Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Корпорацияның қаржылық жоспарлануының сыныпталуы. Қаржылық жоспарлау әдістері.

Читайте также:
  1. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  2. Айналым қаражаттарын нормалау әдістері. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын құру көздері.
  3. Дәріс. Беттік-активті заттардың гидрофильді-липофильдік балансы, оны анықтау жолдары. ГЛБ-ны анықтаудың Дэвис, Гриффин әдістері.
  4. Зақ мерзімді қаржылық жоспарлау. Негізгі қаржылық көрсеткіштерді болжамдау әдістері
  5. Кәсіпорын банкроттығының түсінігі, белгілері, түрлері. Қаржылық дәрменсіздік факторларының сыныпталуы.
  6. Кәсіпорынды басқару жүйесінде қаржылық менеджменттің рөлі және орны

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады.
Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді. Жинақты қаржылық жоспарларға жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді. Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді.
Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады.
Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады.
Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады:
1.Кірістер мен түсімдер
2.Шығындар мен ақшалай аударымдар
3.Бюджеттік төлемдер
4.Бюджеттік аударымдар
Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады. Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Есеп-қисаптық-талдамалық әдіс. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

· мүмкін болатын ішкі шаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

· материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Бағдарламалық мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қаржылық бағдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар мен оған жету құралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып есеп-қисаптардың көп нұсқалылығы жағдайларында ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.

116)Негізгі капиталға инвестициялардың түрлері және түсінігі. Инвестициялық үдерісті қаржыландыру көздері. Негізгі қорлардың ұдайы жаңғыртылуын инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялар-компанияның активтерін және табыстарын арттыру мақсатындағы ұзақ мерзімді қаржы шығындарының, еңбек және материалдық ресурстарының жиынтығы.Инвестициялар мыналарға бөлінеді:

Тікелей, қаржылық, венчурлық.

Тікелей инвестициялар - өндірістік және өндірістік емес арналымдағы негізгі қорларды құруға және ұдайы өндіріске салынған салымдар. Тікелей инвестициялар негізгі қорларды салу, кеңейту, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдарын және т.б. сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы капитал салымының құрылымы ретінде қарастырылады. Қаржылық инвестициялар шығындары басқа кәсіпорындардың жарғылық қорына үлестік қатысуы арқылы бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру болып табылады. Венчурлық инвестициялар -салынған қаражаттардың жылдам өтемділігіне есептелген қаражаттар. Тәуекелді капитал салымдары тәуелсіз кіші инновациялық фирмаларды қаржыландыру жаңа технологияларға байланысты зерттеулер жүргізу барысында орын алады.

Инвестициялық қызметтің субъектілеріне: инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылары, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, қаржылық сипаттағы заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар да, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жатады. Инвесторлар меншікті, қарыз және тартылған қаражаттарын инвестиция салымдары ретінде жүзеге асырады және олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қызметтің объектілері: барлық экономика салаларында қайта құрылған және модернизацияланған негізгі қорлар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми техникалық өнім және басқа да меншік объектілері, мүліктік құқықтар және интеллектуалды меншік құқықтары болып табылады.

Инвестицияларды қаржыландырудың көздеріне меншікті, қарыз және тартылған қаражаттар жатады. Қаржыландырудың меншікті көздеріне амортизация-қызмет ету мерзімі ішінде активтердің амортизациялық құнын жүйелі қайта бөлу сипатындағы тозудың құндық сипаты. Инвестицияны қаржыландырудың меншікті көздеріне сондай-ақ кәсіпорынды ұйымдастыру кезіндегі жарғылық қор қаражаттарының капиталы жатады. Қаржыландырудың келесі көздеріне негізгі қызметтен түскен пайда, басқа да қосымша бағалы қағаздарды эмиссиялау, сондай-ақ жоғары тұрған буыннан келіп түскен қаражаттар жатады.

Инвестицияны қаржыландырудың көзі банктердің ұзақ мерзімді кредиттері де болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар бойынша қаржыландыру көзі бюджеттік ассигнациялар болуы мүмкін. Инвестицияны қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін жоспарлы жылдың инвестициялық жоспары жасалынады.

117)Негізгі қорлардың құрамы мен құрлымы, Негізгі қорларды қолданудың тиімділік көрсеткіштері. Бухгалтерлік есептің әдістемелік нұсқауларына сәйкес негізгі қорларға 1 жылдан астам уақыт қызмет ететін және құны 50 АЕК-тен жоғары материалдық активтер жаталды деп көрсетілген. Негізгі қорларға:

- жылжымайтын мүлік, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар жермен тығыз байланысты көп жылдық егілімдер;

- жылжымалы мүлік, көлік құралдар, ірі жұмыс және өнім малы, арнайы құралдар және т.б. жатады.

Негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, яғни сатып алынған, дайындалған немесе құрылыс құны бойынша бағаланады. Негізгі қорларды іске қосу барысында олар тозады және амортизацияға жатқызылады, яғни қызмет ету мерзімі барысында олардың құны шегеріліп қайта қалпына келтіріледі. Бастапқы құн да, қалпына келтіру құны да негізгі қорлардың баланстық құны болып табылады. Инфляциялық үрдіске байланысты негізгі қорлардың нақты құнын анықтау мақсатында кәсіпорындар негізгі қорларды қайта бағалауды жүзеге асырады, сондықтан әр 4-5 жыл сайын жылдың бірінші күні кәсіпорындар негізгі қорларды өздігінен қайта бағалауы қажет. Негізгі қорлардың құрылымы кәсіпорынның қызмет ету саласына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы туралы оларды іске қосу мен оларды істен шығу коэффиценттері арқылы шешім қабылдауға болады. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі құндық көрсеткіштермен анықталады:

1) Қор қайтарымдылығы-өткізілетін өнім соммасының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:

2) Қор сыйымдылығы- қор қайтарымдылығына қарама-қарсы көрсеткіш. Негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өткізілген өнімнің құнына қатынасы ретінде анықталады;

3) Қормен жарақтандырылу- негізгі қорлардың орташа жылдық құнының жұмысшылардың орташа санына қатынасы ретінде анықталады.

Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің маңызды факторлары: ауыспалылық коэффицентінің жоғарлауы, жаңа технологияларды енгізу, жоспардан тыс құралдарды істен шығару, ескірген құрылғыларды жаңарту және модернизациялау, өнімнің еңбек сыйымдылығының төмендеуі, ақауларды жою және т.б.

118)Несие жүйесі: түсінігі, құрылымы және қатысушылары - Несие жүйесі түсінігі. Несие жүйесінің негізгі құрылымдық элементтері. Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүйесі – бұл несие қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институтар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие – қаржы мекемелері. Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әртүрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ несилік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 439 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі. | Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері | Р-ң қаржы жүйесінің құрылымы және оның буындарына сипаттама | Мемлекет кірістерінің сыныптамасы | Мемлекет шығыстарының сынытамасы | Мемлекеттік бюджет:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік жеке серіктестік инвестицияларды қаржыландыру әдісі ретінде | Мемлекеттік қаржы:құрамы мен құрылымы | Мемлекеттік қаржылық реттеудің типтері нысандары және әдістері. | Меншікке салынатын салықтарға жалпы сипаттама. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Нақты және қаржылық инвестициялардың ерекшеліктері мен өзара байланысы| Операциялық тұтқа нәтижесі. Компаниялардың пайдасын және ағымдағы шығындарын басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)