Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру

Читайте также:
  1. Кеңейтілген примитивтер құру
  2. Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру
  3. Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері
  4. Тыныс алу мүшелерінің аурулары» блогі
  5. Ш өлшемді графикаға кіріспе

Greeble плагинін қолдана отырып космостық кеме тұрғызу.

Greeble плагин көмегімен үш өлшемді нысана негізінде көп элементті үлгіні тұрғызуға болады. Сыртқы көрінісіне сай, мұндай үлгідегі үлгілер кішкентай балалар конструкторын еске салады. Greeble плагинін қолдана отырып тез арада космостық кеме, көп қабатты үйлері бар қала және т.б. тұрғызуға болады.Қазіргі уақытта 3D S Max бағдарламасының соңғы нұсқасы ретінде 2009 релизі болғандықтан, бұл бап аймағында осыған сай келетін қосымшаларды қарастыратын боламыз. Сонымен қатар, сәуір айында жоспарланған 3D S Max 2010 бағдарламасы жарық көруі тиіс және мұндағы плагиндер, яғни 2009 жылы шыққан бағдарлама плагин нұсқалары осы нұсқаға да қолданылады. Бірақ құрастырушылар осы аталғандардың көпшілігін қайта құратынына кәміл сенім бар және олар 3D S Max 2010 бағдарламасы жарық көргеннен кейін бірнеше ай аралығында қолдану мүмкіндігіне шектеу қойылмауы тиіс.

Барлық қосымша модулдер DLL кітапханасы файлдары боып саналады, бірақ өздеріне тән қасиеттеріне сай кеңейтілуі әрқилы, мысалы:

· DLO – қосымша нысаналар;

· DLM – модификаторлар;

· DLR – визуалдаушылар;

· DLT – текстуралар;

· DLU – утилиталар;

· BMI – графикалық пішіндерді импорттау/экспорттау (суреттерді пайдалану);

· BMS - әртүрлі форматта сақталған файлдар;

· DLC – анимация нысаналарын бақылауға арналған контроллерлер;

· DLE - MAX-файлдарын басқа форматқа экспорттау;

· DLF – қаріптерді қолдануға арналған импорттау;

· DLI - әртүрлі MAX форматын импорттау;

· DLS - көмекші нысаналар;

· DLV – пост өңдеулер эффектісі;

· FLT – пост өңдеулерге арналған фильтрлер;

· MSE - көріністер;

Егер қосымша модул қондыру мастеріне ие болмаса, онда оны келесі әдіс арқылы қондыру керек:

1. Қосымша модул қондырмасын мұрағатттан шығару;

2. Жоғарыда көрсетілген кеңейтулер көрсетікшін кітапхана файлынан табу;

3. Осы файлды C:Program FilesAutodesk3D S Max 2009plugins мұқабасына көшіру;

4. 3D S Max 2009 бағдарламасын кері қосу; Плагин қондырылғаннан кейін 3D S Max бағдарламасының стандартты құралдарынан өз орнын табады. Greeble плагинін қолдана отырып космостық кеме тұрғызу үшін алдымен Программы –discreet-3 ds Max9 командасын таңдаймыз сол кезде 3D S Max 2009 бағдарламасының терезесі ашылады.

56-сурет. 3D S Max 2009 бағдарламасының терезесі

 

Содан кейін Геометрия командасының Стандартные примитивы бөлімінен сфера таңдалып салынды.

56-сурет. Сфера

Мысалы, егер сіз қосымша Greeble модулін 3D S Max 2009 бағдарламасының 32-биттік нұсқасына орнатып жатсаңыз, сіз Plugins мұқабасына greeble2009-32.dlm файлына көшіруіңіз қажет. DLM кеңейтілуі Greeble түрін өзгерту ретінде көреді, сондықтан оның қондырғысын Modify топтық жинақтамасынан өзгертулер арасынан табуға болады.

57-сурет. Greeble модулі

Егер сіз қосымша нысана қондырып жатсаңыз (DLO), онда оның қондырғысын Create жинақтамасы тобынан іздеңіщ. Мысалы, Moebius плагині бағдарламаға нысананың жаңа түрін қосады – Мебиус лентасы. Moebius.dlo файлдын көшіргеннен кейін Create қосымшасында жаңа Fascination тобы құрылады, оны таңдаған кезде тізім арасынан Moebius түймесін көреміз.

 

58-сурет. Fascination тобы

 

Егер сіз қосымша процедуралы картаны қондырсаңыз (DLT), онда оны Material/Map Browser терезесінде іздеген жөн. Мысалы, егер сіз Camoflage картасын қондырсаңыз, оның материалға қосылуы үшін None түймесін басыңыз да Maps/Карты (Карталар) шиыршығындағы кез-келген параметрде материал редакторын көрсетіңіз. Ол мысалы, Diffuse Color/Основной цвет (Негізгі түс) немесе Bump/Рельеф (Рельеф) материал редакторы болуы мүмкін.

59-сурет. Material/Map Browser терезесі

 

Сіз Camoflage картасын Material/Map Browser/Окно выбора материалов и карт (Карта және материалды таңдау терезесі) терезесінде көре аласыз.

 

60-сурет.Camoflage картасы

 

Егер сіз қосымша эффект өңдесеңіз (DLV), онда оны Environment And Effects терезесінде көресіз. Ондай плагиндерге, мысалы, Trail плагин кіреді. Плагинді 32-биттік 3D S Max 2009 бағдарламасына орнату үшін, ол файлды Ky_Trail_32.dlv мұқабасына Plugins көшіру қажет. Оны пайдалану үшін Rendering мәзіріндегі Environment And Effects терезесін ашып, Effects қосымшасында Add түймесін басыңыз да ашылған тізімнен Ky_Trail эффектісін таңдаңыз. Сол кезде сферамызға басқа эффект пайда болады.

 

61-сурет. Ky_Trail плагинінен пайда болған эффект.

 

 

62-сурет.Environment And Effects терезесі

 

Тағы бір мысал қарастырсақ, ол – қосымша утилитаны қондыру (DLU). Ондай плагин түрі, мысалы, Spherical Correction. sc.dlu файлын Plugins мұқабасына сақтап, 3D S Max бағдарламасын кері жүктегеннен кейін құрал-саймандар жинақтамасы басқаруындағы Utilities/Утилиты (Утилиталар) қосымшасына көшіп, More түймесін басыңыз. Utilities/Утилиты (Утилиталар) тізімінен плагин атын көресіз.

63-сурет. Utilities/Утилиты (Утилиталар) терезесі

 

Егер сіз 3D S Max бағдарламасының интерфейсінде бірде бір плагинді таба алмасаңыз, онда Customize>Configure System Paths тобын орындаңыз, 3-rd Party Plug-ins қосымшасына көшіңіз де Add/Добавить (Қосу) түрін таңдаңыз. Барлық файл көшірмесін жасаған Plugins мұқабасын таңдап, Choose Directory for New Entry терезесіндегі Use Path түймесін Choose Directory for New Entry басыңыз. Кейін Configure System Paths терезесінде ОК түймесін шертіледі. Осы жұмысты қарау үшін Визуализация-Визуалировать- Визуалировать батырмаларын басқан кезде нәтижесі шығады.

64-сурет. Қорытынды көрініс

 

Moebius – Модуль жаңа примитив – Мебиуас лентасын қосады. Физикалық және математикалық үлгілерді ұқсатуға, сонымен қоса элемент сәні ретінде көрсете алады.

65-сурет. Moebius плагині

 

Программы –discreet-3 ds Max9 командасын таңдаймыз сол кезде 3D S Max 2009 бағдарламасының терезесі ашылады. Геометрия-Fascination бөлімінен Moebius командасын таңдалып суреті салынды.

 

66-сурет. Moebius көрінісі

 

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ш өлшемді графикаға кіріспе | Олданушы интерфейсі | Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру | Кеңейтілген примитивтер құру | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу | Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері | Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер | Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Коммерциялық плагиндер| ОРЫТЫНДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)