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығып тұр. Ps –110 уд\мин, АД 100/60 мм.рт.ст. Қан сараптамасы- эритр- 3,6 млн, Нв- 90 г/л, лейк- 12мың, билирубин-120мкм\л. Per rectum: қаранәжіс. Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз?

A) Капсула астындағы бауыр гематомасы;

B) Бауыр шетінің жыртылуы;

+C) Бауырдың орталық гематомасы;

D) Бауырдың соғылуы;

E) Бауырдың екі этапты жыртылуы;

 

Науқас 25 жаста, төбелестен кейін алты сағаттан соң хирургияның қабылдау бөліміне іш ауыру мен жүрек айну, әлсіздік шағымдарымен түсті. Науқас біршама тежелген. Тері жабындылары боз, бел аймағында жаралар мен қанұйындылары көрінеді. Ps – 100 уд\мин, АД 100/60 мм.рт.ст. Іші бүкіл аймақта ауырады, құрсақ қуысының тітіркену симптомы күдікті,Джойс симптомы оң. Рентгенограммада құрсақ қуысынан тыс эмфизема, бүйрек көлеңкесі анық емес, ішек пневматозы байқалады. Қан сараптамасында: лейк- 18 мың. Науқасқа лапароскопия жасалды, лапароскопияда құрсақ қуысынан тыс гематома мен париетальды және висцеральды жапырақшаларда стеаринды дақтар анықталды. Ең ықтимал диагноз.

A) Ашы ішектің жыртылуы;

B) Тоқ ішектің жыртылуы;

C) Асқазан жыртылуы;

+D) 12 елі ішектің жыртылуы;

E) Қуықтың жыртылуы;

 

Науқас 42 жаста, хирургқа 1 сағат бұрын ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған белдегі түзілісаймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: бел аймағының оң жағында, арқаның жалпақбұлшықетінен төмен, теріастында диаметрі 4 см-дей дөңгелек формалы түзіліс анықталды. Түзіліс жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімі бар, енбейді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) Спигелий сызығының жарығы;

+B) Бел аймағындағы Пти үшбұрышының жарығы;

C) Бел аймағының липомасы;

D) Бел аймағының жедел лимфадениті;

E) Бел аймағының абцессі;

 

Науқас 42 жаста, хирургқа 1 сағат бұрын ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған белдегі түзіліс аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: бел аймағының оң жағында, арқаның жалпақбұлшықетінен төмен, теріастында диаметрі 4 см-дей дөңгелек формалы түзіліс анықталды. Түзіліс жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауру сезімі бар, енбейді Осы жағдайда хирург тактикасы?

A) Шұғыл түрде операциялық ем;

B) Динамикалық бақылау;

C) Консервативті ем;

+D) Жоспарлы түрде операциялық ем;

E) Жедел түрде операциялық ем;

 

Науқас 38 жаста, ауыр көтергеннен кейін бір сағаттан соң жүрек айну, ауыздың құрғауы және бел аймағында ауру сезім пайда болу шағымымен келді. Бұрын сол аумақта түзіліс барын байқаған, ол түзіліс өз-өзімен орнына келетін. Тексерісте: кіндік пен оң жақ мықын сүйекқанатының алдыңғы-жоғарғы нектесі арасындағы сызығының ортасында, тік бұлшықет сыртқы жиегінде 4,0*3,0 см көлемді, ауру сезімді, қозғалмайтын, құрсақ қуысына енбейтін түзіліс анықталды. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A) Қысылған шап жарығы;

B) Алдыңғы құрсақ қуысының липомасы;

+C) Спигелий сызығының қысылған жарығы;

D) Алдыңғы құрсақ қуысының абцессі;

E) Алдыңғы құрсақ қуысының атеромасы;

 

Науқас 47 жаста, гинекологпен хирургқа жолданды. 1 ай бұрын пайда болған үлкен жыныс ернінің ауру сезімі мен үлкеюіне шағымданып келді. Тексерісте: оң жақтағы үлкен жыныс ерні үлкейген, пальпацияда ісіктәріздес түзіліс анықталды. Жөтелгенде, күшенгенде үлкейеді, орнына келеді. Сіздің болжама диагнозыңыз?

+A) Алдыңғы аралығының жарығы;

B) Үлкен жыныс ернінің липомасы;

C) Дермоидті киста;

D)Жедел бартолинит;

E)Жедел парапроктит;

 

Науқас 47 жаста, гинекологпен хирургқа жолданды. 1 ай бұрын пайда болған үлкен жыныс ернінің ауру сезімі мен үлкеюіне шағымданып келді. Тексерісте: оң жақтағы үлкен жыныс ерні үлкейген, пальпацияда ісіктәріздес түзіліс анықталды. Жөтелгенде, күшенгенде үлкейеді, орнына келеді. Осы жағдайда хирургтың тактикасы?

A) Шұғыл түрде оперативті ем;

B) Динамикалық бақылау;

C) Консервативті ем;

+D) Жоспарлы түрде оперативті ем;

E) Жедел түрде оперативті ем;

 

Науқас 48 жаста, аппендикулярлы перитонитке байланысты оперативті ем жүргізілді. Науқас операциядан кейінгі кезеңде энтеральды тамақтануды қашан бастайды?

+A) Ішек қызметі қалпына келгенде;

B) Науқасқа белсенді режим рұқсат етілгенде;

C) Дене температурасы қалпына келгенде;

D) Қан көрсеткіштері қалпына келгенде;

E) Диурез қалпына келгенде;

 

57 жастағы ер адам реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. 3 күн бұрын фибринді-іріңді жайылған перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40 мм.рт.ст., пульс 128 соғ/мин, дем алу жиілігі 36 рет/мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз.Лейкоцитоз- 18мың. Науқас жағдайының ауырлығы немен байланысты?

+A) Сепсистік шокпен;

B) Респираторлы синдроммен;

C) Операциядан кейінгі ішек парезі;

D) Интоксикациялы синдроммен;

E) Адекватсыземмен;

 

Науқас 72жаста, жедел жәрдем дәрігеріне кенеттен ішінде қатты ауру сезімі пайда болуына шағымданады.Бірнеше реет құсу, қанаралас сұйық нәжіс және әлсіздік пайда болды.Жүректің ишемиялық ауруы бар. Іштің жедел патологиясын анықтамаған соң науқас үйде қалдырды.Жағдайы нашарлай берген соң, 10 сағаттан соң дәрігер қайта шақырылды, дәрігер перитонит диагнозын қойды. Перитониттың ең ықтимал себебі?

А) Ішек инвагинациясы;

В) Сигма тәрізді ішектің бұралуы;

С) Асқазан ойық жарасының перфорациясы;

D) Жедел перфоративті аппендицит;

+E) Мезентериальды тамырдың жедел тромбозы;

 

Науқас 67 жаста, операция барысында мықын ішегінің 1метрдей ұзындықта некрозы анықталды. Құрсақ қуысында фибрин аралас геморрагиялық сұйықтық байқалды. Осы жағдайда ең тиімді операцияны түрі?

+А) Біріншілік анастомозбен ішек резекциясын жасау;

В) Стома шығарып өзгерген аймақты резекциялау;

С) Шажырқай түбіне гепарин енгізіп дренаж қалдыру;

D) Программаланған лапаросанация жасау;

E) Тромбэмболэктомия жасау;

 

Науқас 42 жаста, рефлюкс-эзофагитке консервативті емді ұзақ алып жүр. Оған себеп болған көкеттің өңештік тесігінің жарығы. Анамнезінде қан кету болған. Осы жағдайда ең тиімді операция?

A) Бағаналы ваготомия;

B) Эзофагофундоанастомоз;

+C) Ниссен бойынша фундопликация;

D) Бильрот-1 бойынша асқазан резекциясы;

E) Асқазанның проксимальды резекциясы;

 

46 жастағы ер адам «Жедел аппендицит» диагнозымен хирургиялық қабылдау бөліміне жеткізілді. Белге және шап аймағына берілетін оң жақ мықын аймағының ауру сезіміне шағымданады. Лоқсу, бір рет құсу болған және кіші дәретке баруы жиілеген. Қарап тексергенде: пульс – 88 соққы/мин, АҚ – 110/70 мм.сын.бағ., тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші оң жақ мықын аймағында әлсіз қатайған және терең пальпацияда ғана ауру сезімі байқалады. «Псоас» симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Оң жақ мықын аймағының пальпациясында ауру сезімді. Қанда лейкоциттер – 13 мың. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Жедел аппендицит, медиальді орналасуы

+В) Жедел аппендицит, ретроцекальді орналасуы

С) Жедел аппендицит, кіші жамбаста орналасуы

D) Жедел аппендицит, бауыр асты орналасуы

E) Жедел аппендицит, латеральді орналасуы

 

46 жастағы ер адам «Жедел аппендицит» диагнозымен хирургиялық қабылдау бөліміне жеткізілді. Белге және шап аймағына берілетін оң жақ мықын аймағының ауру сезіміне шағымданады. Лоқсу, бір рет құсу болған және кіші дәретке баруы жиілеген. Қарап тексергенде: пульс – 88 соққы/мин, АҚ – 110/70 мм.сын.бағ., тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші оң жақ мықын аймағында әлсіз қатайған және терең пальпацияда ғана ауру сезімі байқалады. «Псоас» симптомы оң. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Оң жақ мықын аймағының пальпациясында ауру сезімді. Қанда лейкоциттер – 13 мың. Осы жағдайда қай мүшенің патологиясымен жедел аппендицитті міндетті түрде диффенциальді диагноз жасау керек?


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СГМУ 03_01_04_қаз | АГМУ 03_01_04_қаз | КРМУ 03_01_04_қаз | Алматы 2014 жыл 1 страница | Алматы 2014 жыл 2 страница | Алматы 2014 жыл 3 страница | Алматы 2014 жыл 4 страница | Алматы 2014 жыл 5 страница | Алматы 2014 жыл 6 страница | Алматы 2014 жыл 7 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алматы 2014 жыл 8 страница| Алматы 2014 жыл 10 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)