Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глосарий

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар,мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподактар, т.б.

Ұйымдастырушылық қызмет - адамдарды басқару, олардың ортақ әрекетін келістіру мен басқаруға қатысты практикалық қызмет.

Өндірісті ұйымдастыру, Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін,еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.

Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесіменсипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны – мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Жергілікті билікті ұйымдастыру — теориялық негізін Алексис де Токвил, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады.

А.Токвил «ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды» деп атап көрсетсе, француз политилогі Ги Сорман «орталықтансыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту — ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз» болады деген ой айтады.

Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып...

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатыменрынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімдіәлеуметтік технологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді. Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.

Мотивациялау- мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес,психлогиялық аспект орын алады.

Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежелері: экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс.

Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған;

Психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған;

Әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған.

Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны – мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Өндірісті ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.

Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады.

оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) – білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

Ұйымның басқару құрылымын қалыптастыру процесі — бұл, ең алдымен ұйымды адамдар ұжымы ретінде құру процесі.

Басқаруда ұйымдастырудың жетілген жүйелерін құрудың жалпы схемасы келесі стадиялардан тұрады:

1. Зерттеу және жобалау.

2. Құру және енгізу.

3. Пайдалану, қызмет етудің тиімділігін бағалау, модернизациялау.

 

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің мазмұны | Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмалардың ґткізуінің және мазмұнының графигі | Йымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар | Йымдық құрылымға қойылатын талаптар | Ндірісті басқару құрылымының түрлері | Орытынды 1 страница | Орытынды 2 страница | Орытынды 3 страница | Орытынды 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі| ДӘРІС КОМПЛЕКСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)