Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас.

Читайте также:
  1. азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас.
  2. Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас
  3. Италия в XVI-первой половине XVII вв.
  4. Кюэр (Франция), 1971 год
  5. Монтелимар (Франция), 1979 год
  6. ФРАНЦИЯ

1. Қазақстан мен Гер­ма­ния арасында түсініспеушілік ту­дыратын проблемалар жоқ, халық­аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози­ция­лары жақын. Мысалы, Қазақ­стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма­ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.

Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франция­дан кейінгі алтыншы орында тұр­ған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Гер­мания біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қа­зақ­стан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.

Мемлекеттерді бір-бірімен жа­қын байланыстыратын мәселелер­дің тағы бірі – бірлескен кәсіп­орындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бір­лес­кен кәсіпорын тіркелген. Олар­дың басым бөлігі сауда, ауыл ша­руа­шылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия ара­сында мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастық берік орныққан. Бұл Қа­зақстан-Германия мәдени ынты­мақ­тастық мәселелері жөніндегі үкіме­таралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.

Бүгінде Қазақстанда 220 мың­нан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комис­сия­ның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселе­ле­рі талқыланып, оларды шешу жол­дары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия уни­вер­ситетінің өкілдіктері ашылды. Со­ны­мен бірге, қазіргі кезде “Бола­шақ” бағдарламасы бойынша Гер­ма­нияның жоғары оқу орындарын­да 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Германия Федеративті Республика­сы­на бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамы­тып, жаңа сатыға көте­ре­тін болады.

Германия Федеративті Ре­спуб­ликасы “үлкен сегіздік” құрамына кі­реді. Еуропалық Одақта Фран­циямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы бо­лып табылады. Ал 1990 жылдың ба­сынан бастап Германия басшылы­ғы Қазақ­станмен, сондай-ақ бұ­рын­ғы КСРО-ның өзге де мемле­кет­терімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байла­ныстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақ­стан­мен. Өйткені, ГФР елімізді Ор­та­лық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.

Жалпы, неміс дипломатия­сы­ның біздің еліміз жөніндегі мақ­са­ты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика сала­сын­да – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.

Қазақстан мен Германия ара­сындағы ұзақ мерзімді ынтымақ­тас­тықтың негізі Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған ал­ғаш­қы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойыл­ған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында те­рең­детуге бағытталған маңызды ха­лықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.

Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қа­зақ­стан мен Германияның эконо­микалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табы­ла­ды. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банк­те­рі жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезден­банк, Коммерцбанк, т.б. бар.

ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек эконо­ми­ка­лық қана емес, саяси мүдделер­дің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қам­тамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағын­да еуропалық қауіпсіздік тұтқа­ларын нығайту болашақта Еуропа Ода­ғы­ның саясатында негізгі бағыт­тар­дың бірі болуы мүмкін деп есеп­тейді. Екіншіден, Германия Орта­лық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақ­тары­нан бөліп тұрған “тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ние­тін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және эко­номикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын “үлкен ойын” айла-шарғысының шиелені­суі­не алаңдаушылық білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың Германия Федеративті Рес­публикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемле­кет басшысы алдымен “DZ” банкі­нің ғимаратында Н.На­зар­баевтың “Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Ас­та­на қаласына арналған фото-көр­ме­нің ашылу рәсіміне қатысады. Ел­басы одан кейін Гер­мания Феде­ра­тивті Республика­сы­ның канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қо­ғам­дық-саяси және іскер топтары­ның өкілдерімен кез­деседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні “Франкфуртер Альгемайне” жал­пы­германдық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде.

2012 жылы ақпан айында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапа­ры жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Елбасы Берлинде өткен ресми келіс­сөз­дерде биылғы өзінің шет елдерге ал­ғашқы сапарын Германиядан бастағанын атап өтті. Бiз Германия Федеративтік Республикасын Қазақ­стан Республикасының дос­тық пен сенімге негізделген интенсивті сая­си, экономикалық және мәдени-гума­ни­тар­лық байланысы қалыптасқан Еуро­падағы негізгі серіктесі ретінде қа­рас­тырамыз. Осы орайда тараптар халық­аралық саясаттың жаһандық мә­селелерін шешу жөніндегі көпжақты ынтымақ­тас­тықты жандандыру қажет­тігіне баса назар аударды.

Бұл тәуелсіз Қазақстан басшысы­ның Гер­манияға жетінші сапары болатын. Са­пары барысында Мемлекет басшысы Федералдық канцлер Ангела Меркель, Федералдық президент Кристиан Вульфф, Сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле, атақты неміс саясаткерлері мен іскер азамат­тары Хорст Кёллер, Ганс-Дитрих Геншер, Герхард Шредер, Франк-Вальтер Штайнмайер, сондай-ақ немістің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесулер өткізді.

Әңгiме барысында қазақ-герман өзара ықпалдастығы бүгiнгi таңда бұ­ған дейінгі қарым-қатынаспен салыс­тыр­ғанда ең биік деңгейге көтерілгені атап өтілді. Өзара сауда-саттық көле­мі өсіп, бiрлескен кәсiпорындар мен коммерциялық жобалар бойынша ке­лiсiмдер жүзеге асырылуда. Екi мемлекет арасындағы мүдделестік халық­аралық iстерде әрiптестiктің ұзақ мерзімді болуына ықпал етеді. Қазақстан мен Германия бейбіт мәселелер және диплома­тиялық талас-тартысты реттеуде де бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан басшысы Берлин еур­азия­лық клубының (БЕК) ашылуына қатысты. Атал­ған клуб екіжақты іс-қимылдар, өңір­лік қауіпсіздік, еур­азия­лық ықпалдастық үдерістері, энер­гетикалық және шикізаттық ын­тымақтастық сынды өзекті мәселе­лер­ді талқылау үшін Қазақстанның Еуро­падағы алғашқы үнқатысу алаңына айналатын болады. Осыған байла­ныс­ты Мемлекет басшысы Берлин еур­азиялық клубының ашылуы және жұмыс істеуі екі мем­лекеттің әлемдік саясаттың жаһандық жүйе­сінде алға қойған міндеттерге қол жет­кізуге мүмкіндіктер беретінін атап айтты.

Елбасының Германияға сапары бары­сында екі ел арасындағы сауда-саттық ынтымақтастығы да маңызды мәселелердің бірі ретінде қарас­ты­рылды. Неміс деректеріне сүйенсек, 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы сауда айналымы 6 млрд. еуроны (20%) құраса, бұл – ГФР-дың Орталық Азия мемлекеттерімен бүкіл сыртқы сауда көлемінің 85 пайызы деген сөз. Елімізде неміс капиталының қаты­суымен 1200-ден астам кәсіпорын тіркелген. Сонымен қатар, Германияның ин­вес­ти­циялық, технологиялық және интел­лектуал­дық үлестері елімізді жаңғырту бой­ын­ша сапалы секіріс жасауда аса негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Сапар барысында екі ел үкіметтері ара­сында шикі­заттық, өндірістік және тех­но­логиялық салалардағы әріп­тес­тік туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл құжаттар отан­дық шикізат қорын, атап айтқанда, елімізде сирек кездесетін металдарды Гер­ма­ния­ның алдың­ғы қатарлы тех­но­ло­гия­ларына айыр­бас­­та­у­ға мүмкіндік береді. Осы­лай­ша, Қазақстан «ресурстарды технологиялар мен инвес­ти­ция­ға алмас­ты­ратын» фор­мулаға сүйеніп, Германиямен іс жү­зінде қарым-қатынас ор­натқан алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр. Мұндай келісімдер тек еліміз үшін ғана емес, неміс экономикасына да ай­тар­лықтай тиімділіктер әкелетін бола­ды. Статис­ти­каға сүйенсек, бүгінгі таңда ГФР сирек кездесетін қазба байлықтары эле­менттерін импорттайды. Ал мұнай им­порты – 98, газ – 87, көмір 77 пайыз­ды құ­райды. Осы орайда, Қа­зақстан Германия үшін алдыңғы қатарлы өнім ұсы­нушы мемлекеттердің бірі болып табы­лады (2011 жылы 7,3 млн. тон­на мұнай жіберілді, яғни Ресей, Ұлы­британия және Норвегиядан кейін төртінші орын­ды иеленіп отыр). Сондықтан да неміс компаниялары ресми келісім күшіне енбей тұрып, былтырдың өзінде Қазақ­станның жер ресурстарын зерттеп игеруге белсенді кірісті.

Берлинде инновация, инвестиция, энер­гия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және қуат көздерін жаңғырту, білім беру мен медицина салаларындағы қарым-қа­тынасқа арналған үкіметара­лық және ве­домствоаралық 6 келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының ай­туын­ша, Қазақ­стан мен Германия тұң­ғыш рет осындай екі тарапқа бірдей пай­далы әрі ауқымды уағдаластықтарға қол жеткізіп отыр. Құжат қорытын­дылары бойынша елімізге құйы­латын қар­жылай, технологиялық және зият­керлік неміс инвестициялары арта түседі.

Сапар нәтижесінде шамамен 4 млрд. еуроға жуық 50 коммерциялық келісімге қол қойылды. Барлық дерлік жобалар Қазақстан аумағында оннан астам ал­дың­ғы қатарлы неміс технологиялары қолданыл­ған жаңа өндіріс орындарын ашуға мүм­кіндік береді. Осылайша, темір жол вагон­дарын және дөңге­лек­терін, ауыл шаруа­шылығы техника­ларын шы­ғаратын зауыт­тар, крандар, темір марганецтерін, модульді құры­лымдар, темір құбырларын, қуат үнемдейтін және жылу сақтайтын шыны­лар, шар кран­да­рын, топырақты ылғал­дан­дыратын құ­быр­лар, салалы ПВХ лентала­ры, кешенді балқытулар, техникалық газдар, бо­лат­тың ұсақталған қалдықтары, химикаттар, тау-кен өндірісі және т.б. өнім­дерді шығаратын өндірістер ашылады деп күтілуде.

Жоғарыда келтірілген деректер не­міс­тің іскер азаматтарының Қазақстан рыногына белсендірек кіруіне қатысты өсіп келе жатқан ынтасын көрсетеді. Ал онда, әсіре­се, Қазақстан экономикасын индустрия­лан­дыруға байланысты ау­қым­­ды жоспарлар мен шетелдік инвестициялар жағдайын жақсартуға қатысты үкімет жасап жатқан шаралар ескерілген.

2. 1992 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасымен Ұлыбританияның дипломатиялық орнатылған. 1992 ж. қазанда - Ұлыбританияның елшілігі ашылды. 1996 ж. ақпанда - ҚР елшілігі ашылған.

Жылдар бойы, егеменді елдердің аралығында сындарлы политикалық диалог орнатылып дәйекті дамыған. Ұлыбритания Корльдігінің және Қазақстан Республикасының Халықаралық қатынастарының политкалық мәселелері көбінесе үйлесімді. Елдердің политикалық және экономикалық екі жақ ынтымақтастықтын дамушылығы ең жоғарғы дәрәжедегі сапарлармен қамтамасыз етті. Қарым қатынас орнату кезеңінде ҚР Президенті Н. Назарбаев Ұлыбритания Корльдігіне ресми түрінде алты сапар шеккен (қазан1991 ж, қаңтар 1992 ж, наурыз 1994 ж, маусым 1997 ж, қараша 2000 ж, қараша 2006 ж).

Корольдік әулетінің мүшелері Қазақстанға ресми сапар шеккен. Британ тақ мұраға ие Принц Чарльз Уэльский (1996 ж), Принцесса Анна (1993 ж), Герцог Глостерский (2000 ж), Принц Эндрю – Герцог Йоркский, Қазақстанға инвестициялар және сауда мәселелерінің Ұлыбританияның арнайы өкілі (2003 и 2006-2007 жж), және Принц Майкл 2009 жылдың қыркүйегінде.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтын 20-23 қарашаның 2006 ж. Лондон қаласына ресми сапарында Королева Елизавета II, Премьер-Министр Т. Блэйрмен, және басқа политикалық және іскер өкілдерімен келіссөз өткізген.

Политика және экономика салаларындағы тұрақтылықпен қамтамасыз еткен үшін, Қазақстанда демократиямен заңдылық орнатуы үшін, ядерлық қарудын ауқымды таратпауы және екі жақ ынтымақтастықтын дамытуына қызметі мен еңбегі үшін ҚР Президенті Н. Назарбаев Королева Елизавета II қолынан Аруақты Михаил және Аруақты Георгидін Үлкен Крест Орденімен марапатталған.

2008 жылдың 28 ақпаннан 6 наурызына ҚР Мемлекет хатшысы К. Саудабаев дейін Лондон қаласында “Мемлекет қайраткерлердін ядерлық қауіпсіздік проектісінің диалогы” және Қазақстан мен Ұлыбританияның келешек екі жақ ынтымақтастығын талқылау мақсатымен ресми кездесулер өткізген.

17 маусымның 2008 жылында Таяу шығысындағы, “Квартеттін” арнаулы өкілі және Ұлыбританияның бұрынғы Премьер Министрі Т. Блэйр Астана қаласына сапар шеккен.

2009 жылдын 29 сәуірде ҚР Сыртқы істер Министрінің орынбасары К. Жигалов Қазақстан мен Ұлыбританияның сыртқы істер мекемелерінің ЕҚЫҰ мәселелері туралы консультация ретінде Ұлыбританияның сыртқы істер Министрінің Европадағы қызмет мәселелер орынбасары К. Флинтпен, Ұлыбританияның сыртқы істер Министрінің тұрақты орынбасары Сэр П. Рикеттсоммен, ЕҚЫҰ Парламент Асамблеясының Ұлыбритандық делегацияның басшысы Т. Ллойдпен және Форин Офистін басқа департаменттердін директорларымен келіссөз өткізген.

Ұлыбританияның сыртқы істер Министрінің Европадағы қызмет мәселелер орынбасары Баронесса Г. Э. Киннок Астана қаласына Қазақстанның ЕҚЫҰ төраға болуының алдында екі жақ ынтымақтастықты ынталандыру мақсатымен келген.

Парламенттік және партиялық қарым қатынастар. 2001 жылдын басынан Ұлыбританияның Парламентінде Қазақстан мәселерінен бәрі партиялық топ құрылған. Топты Лорд Палатасының мүшесі Виконт Уэйверли 2009 жылдан басқарды.

2007 жылы, партиялық баяланыстардын жандыруымен белгіленген. 2007 жылдын 18-21 наурызда ҚР Мәжіліс Парламентінің төрағасы У. Мұхамеджановтын басшылығымен Ұлыбритания жеріне парламенттік делегациясының кезекті сапары шегілген. Сапар нәтижесінде екі жақ қарым қатынастын дамуы нығайып, біздің елдін атақ бейнесі жасанған.

2007 жылы 5 сәуірде Вестминстердің демократия фондының делегациясы Астанаға сапар шеккен. Делегация құрамына Лорд Палата мүшесі А. Хаворт және лейбор партия өкілі Р. Ковбирн кірді. Делегация ҚР Парламенттің Сенат төрағасы Қ. Тоқаевпен, ҚР Мәжіліс Парламентінің төрағасы У. Мұхамеджановпен, ҚР Президентінің кеңесшісі, семьялық және гендерлік мәселелердін Ұлттық комиссияның Төрағасы А. Самаковамен ҚР демократияның дамуы және гендерлік политика сұрақтарын көтерген.

2007 жылдың 26-29 қарашада Қазақстан Халықтар Ассамблеясыеның делегациясы Ұлыбританияға сапар шеккен. Делегация құрамына Ассамблея Төрағаның орынбасары Ж. Алиев, ҚР Парламенттің Мәжіліс Төрағаның орынбасары, Ассамблея Төрағаның орынбасары С.Дьяченко, Мәжіліс депутаттары Е.Каппель мен В.Цой, Қазақстанның Бас муфти мусульман А.Дербисали, және Қазақстанның басқа ұлттық мәдениет орталықтар өкілдері кірді.

Сауда-Экономикалық қатынастар. Екі жақ Сауда-Экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары энергетика, кен барлау, банк және қаржы секторлары, құрылыс, әлеуметтік инфраструктура, денсаулық, транспорт, байланыс және консалтинг қызметтері.

Қазақстанның Ұлыбританиямен Инвестициялық ынтымақтастық ұзақ мерзімді приоритеттерге кіреді. Ұлыбританияның Қазақстанға инвестициялары Нидерланды мен АҚШ-тан кейін үшінші болып келеді. Ұлыбритания ҚР экономикасына - 10,7 млрд.долл. АҚШ жұмсалған, оның – 894,5 млн.долл АҚШ тура инвестициялар түрінде келген. Қазақстанның Ұлыбританияға барлық инвестициялар – 5,4 млрд.долл. АҚШ жетті. Ұлыбритания ҚР экономикасының келесі секторларына инвестиция кіргізді: кен қазу өнеркәсібі, өндіріс, сауда, автомобиль ремонты және үй пайдалану өнім, транспорт, байланыс, қаржы секторы және т.б.

Статистика бойынша, 2009 жылдын қаңтардан тамызға дейін екі елдін товар айналымы 1293,6 млн.долл. АҚШ (экспорт – 824,6 млн.долл., импорт – 469 млн.долл.) жеткен.

2008 жылдың қаңтардан желтоқсанға дейін Қазақстанның, Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның сыртқы сауда товар айналымы 33% - ға көтеріліп 2499 млн.долл. АҚШ артты (экспорт – 1,8 млрд.долл., импорт – 688,9 млн.долл.), 2007 ж. 1870,2 млн.долл. АҚШ (экспорт – 1133,2 млн.долл., импорт – 737 млн.долл.).

Қазақстанның негізгі экспортіне: минералдық өнімдер, феррохром, болат, мыс, жүн, былғары шикізат, тыңайтқыш, асыл және жарты асыл металдар кіреді. Импорт жағына: жабдық және техникалық аспаптар, транспорт шаралар, оптикалық аспаптар, химиялық, алкогольдық және темекі өнімдері, текстиль, азық – түлік өнеркәсібі және т.б.

Қазақстанда 453 жалпы қазақ – британ компаниялар тіркелген, олардың ішінен 162 кәсіп орындары шетелдік инвесторларының бөлігінен тұрады.

2006 жылдың қараша айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтын қор биржасына келген сон, 8 Қазақстан компаниялары негізгі нарық капиталына және 4 компаниялары альтернатив нарық капиталына кірді (AIM). Осылардың бірге 6,3 млрд.долл. АҚШ қатыстырып жалпы сауда айналымы 25 млрд.долл. АҚШ толды.

2008 жылы екі Қазақстан IPO өткізілді, олар – негізгі нарық капиталына (GDR) «Жаикмунай» және альтернатив нарық капиталына (AIM) «Sunkar Resources Plc». Осылар бірге 155 млн.долл. АҚШ қатыстырған, бұл сан, 2008 жылы Лондондағы барлық халықаралық компаниялардың IPO арқылы қатыстырған мөлшерінің 4% жетті.

2009 жылы 22-25 шілде бизнес делегация басшысы ретінде Лондонның Сити Мэры, Лорд И.Лудер Қазақстанға сапар шеккен. Елдін басқарушыларымен кездесуінде Сити мен Қазақстанның қатынастарын нығайту ретінде келесі мәселелер келтірілген: Қазақстан мамандарының қаржы және корпоративтік басқару сферасындағы білімдерін көтеруі, ҚР–да халықаралық стандартты қаржылық есептеліктін практикасын ұлғайтуы, Ситидің Алматыдағы Регионалдық Қаржы Орталықтын дамуына көмектесуі.

Экономикалық диалогтын тиімді үйлес Қазақ – Британ саудаөнеркәсіб палатасының (КБТПС) қызметі көрсетілді. Кеңестін Қазақстан жағынан ҚР саудамен индустрия Министрі А. Исекешев бақарады ал Британ жағынан «BG Group» вице-президенті Ч.Бланд. 1993 жылдан бастап он үш мәжілістері өткізілді.

2009 жылдың 24 шілдесінде Астанада он үшінші Кеңес мәжілісі орын тапты. Мәжілістін қорытындысында КБТПС–тын 13 мәжіліс Протоколы жазылған. Мәжілістін күн тәртібінде сауда–өнеркәсіб, қаржы қызметтер, кіші–орта бизнес, спорт және туризм, білім және техникалық дайындық, мемлекеттік және жеке серіктестік сұрақтары көтерілген. Келесі 14 мәжілісті КБТПС 2010 жылы Лондон қаласында өткізеді.

2009 жылдың 17-19 маусымда Лондон қаласында төртінші халықаралық «Қазақстан: жаңа өсімдеу горизонттары / Kazakhstan Growth Forum» форумы өтті. Форумда 300 жеке және мемлекеттік структуралар, халықаралық ұйымдар және журналистер. Қазақстан делегациясын ҚР Ұлттық банктің төрағасы Г.Марченко басқарған.

Форумның ішінде Қазақ – Британ саудаөнеркәсіб палатасының (КБТПС) ресми ашылуы өткен. Форум кезіндегі жолдауында ҚР Премьер Министрі К.Масимов КБТПС ты өз патронажына алатын сенім білдірді. Палатаның негізгі мақсаты екі елдің кіші және орта бизнестін сауда экономикалық қатынастардың тереңдетуі. Айтылған структура КБТПС тың қызметінде қатысады.

Қазақстанда белсенді әрекетпен Британдық Кеңес (БК) жұмыс істейді. БК қызметін 1993 жылдан бастаған тәуелсіз ұйым, сонымен бірге ұйым ҚР Британ Елшілігінің мәдениет бөлімін атқарады.

БК ның бас қызметтері бұл, Қазақстандағы ағылшын тілін дамытуы, және білім, ғылым, мәдениеттің өрлетуі. Британдық Кеңес мемлекеттік ұйымдарға немесе жеке компанияларға ағылшын тілін үйрену программаларын жүргізеді. Ұлыбританиядағы жас Қазақстандық студенттердің мәселелері БК мен үйлестіріледі.

2000 жылдың 15-17 қараша айында Қазақстан Ел басшысының Ұлыбританияға сапарында ҚР Білім және ғылым министерствомен Британдық Кеңестің арасында Қазақстан британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ашылуы туралы Меморандумына қол қойылған. 2001 жылда ҚР Үкіметі ҚБТУ дың ашылуын жариялады.

Біріккен Корольдік – республиканың ірі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. 2005 жылдың соңында британ экономикасының таза құны 6 триллион фунт стерлингті құрады. Соңғы 13 жылда Ұлыбритания Қазақстанға 5,5 млрд. доллардан астам инвестиция құйды және бұл көрсеткіш бойынша АҚШ пен Нидерландыдан кейін үшінші орынды алды. Қаржы секторындағы екі жақты қатынастар қарқынды дамып келеді. Мәселен, Лондон қор биржасында Қазақстанның 4 компаниясы – «Қазкоммерцбанк», «Қазақмыс», «Қазақголдгруп», «ҚазМұнайГаз Барлау-өндіру» өз акцияларын орналастырған. LСE мен Алматы өңірлік қаржылық орталығы қызметтік реттеу агенттігі екі жақтың мүддесін ойластыратын ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтін келісімге қол қойды. Осы жылдың соңына дейін «Қазына» тұрақты даму қоры Еуропада өзінің бірінші өкілдігін ашады. Ол Ұлыбританияда орналаспақ. Энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, құрылыс, көлік және байланыс, денсаулық сақтау салалары да екі ел ынтымақтастығының негізгі бағыттары болып табылады. Бірақ маңыздылардың бірі ретінде Н.Назарбаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді атады. «Іле» оқу орталығының базасында күзде «Дала қыраны-2006» қазақстан-британ бірлескен бітімгершілік оқулары өткені белгілі. Ол жолы Қазақстан жағынан «Қазбат», Біріккен Корольдік Қорғаныс министрлігінен – 136 адам болды. Оқуларға АҚШ Қарулы күштерінің 13 офицері де қатысты. Бүгінде Каспийдегі ірі мұнай кен орнын британиялық «Шелл» компаниясы мен ҚазМұнайГаз қазуды көздейтін тағы бір жоба бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Ұлыбритания Германия мен Италиядан кейін үшінші орында келеді. Өзара түсіністік туралы меморандум ұйымдасқан қылмыс, халықаралық лаңкестік, адам саудасымен және т.б. күрес саласындағы өзара іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

3. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 12 маусымда орнатылды. Италия Республикасының Елшілігі 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында ашылды. 2005 жылғы сәуірден бастап Италия Республикасының Елшілігі Астана қаласында.

Қазақстан Республикасының Елшілігі 1996 жылы Рим қаласында ашылды. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Хамзаев (2004 жылғы қазаннан).

Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі - Диего Лоренцо Лонго. (2002 жылғы қыркүйектен). Италиядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары – Венето аймағы бойынша Н.Ларони мырза, Кампания аймағы бойынша – С.Москати.

Саяси қатынастар. Италияның саясаткерлері арасында қазақстан-италия серіктестігін дамыта түсу ойы берік қалыптасқан. Елдегі ішкі саясат жағдайына қарамастан, Үкімет басындағы жүргізуші және оппозициядағы партиялар да осы ұстанымда. Екі ел арасындағы халықаралық маңызды мәселелр, оның ішінде Азия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде екі ел көзқарасының сәйкес келетінін Италияның ресми тұлғалары да айтады. Италия ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АӨСШК және трансатлантикалық серіктестікке қатысуындағы ынталарын түсіне отырып, Қазақстанның негізгі сыртқы саясаттағы озықтығын мойындайды.

Бүгінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы геосаяси көпір және әлем бойынша келешектегі ең бай мұнайлы аймақ ретінде қарастырылады. Италияның болашақта мұнайға деген мұқтаждығының көлемді бір бөлігін Каспий аймағы арқылы қамтамасыз етуді ойластырып отырғаны анық.

Италияның билеуші топтары Президент Н.Назарбаевтың саяси жетекшілігін, сонымен бірге, басқа ТМД елдеріне қарағанда Қазақстанда демократияның үстемділігін мойындайды.

Ресми Рим ҚР-ның Еуропа институттарымен сыбайластыққа ұмтылуына дұрыс қарайды және Қазақстанның бұл мәселесіне көмектесуге дайын екенін білдіреді. Қазақстанның Еуропа кеңесімен және оның органы – Венеция комиссиясымен байланысын демократиялық жолмен дамытқысы келетіні ҚР-ның демократиялық жолды таңдап отырғанының кепілі.

Қазақстан 1998 жылдан бері осы Комиссияның тұрақты қатысушысы болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 1993, 1998 және 2003 жылдары Италияға жасаған ресми үш сапарында Италия басшысымен және Үкімет басшыларымен кездесіп, бірнеше екі жақты құжаттарға қол қойды. 1997 жылы Италия Президенті О.Л.Скальфаро мен Премьер-министр Р.Проди Қазақстанда болды. Парламент деңгейіндегі қарым-қатынастар. 1997 жылдың көктемінде Италия Парламенті мен ҚР Паламент Мәжілісі екі жақты достық тобын құрды. Міндеті – екі елдің парламенттері арасындағы байланысты дамыта отырып, тәжірибе алмасу.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Сауда-экономикалық саласында қазақстан-италья ынтымақтастығы белсенді дамуда. Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі санына кіреді.

2003 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд. доллар құрады, оның ішінде экспорт – 1,1 млр.доллар, импорт – 200 млн. доллар. 2004 жылы тауар айналымының мөлшері 3,5 млрд.долларды құраған. Экспорт – 3,1 млр.доллар, импорт – 400 млн.доллар. 2005 жылы 4,8 млрд.еуро құрады.

Экспорттың негізгі құрылымы – мұнай, табиғи газ, асыл металдар, мұнай өңдеу өнімдері, мыс, цинк, басқа да түсті металдар мен одан жасалған бұйымдар, қара металдар, мақта, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, машинаға қатысты жабдықтар және т.б.

Импорт номенклатурасы да дамып барады. Оның негізгі бөлігі киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз, жабдықтар, ХТТ, тамақ өнеркәсіп тауарлары, көлік, химия және фармацевтік өнімдерін сатып алуға бағытталған.

Қазақстанда 42 қазақстан-италья бірлескен кәсіпорны және 8 италия компанияларының өкілдігі тіркелген. Жұмыс әр салада - пайдалы қазба байлық орындарда, ауыл-шаруашылық тауарларын өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, ауыл-шаруашылық машина жасауда, ауыр, жеңіл өнеркәсіпте, энергетика, ХТТ шығаруда дамып келеді.

1993-2004 жылдар аралығында ҚР-ға шетел инвесторларының мөлшері бойынша АҚШ, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан кейін Италия 4-і орында. 2004 жылдың аяқ кезеңдегі көрсеткіші бойынша Қазақстан экономикасына итальяндық инвестициясының көлемі 1,6 млрд. АҚШ доллардан асады.

Италия компаниялары ҚР жылу энергетикасы кешеніне қатысты Қазақстан нарығын меңгеруде белсенділік танытуда.

2005 жылы Италия компанияларымен жалпы сомасы 749,12 млн. АҚШ доллар құрайтын Karachaganak Petroleum Operating, Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company, TengizChevroil жобаларына 817 шарттар жасалынды. 2006 жылдың І-ші тоқсанында итальяндық компаниялар аталған жобаларға 58,73 млн. АҚШ доллар құрайтын 205 шарттар жасасты.

SACE экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы Қазақстанның несиеге қатысты ұстанымын қарастырып, оны Ресеймен бірге төртінші деңгейге көтерді. Бұл жөнінде компанияның сарапшылары ҚР макроэкономикалық көрсеткішінің тұрақтылығы, тауар айналымының өсу динамикасы, банк жүйесінің беріктігі және басқа да себептермен түсіндіреді. Экспорт несиелерін сақтандыру саласында да ынтымақтастық дамуда. 2005 жылы АҚ «Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтау корпорациясы» мен «SACE» экспорт несиелерін сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы арасында өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қойылды. Сауда-экономикалық салада Қазақстан-Италия арасындағы қатынасы дамуының негізгі қадамы өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық пен (ҮАЖТ) алмасу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының мәжілісі болып саналады. Мәжіліс 1998 жылы 15 қыркүйекте Рим қаласында, 2002 жылы 23 мамырда Астана қаласында және 2004 жылы 11 қарашада Рим қаласында өткен болатын. 3-ші ҮАЖТ мәжілісі барысында екі жақты экспорттық-импорттық тасқынның диверсификациясы жолымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындарды құру және мұнайгаз машина жасауда, тоқыма және былғары саласына итальяндық инвесторларды тарту ұсыныстары жасалды.

2004 жылы 24 ақпанда Рим қаласында ҚР сауда-өнеркәсіп палаталар Кеңесінің Өкілдігін ашу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде қазақстандық кәсіпкерлер (8 компания өкілдері) мен Италияның бизнесмендері (75 адам) қатысты. 2005 жылғы 8 наурызда Милан қаласында “ҚазИнвест” АҚ төрағасы А.Баталовтың қатысуымен Қазақстаннның “ҚазИнвест” инвестицияларға жәрдемдесу орталығының тұсаукесері өтті. 2005 жылғы 15 наурызда Равенна қаласында Жерорта теңізі оффшор конференциясына орай Agip KCO ұйымдастыруымен “Қашаған” жобасы бойынша тауар мен қызмет нарығымен танысуға арналған халықаралық тұсаукесері өтті.

2006 жылы 20-23 маусым аралығында Астана қаласында итальян кәсіпкерлері үшін ҚР кластерлік бағдарламасының тұсаукесері өтті. “Италия-Қазақстан” Ассоциациясының қатысуымен 20-дан астам италияндық компаниялар мен 100-ден астам қазақстандық компаниялар екі жақты ынтымақтасу мүмкіншіліктерін талқылады. Тұсаукесердің нәтижесі бойынша екі жақты байланыс орнатылды.

Аймақтық ынтымақтастық. 2003 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысынан келген делегация Токсана аймағында болып қайтты. Саяси кездесулермен қатар екі аймақтың бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталмыш аймақтар өкілдері арасында ниет білдіру хаттамасы қол қоюға дайын, сонымен қатар Тоскананың бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі дайындық үстінде. Лигурия, Абруццо, Пулья, Марке және Молиз аймақтарында Қазақстан бизнесі деп аталатын тұсаукесер өтті. Тұсаукесер барысында Италия кәсіпкерлері Қазақстанмен екі жақты қатынас дамытуға қызығушылық танытты.

Нәтижесінде екі жақ Лигурия және Батыс-Қазақстан, сондай-ақ, Абруццо және Солтүстік-Қазақстан облыстары арасында бауырластық орнатуға уәделесті. Бүгінде аталған аймақтардың әкімшіліктері мен іскер топтары екі ел арасындағы байланысты арттыруға атсалысуда. Сонымен бірге Бари Университеті Қазақстанның Ауыл-шаруашылық университетімен Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюға ниет білдірді.

1992 жылы 7 қаңтарда Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. 1992 ж. 25 қаңтар – екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 ж. наурыз – Қазақстан Республикасында Француз Республикасының Елшілігі ашылды. 1993 ж. шілде – Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

2006 ж. 23 қазаннан бері – Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Куанон.

2009 ж. 2 шілдеден бері – Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Дәненов.

Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік шартына қол қою барысында қаланған болатын. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдылықтары 1993 жылғы Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға сапары барысында қарастырылды.

Ынтымақтастықтың алғашқы жылынан бастап қазақстан-француз саяси диалогы серпінді дамуда. Саясатта Қазақстан мен Франция жоғары деңгейдегі түсінушілікке қол жеткізіп, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне бірдей ұстамдылықтар ұстап, баға береді. Франция Қазақстанды өңірдегі тұрақтылықтың қазығы және Еуропа мен Азияны байланыстырушы көпір ретінде деп қарап, әлемнің басқа ядролық мемлекеттерімен бірге Қазақстанға алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік кепілдігін берді.

Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың дамуында мемлекеттер басшыларының арасында Ф.Миттеранның, сосын Ж. Ширактың кезеңінде қалыптасып, Н.Саркози кезінде жалғасқан өзара жеке сенімді диалогтар өзінің маңызды рөлін атқарып отыр. Парижде мемлекетіміздің Басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан экономикасының бәсекелестігін ұлғайтуға, саяси және экономикалық реформаларды тереңдету мен елді жаңғыртуға жасаған еңбегін жоғары бағалайды. Францияның басшылығы жаңа сапалы саяси жүйе құрудағы Қазақстанның қадамдарын құптап, жалпы Орта Азия өңіріндегі «өлкелік локоматив» ретіндегі жинақтаушы және тұрақтылықты сақтаушы ролін танып, онымен ынтымақтастықты шынайы стратегиялық әріптестіктің арнасына түсіруге бейім. Франция Қазақстанның кандидатурасын ЕҚЫҰ төрағалығына алғашқы кезеңде нақты қолдаған Батыс мемлекеттерінің қатарында болды. Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі делегациялар тұрақты қатынауда. 2008ж 8-9 ақпанда Франция Премьер-министр Франсуа Фийонның Астанаға ресми сапары болды, сапар барысында екі ел арасында стартегиялық әріптестік туралы Декларацияға үкімет басшылары қол қойды. Осымен қатар халықаралық автомобилмен жүк тасымалдау, өзара құпияны қорғау ведомствоаралық келісімдерге және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығы туралы мемарандумға қол қойылды.

2008 ж. 10-11 маусымдағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға ресми сапары қазақстан-француз қарым-қатынастарының сапалы жаңа кезеңін ашты. Президент Н. Назарбаевтың Президент Н.Саркозимен, Премьер-министр Ф.Фийонмен, Сенаттың Төрағасы К.Понселемен, Ұлттық Ассамблеяның Төрағасы Б.Аккуайемен жүргізген келіссөздері достық сипатта өтті. Тараптар ішінде регионалдық және халықаралық мәселелер бар көптеген тақырыптарды талқылап, халықаралық және регионалдық ұйымдардағы өзара тиімді бірлескен қимылдар мен саяси диалогты кеңейту, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кешенін күшейту жөнінде пікір алмасты. Елбасы елдің бұрынғы Президенті Жак Ширакпен де кездесті.

Президент Н.Назарбаевтың Францияның жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Ардақты легионның Үлкен крестімен» марапатталуы Елбасының әлем деңгейіндегі көшбасшы ретінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалпы дамуға қолғабыс етуге сіңірген еңбегінің бағасы және қазақстан-француз достастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға жұмсаған күш-жігерінің айғағы.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапарының барысында Қазақстан мен Франция арасында Стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімге қол қойылып, сыртқы саясаттың европалық бағыты бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізілді. Франция Қазақстанмен ЕО бірінші елі болып осы деңгейдегі халықаралық-құқықтық құжатқа қол қойды. Қазіргі кезде Қазақстанның бесінші сауда әріптесі және төртінші үлкен инвестор болып саналатын Франция, еліміздің Европадағы негізгі әріптесі ретінде қарастырылады.

Екі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастарын құру барысында француз елінің басшысының Франция мен Қазақстанның қарым-қатынастарының ерекше артықшылығы жөнінде жасаған мәлімдемесі ерекше болып табылады.

2009 ж. 6 қазанда Францияның Президенті Н.Саркозидің Қазақстанға Мемлекеттік сапары өзінің тығыздығы, екі президенттің келіссөздерінің қорытындысы, қол қойылған мәлімдеменің мазмұны, қол жеткізілген үкіметаралық келісім-шарттар, екі елдің үлкен компаниялары арасындағы қол қиылған мемерандумдар стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімнің баптарының іс жүзінде іске асуының кепілі. Қазақстан мен Францияның арасындағы қарым –қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерілді деуге болады. Президенттердің «Саркози-Назарбаев» комиссиясын құру жөніндегі шешімін, Францияның Қазақстанның 2010 жыл бойы ЕҚЫҰ төрағалық етуін және ЕҚЫҰ саммитін өткізуі идеясын қолдауын, ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа Келісім бойынша келіссөздерді бастауға Париждің қолдау көрсетуге дайындығын міне осы тұрғыдан қарастыру қажет.

Парламент аралық қатынастар мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың ең маңызды да бөлінбес бөліміне айналуда. Қазақстан мен Франция аралығындағы парламентаралық байланыстардың қарқынды дамуы осыған дәлел.

1993ж. Францияның Сенат пен Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық достық топтары құрылып, осы жүйемен парламенттік делегациялар тұрақты түрде қатынасуда. Француз парламентарийлері Астананың саяси тынысына қызығушылық танытып, Қазақстанда өткен сайлауларға халықаралық бақылаушылар ретінде тұрақты түрде қатысуда.

2006ж. 23-25 мамырда Қазақтан тарапының шақыруымен Франция Сенатының Төрағасы К. Понселе ресми сапармен Қазақстанда болды. Өз тарапынан, Н. Абықаев басқарған, құрамында Үкімет мүшелері мен даму институттарының басшылары бар ҚР Сенатының делегациясы 2006 ж. мамырда Парижде болып қайтты. 2008ж. 11 желтоқсанда Францияның «Франция-Қазақстан» парламенттік достық тобының бастамасымен «ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың Қазақстандық моделі» тақырыбына дөңгелек стол ұйымдастырылды. Француз депутаттары Қазақстанның Орта Азиядағы саяси тұрақтылықты сақтау маңызы мен ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың Қазақстандық моделінің жағымды рольі атап өтті.

«Нұр-Отан» мен «Халық қозғалысы үшін қозғалыс (ХҚО)» партияларының арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. 2009ж. 14-16 мамырда Парламенттік «Франция - Қазақстан» достық тобының Төрағасы, депутат, ХҚО париясының мүшесі Т.Мариани «Нұр-Отан» париясының ХІІ съезінің жұмысына қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. 2009ж. қаңтар мен тамыз арасындағы қазақстан-француз товар айналымы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт-2,043 млрд., импорт -272 млн.), 2008ж. -6,201 млрд. долл. (экспорт-5,388 млрд., импорт -813 млн.), 2007ж. 4,6 млрд. долл. (экспорт-3,5 млрд., импорт -603 млн.)

Қазақстан экспортының негізгі бөлімін мұнай, металл және металл өнімдері, химиялық заттар, ауылшаруашылық өнімдер құрайды. Қазақстан электр, электрондық, механикалық жабдықтар, дәрілер және косметика, көлік, азық-түлік, құрылыс материалдарын импорттайды. 2009ж. 30 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстан экономикасына француздық 5,2 млрд. доллар инвестиция түсті, оның 4,7 млрд. долларын тікелей инвестициялар құрайды. Франция экономикасына Қазақстан 2,1 млрд. доллар инвестиция жасады. Елбасының 2008ж. маусымдағы Францияға, Франция Президентінің 2009ж. қазандағы және Франция Премьер-министрінің 2008ж. ақпандағы сапарының барысында өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру қомақты серпіліс берілді. Қазіргі кездегі екі экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары болып мұнай, тау-кен, аэроғарыштық сала, атам өндірісі көлік пен банк салалары табылады. Француздық әріптестермен бірлесіп Қазақстан экономикасын индустриализациялау іске асырылып, қазақстандық мамандар дайындалып, алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылады.

Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия (ҮАК) 1992 жылдан жұмыс істейді және осы жылдар бойы комиссияның 8 жиылысын өткізді. 2008ж. 2 наурызда Париж қаласында Үкіметаралық комиссияның 8 отырысы Қазақстанның экономика және бюджет министрі мен Францияның сыртқы сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы А. Идрактың төрағалығымен өтті.

2008 ж. Қазақстан-француз іскер кеңесі құрылып, оның құрамына 68 қазақстандық және француз іскер адамдары мен екі елдің алып компанияларының басшылары кіреді. Іскер кеңесінің бірінші отырысы 2009ж. 28 қаңтарда А. Карибжанов («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Басқарушы директоры) пен И. Даррикакарердің («Тоталь» компаниясының вице президенті) төрағалығымен өтті.

Қазақстанда Францияның 40 астам компаниялары тіркелген, олардың ішінде Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, ГазДеФранс-Сюэз, Данон, Банк Калион, Мори, Банк Натиксис, Санофи-Авентис, Банк Сосьете-Женераль, Талес, Тоталь и Шламбержер компанияларының өкілдіктері бар. Француздық әріптестердің қатысуымен «Ғарыш аппараттарының жинап-сынақтан өткізетін кешен» (спутниктер), «Талес Казахстан Инжиниринг» (радиоэлектроника), «УКАД» (ұшақ өндірісіне арналған титаннан жасалған жабдықтар), «Ифастар» (атом реакторы үшін отын жинақтауды зерттеу), «Катко» (уран өндіру), «Қазақстан-француз технология тансферт орталығы» («ноу-хау» игеру).

Қазақстанмен Франция арасындағы әскери - техникалық ынтымақтастығының негізін Қазақстан қарулы күштеріне Француз әскери- жаттығу мекемелерінде мамандар дайындау мен Франция әскери құрылуының тәжрибесі үйрену және тілді оқытуды дамыту болып табылады. 2004ж бері 26 қазақстандық жауынгер Францияның әскери- жаттығу мекемелерінде тәлім алды.

Екі жақты әскери саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтайтын жыл сайын өткізілетін бірлескен қазақстан -француз жұмысшы топының мәжілістері қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының діңгегін құрайды.

2009 ж. 6 қазанда Францияның Президенті Н.Саркозидің Қазақстанға Мемлекеттік сапары барысында «Әскери саладағы ынтымақтастық туралы», «Әскери - техникалық ынтымақтастық туралы» және «Франция қарулы күштерінің АИР тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына орай әскери мүлік пен персоналды ҚР аумағымен транзитті өткізу туралы» келісімдерге қол қойылды. Алдын алу мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан-француз қарым-қатынастарындағы жаңадан басталған алдын алу мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастықтың болашағы үлкен.

2009 ж. қазандағы Франция Президенті Н. Саркозидің Қазақстанға Мемлекеттік сапары барысында «Азаматтық қорғаныс, алдын алу мен төтенше жағдайларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойылды.

Ғылым, білім беру және мәдениет саласындағы қазақстан –француз ынтымақтастығы 1993ж. Өнер және мәдениет саласындағы Үкіметаралық келісімнің, 1994ж. Қазақтан Ұлттық ғылым академиясы мен Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының арасындағы Келісімнің шеңберінде дамуда.

2004ж. желтоқсанда Алматыда «Альянс Франсез» мәдени-ағарту агенттігінің өкілдігі ашылды. Қазіргі таңда агенттіктің өкілдіктері еліміздің төрт қаласында жұмыс істейді (Астана,Алматы, Шымкент және Ақтөбе). Білім беру саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Францияда қазақстандық студенттер білім алуда. 2009ж. Францияда 44 «Болашақ» стипендиаты білім алуда. Жоғарғы білім орындарының тікелей келісім-шарттары бойынша тұрақты түрде студенттер мен оқытушылар қатынасып тұрады. Университет аралық қарым-қатынастар әсіресе Ренн мен Алматы қалалары аралығындағы туысқандық байланыс арқылы қарқынды дамуда. Осы байланыс процессінің белсенді қатысушылары болып ҚазМӘТУ мен Ренн-2 болып табылады. Жоғары деңгейдегі басқарушы мамандарды дайындау мақсатымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Ұлттық әкімшілік мектебінің арасында ынтымақтастық орнатылған. Технологияның трансфетрін дамыту мен 2009-2011жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстан-француз технология тансферт орталығы» құрылған. Құрылатын орталықтың Қазақстан тарапынан құрылтайшысы «Технология трансферт және инжиниринг орталығы» АҚ («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ), ал француз тарапынан Еуропалық стратегиялық зерттеу компаниясы болып табылады (CEIS). Жобаның көздеген мақсаты Қазақстандық технология тансферт жүйесін Еуропалық технология тансферт жүйесіне бейімдеу және енгізу EEN (Enterprise Europe Network).

Әдебиеттер:

  1. Аубакирова А. Геополитические и географические факторы в формировании внешнеполитической стратегии РК А. 2003

18. Музапарова Л. Крупные корпорации в Казахстане // Центральная Азия и Кавказ, 2000, №1


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 531 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы | Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері. | Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы. | азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС| Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)