Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р Ұлттық қоры: қалыптастыру, пайдалану және басқару тәртібі.

Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарын басқару. Ақша қаражаттарының бюджеті.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Азақстандағы тікелей шетел инвестициялар, оның экономикадағы рөлі және орны
  4. Анестезиология және реанимация
  5. Анестезиология және реанимация»_ каз
  6. Аржы басқару,оның элементтері мен қағидаттары
  7. Аржы механизмі:құрылымы және мазмұны

ҚР ҰҚ Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері ҚР ҰҚ б.т. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, əлемдік бағалардың жағдаятына республикалық жəне жергілікті бюджеттердің тəуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді жəне материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тəуелділігін жəне қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау жəне тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Ұлттық қорды қалыптастыру жəне пайдалану əлемдік, ішкі тарау жəне қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі жəне шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық жəне фискалдық тұрақтылық сақатала отырып жəне Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның əлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады. Ұлттық қорды қалыптастыру жəне пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық жəне шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады. ҚР Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады. Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер: 1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан, оларға: корпоративтік табыс; 2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден; 3) республикалық меншіктегі жəне тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден; 4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады. Ұлттық қордың қаражаттары: 1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде; 2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде; 3) Ұлттық қорды басқаруға жəне жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады. ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары: 1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу; 2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау жəне əзірлеу; 3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды əзірлеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Ұлттық қордың қалыптастырылуы жəне пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіт- кеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде ҚР Парламентіне ұсынады. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.

2015 жылы 97 млрд тг-де 2017 115 млрд 600 млн долларга дейын улгаяды деп кутылуде. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте ҚР ҰҚ кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 1 702 млрд теңге, мақсаттарға нысаналы трансферт 707 млрд теңге.

23. Мемлекеттік кредит (МК) және оның нысандары. Қарыздар сипаттамасы. Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі жəне кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи жəне жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. МК ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде жəне ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды. МК ресурстарды: 1) бюджет тапшылығын қаржыландыру; 2) ұлттандырылған жəне аралас кəсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру; 3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдаын қаржы- ландыру: 4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады. МК түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне халықтың арасында пайда болады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел д.а. Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кəсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдарыалған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің мін- деттемелері ретінде болады. Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады. МК негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі жəне сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Мемлекеттік қарыздар, əдеттегідей, ақшалай ны- санда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына жəне билік- тің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыра- тылады. МК қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік кредиттің əр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысанда-рын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады. Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи жəне жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік несиелер деп аталады. Бұл нысан ШЖС немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді. Бюджеттік кодекске сəйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы жəне мемлекет кепілдік берген қарыз алу.


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аржылық менеджметттің тұжырымдамалары | Инвестициялардың пайдаланудың нетто нәтижесі. НРЭИ | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ | Аржылық тәуекелдерді бағалау әдістері | Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі | Арыз капиталының құрамы және оны тарту құнынын бағалау. | Арыз капиталының тиімділігінің көрсеткіштері. | Оғамдық тауарлар,игіліктер және қызметтер:оларды қаржыландыру | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖАҒЫМДЫ ФАКТОРЛАРЫ | Р ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Р сақтандыру нарығына қатысушылар| Р-дағы міндетті сақтандыру, оның ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)