Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы хирургия 3 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

D) Инвагинация;

E) Нефроптоз;

 

Науқас В. 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа дефекация кезінде қан кетуге шағымданып келді. Дефекацияның аяғында күнделікті 30 мл қан тамшылап ағады. Ауырғанына 1 ай болды. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Көтеу;

B) 12 елі ішек ойық жарасы;

C) Крон ауруы;

D) Тік ішек обыры;

+E) Артқы тесік сызаты;

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы науқас П. 38,0 С дейін дене температурасының жоғарлауына, оң мықы аймағының тартып ауруына, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас сұйық нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен бірнеше рет амбулаторлы емделген. Перитонеальді симптом дар оң. Қан анализінде: - лейкоцитоз 11,2 дейін, таяқша ядролы нейтрофилдер - 26%, ЭТЖ - 22 мм/ч, эозинофилдер - 0. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

+A) Крон ауруы;

B) Жедел аппендицит;

C) Жедел гастроэнтерит;

D) Бейспецификалық жаралы колит;

E) Шажырқай тамырларының тромбозы;

 

Науқас А. 23 жаста, емханаға хирургқа түнде болатын тұншықтыратын, отырып ұйықтауға мәжбүрлейтін жөтелге шағымданып келді. Таңертең жастығы су болып тұрады. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Кардиоспазм;

B) Бронхоспазм;

C) Өңеш стриктурасы;

D) Бронхоэктазды ауру;

E) Эзофаготрахеальді жыланкөз;

 

Науқас М. 78 жаста, емханадағы хирургқа төс артындағы күйдіру, ауру сезімдеріне, қыжылдауға шағымданып келді. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы ауырады, соңғы жағдайының нашарлау 7 ай бойы. Төсекте жатқанда бұл көріністер күшейе түседі. Науқаста төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Кардия ахалазиясы;

B) Өңеш ісігі;

+C) Рефлюкс эзофагит;

D) Асқазанның ойық жара ауруы;

E) Өт-тас ауруы;

 

49 жастағы науқасқа дәрігер шағымдарына, ауру анамнезіне, қарап тексеру нәтижесіне сүйене отырып эрозивті-геморрагиялық эзофагит болжам диагнозын қойды. Осы науқасқа диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жасау қажет?

A) Кеуде торының шолу рентгенографиясын;

B) Өңеш, асқазан, 12 елі ішек рентгеноскопиясын;

+C)Эндоскопиялық зерттеу;

D) Компьютерлі томографиясын;

E) Эзофагоманометрия;

 

Науқас А. 23 жаста, дәрігер кардиоспазмға күмәнданып тұр. Науқасқа диагнозын нақтылау үшін қандай инвазивті емес зерттеу әдісін жасау қажет?

+A) Өңеш рентгеноскопиясы;

B) Ультрадыбыстық зерттеу;

C) Компьютерлі томография;

D) Эзофагоманометрия;

E) Эзофагоскопия;

 

Науқас И. 76 жаста, емханадағы хирургқа ауру сезіміне, қыжылдауға, кекіруге, тамақпен құсып тұруына шағымданып келді. Анамнезінен: 4 ай бұрын қанмен құсу болған. Эрозивті эзофагит бойынша емделген. Науқасқа қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте өткізу қажет?

A) Ультрадыбыстық зерттеу;

B) Эндоскопиялық зерттеу;

C) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

D) Кеуде торының шолу рентгенографиясы;

+E) Полипозиционды өңеш рентгеноскопиясы;

 

Науқас Е. 67 жаста, емханаға жыл сайын болатын диспансеризацияға шақырылды. Тексергенде кездейсоқ диафрагманың өңештік тесігінің жарығы анықталды. Аурудың клиникалық көрінісі болмаған. Осы науқасқа қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

A) Қатаң емдәм сақтау;

B) Санаторлы-курортты ем;

C) Хирургиялық емге бағыттау;

D) Консервативті ем көрсетілген;

+E) Динамикада бақылау көрсетілген;

 

Науқас Е. 67 жаста, емханадағы хирургқа тұрақты қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданып келді. Рефлюкс эзофагит себебінен бірнеше рет стационарда емделген. Жақсаруы жоқ. Қосымша зерттегенде науқаста ауыр дәрежелі эзофагитпен жүретін диафрагманың өңештік тесігінің жылжымалы жарығы анықталған. Осы жағдайда науқаста қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

A) Бөлшектеп ішетін қатаң емдәм тағайындау;

B) Қайталама консервативті ем тағайындау;

C) Санаторлы-курортты ем тағайындау;

+D) Хирургиялық емге бағыттау;

E) Өңешті буждау өткізу;

 

Науқас К. 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тамақтағы (жұтқыншақтағы) ауру сезіміне, жұтқанда қиналу сезіміне, тамақтың өтпеуіне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 2 тәулік болған. Алдында кәуап жеп, шарапты көп мөлшерде қабылдаған. Науқаста аурудың қандай себебі анағұрлым ықтимал?

A) Рефлюкс эзофагит;

+B) Өңештегі бөгде зат;

C) Өңеш дивертикулдары;

D) Кардия ахалазиясы;

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;

 

Науқас К. 37 жаста, шағымдарына, анамнезіне, клиникалық және зерттеу көрінісіне сүйене отырып, өңештің жоғарғы 1/3-де бөгде зат деген диагноз қойылды. Осы науқаста әрі қарайғы емдік тактика қандай болуы тиіс?

A) Парентеральді тамақтану көрсетілген;

+B) Эндоскопиялық алып тастау көрсетілген;

C) Шұғыл торакотомия көрсетілген;

D) Тек сұйық тамақ ішу көрсетілген;

E) Өңешті буждау көрсетілген;

 

Науқас К. 37 жаста, мас болғанда 1 түйір етті шайнамай жұтып қойған. Өңештің жоғарғы 1/3-дегі бөгде зат (түйір ет) эзофагоскопия кезінде бөлшектеу әдісімен алынды. Келесі күні науқаста жоғарғы температура, жұтқанда ауру сезімі байқалды. Қарап тексергенде: мойын аймағында ісік, қатты ауру сезімі, тері асты крепитация, АҚ 100/60, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 20 рет 1 мин. Қан анализінде: лейкоциттер-17,5х109. Науқастағы осы жағдай немен шақырылған?

A) Эзофагитпен;

B) Кардиоспазммен;

+C) Өңештің зақымымен;

D) Кеудеаралық эмфиземасымен;

E) Шараптың суррогаттарымен улану;

 

Науқас С. 25 жаста, емханадағы хирургқа тамақ ішкенде қиналуына, құсуға, дене салмағының азаюына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 ай бұрын суицид мақсатында сірке қышқылын ішкен. Өңеш рентгеноскопиясы кезінде өңештің төменгі 1/3 тыртықты стриктурасы анықталды. Науқасқа осы жағдайда қандай емдік тактиканы қолдану анағұрлым орынды?

A) Еюностомия салу;

B) Гастростомия салу;

C) Өңеш резекциясын жасау;

+D) Өңешті буждауды өткізу;

E) Өңешті экстирпациясын жасау;

 

Науқас У. 68 жаста, 2 жыл бойы фибринозды- жаралы эзофагитпен ауырады. Қолданып жатқан консервативті терапия нәтежесіз. Науқас хирургиялық емге жіберілді. Науқасқа қандай операция анағұрлым орынды?

+A) Эзофагофундопликация;

B) Асқазан резекциясы;

C) Бағаналық ваготомия;

D) Өңеш резекциясы;

E) Гастростомия;

 

Науқас В. 56 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындығына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: алдында шарап ішкенде бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру, қатты ауру сезімдері, ентігу болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 22 рет 1 мин. Бұғана үсті және асты аймақтарда тері асты эмфиземасы бар. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Миакард инфаркті;

+B) Өңештің спонтанды жыртылуы;

C) Стэнокардияның кернелуі;

D) Ауыр рефлюкс эзофагиті;

E) Ішімдік сурагатымен улану;

 

Науқас В., 56 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы вуру сезіміне, жұтынудың қиындауына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: жуырда шарап қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру мен ауру сезімдері, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 рет 1 мин., ТЖ 22 рет 1 мин., бұғана үсті және асты аймақтарында тері асты эмфиземасы анықталады. Осы жағдайда науқасқа бастапқы зерттелудің қайсысы көрсетілген?

А) Диагностикалық торакоспоия;

B) Эндоскопиялық зерттеу;

С) Электрокардиография;

+D) Кеуде торының 2 проекцияда рентгенографиясын жасау;

Е) Кеуде қуысытарының УДЗ жасау;

 

Науқас В., 56 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы вуру сезіміне, жұтынудың қиындауына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: жуырда шарап қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру мен ауру сезімдері, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 рет 1 мин., ТЖ 22 рет 1 мин., бұғана үсті және асты аймақтарында теріасты эмфизема анықталады. Шолу рентгенографиясы кезінде сол плевра қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады. Диагнозды нақтылау үшін төмендегілердің зерттелудің қайсысы жасалуы тиіс?

А) Диагностикалық торакоскопияны жасау;

B) Плевра қуысының пункциясын жасау;

С) Сол жақтан плевра қуысының УДЗ жасау;

D) Плевра қуысына КТ жасау;

+Е) Өңештің рентгенконтрастты зерттеуін жасау;

 

22 жастағы науқас С. колопроктологиялық бөлімшеге Крон ауруына күмәнмен жатқызылды. Осы науқасқа колоноскопия жасағанда қандай макроскопиялық суретті дәрігер көре алады?

A) Сызат;

+B) Эрозиялар;

C) Бойлық жара;

D) Көптеген полиптер;

E) Шырышты қабат өзгеріссіз

 

 

44 жастағы әйел емханадағы хирургқа өңештің күйіктен кейінгі тарылуы клиникасымен жатқызылды. Анамнезінде 1-жыл бұрын суицид болған. Науқасқа бұрын буждау жасаған. Түскен кезде 18 кг азып сусызданған. Осы жағдайда қандай іс шаралар қолдану орынды?

А) Күндізгі стационарда ем қабылдауды тағайындау

В) Тағамдық клизмалар тағайындау;

+С) Хирургиялық емдеуді тағайындау;

D) Өңешті қайта буждау;

Е) Сұйық - бөлшекті тамақтануды тағайындау;

 

Науқас А. 37 жаста жүрек аймағында болып тұратын ауру сезіміне, тахикардия және ентігумен қатар жүретініне шағымданады. Кардиолог дәрігерінде үнемі емделеді, бірақ медикоментозды емнен әсер болған жоқ. Кеуде торының рентгенографиясында диафрагма күмбезінің жоғары тұруы анықталады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Перикард торсылдағы;

В) Созылмалы бронхит;

+С) Диафрагма релаксациясы;

D) Созылмалы панкреатит;

E) ЖИА. Жүктеме стенокардиясы;

 

Науқас О., 27 жаста хирургқа кеңес алуға жіберілді. Тахикардия және ентігумен қатар жүретін жүрек аймағында болып тұратын ауру сезіміне шағымданады. Вегето-тамырлық дистониядан учаскелік терапевтте үнемі емделеді, бірақ медикоментозды емнен әсер болған жоқ. Соңғы кезде жағдайы нашарлаған, дисфагия қосылған. Осы жағдайда сіздің іс- әрекетііңіз қандай?

А) Бронхография тағайындау;

В) Коронарография жасау;

+С) Өңеш рентгеноскопиясын жасау;

D) Кардиология бөлімшесіне жолдау;

Е) Жүректің ультрадыбыстық зерттеуін жасау;

 

Емханадағы хирургқа 56 жасар науқас И. іш аймағындағы түзіліске және ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен 5 жыл бойын ауырады, бірақ соңғы кезде түзіліс үлкейе бастаған. Дәрігер қарап кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Горизонтальді қалыпта кішірейеді. Науқаста анғұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

А) Кіндік жарығы;

+В) Іштің ақ сызығының жарығы;

С) Іштің тік бұлшықеттерінің диастазы;

D) Алдыңғы құрсақ қабырғасының липомасы;

Е) Алдыңғы құрсақ қабырғасының атеромасы;

 

Науқас И., 56 жаста емханадағы хирургке диспансерлік қаралуға келді. Дәрігер қарап кіндіктен жоғары іштің ортаңғы сызығы бойынша өлшемі 5,0х6,0 см болатын жұмсақ-эластикалық түзілісті анықтады. Анамнезінен түзілістің пайда болғанына 5 жыл болған, бірақ соңғы кезде үлкейе түскен, ауру сезімі жоқ. Дәрігер іштің ақ сызығының жарығы деген болжам диагноз қойды. Осы жағдайда сіздің іс- әрекетіңіз қандай?

А) Колоноскопия тағайындау;

В) Бандаж тағуды ұсыну;

+С) Жарықты алып тастау операциясына жолдау;

D) Ультрадыбыстық зерттеу тағайындау;

Е) Клизманы және қайталама қаралуды тағайындау;

 

Науқас 65 жаста емханадағы хирургқа алдыға енкейгенде және горизонтальді қалыпта күшейетін төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Тұрғылықты жеріндегі терапевтте стенокардия бойынша бірнеше жыл қаралуда. Ауру сезімі қыжылдаумен, кекірумен және тамақ аралас лоқсумен қоса жүреді. Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бастапқы оңтайлы?

А) Коронарография;

В) Эхофонокардиография;

С) Кеуде торының рентгенографиясы;

D) Жүректің ультрадыбыстық зерттеуі;

+E) Өңештің рентгенологиялық зерттеуі;

 

Науқас Н, 43 жаста емханадағы хирургқа асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды. Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Кардии ахалазиясы;

В) Диафрагма релаксациясы;

С) Жүректің ишемиялық ауруы;

+D) Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы;

Е) Бел-қабырға кеңістігінің жарығы;

 

Науқас С., 30 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде ұлғайған бауыр пальпацияланады, тері жамылғыларының сарғыштығы байқалады. УДЗ кезінде гепатоспленомегалия, құрсақ қуысыныда бос сұйықтық анықталады. Науқасқа қандай қосымша инвазивті емес зерттеу әдісін жүргізу қажет?

А) Эндовидеколоноскопия;

+В) Компьютерлі томография;

С) Эзофагогастродуоденоскопия;

D) Мезентерикоспленопортография;

E) Лапароскопия және бауыр биопсиясы;

 

Науқас Н, 43 жаста емханаға хирургқа асқазан аймағындағы, кеуде торындағы, сол қабырға астындағы ауру сезіміне, тойып тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ентігуге және жүрек қағуға шағымданады; кеуде торында сол жақтан жиі бүлкілдеу және құрылдау болатынын, горизонтальді қалыпта ентігудің күшейетінін атап өтті. Тамақтан кейін жеген тамағын құсып тастайды. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығына күмән туды. Науқасқа осы жағдайда қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

А) Видеоэзофагогастроскопия;

В) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

С) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі;

+D) Асқазанның полипозиционды рентгеноскопиясы;

E) Құрсақ қуысының магнитті-резонансты томографиясы;

 

Науқас Л., 77 жаста емханаға хирургқа іш кебуге, дефекацияның қиындауына, нәжістен кейін ауру сезімі мен алқызыл қанның болатынына шағымданады. Тік ішекті саусақпен тексергенде сфинктерден 7 см қашықтықта қуыстың тарылтатын түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

А) Аноскопия;

В) Колоноскопия;

С) Ирригоскопия;

D) Рентгенография;

+Е) Ректороманоскопия;

 

Әйел 58 жаста, тиретоксикалық жемсау себебінен струмэктомия опреациясы жасалды. Операциядан кейінгі 2 тәулікте науқаста келесі симптомдар пайда болды: тахикардия 1 минутта 150 соғуға дейін, аритмия, 390С дейін температура, тахипноэ, бет терісінің гиперемиясы. Науқас мазасыз, қорқыныш сезініп тұр. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайға алып келген себепке анағұрлым жатады?

A) Ауалы эмболия;

+B) Операциядан кейінгі тиреотоксикалық криз;

C) Операциядан кейінгі тетания;

D) Жараның іріңді-қабыну асқынуы;

E) Трахеомаляция;

 

Әйел 58 жаста, струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін бірден тырысулар дамыды, Хвостек, Труссо симптомдары пайда болды. Бұл белгілер қандай асқынуға тән?

+A) Гипотиреоз;

B) Гипопаратиреоз;

C) Тиреотоксикалық криз;

D) Көмей жүйкесінің жарақаты;

E) Тиреотоксикоздың қалдық көріністері;

 

Ер адам 47 жаста, ұзақ уақыт бойы аяқ веналарының варикозды кеңеюі бойынша ем қабылдаған. Ем нәтижесіз болғандықтан науқасқа операция жасалды – сан мен балтырдағы лампасты тіліктер арқылы тері асты веналары алынды. Төменде көрсетілгеннен ішінде науқасқа қандай операция жасалды?

A) Линтон операциясы;

+B) Маделунг операциясы;

C) Кокет операциясы;

D) Фелдер операциясы;

E) Бэбкокк операциясы;

 

Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы сан-мықын көктамырларының тромбозында қауіпті болып келеді?

А) Сан флегмонасы;

В) Краш синдромы;

С) Варикозды түйін флебиті;

D) Терең веналар облитерациясы;

+Е) Өкпе артериясының эмболиясы;

 

Науқас С. 56 жаста, емханадағы хирург дәрігеріне ентігуге, әлсіздікке, жүректің жиі қағуына шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанын 1 жыл болды, соңғы 1 айда жағдайы нашарлаған. Қарап тексергенде: қол треморы бар, тері ылғалдылығы жоғарлаған, АҚ 140/90, пульс 120 рет 1 мин., беті ісінген, цианоз, мойын көктамырлары улкейген. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Трахеит;

В) Түйінді жемсау;

С) Тиреотоксикоз;

D) Жедел струмит;

+Е) Төс арты жемсау;

 

Науқас Я. 69 жаста, 3 жыл бойы түйінді жемсау себебінен диспансерлік есепте тұр. Кезекте қаралу кезінде бездің тез үлкейгені байқалған. Радиоизотопты зерттеу кезінде «суық түйін» анықталған. Науқаста осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Тиреоидиттің дамуы;

В) Безде торсылдақтың дамуы;

+С) Түйін малигнизациясы;

D) Түйінге қан құйылу;

Е) Тыртық тінмен алмасу;

 

Науқас А., 43 жаста, емханадағы хирург дәрігеріне ұйқышылдыққа, күшінің жоғалуына, әлсіздікке, дене салмағының 20 кг-ға дейін өршімелі түрде жоғалуына шағымданды. Анамнезінде: токсикалық жемсау себебінен струмэктомия. Қарап тексергенде: домбыққан, беті ісінген, терісінің құрғауы мен қатқылдануы байқалады. Қалқанша безі ұлғаймаған. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

A) Қалқанша маңы бездерінің дисфункциясы;

B) Токсикалық жемсау рецидиві;

C) Қалқанша без обыры;

D) Тиреотоксикоз;

+E) Микседема;

 

Науқас К., 48 жаста, көктамыр бөліміне оң балтырдың тері асты веналарының жедел тромбофлебиті себебінен жатқызылды. 5 тәулік бойы консервативті терапия жасалды. Ем барысында қабыну үрдісі өршіді, оң санында ауру сезімі, тері гиперемиясы, үлкен тері асты венасының бойымен санның төменгі және ортаңғы 1/3 ауру сезімі мен тығызданулар пайда болды. Осы жағдайда қандай ем анағұрлым орынды?

A) Линтон операциясы;

B) Шұғыл тромбоэмболэктомия;

+C) Троянов-Тренделенбург операциясы;

D) Антикоагулянтты терапияны жалғастыру;

E) Компресспен эластикалық бинт таңу;

 

Науқас М., 55 жаста,көктамыр бөлімшесіне сол жақ балтыр мен санның веналарының варикозды кеңеюімен жолданған. Анамнезінен: ауру 10 жыл бұрын болған терең веналар флеботромбозынан кейін дамыған. Қарап тексергенде: балтырдың медиальді бетінде өлшемдері 6,0х5,5см трофикалық жара бар. Флебографияда –санның, балтырдың терең веналары реканализацияланған. Осы жағдайда қандай ота жасауы анағұрлым орынды?

A) Троянов-Тренделенбург операциясы;

B) Жарада некрэктомия жасау;

C) Нарат операциясын жасау;

D) Тромбоэмболэктомия жасау;

+E) Линтон операциясын жасау;

 

Науқас А., 18 жаста, хирургқа кеңес алуға жолданған. Аяқтың беткей веналарының айқын варикозды кеңею бар, соған дәрігер келесі тест жасады: аяққа 3 жгут салып, жүргізді. Жүргеннен кейін жгуттар арасындағы варикозды түйіндердің толуы перфорантты веналар клапандарының тұрақсыздығын көрсетеді. Дәрігер қандай сынама өткізді?

A) Пратт;

B) Пертес;

+C) Шейнис;

D) Ловенберг;

E) Тренделенбург;

 

Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне науқас И. 58 жаста, оң аяқ санының ортаңғы 1/3 аймағында тығыздалған көктамыр бойымен ауру сезімі, ісіну, соның үстіндегі терінің гиперемиясы, тері асты шелмай қабаттың инфильтрациясы анықталды. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Беткей веналардың жедел тромбофлебиті;

B) Паркс - Вебер – Рубашов синдромы;

C) Илеофеморальді флеботромбоз;

D) Клиппель – Треноне синдромы;

E) Тромбофлебиттен кейінгі синдромы;

 

Науқас К., 67 жаста, хирургиялық бөлімшеге оң аяқтағы айқын ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен: ауырғанына 18 сағат болған. Қарап тексергенде: оң аяқтың ісінуі, айқын ауру сезімі анықталады. Тері боз. Оң жақтан сан артериясының пульсациясы жоқ. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Илеофеморальді тромбоз;

B) Аяқ тамырларының ангиоспазмы;

+C) Сан артериясының тромбоэмболиясы;

D) Беткей көктамырлардың жедел тромбофлебиті;

E) Құрсақ қолқасының қабатталған аневризмасы;

 

Емханаға хирургқа 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: осы түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым көрсетілген?

A) Аортография;

B) Доплерография;

+C) Артериография;

D) Сфигмография;

E) Флебография;

 

Емханаға хирургқа 16 жасар жас жігіт оң сан аймағындағы түзіліске шағымданып келді. Анамнезінен: түзіліс бала кезінен бар. Қарап тексергенде: санның жоғарғы 1/3 алдыңғы бетінде өлшемдері 3,0х2,0 см, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауру сезімсіз, соққылап тұратын түзіліс бар. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 7 страница | Хирургиялық инфекция 8 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница | Торакальная хирургия 5 страница | Торакальная хирургия 6 страница | Жоспарлы хирургия 1 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы хирургия 2 страница| Жоспарлы хирургия 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)