Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдық құрылымға қойылатын талаптар

Читайте также:
  1. Йымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар

Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отындық және шет елдік көп жылғы баскару практикасында оны құрудың ұй-ымдық принциптерін (ережелерін) басшылықка алу қажет.

Басқарудың ұйымдық кұрылымы көптеген сапалық қасиеттермен (жұмыскерлердің өкілеттілігі, олардың жауапкершілігі мен өзара карым-катынасы т. б.) сипатталады, сондықтанда құрылымды қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принциптерді талап ету қажет. Басқару объектісі неғұрлым күрделі болса, қалыптастыруда принциптер (ережелер) соғұрлым зор роль атқарады, ал мұның өзі құрылымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс:

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына төмндегілер қолданылады.

1. Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принцинінің тұтастығы. Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды. Әрбір звенода (орындаушыда) тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет. Оның үстіне басқарушы звено екі объектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.

2. Линиялық және функционалдық басшылықтық аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі. Линиялық басшылық өндіріс өнімдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал функционалдық — линиялык, басшылыкқа жәрдем көрсетуі, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т. б. жабдықтауы тиіс.

3. Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни баскара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.

4. Функционалдық нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және функционалдық звеноның айқын белгіленген функциясы болуы, басқа бөлімшелердің функдиясына басшылықтың барлық деңгйнінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдайда диалектикалық функция тұтастығы мен басқару құрылымы бөлімдерінің,бюроның және басқа да ұйымдық бөлімшелердіңбелгілі бір санының калыптасуымен көрсетіледі.

5. Әрбір звено басқарушысы мен лауазымды адамның правосының, міндеті мен жауапкершілігініңсәйкес келу принципі.Тек осындай сәйкестік қана колайлы шешімді қабылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.

6 Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық кұрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерін ең аз шығынмен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болуы тиіс,

Жоғарыда аталған принциптермен қоса, баскару құрылымын жасауға ішкі және сыртқы факторлар да ықпал етеді.

Сонымен, өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы басқарудың барлық объективті қажетті функцияларын орындауды қамтамасыз етуі; кәсіпорынның немесе бірлестіктің өндірістік кұрылымының талаптарына сай келуі, әрі өндіріс жардайының өзгеруіне сәйкес даму мүмкіндігінің болуы; басқару сатысының ең аз бірақ жеткілікті саны болуы; жеке функциялардың орындалуының белгіленген сатыларға сәйкес келуі; басқару нормасына сай болуы; тиімді ақпарат байланыстарының талаптарына сай келуі; басқару ақпаратының өндірістік ұйым мақсаты құрылымының еңбек бөлінісі мен кооперациясына барынша сәйкес келуін қамтамасыз етуі; талдау, бағалау және болжалдау функцияларының нығаюын қамтамасыз етуі; басқарудың жоғары сенімділігін, оперативтілігін (тез орындаушылығын)сапасын, үнемділігін тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 438 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің мазмұны | Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың ґткізуінің және мазмұнының графигі | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі | ГЛОСАРИЙ | ДӘРІС КОМПЛЕКСІ | Орытынды 1 страница | Орытынды 2 страница | Орытынды 3 страница | Орытынды 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар| Ндірісті басқару құрылымының түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)