Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  3. Аржылық бақылаудың сипаттамасы,нысандары және әдістері
  4. Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері
  5. Атмосфералық ауа, су және топырақ қоршаған ортаның негізгі нысандары ретінде
  6. Дәріс. Беттік-активті заттардың гидрофильді-липофильдік балансы, оны анықтау жолдары. ГЛБ-ны анықтаудың Дэвис, Гриффин әдістері.
  7. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні және функциялары. Жеке сақтандырудың сыныптамасы.

Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру санасына өз кезегінде кластарды енгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруға екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру.

Өмірді сақтандыру - сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жалпы сақтаңдыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. «Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

1)жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2)медициналық сақтаңдыру;

3)автомобиль көлігін сақтандыру;

4)темір жол көлігін сақтандыру;

5)әуе көлігін сақтандыру;

6)су көлігін сақтандыру;

7)жүктерді сақтандыру;

8)көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;

9)кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - кұқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

11)темір жол көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) әуе көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

13) су көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық
жауапкершілігін сақтаңдыру;

14) тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

15) шарт бойынша азаматтық - құкықтық жауапкершілігін сақтандыру;

16) зиян келтіргені үшін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Ерікті сақтандыру нысаныңдағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

2000 жыл қабылданған «сақтандыру қызметі» жөніндегі заң бойынша сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнына белгілі бір сұраныстар қойылады. Осы сақтандырудың өзі шарт нысанында жүзеге асырылғандықтан оған сақтандыру қарым қатынасы жүйесіңдегі негізгі орын беріледі.

Өзара сақтандыру - сақтандыру нысандарының бірІ, онда әрбір сақтаңдырушы өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады;

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі -бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.

Азаматтық құқыққа құқықтық реттеудің келісімді немесе диспозитивті әдісі. Әкімшілік, қаржылық және т.б. құқыққа құқықтық реттеудің әкімшілік әдісі тән. Сақтандырудағы құқықтық қатынастар сақтандырудың категориясын көрсете отырып, екі жақтың өзара міндеттемелерін сипаттайды. Мұндай құқықтық қатынастар міндеттемелеік құқыққа жатады.

Кооперативтік сақтандыру- мемлекеттік емес ұйымдастыру түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы «Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы» құрылды. Кооперативтік сақтандырудың қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.

Дәрігерлік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі. Негізінен бұл денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік сақтандырудың субъектілері ретінде азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері сақтандырудың экономикалық мүдделерімен барлық белгілерінің материалдық иесі болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасы сатысында объектілерінің сипаттамасына қарап сақтандырудың негізгі 4 нысанын ажыратады:

- мүліктік сақтандыру.

- жеке сақтандыру.

- жауапкершілікті сақтандыру

- Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру.

Мұндай жіктеу сақтандыруға жататын объектісіне адамның өмірі, десаулығы, еңбекке қабілетті адам жататын сала. Жеке сақтандыру өмірді сақтандыру, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып бөлінеді және қауіп-қатер, сақтандыру полисі арқылы қарыз беру туралы жағдайларын қамтиды.

Мүлікті сақтандыру – құқықтық қатынас объектісі ретінде әртүрлі мүлік болатын сақтандыру саласына жатады. Оның экономикалық міндеті – сақтандырылған жағдай туғанда болған шығынның орнын толтыру. Сақтандырушының меншігіне жататын мүлікпен қоса, оның иесіне мен оның сақтандырылуына жауап беретін басқа да жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Жауапкершілікті сақтандыруды объекті орыныда сақтандырушының белгілі бір іс-әрекеті салдарынан зиян шегуі мүмкін үшінші (жеке және заңды) тұлғалар алдындағы жауапкершілік тұрады. Сақтандыру қызметін бағалауының жалпы міндеттерін шешкенімен, сақтандыруды жүнргізуге мүмкіндік беретін азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың нақты сақтық мүдделерін ажырата алмайды. Осы нақты мүдделерді ажырату үшін сақтандыру түрлері мен сала бөлімдері айқындалды. Мүлікті сақтандыру сақтандырушылардың әлеуметтік топтары мен меншік түрлеріне қарай сала бөлімдеріне бөлінеді. Осы белгісі бойынша шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің мүлкін ажыратады:

- мемлекеттік;

- жеке;

- жалға берілетін;

- жеке меншік құқығындағы жеке азаматтардың мүліктері;

Жауапкершілікті сақтандыруда мынадай сала бөлімдері ажыратылады:

- қарызды сақтандыру;

- азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

Экономикалық қауіп-қатерден сақтандыру 2 салаға бөлінеді: тура және қосымша зияндардан төленетін қатерді сақтандыру. Тура зияндарға пайданы толық ала алмау, қондырғының тұрып қалуынан болған шығындарға байқамай жіберілген пайда, кәсіпорының банкроттыққа ұшырауы және т.б. жатады.

Мүлікті сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ қауіптерді ажырату болып табылады:

- өрттен мүлікті сақтандыру;

- ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан сақтандыру;

- жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;

- көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру;


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 755 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. | Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы | Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері. | Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару | Опциондардың баға құру теориясы. Фъючерстер | Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру | Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сақтандыру ұйымдарының пруденциалдық нормативтері| САҚТАНДЫРУДЫҢ СЫНЫПТАЛУЫ. САҚТАНДЫРУ САЛАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)