Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы 2014 жыл 6 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

A) Ұйқы безінің жаралануы;

B) Бел аймағының жаралануы;

C) Жиек ішегінің жыртылуы;

+D) Сол жақ бүйректің жарылуы;

E) Көк бауырдың жарылуы;

 

Науқас Л., 37 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауру сезіміне, ілсіздікке шағымданып түсті. 3 күн бұрын жаттығу кезінде сол бүйірін соғып алған. Ауру сезімі өздігінше қайтып, аурухана бармаған. Таңертең қатты әлсіреп, басы айналған, суық тер шыққан. Ұарап тексергенде: іші қатайған жіне ауру сезімді. Науқасұа құрсақ қуысының УДЗ жасалған, құрсақ қуысында 700 мл дейін бос сұйықтық анықталған. Науқастағы осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Сол бүйректтің соғылуы

+B) Көкбауырдың жыртылуы

C) Ішектің жыртылуы

D) Құрсақ арты гематома;

E) Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

 

Науқас Н., 64 жаста хирургиялық бөлімшеге кіндік аймағындағы қатты ауру сезіміне және ауру сезімдң ісік тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ауырғанына 3 сағат болған, ауыр зат көттергеннен кейін осы түзіліс пайда болған. Өзі қайта салуға тырысқан, бірақ нәтиже жоқ. Жергілікті: кіндік аймағында жарық шығып тұр, консистенциясы тығыз, қатты ауру сезімді, жөтел түрткісі симптомы теріс. Науқас жедел түрде қысылған кіндік жарығы себебінен операция алынған. Осы жағдайда қандай пластика түрі көрсетілген?

A) Греков бойынша;

B) Бассини бойынша;

+C) Сапежко бойынша;

D) Мартынов бойынша;

E) Напалков бойынша

 

Науқас М., 42 жаста алкогольді көп ішкеннен кейінгі жедел панкреатит клиникасымен хирургия бөлімшесінде стационарлық ем қабылдауда. Интенсивті консервативті терапия өткізілуде. Науқас зерттелген. Стационарлық емнің 5-тәулігінде қанның биохимиялық талдауында және зәр талдауында амилаза деңгейінің төмендеуі және жалпы жағдайының нашарлауы байқалып отыр. Осы жағдайда клинико-лабораториялық көрініске төмендегілердің қайсысы анағұрлым сәйкес?

+A) Ұйқы безінің таралған некрозы дамыды;

B) Ұйқы безінің жалған торсылдағы түзілуде;

C) Қабыну үрдісі регресске бет бұрған;

D) Парапанкреатикалық инфильтрат түзілген;

E) Шарбымай қалтасының абсцессі түзілген;

Науқас Ч. 47 жаста қабылдау бөліміне хирургқа жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қан аралас нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 1 апта боды. Анамнезінде: 3 ай бұрын науқаста жуан ішектің дивертикулы бар.Тексергенде: келбеті сұр, жүрек соғысы минутына 88 рет, АД 110/80, per rectum: нәжісі – қара түсті. Анализінде: эритроциттер 3,1х1012, гемоглобин 103 г/л, гематокрит 33%. Диагностикалық және емдік мақсатта ирригоскопияны өткізуге не көрсеткіш болып тұр?

A) Дивертикулдың жабық қуысында абсцесстің дамуы;

B) Ішек өтімсіздігінің дамуы;

C) Ішкі жыланкөздің дамуы;

+D) Қан кету;

E) Перфорация;

 

Науқас 27 жаста, қабылдау бөлмесіне хирургқа құрсақ қуысының жаншылып-кесілген жарақатымен түсті. ПХО тексерген кезде жарақаттын құрсақ қуысына өткені байқалды. Науқасқа лапаротомия жасалды. Операция кезінде диафрагманың 3,0×1,5 см өлшемінде ақауы анықталды. Осы жағдайда диафрагма жарақатын тігуге қандай тігіс түрі анағұрлым орынды?

A) Үздіксіз айналмалы тігіс;

B) Шетін шетіне түйістірген түйінді тігіс;

+C) П-тәрізді тігіс;

D) Z-тәрізді тігіс;

E) Шмиден тігісі

 

Науқас С., 29 жаста қысылған тік шап жарығы себебінен операция жасалуда. Хирург шап өзегінің артқы қабырғасын қатайтуды шешті. Төменде көрсетілген қай әдісті қолданылуы тиіс?

A) Жирар;

B) Бобров;

C) Напалков;

+D) Бассини;

E) Спасокукоцкий

 

Ер адам 30 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел панкреатит белгілерімен ауруханаға 7 күннен кейін ғана түсті. Үнемі аздаған ауру сезімдері мазасыздандырады, дене температурасы 37,5-37,8,00С. Қарау кезінде: эпигастральды аймақта шегі айқын емес тығыз түзілістің бар екендігі анықталды. Науқасты тексергеннен кейін парапанкреатты инфильтрат анықталды. Осы жағдайда сіздің емдеу тәсіліңіз қандай?

A) Операцияға дайындағаннан кейін лапаротомияға алу;

+B) УДЗ жасай отырып, консервативті терпия тағайындау;

С) Инфильтратқа пункция жасау керек, антибиотик енгізу қажет;

D) Ультрадыбыстық бақылау арқылы инфильтратты дренаждау;

E) Инфильтратты лапароскопиялық дренаждау;

 

Ер адам 44 жаста, 12 елі ішектің ойықжарасы тігілген. Операциядан соң науқас өзін жақсы сезінген. 3 тәуліктен соң іштіңкенеттен қатты ауру сезімі, перитонит белгілері байқалды. Осы жағдайда қандай себеп болуы мүмкін?

A) Ішектің жабысқан тарылуы;

B) Всқазан қабырғасының зондпен зақымдалуы;

С) Операциядан кейінгі панкреатит;

D) Бауыр асты іріңдіктің жарылуы;

+E) Тігілген жараның тігісі нашар болғандықтан;

 

Ер адам 36 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа асқазан ішек жолынан қан кету белгісімен түсті. Анамнезінде бауыр циррозы 5 жыл бойы болған. Эндоскопиялық зерттеу кезінде өңештің төменгі жағының үштен бір бөлігінде қан кету анықталды. Науқасқа Сенстакен-Блейкмор зонды қойылды, қан кету тоқталды, бірақ қауіптілік әлі төніп тұрды. Төменде аталғандардың қайсысын қан кету рецидивінің алдын алу үшін науқасқа тағайындау қажет?

+A) Өңеш тамырын эндоскопиялық түрде тығындау;

B) Гемостатикалық және алмастырылатын терапияны күшейту;

C) Торакотомия жасау өңеш тамырын тігу;

D) Сенстакен-Блейкмор зондын тез арада алып тастау қажет;

E) Портокавальды анастомозды тез арада қою қажет;

 

Ер адам А., 67 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа оң жақ шат аумағында ауру сезімінің бар екендігіне, әлсіздікке, және дене температурасының жоғары екендігіне шағымданып түсті. 3 тәулік бойына ауырған. Анамнезінен: жарық 12 жыл бойына бар. Қарау барысында оң жақ шат аймағында жарықтың сыртқа шығып тұрған жері бар, ауырады, кернелген, айналасы ісініп қызарған. Мынадай диагноз қойылды: жарық мүшегінің флегмонасы бар шат жарығының қысылуы. Науқасқа жедел түрде операцция тағайындалды. Осы жағдайда жасалынатын операция түрін атаңыз:

A) Ішектің көп бөлігін кесіп алып тастау;

+B) Операцияны таза және лас кезеңдеріне бөлу қажет;

C) Ілмектік энтеростома салу қажет;

D) Ішектік анастомозды тек бүйірден ғана қалыптастыру қажет;

E) Бастапқыда жарық мүшегінің флегмонасын тілу қажет;

 

Ер адам 35 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштің қатты ауру сезіміне, құсқандығына, нәжісі мен жел жүрмегендігін шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: аппендэктомия. Қарау барысында: науқас мазасызданып тұр, өңі бозғылт, суық тер шығады. АҚҚ 90/60. Іші қатты, ауырады. Шолулық рентгенографияда іш қуысында көптеген Клойбер тостағаншалары мен ішек аркасы бар. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

A) 12 елі ішектің тесілген жарасы;

+B) Ішектің жедел тарылуы;

C) Паренхиматозды мүшенің жарылуы;

D) Жедел деструктивті панкреатит;

E) Мезентериальды тамырлардың тромбозы

 

Жедел гастродуоденальді қан кетудің шарықтау кезеңінде науқастарда ауру сезімінің азаюы қалай аталады?

+A) Бергман симптомы;

B) Ровзинг симптомы;

C) Ортнер симптомы;

D) Керте симптомы;

E) Мюсси симптомы

 

Науқасты зерттеп тексергенде Грегерсен сынамасы тағайындалды. Бұл зерттеу әдісі қандай мақсатпен тағайындалды?

+A) Нәжістегң жасырын қанды анықтау;

B) Иммунодефицитті жағдайды анықтау;

C) Зәрде атипті клеткалардың барын анықтау;

D) Қан кету кезінде сұйықтық жеткіліксіздігін анықтау;

E) Қан кету кезінде қышқыл-сілті тепе-теңдігін анықтау

 

12 елі ішек ойық жарасының ұйқы безі басына пенетрациясы себебінен болған асқазан резекциясы операциясы кезінде анағұрлым қиын операция кезеңі қандай?

A) Асқазан мобилизациясы;

B) Сол асқазан артериясын байлау;

C) Мезоколон терезесінде анастомозды бекіту;

D) Гастроэнтероанастомозды түзу;

+E) 12 елі ішектің тұқылын түзу

 

Әйел адам, К., 79 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа уланудың айқын белгілерімен түсті. Шағымдары мен анамнезін анықтау мүмкін болмады. Қарау кезінде:терісі құрғақ, тері тургоры төмендеген, тамыр соғысы минутына 100, АҚҚ 90/60. Іші жұмсақ, сол жақ төсінің астында ауру сезімі бар. Қан талдауында: лейкоциттер 18,6х109, эритроциттер 3,4х1012, гемоглобин 109 г/л, гематокрит 32%, креатинин 260 ммол/л., амилаза 140 ммоль/л, билирубин 47 ммоль/л. Науқасқа диагностикалық лапароскопия жасалынды, осы кезде аздаған мөлшерде геморрагиялық сұйықтық анықталды. Аш ішектің серозы сұр түсті, кей жерлерде қып-қызыл. Осы клиникалық көрініс қандай ауру түріне тән болып табылады?

A) Майлы панкреонекрозға;

B) Геморрагиялық панкреонекроз;

+C) Мезентериальды тамыр тромбозы;

D) Крон ауруы, терминалды илеит;

E) Бейспецификалық жаралық колит;

 

Қабылдау бөліміне асқазанның ойық жарасының жабылып қалған тесілуіне күмін тудырып тұрған науқас түсті. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісі жасалуы тиіс?

A) Лапароцентез;

+B) Пневмогастрография;

C) Құрсақ қуысыны УДЗ;

D) Компьютерлі томография

E) Магнитті-резонансты томография

 

Еркек С., 56 жаста қабылдау бөліміне хирургқа эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде Турнер симптомы анықталады. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға тән?

A) Алақандағы малина түстес дақтар;

B) Іштің жатық жерлерінде тұйықталу;

+C) Іштің бүйір беткейлерінің цианозы;

D) Бөксе мен сандарында петехиальді бөртпе

E) Эпигастрий аймағында перкуссия кезіндегі ауру сезімі

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 26 жастағы С. ер адам ауруына 16 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Анамнезінде: ішек- қарын ауруы бар. Объективті қарап тексергенде дәрігер оң Мейо-Робсон симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

A) Оң қабырға доғасын соққылағанда ауру сезімі;

B) Бұғана үсті аймақты басқанда ауру сезімнің күшеюі;

C) Іштің бүйір беткейлерінде күлгін дақтар;

+D) Сол қабырға-омыртқа бұрышында ауру сезім;

E) Мезогастрий аймағының терісінін цианозы

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы Я., ер адам ауруына 12 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Анамнезінде: майлы тамақ ішкен.Объективті қарап тексергенде дәрігер науқаста оң Керте симптомы анықтады. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

A) Беттегі эритематозды бөртпе;

B) Іштің сол бөлігінің ісінуі;

C) Эпигастрий аймағының аускультациясы кезінде шылпыл шуылы;

+D) Көлденең тоқ ішек бойымен жергілікті ісіну;

E) Ию бұлшықеті аяқшаларының арасын пальпациялағанда ауру сезімі

 

 

Қабылдау бөліміне 34 жастағы Б., ер адам ауырғанына 18 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде дәрігер науқаста оң Френкель симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

A) Сол қабырға доғасын соққылағанда ауру сезімі;

+B) Семсер тәрізді өсіндіні соққылағанда арқадағы ауру сезімі;

C) Перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының жоғалуы;

D) Сол қабырға-омыртқа бұрышында ауру сезім;

E) Іштің бүйір беткейлерінде күлгін дақтар;

 

55 жасар ер адам В., жедел панкреатитке күмән туып тұр. Төмендегілердің қайсы анализді болжамды диагноз қою үшін жасау анағұрлым орынды?

A) Трипсинді анықтау;

+B) Амилазаны анықтау;

C) Қантты анықтау;

D) Лейкоциттерді анықтау;

E) Билирубинді анықтау;

 

Хирургия бөлімшесіне жедел панкреатит клиникасымен 36 жастағы науқас жатқызылды. Жүргізілген кешенді интенсивті ем фонында динамикада науқастың жағдайы жақсарған жоқ. Интоксикация симптомдары өсті: шөлдеу, әлсіздік, тахикардия. Асқазандағы ауру сезімі ұлғайды, бұлшықеттің тырысуы, терінің сарғаю байқала бастады.Төмендегі асқынулардың қайсысы жедел оперативті емге көрсеткіш бола алады?

A) Парапанкреатикалық инфильтрат;

+B) Іріңді перитонит клиникасының үдеуі;

C) Бауыр-бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы;

D) Панкреатогенді делирийдің дамуы;

E) Гепато- ренальды синдромның қосылуы;

 

Жоғарғы дәлелдеу негізі бар детоксикацияның қай әдісі ауыр панкреонекоз фонында жайылған іріңді перитониті бар науқасқа көрсетілген?

A) Перитониальді диализ;

B) Форсирленген диурез;

C) Спленосорбция;

D) Плазмаферез;

+E) Гемосорбция

 

Операциядан кейін науқасқа жедел геморрагиялық панкреонекроз диагнозы қойылды. Операция үстіндегі қандай белгілер бұны дәлелдейді?

A) Шарбымай қалтасында іріңді экссудаттың болуы;

B) Париетальді ішастардың жасылға боялуы;

+C) Ұйқы безінің қою қара түсі мен ісінуі;

D) Көлденең тоқ ішек шажырқайының ісінуі;

E) Серозды сүйықтық және бздегі стеатонекроздар

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 53 жастағы ер адам В., эпигастрий аймағындағы және сол қабырға астындағы белдемелі қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданып түсті. Объективті қарап тексергенде Баос симптомы анықталды. Төмендегілердің қайсысы бұл симптомға сәйкес?

+A) Сол жақтан омыртқа тұсында 9-10 қабырғааралықта ауру сезімі;

B) Алдыңғы құрсақ қабырғасының венозды суретінің күшеюі;

C) Мезогастрийде құрсақ қабырғасының ригидтілігі;

D) Іштің жоғарғы бөлігіндегі ісіну;

E) Кіндіктің цианотикалық дақтары;

 

76 жастағы У., әйел адам хирургиялық бөлімшеге ауру басталғаннан 6 тәуліктен кейін обтурациялық ішек өтімсіздігі көрінісімен науқас түсті. Операция алды дайындау мақсатында науқасқа қандай емдік шаралар жасалуы тиіс?

A) Пpомедол енгізу және новокаинді блокада;

B) Ақуыз препараттары мен спазмолитиктер енгізу;

C) Аналгетиктер енгізу және сифонды клизма жасау;

+D) Су-электролит бұзылыстарын коppекциялау;

E) Ішек моторикасын күшейтетін препараттар енгізу

 

Науқасқа жайылған перитонит себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқасқа энтеральді тамақтандыруды қашан бастау керек?

+A) Ішек қызметі қалпына келгенде;

B) Науқасқа белсенді тәртіп рұқсат етілгенде;

C) Дене температурасы қалпына келгенде;

D) Қан көрсеткіштері қалпына келгенде;

E) Дене температурасы қалпына келгенде;

 

Аппендикулярлы перитониті бар науқасқа операция жасау барысында құрсақ қуысы тампондау және дренаждау керек деген шешім қабылданды. Бұл тактика қандай перитонит кезінде көрсетілген?

A) Шіріген перитонитте;

B) Жайылмалы іріңді перитонитте;

C) Жайылмалы нәжісті перитонитте;

D) Шектелмеген сеpозды перитонитте;

+E) Жергілікті шектелген іріңді пеpитонитте;

 

Хирургиялық бөлімшеге науқас С., 39 жаста шап-ұма аймағындағы ісік тәрізді түзіліске, түзіліс аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түсті. Бұл шағымдар ауыр көтергеннен кейін пайда болған. Жергілікті: оң шап аймағында ұмаға таралатын түзіліс пальпацияланады, ұма көлемі үлкейген, қатты ауру сезімді. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

A) Қысылған тік шап жарығы;

B) Жедел орхоэпидидимит;

C) Аталық без қабықтарының іріңді қабынуы;

+D) Қысылған шап жарығы;

E) Орнына түспейтің шап жарығы;

 

Абылдау бөліміне науқас әлсіздікке, бас айналуға, ауырғанына 3 сағаттан кейін кофе түстес құсуға, мелена нәжіске шағымданып түсті. Науқасқа диагнозды нақтылау үшін төмендегілердің қайсысын бірінші кезекте жасау тиіс?

A) Жедел колоноскопия;

+B) Фиброэзофагогастроскопия;

C) Нәжістегі жасырын қан анализіне;

D) Асқазанның контрастты рентгеноскопиясы;

E) Гемоглобин мен гематокритті анықтау;

 

41 жастағы Т., ер адам өабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 15 сағаттан кейін іштегі, әсіресе кіндік аймағындағы ауру сезіміне, көп реттік құсуға, ішектің ісінуіне, нәжіс пен газ жүрмеуіне шағымданып түсті. Объективті қарау және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижесінде жедел ішек өтімсіздігі өтімсіздігі диагнозы қойылды. Науқаста ішек өтімсіздігінің қай деңгейі анағұрлым ықтимал?

A) Төмен жуан ішек өтімсіздігі;

B) Жоғарғы жуан ішек өтімсіздігі;

+C) Жоғарғы жіңішке ішек өтімсіздігі;

D) Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінің өтімсіздігі;

E) Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің өтімсіздігі;

 

Қабылдау бөліміне науқас ішек өтімсіздігіне күмәнмен түсті. Ректальді зерттеу кезінде тік ішек ампуласының бос екені және артқы тесіктің кеңеюі анықталды. Бұл көрініс қандай симптомға сәйкес?

A) Габай симптомы;

B) Вааль симптомы;

C) Скляров симптомы;

D) Куленкампф симптомы;

+E) «Обухов ауруханасы» симптомы

 

Науқас63 аста қабылдау бөліміне хирургқа іштегі ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға, бір реттік сұйық нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 7 сағат болған. Қарап тексергенде дәрігер шат үстіндегі ауру сезімді анықтады. Қан анализінде лейкоциттер – 9,0х109. Зәр анализінде – 10-15 лейкоциттер көру алаңында. Осы жағдайда қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Жедел пиелоцистит;

B) Жедел гастроэнтерит;

+C) Жедел аппендицит;

D) Жедел зәрдің тоқтауы;

E) Жедел пиелонефрит;

 

Еркек адам 73 жаста қысылған шап жарығы себебінен жасалған операция барысында жарық қабының ішінде некроз белгілері бар жіңішке ішек ілмегі анықталды. Қысылу орнынан қандай қашықтықта келетін ішек бөлігін резекциялау қажет?

A) 10 см қашықтықта

B) 20см қашықтықта

C) 30 см қашықтықта

+D) 40 см қашықтықта

E) 60 см қашықтықта

 

Науқас 52 жаста жедел панкреатиті бар науқасқа интенсивті консервативті ем кешені жүргізілуде,ем барысында науқастың қан анализдерінде гипергликемия және глюкозурия пайда болды. Төменде көрсетілген науқастағы өзгерістер нені дәлелдейді?

A) Ферментативті перитонит дамыған;

+B) Бездің аралшық аппараты зақымданған;

C) Инфицирленген панкреонекроз дамыған;

D) Ағзаның инсулинді қабылдамауы;

E) Бауыр жеткіліксіздігі дамыған;

 

Төмендегілердің қайсысы өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету кезінде портальді қысымды төмендету үшін қолданылады?

A) Этоксисклерол;

B) Фамотидин;

+C) Сандостатин;

D Пантопрозол;

E) Варикоцид;

 

Хирургиялық бөлімшеге 38 жастағы ер адам асқазан-ішек жолынан қан кетумен келіп түсті. ЭФГДС жасағаннан кейін Меллори-Вейс синдромы диагнозы қойылды. Бұл синдром кезінде анағұрлым жиі локализация қандай?

A) Өңештің абдоминальді бөлігі;

+B) Асқазанның кардиальді бөлігі;

C) Асқазанның антральді бөлігі;

D) Асқазанның пилорикалық бөлігі;

E) Асқазан денесінің кіші иіні

 

Жедел аппендицитке күмән тудырған науқасты қарап тексергенде: дәрігер ішті пальпациялағанда алақанды алдыңғы құрсақ қабырғасынан алғанда ауру сезімнің күшеюі байқалады. Төменде аталған симптомдардың қайсысына бұл көрініс тән?

A) Ровзинг;

B) Раздольский;

C) Ситковский;

+D) Воскресенский;

E) Щеткин – Блюмберг;

 

Механикалық сарғаюы бар науқасты операция алды дайындық барысында сарғаюдың себебін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?

A) Ядролы-магнитті томография;

B) Позитронды-эмиссионды томография;

+C) Ретроградты холецистопанкреатография

D) Тамырішкілік холецистохолангиография;

E) Ретроградті холангиопанкреатография;

 

Ер адам 35 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің қатты ұстамалы ауру сезіміне, құсқандығына, іштен жіл мен нәжістің жүрмегендігіне шағымданып түсті. Спортпен айналысып жатқанда аяқ астынан ауырған. Анамнезінде аппендэктомия жасалынған. Қарау кезінде: науқас мазасызданған, өңі бозғылттанған, суық тер шығады. АҚҚ 90/60 тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші қатты. Ауырады. Осы жағдайда бірінші қандай зерттеу түрін жүргізген дұрыс?

A) Тік ішекті саусақ арқылы тексеру;

B) Бариймен асқазан ішек жолына рентгеноскопия жасау керек;

C) Іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жасау;

+D) Іш қуысына шолулық рентгенография жасау;

E) Жедел диагностикалық лапароскопияны жасау;

 

12 елі ішек ойық жарасының қандай асқынуына науқастың аяғын ішке тартып мәжбүр қалыпта болуы және тақтай тәрізді іш тән?

A) Стенозға;

B) Пенетрацияға;

+C) Перфорацияға;

D) Қан кетуге;

E) Малигнизацияға

 

45 жастағы И., науқас хирургиялық бөлімшеге асқазан бөлшегінің созылмалы гигантты ойық арасынан қанкетудің себебінен геморрагиялық шок белгілерімен ауыр жағдайда түсті Бірақ жүргізілген консервативті шаралар сенімді гемозтазға қол жеткізген жоқ. Бұл жағдайдағы әрі қарайғы қандай емдік тактика анағұрлым орынды?


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КазНМУ 03­_01_04_ каз | МАУ 03_01_04_каз | Шымкент | СГМУ 03_01_04_қаз | АГМУ 03_01_04_қаз | КРМУ 03_01_04_қаз | Алматы 2014 жыл 1 страница | Алматы 2014 жыл 2 страница | Алматы 2014 жыл 3 страница | Алматы 2014 жыл 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алматы 2014 жыл 5 страница| Алматы 2014 жыл 7 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)