Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АзаҚстан-тҮркия жӘне Кавказ елдері арасындаҒы Қарым-Қатынас

Читайте также:
  1. И СТАНОВЛЕНИИ КАВКАЗСКОГО ЯЗЫКОЗНАНИЯ
  2. Кавказ – горы белые
  3. КАВКАЗЕЦ ИЛИ АЗИАТ?
  4. Кавказский пленник
  5. Неолитический человек Кавказа (Грузия)
  6. Печатается по решению отделения гуманитарных наук Северо-Кавказского научного центра высшей школы 1 страница
  1. Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыс.
  2. Қазақстан және Кавказ елдері қарым-қатынасы. Каспий теңізі мәртебесі мен делимитация мәселесі

1. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап Елбасы Түркиямен және басқа да түркітілдес мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуда маңызды қадамдар жасады. Түркия Республикасы өз ретінен ең алғашқы мемлекет болып Қазақстанның тәуелсіздігін таныған болатын. 1992 жылы 2 наурызда екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Осыдан кейін Түрік Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шақыртуымен көрсетілген жылдың сәуір-мамыр айларында елімізге ресми сапармен келген-тін. Осы сапар кезінде Елбасымыз бен С.Демирел арасында қазақ-түрік ынтымақтастығына байланысты мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.

Екі жақ мәдениет, білім беру, ғылым мен техника саласында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, екі мемлекет азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін, сондай-ақ, ізгілік саласындағы байланыстарды дамыту үшін қажетті жағдай жасауға жәрдемдесу ниеттерін білдірді. Білім беру, ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

1992 жылы 17-мамырда Елбасының Түрік Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы Қаулысы шықты [6]. Ал 1993 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасында Консулдық конвенция қабылданғаны мәлім. Сондай-ақ, 1999 жылдан Стамбулда Қазақстан Республикасының Консулдығы, ал 2002 жылдан Бас Консулдығы қызмет жасайды.

Қазақстан мен Түркия арасында әскери-стратегиялық ынтымақтастық қарым-қатынастарының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түркия Республикасының Yкiметi арасындағы Түркияның Қазақстанға өтеусiз әскери көмек көрсетуi туралы Шарт 1998 жылғы 29 шiлдеде жасалған еді. Сондай-ақ, 2000 жылы 19 қазанда Астана қаласында Қазақстан мен Түркия арасындағы терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бiрлескен Декларация қабылданды.

Қазақ-түрік қарам-қатынасын айтқанда, ерекше мән беретін мәселе, Түркітілді мемлекет басшылары саммитін жеке атап көрсету қажет.

Түркітілді мемлекет басшыларының ең алғаш­қы бас­қосуы 1992 жылы Анкара қала­сын­да өтті. Содан бері бауырлас мемлекеттердің Президенттері 1994 жылы Стамбулда, 1995 жылы Біш­кекте, 1996 жылы Ташкентте, 1998 жылы Астанада, 2000 жылы Бакуде, 2001 жылы Стамбулда, 2006 жылы Антальяда бас қосып, түркі әле­міне қатысты келелі мәселелерді қарас­ты­рып келді. Мәселен, 2001 жылы 26 сәуірде – Стамбулда өткен Түркітілді мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Елбасы Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық хартиясын әзірлеуді ұсынған болатын.

2009 жылдың 2-3 қазанында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшылары Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында кездесіп, Түркітілді мемлекет басшыларының ІХ саммитін өткізгені белгілі. Бұл саммитте түркітілдес мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы көпжақты және екіжақты қарым-қатынастарды және ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері қарастырылды. Әсіресе, өзара мүдделілік негізінде түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи ортақтастық, тілі және мәдениетінің жақындығынан туындайтын қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше ден қойылды. Сондай-ақ, саммитте түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа олардың әлеуеттеріне сәйкес жаңа серпін беру мақсатында қосымша шаралар қабылдау маңыздылығы аталып өтті.

Саммитте жеке қаралған мәселенің бірі- Баку-Тбилиси-Жейһан мұнай құбыры жұмысы туралы болды. Осы орайда Баку-Тбилиси-Жейһан және Баку-Тбилиси-Эрзурум стратегиялық мұнай және газ құбырлары жаһандық энергетикалық қауіпсіздігіне және өңір елдерінің тұрақты экономикалық дамуына қызмет көрсететіні айтылып, бұл мұнай құбырының Ақтау портымен байланысына ерекше мән берілді. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы мәселесіне де саммитте аса назар қойылды.

Ғылым, білім, мәдениет, көркемдік, туристік, спорт және басқа да салалардағы қатынастарды нығайту маңыздылығы аталып өтіп, түркітілдес халықтар арасындағы рухани және гуманитарлық байланыстарды қолдау және кеңейту қажеттігі мәселелері көтерілді.

Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстар мен ортақ іс-әрекеттерді дамыту мәселесі, соның ішінде Ауғанстанның бейбіт түрде қалыптасуы, Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтап қалуы және жалпы Ирак халқының ажырамас бөлігі болып табылатын түркі тектес қауымның құқықтары мен бостандығының кепілдігі қажет екендігі аталып өтті.

Саммитке қатысушы мемлекеттердің Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) мен Еуропалық Одақ (ЕО), БҰҰ, Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) сияқты бірнеше халықаралық ұйымдар аясында бірлесіп қызмет ету мәселелеріне қатысты жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар жеке көрсетілді. Сонымен қатар, саммитте терроризм, адам саудасы, есірткі заттары және психотроптық заттардың заңсыз айналымы, қылмыскерлік, соның ішінде, заңсыз қару-жарақ сату, сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күрестегі ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекеттердің маңыздылығы баса айтылды.

Бұл саммитте қабылданған аса маңызды шешім, бұл- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру болды. ТҮРКСОЙ-дың Түркі әлеміндегі ортақ құндылықтарды бірдейлендіруде, дамытуда, тарату мен халықаралық деңгейде танымал етуде маңызды рөл атқаратыны атап көрсетіліп, Әзірбайжан Республикасы Президентінің әлем өркениетінің дамуына бағалы үлес қосқан бай түркі мәдени мұрасын сақтап қалу және қолдау жөніндегі ТҮРКСОЙ қорын құру туралы бастамасы саммитке қатысушы мемлекеттер арасында бірауыздан қолдау тапты.

Ал өткен жылы қыркүйектің 17-сінде Стамбулда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түрікменстан мемлекет басшылары қатысуымен Түркітілді мемлекет басшыларының Х саммиті өтті. Саммитте Түркі Кеңесі Хатшылығының, Ақсақалдар алқасының және Түркі әлемі академиясының болашақ қызметі турасында айтылды. Сонымен қатар Саммитте өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық ынтымақтастықты арттыру, Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру сияқты халықаралық маңызды мәселелер қарастырылды.

2. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың тамыз айынан басталады. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылдың қыркүйек айындағы Әзірбайжанға, ал Әзірбайжанның бұрынғы Президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің 1997 жылдың маусымында Қазақстанға келген сапарынан кейін екі елдің қарым-қатынасы жандана бастаған. Әзірбайжан геосаяси және газ-мұнай саласындағы әріптестік тұрғысынан алғанда Қазақстан үшін маңызды орын алады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мұнайды әлемдік базарға тасымалдау сияқты бірқатар стратегиялық мәселелерді біртіндеп шешу мақсатында Қазақстан мен Әзірбайжан әріптестік қарым-қатынаста болуға мүдделі. Каспий мәртебесінің мәселесі Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға осы сапарында қаралады деп хабарлайды, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Гүлмира Сұлтанәли. -Екі ел арасындағы ынтымақтастықта Каспий мәселесі ерекше маңызға ие. Қазақстан мен Әзірбайжан Президенттері 1996 жылы 16-ы қыркүйекте қол қойған бірлескен мәлімдемеде Каспий мәртебесінің мәселесі бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығы тұңғыш рет атап көрсетілген болатын. Бұл бағыттағы жұмысты Ресеймен қол жеткізілген келісімдер тәжірибесі сияқты одан әрі жалғастыру өте маңызды болып табылады. Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының басым бағыты мұнай саласындағы жобаларды іске асырумен байланысты болмақ. Қазақстандық мұнайдың транзитке қатысты көлемін 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондықтан экпорттық құбыр желілерімен қоса Әзірбайжан бағытындағы мұнай көлік инфрақұрылымын кеңейту алға қойылуда. Қазақстан мен Әзірбайжан Үкіметтері Ақтау-Баку бағыты бойынша паром қатынасын дамытуға, екі елдің Каспий теңізі айлақтарындағы алымдарды азайту мүмкіндігін қарастыруға келісіп отыр. Сондай-ақ, Әзірбайжанның Қазақстан алдындағы 17 млн. доллар мөлшеріндегі мемлекеттік берешегін өтеу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. 2003 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 130 млн ақш долларына жеткен. Оның 100 млн-ны қазақстан экспортына тиесілі. Әзірбайжандық өнеркәсіп тауарларының, оның ішінде көлік пен құрал жабдықтардың, химиялық өнімдердің Қазақстан базарында бәсекелестікке түсе алмауы Әзірбайжан үшін сауда айналымының теріс сальдосын қалыптастырып отыр. Ал Қазақстан кейінгі жылдарда бидай, ұн және шикі мұнай экспортын ұлғайта түскен. Бүгінде Қазақстанда Әзірбайжандық кәсіпкерлердің қатысуымен 36 шағын кәсіпорын жұмыс істейді, оның 13-і бірлескен кәсіпорын болып саналады. Әзірбайжанның Қазақстан үшін стратегиялық әріптестік ретіндегі маңызы туралы, жалпы екі ел арасындағы парламенттің қарым-қатынас мәселесі жайында Қазақстан Парламенті Сенатының халықаралық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі,сенатор Тасбай Симамбаев былай деді. -Каспий мәселесінде екі жақ бірлесіп жұмыс істегеніміз жөн. Өздеріңізге белгілі Каспий төңірегінде әр-түрлі әңгімелер болды.Әсіресе Иран жағынан, Түркімен жағынан. Қазақстан,Әзірбайжан ортамызда Ресей бар Каспийді бөлу жөнінде үлкен шартқа қол қойылды. Ал екі ел арасындағы Парламенттік қарым-қатынасқа келсек, екі жақты депутаттық топ құрылған, сол топ шекара бойындағы мемлекттермен бір заң шығаруды жоспарлап отырмыз. Ол заңда шекарадағы мемлекттермен сауда, экономика салсында бірлесіп істейтін жағдайлар қамтылатын болады. Ол мәселені көпке созбай биылдың өзінде іске асырсақ деп отырмыз. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық базасы 60-тан астам құжатты қамтиды. Олардың арасында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, өнеркәсіптік меншікті қорғау, байланыс, сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжанның Ұлттық Банктері арасындағы қаржылық-банктік жүйедегі ақпарат алмасу салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге үлкен маңыз беріліп отыр.

1992 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылдан Қазақстанда Армения Республикасының елшілігі ашылды. Қазақстан Республикасының АР-дағы Елшісі А.Бозжігітов (2006 жыл, қазан) Армения Республикасының ҚР-дағы Елшісі Л.Хачатрян (2006 жыл, қаңтар).

Қазақстан мен Армения екі жақты қатынастары достық және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде дамып келеді. Армения Республикасының Президенті Р.Кочаряннің Қазақстанға ресми сапары (1999 ж. 1-2 қыркүйек) барысында Қазақстан Республикасы мен Армян Республикасы арасындағы негізгі қатынастар туралы Шартқа (1993 ж 19 қаңтар) және Қазаққстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойылды.

2001 жылғы 23-24 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Армения Республикасына бірінші ресми сапары барысында өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары айқындалды.

2006 жылғы 1 шілдеде Армения Сыртқы істер министрі В.Осканянның елімізге ресми сапары болды. Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевпен болған кездесуде дипломаттар халықаралық қатынастың негізгі мәселелерін және екі жақты қарым-қатынастарды талқылады.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналым 16,4 млн. долл. (экспорт – 13,9 млн. долл., импорт – 2,5 млн.долл.), 2005 жылы 45,2 млн. долл. (экспорт – 43,1 млн. долл., импорт – 2,1 млн. долл.), 2004 жылы - 15,1 млн. долл. (экспорт - 13,5 млн. долл., импорт - 1,6 млн. долл.), 2003 жылы - 6,7 млн. долл. (экспорт - 5,8 млн. долл., импорт - 0,9 млн. долл.) құрады.

Қазақстаннан Арменияға бидай, мұнай және оның өнімдері экспортталады.

Армениядан Қазақстанға алкогольдік және алкоголь емес сусындар, химия өнімдері, машиналар және құралғылар импортталады.

Сауда айналымының деңгейі төмен болуының бірден бір себебі - үшінші елден жүк тасымалдау тарифтері жоғары болып отыр. Екінші мәселе, армян-әзербайжан жанжалының шешілмеуі себепті Арменияның Әзербайжан мен Түркия тарапынан көліктік блокадада қалып қоюында.

2005 жылдың 12 қазанында Ереван қаласында 1999 жылы құрылған Қазақстан-армян сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы болып өтті. Отырыс барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қарастырылды. Қазақстандық тараптан Комиссияның тең төрағасы - Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Онжанов.

Қазіргі кезде жүктерді тасымалдау фидерлік кемелермен Ақтау портынан ирандық Ноушэхар/Энзель порты арқылы жүзеге асырылуда. 2001 жылдың 7 қазанында осы маршрут бойынша тұрақты тікелей автомобиль-паромдық байланыстың ашылуына байланысты, ары қарай Арменияға жөнелту үшін ауыржүктік трейлерлер мен контейнерлерді тасымалдауға мүмкіндік пайда болды.

Қазақстанның 6 жалпы білім беретін мектептерінде армян тілі оқытылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі “Орталық Азия мен Закавказье елдерінің кәсіпқой білім берудегі аймақаралық ынтымақтастық” атты жаңа халықаралық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – мамандарды көпсалалы дайындау мәселелері бойынша тәжірибемен және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен алмасу.

Қазақстан мен Армения ғалымдарының ынтымақтастығы негізінен әлеуметтік-саяси ғылымдар, тарих, этнология салаларында дамып, бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар, семинарлар нысанында жүзеге асуда.

Қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сай, 2005 жылдың 24 қарашасы мен 8 желтоқсаны кезеңінде Арменияда М.Маштоц-Матенадаран атындағы ғылыми-зерттеу институтында, Армения Республикасының Ұлтық мұрағатында және Хыпчахавангта монастрінің мұрағатында (Харич қаласындағы Қыпшақ монастрі) қыпшақ қолжазбаларын табу, әрі олардың көшірмелерін алу мақсатында қазақстандық сарапшылардың бір тобы барып қайтты.

Қазақстан мен Грузия арасында 1992 жылғы 23 шілдеде дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы Грузияның Қазақстандағы елшілігі ашылды. 2003 жылы елшілік Астанаға көшірілді. 1996 жылғы қыркүйекте ҚР-ның Әзербайжан Республикасы мен қатар Грузияда Елшілігі ашылды. 2003 жылы Грузияда дипломатиялық миссия ашылды. Қазақстан Республикасының резиденциясы Бакуде орналасқан Грузия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А.Шоқпытов. (2002 жылдан). Грузияның Қазақстан Республдикасындағы елшісі З.Шургайя. (2004 жыл, қараша).

Қазақстан мен Грузия қатынастары достық пен өзара тиімділік, аймақтық және халықаралық саясатта жақын ұстаным қағидатында дамып келеді. Осы кезеңде мемлекет басшыларының және үкіметтік, ресми делегациялардың сапарлары болып өтті.

Грузия Президенті М.Сакашвилидің 2005 жылғы 1 сәуірдегі Астанаға сапары екі жақты қатынастардың дамуына серпін берді. Кездесу барысында екі елдің көлік, порт инфрақұрылымы, энергетика секторы салаларында байланыстарды арттыру жайы қарастырылды.

2005 жылдың 2 шілдесінде ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовтің Грузияға жұмыс сапары болды, сапар барысында көлік, энергетика, агроөндірістік және басқа да экономика салаларында қазақстан-грузин ынтымақтастығын көтеру мәселелері талқыланды. Нақты келісімдер ортақ Хаттамада бекітілді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 2-4 қазанда Грузияға ресми сапары екі жақты қатынастар тарихының жаңа бетін ашты. Сапардың ортақ тақырыбы экономикалық блокқа арналды, оның ішінде қазақстандық мұнайдың экспортын Батуми және Поти порттарымен әлем нарығына шығару, Грузияға қазақстандық инвестицияның келуі және қазақстан бидайы мен газының тасымалдануын ұлғайту, банкі саласындағы ынтымақтастық, ТРАСЕКА көлік дәлізі арқылы қазақстандық құрғақ жүкті тасымалдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Грузия аумағында газ тарату жүйесінің және ферросплав заводының қазақстандық кәсіпорындардың сатып алу мәселелері, Қара теңізде қазақстандық бизнестің демалу және туризм обьектілерін салуға қатысуы мәселелері де қарастырылды.

2005 жылғы 18-19 қарашада Грузия Премьер-министрі З.Ногаиделидің Астанаға ресми сапары болды. Сапар барысында З.Ногаидели ҚР ККМ, ЭМРМ, «Қазмұнайгаз» АҚ ҰМК басшыларымен кездесті, екі елдің экономикалық қатынасын талқылады, бірінші кезекте қазақстандық газдың Грузияға тасымалы мәселелерін көтерді. 2006 жылғы 11-12 қаңтарда Грузия Президенті М.Саакашвили ҚР Президенті Н.Назарбаевтың инаугурация рәсіміне қатысты.

ҚР Статистика агенттігіің мәліметіне сәйкес 2006 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда айналым 35,37 млн. долл. (экспорт – 30,37 млн. долл., импорт – 4,9 млн. долл.), ал 2005 жылы 59,2 млн. долл. (экспорт – 52 млн. долл., импорт – 7,2 млн. долл.) құрады.

2004 жылы сауда айналымы 39,2 млн. долл. (экспорт - 31,8 млн. долл., импорт - 7,4 млн. долл.), в 2003 жылы - 19 млн. долл. (экспорт - 12,5 млн. долл., импорт - 6,5 млн. долл.) құрады.

Қазақстаннан Грузияға көмір, ақ темір, қара және түсті металпрокат, полипропилен, жеңіл және ауыр автомобильдерге шина, автомобиль аккумуляторлары, санитарлы-техникалық құралғы, бидай, ұн, ет экспортталады.

Грузиядан Қазақстанға металлургия, машина жасау, химиялық және тамақ өндірісі салаларының өнімдері, сонымен қатар болат трубалары, ферросплавтар, электрқайнау құралғысы, күштілік трансформаторлар, шай, шарап, темекі импортталады.

Банкі-қаржы саласындағы ынтымақтастық. Қазақстандық «БанкТуранАлем» 2005 жылдың наурыз айында Грузияда «Silk Road Bank» банкінің 49 пайыз акциясын сатып алды (қазіргі кезде ВТА«Silk Road Bank» деп аталады). 2005 жылғы тамызда «БанкТуранАлем» Тбилисиде өзінің өкілдігін ашты.

Үкіметаралық комиссия. 2006 жылғы 1 шілдеде Астанада ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Мамин және Грузия Энергетикалық даму министрі И.Чоговадзенің төрағалығымен қазақстан-грузин сауда-экономикалық мәселелері бойынша үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өткізілді.

Мұнайгаз және көлік саласы қазақстан-грузин ынтымақтастығының негізгі бағытына жатады.

Қазақстан мұнайының әлем нарығына шығуы бойынша көпбағытты саясатының құрамдас бөлігі ретінде «Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан» жобасы атауға болады. Қазіргі кезде ол үшін «Ақтау-Баку-Батуми» бағыты пайдаланылады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы Грузияға 26,6 т. қазақстандық бидай экспортталды. Сонымен қатар, 2005 жылы Грузияға 2,6 т. ұн бидай эквивалентімен экспортталды. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, 2007 жылы Поти портында бидай терминалын орнату жобаланған. Қазіргі кезде грузин тарапының компаниясын оператор ретінде таңдау қарастырылуда.

Грузин тарапынан Еуропа-Кавказ-Азия (ТРАСЕКА) көлік дәлізі бағыты бойынша қазақстандық бидайды тасымалдауға 50 пайыздық түсімді ескере отырып, аталған жоба Ақтау, Баку, Поти порттарындағы бидай терминалдарының көлік тізбегін құруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық бидайдың Закавказье және Түркия елдерінің нарығындағы ұстанымдарын нығайтуға септеседі, сонымен қатар қазақстандық бидайдың Еуропалық Одақ елдеріне қарай бағытын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның Каспий теңізі жағалауындағы басқа елдермен теңіздегі мемлекеттік шекарасы пайда болды. Теңіздегі шекара бұрын екі мемлекеттің, яғни, Кеңес Одағы мен Иранның мемлекеттік шекарасы болса, КСРО-ның ыдырауынан кейін теңіз жағалауында бірден бес мемлекеттің мүдделері түйісті. Теңіздегі мұнай қорының молдығы мен КСРО сияқты алпауыт мемлекеттің күйреуінен аймақтағы геосаяси жағдайдың күрделі өзгеруі, батыс мемлекеттерінің аймақтағы саяси-экономикалық жағдайға белсенді араласа бастауы онсыз да қиын мәселені одан әрі күрделендіріп жіберді. Каспий теңізінің мәртебесін анықтауда осы теңіздің жағалауында орналасқан бес мемлекеттердің мүддесі түйісуде.

1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер басталды. Осы мақсатта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Арнайы жұмыс тобы құрылды. Жағалаудағы мемлекеттер құрған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеудің негізгі тетігі – сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының тиімділігінің арқасында соңғы кезде осы мәселе бойынша пікірталасты практикалық жолға қоюдың және Конвенция жобасы мәтінінің көптеген баптары бойынша келісудің сәті түсті. Сонымен қатар, бұл теңіздің өз ерекешеліктеріне байланысты АҚШ, ҚХР, Еуропалық Одақ сияқты әлемнің жетекші державалары аймақтағы жағдайға ерекше көңіл бөлуде. Каспий теңізі әлемдегі ішкі континенталды су қоймасының ең ірісі, оның су бетінің көлемі шамамен 440 мың шаршы шақырым құрайды. Мұнда қызыл балықтың әлемдік қорының 90%, 30-ға жуық жануарлар мен қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 20-дан астам түрі өседі.

Каспий теңізі мен оны қоршаған территориялар көмірсутегі шикізатының үлкен қорының жинақталған жері болып табылады. Мамандардың алдын-ала жасаған болжамдары бойынша, теңіздің Қазақстан жағы бөлігі мен оған жалғасқан территориядағы ресурсы мұнаймен есептегенде 4,5 млрд тонна құрайды.

Соңғы уақыттағы БАҚ-ның хабарлауынша, Каспий теңізінің Қазақстан жағалауының солтүстік бөлігінен табылған Қашаған кеніші соңғы 20 жыл ішінде әлемде табылған кеніштердің ең байы болуы мүмкін. Бұл кеніштің қоры 8 млрд-тан 50 млрд баррель мұнайды құрауы мүмкін. Қазақстан жағалауындағы Теңіз гигантында 6-9 млрд баррель мұнай бар. Газ конденсатының қор көлемі – 1,6 млрд тонна, ал табиғи газ – 5,9 трлн куб метр құрауда. Бұған дейін Каспий теңізінің мәртебесі РКФСР мен Иран арасындағы 1921 жылғы 26 ақпандағы және КСРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы 25 наурыздағы келісімдер негізінде анықталған болатын. Осы келісім бойынша теңіз тек екі мемлекеттің меншігі ретінде қарастырылды.

Кеңес дәуірінде екі жақты қабылданған құжаттар бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмағандықтан, заңды күші бар құжаттар бола алмайды. Сол себептен, құжаттар Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер арасындағы қатынастарды толық көлемде өзара тиімді бақылай алмайды және бұған бірнеше себептер бар:

1. Жоғарыда аталған келісімдерде екі жақ ретінде РКФСР және КСРО мемлкеттері халықаралық құқық субьектісі ретінде танылмайды. Сондықтан, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасында жаңа келісім негізінде анықтап, бекіту қажет.

2. Аталған келісімдерде Каспий теңізінде бұрынғы одақ республикалары арасындағы шекараларға еш сілтеме жасалмаған, яғни кеңес заңдары бойынша шекара мәселелерін шешу тек орталық органның құзырында болды. Каспий теңізінде одақтас республикалар арасында шекара болмады, яғни КСРО-ға қараған теңіз бөлігі федералды болып, республикалардың ондай шекараны анықтауға құзыры болмады;

3. Көрсетілген келісімдерде тек сауда мәселелерін қадағалау туралы айтылған, бірақ Каспийдің толық көлемдегі құқықтық мәртебесі, соның ішінде теңіз түбі мен қойнауындағы ресурстарын пайдалану мәселесі анықталмаған.

Кеңес Одағы Каспий теңізінің мәртебесін «ішкі ресей суатынан» «ішкі кеңес-иран суаты» мәртебесіне ауыстыру керек деп, оны жоғарыда аталған келісім-шарттарды жасау барысында ұлтаралық өзендер мен теңіздері бөлудегі қалыптасқан тәртіп бойынша Каспий теңізіндегі арадағы шекараның өтуі жөнінде мәселе көтермеген. Бір қызығы, Иран тарапынан мұндай сұрақ туындамаған. Керісінше, екі тарап бірнеше рет Каспий ішінде шекараның жоқтығын мәлімдеген. Ол жөнінде 1976 жылы Иран СІМ-нің КСРО Елшілігіне жіберген нотасынан байқаймыз. Онда: «Иран мен КСРО арасында Каспий теңізінде шекара сызығы туралы еш бір келісім-шарт немесе орныққан тәртіп жоқ», – деп көрсетілген. Бірақ, соған қарамастан, екі тараптың арасында 1934 жылдан су және әуе бойынша Астара-Гасан-Кули сызығы жөніндегі екі жақ ұстанатын, құқықтық рәсімделмеген шартты теңіз шекарасы болды. Бірақ КСРО-ның 1982 жылғы «Мемлекеттік шекара туралы» Заңы бойынша, егер шекара сызығы өзендер мен басқа да суаттарда КСРО халықаралық шарттарымен анықталмаса, шекара сызығы оның құрлыққа шығатын екі нүктесімен түзу жүргізіледі деп көрсетілді. Бұдан КСРО-ның Иранның келісімінсіз Каспийді өзен мәртебесінде бөлгенін байқаймыз.

Айта кететін бір жәйт, Каспий жағалауындағы 1991 жылдан кейін пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің осы мәселе бойынша көзқарастары әр түрлі, бірақ кейбір жерлерде олардың түйісетін жерлері бар.

Әзірбайжан Каспийді шекаралық көл деп танып, судың акваториясын, түбі мен қойнауын ұлттық секторларға бөлу қажет деген позиция ұстануда. Егер Каспий көл деп қарастырылатын болса, онда оның жағалауында орналасқан шекаралас елдердің құқығы халықаралық-құқықтық нормалармен анықталады, яғни бірнеше мемлекетпен қоршалған шекаралы өзендерге таралатын нормаларға сай жүргізіледі. Халықаралық заңдарға сай бірнеше мемлекеттің ортасында орналасқан көлдер олардың келісімі бойынша немесе мемлекеттік шекаралар негізінде және көлдің орталық нүктесінен өзара бөлісулері қажет. Мұндай жағдайда Каспийде кеме саудасында, балық аулау, сондай-ақ теңіздің басқа биоресурстарын сақтауда және тиімді пайдалануда қиындықтар туатыны анық. Бірақ Баку өзінің 10 мильдік аймағынан тыс ірі мұнай қорын иелену жолында әр түрлі шараларға баруда. Әзірбайжан КСРО-Иран келісімдерінде тек балық аулау мәселелері қарастырылған, ол бүгінгі күн талаптарына сай емес, сондықтан оның мәртебесін басқаша қарауымыз қажет деген уәж айтуда.

Ресей Каспий теңізі кондоминиум негізінде ортақ (Кондоминиум (лат. — бірге және dominium — иемдену) — бірге иемдену, пайдаланыстағы теңіз болуы керек, яғни Каспийдің табиғи ресурстары теңіздің түбіндегі минералды ресурстарымен қоса, барлығына таралуы қажет дейді. Әр мемлекет жағалаудан 10-мильдік бөлікке ие болып, сол жерлерден теңіз түбіндегі минералды ресурстарды барлау мақсатында құқыққа ие болсын деген ұсыныс жасауда. Ал зонадан тыс орналасқан минералды ресурстарды пайдалануда бес мемлекеттің өкілдерінен тұратын комитет құрылып, соның құрамында болу қажет дегенді ұсынады. Сонымен қатар, Ресей Каспий теңізі тек жағалауда орналасқан мемлекеттердің жабық теңізі деген ұстанымдар ұсынып, оның мәртебесі толық анықталғанынша, бұрынғы кеңес-иран келісімін басшылыққа алу қажеттігін айтуда.

Бұл ұсыныстың басқа мемлекеттерге тиімсіз екенін айта кеткен жөн. Өйткені, бір мемлекеттің территориясына теңіз түбінің көп бөлігінің жақын болуы олардың тәуелсіздік құқығын бұзады және Каспийдің түбіндегі ресурстарды бақылау мен барлауға шетел инвестициясын тартуда қиындықтар туғызады, сонымен қатар кондоминиум идеясының әлемдік тәжірибесіне ешбір ұқсас жағдай болмағандықтан, бүгінгі таңда оны жүзеге асыру көптеген қиындықтар туғызбақ.

Түрікменстан 12-мильдік территориялық суға өз иелігін орнатты, бұл Ашхабаттың Қазақстан сияқты Каспийді тұйық теңіз ретінде қарастыратындығын көрсетеді. Сонымен қатар, Түрікменстан Ресейлік 45 мильдік зона орнату жөніндегі ұстанымына қосылуда.

Иран жағы Ресей позициясына жақын келетін Каспий ресурстарын көршілес мемлекеттердің ортақ байлығы ретінде санауды ұсынып отыр.

Қазақстан жағы Каспийдің ерекшеліктерін ескере отырып, оны пайдалануда 1982 жылы БҰҰ Конвенциясының теңіз құқығы ережелерін Каспий теңізіне тарату позициясын ұстануда. Теңіз түбі мен ондағы ресурстарды барлық Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасында халықаралық тәсіл және әлемдік тәжірибелер бойынша ортақ сызық негізінде делимитациялауды ұсынуда. Минералды ресурстарды игеру мен барлауды әр мемлекет өз еркінше өз зонасында айқындауға тиіс. Каспий теңізіндегі Қазақстанның мемлекеттік шекарасы Каспиймен шектесетін барлық мемлекеттердің шекаралары арасындағы ең ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты Қазақстан Республикасы ұстанымының негізгі аспектілеріне тоқталатын болсақ. жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді түрде қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Каспийде аумақтық теңізді, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін белгілеуді ұсынған болатын. Бұл аймақта тиісті режимдерді белгілеуге ерекше назар аудару орынды сияқты көрінеді. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара болып табылуы тиіс, оның шегінде жағалаудағы мемлекеттер барлық егеменді құқықтарына толықтай ие болады. Бұл шекаралардың мызғымастығын және аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету тұрғысында қауіпсіздіктің қосымша кепілдіктерін алуға мүмкіндік береді.

Каспий мұнай-газ бассейні. 2004 жылы қазақстандық жақ Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты тетігін құру, қару-жарақтың тұрақты тепе-теңдігін орнату және олардың шектерін белгілеу туралы бастама көтерді. Мұндай шаралар жанжалдардың алдын алудың және мемлекеттердің бейбіт ынтымақтастығын дамытудың анағұрлым сенімді құралдардың бірі болуда.

Қазақстан барлық көлік құралдарымен транзит еркіндігіне арналған Каспий жағалауы мемлекеттерінің құрлық ішіндегі құқығын және бірқатар әмбебап халықаралық шарттарда бекітілгеніндей, басқа да теңіздер мен Әлемдік мұхитқа жол ашуды Конвенцияда қадап айту қажет деп санайды. Экологиялық қауіпсіздікке сәйкестігін байқап көру үшін теңіз түбі бойынша құбыр желілерін төсеуге Каспий жағалауындағы барлық мемлекеттердің сараптама жүргізуі, мүдделі тараптардың экономикалық жобаларын дамытуға кедергі келтіретін күрделі әрі ұзақ процес болып табылады. Учаскелері арқылы құбыр желілері өтетін елдермен құбыр желілерін төсеудің талаптары мен бағытын келісу анағұрлым оңтайлы нұсқа деген көзқараста.

Қазақстанның пікірі бойынша, Каспий теңізінің байлығын анықтауда Каспий мемлекеттерінің мұнай комиссиялары қазіргі күнгі консорциумдарға тиіспеуі керек. Екі немесе бірнеше зона арасындағы кеніштерді игеру барысында мемлекеттер арасында тиісті өнімді бөлісу жөнінде келісімдер қажет. Каспийдің мүмкіндіктері жөнінде, соның ішінде кеме жүзу, балық аулау, қоршаған ортаны қорғау мәселелесінде қарым-қатынас жасау жолында Қазақстан кез келген келісімге, оның ішінде кондоминиумға да дайын екендігін жариялады. Сонымен қатар, әр мемлекеттің келісілген көлденең территориялық сулары болуы қажет, яғни олардың балық аулау зонасы сол ұлттың құқығында болуы қажет. Теңіздің қалған бөлігі мемлекеттер арасындағы кеме қатынастары жүру үшін ашық болуы қажет.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның қазақстандық жобасында минералды байлықтарды игеру тәжірибесі мен халықаралық өлшемдер пайдаланылып қана қоймай, КСРО мен Иран арасындағы Каспий түбінің байлықтарын пайдалану тәжірибесі жұмыстары келтірілген.

Каспий мемлекеттері алдында күн тәртібінде кезек күттірмес мәселе, Каспий теңізінің түбін делимитациялау барысында ортақ шешімге келу және маңызды мәселелерге байланысты көзқарастарын барынша жақындату болып отыр. Каспий теңізінің тағдыры – оның жағалауында орналасқан мемлекеттер шешетін мәселе, сондықтан бұл жерде мемлекеттер келісім негізінде бір-бірінің және ортақ мүддені ескере отырып, мәселені шешулері қажет. Ол тек келісім негізінде барлық 5 мемлекеттің арасында шешілуі мүмкін.

Энергетика ол үлкен табыс көзі. Энергетикалық ресурстарымызды табыс көзіне айналдыру үшін – оны әлемдік нарыққа шығару қажет.Ал үлкен табыс бар жерде, үлкен саясат жүреді.Қазақстан үшін энергетикалық байлығын әлемдік нарыққа шығарудың бірнеше жолдары бар. Бірақ, ол жолдардың әрқайсысында әлемдік державалардың өз мүдделері бар. Ресей Қазақстан мұнайы мен газын КТК жүйесі арқылы өз жерімен тасымалдап, Орта Азияда транзиттік артықшылығын сақтағысы келсе, АҚШ алып Ресейді айналып өтетін Баку – Тибилиси – Джейхан жолын іске қосып, Ресей ықпалын төмендетуге бар күшін салуда. Ал, қарыштап даму үстіндегі Қытай экономикасына Қазақстан энергоресурстарын тарту ауадай қажет. Осы әлемдік державалардың мүдделері түйіскен қиын геосаяси жағдайда Қазақстанның геосаяси ұстанымы қандай болуы тиіс? Дипломдық жұмыстың мақсаты осы сұрақтарға жауап іздеуге бағытталған.

Қазақстан үшін өз энергетикалық саясатын жүзеге асыруға ықпал ететін мәселе Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі. Каспий теңізі жа­ғалауындағы мемлекеттер арасында теңіз­дің құқықтық мәртебесін айқындауға қа­тыс­ты ұстанымдары әлі бір арнаға то­ғыс­қан жоқ. Қазақстан мен Ресей, сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бұл мәселеде жақындаушылық бар. Ал Иран болса, бірлесіп басқарудың құқық­тық режиміне артықшылық бере отырып, теңіздің түбі, қалыңдығы, су беті бойынша бөлуді ұсынады. Яғни, Каспий бес мемлекетке 20 пайыздық тең үлеспен бөлінуі керек дегенді алға тартады. Иран­ның бұл ұсынысы өзге мемлекеттерді қанағаттандырып отырған жоқ.

Егер Каспий теңізін Иран ұстанымы бойынша 20 пайыздық үлеспен тең бөлетін болса, ол теңізде қалыптасқан тарихи және саяси болмысты бұзуды білдіреді, әрі бұл идея ай­мақтағы жалпы жағдайды тұрақсыз­дан­ды­руға соқтыруы мүмкін. Ал әлемдік тәжі­рибеде жалпыға бірдей қабылданған орта сызық бойынша су кеңістігін бөлу қағидатын басшылыққа алатын болсақ, Каспий теңізінің бүкіл аумағының 29 пайызы Қазақстанға, 21 пайызы Әзірбай­жан­ға, 19 пайызы Ресейге, 17 пайызы Түр­кіменстанға, 14 пайызы Иранға тиесілі болуы тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Мұнай мен газ шығару тек маңызды экономикалық сала емес, тәуелсіздігіміздің символы, болашағымыздың үміті,» - деген болатын. Ендеше Каспий мәселесі, бұл ұлттық мәнді маңызды мәселе.

 

Әдебиеттер:

Аубакирова А. Геополитические и географические факторы в формировании внешнеполитической стратегии РК А. 2003

Музапарова Л. Крупные корпорации в Казахстане // Центральная Азия и Кавказ, 2000, №1.

Егеменді Қазақстан, 1992 жылғы 13 мамыр.

Егеменді Қазақстан, 1992 жылғы 19 мамыр.

Казахстан и страны мира. Алматы: Өнер. 2006.- Б.201.

Егемен Қазақстан, 2009 жылғы 6 қазан.

 

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 578 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы | Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері. | Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас | азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы.| Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)