Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Коммерциялық плагиндер

Читайте также:
  1. Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру
  2. Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері
  3. Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер

 

AfterBurn - 3D S Max бағдарламасы үшін қатты құрал, ол жарылыс өрт, түтін, бұлттар, тұман, ерітілген мысал және т.б. эффектісін береді. Осы қосымша арқылы құрылған барлық эффектілер әрбір жиілікте шеңбер ортасында көлемді эффект түрін құрады. Эффектінің сыртқы көрінісі қолданушы қандай параметр қолданғандығына сай болады. Көптеген параметрлерді анимациялауға, мысалы, жиілік жасын анықтауға қолайлы. Плагинді қосымша арқыды ThinkingParticles, жәәне Particle Flow модулімен толықтыру қажет.

Click-VR Visualizer. Жарықтандырудың барлық ерекшелігін ескере отырып, шынайы уақытта көріністі есептеу мүмкіндігін беретін визуалдау жүйесі. Click-VR Visualizer барлық стандартты қасиеттерге ие, соның ішінде рельеф картасына, визуалдау бөліктеріне және кескінге; Сонымен қатар Click-VR Visualizer көмегімен интерактивті презентациялар жасақтап, оларды скринсейвер күйінде сақтайға болады, оларды көру үшін ешқандай қосымша бағдарламалар қажет емес.

Cluster-O-Matic. Күрделі нысаналарды белгілеу үшін және белгіленген аймаққа әртүрлі операциялар легін жүргізуге арланған қосымша. Плагин 3D S Max бағдарламасында әртүрлі түрдегі нысаналрды және жазықтықтарды жұмсақ белгілеуге мүмкіндік береді (сплайндар, өңделіп жатқан беттер, Nurbs, Patch және т.б.). Қосымша мүмкіндіктері ішінен анизотроптық белгілеуді, Hercules плагинін интергациялауын ерекше атап өткен жөн. Оларды осы қолданушылармен ойлап тапқан, көбіне мускулды анимация құруға арналған.

DreamScape. Шынайы ландшафт және сулы мекендерді үлгілеуге арналған қосымша модуль. Плагин көмегімен шынайы сулы беткейлерді құруға болады, сонымен қатар айналаны – атмосфералық эффектілер, аспан, жарықтандыру, таулар және т.б. бейнелерін жобалауға болады. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін DreamScape плагинінде құралдар тобы берілген, соның ішінде сулы мекенді тұрғызуға арналған нысана, осы нысанаға байланатын материалдың арнайы түрі, тау құру үшін қосымша нысана, жарық көзінің, атмосфералық эффектілердің қосымша нысаналары болып табылады.

f-Edge. Нысананы өткір шектеріне жырылған және ескерген күйін беруге арналған плагин. Қосымша модуль көбіне Bump немесе Diffuse Color карталары түрінде беріледі. Оларды белгіленген нысаналар қабырғасына немесе белгіленген нысана өзіне тағайындауға болады. Плагинді әсіресе құрылысты орнатуды визуалдау кезінде қолданған дұрыс.

finalF/X - 3D S Max бағдарламасы үшін қосымша пакет, олардың құрамына finalFlares, finalDOF және PyroCluster плагиндері кіреді.

finalFlares визуалдау эффектісі, ол линзада дақтарды құру, жарықтандыру эффектісін белгілеуге арналған. finalFlares көмегімен бұдан да шынайы эффектілерді құрастыруға болады, ол үшін 3D S Max бағдарламасының стандартты құрылғылары қажет болады. Плагинде эффектті күйге келтіру мүмкүндіктері кең, ол Particle Flow, Cebas - ThinkingParticles бөлігі жүйесін және плагинін тікелей қолдайды.

finalDOF, тереңдікті айқындауын ұқсатуға арналған. Бұл да визуалдау эффектісі, мұнда қарапайым визуалдауға қарағанда осы эффектке тезірек қол жеткізеді. Негізгі эффектке қосымша ретінде, finalDOF плагині (motion blur) жабыстырмалы қозғалыстың стандартты эффектісіне альтернативті болып келеді.

PyroCluster – оптикалық және атмосфералық эффектілерді құруға арналған плагин.Оның көмегімен түтін, от, бұлттар және т.б. эффектісін алуға болады;

Forest Pack Pro. Өсімдіктерге арналған қызықты қосымша. Оның көмегімен үш өлшемді көрініске өсімдіктердің көп бөлігін салу арқылы олардың есептеулеріне компьютер қоры жетпей қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Forest Pack Pro көмегімен құрылатын ағаштар мен түптер – бұлтік бұрыш жасай отырып қиылысатын екі жазықтықтар, бұған қажетті текстура мен түссіз карталар қолданылған.

FumeFX. Сұйықтар мен газдар динамикасына ұқсатуды қамтамасыз ететін қосымшалар. Оның көмегімен шынайы түрдегі от, түтін, жарылыстар және т.б. алуға болады. FumeFX плагинінің ерекшелігі көріністегі нысаналардың басқа нысана бөліктермен динамикалық түрде бірге жұмыс істеуде (Thinking Particles стандарттарымен де, плагинімен де). FumeFX көптеген фильмдерде, әсіресе, Superman Returns және The Host (Gwoemul эффектілер өндіруде сәтті қолданысқа ие болды.

GhostPainter - 3D S Max және Photoshop бағдарламалары арасында интерграциямен қамтамасыз етеді. Оның құрамында қосымша құрал-саймандар жинағы, оның көмегімен Photoshop бағдарламасының барлық құралдарын 3D S Max бағдарламасына қатысты қолдану (қылқалам, лассо, штамп және т.б.) және сурет салу материалдың анықталған идентификаторы бар аймақта сурет салуға болады немесе белгіленген жазықтыққа байланысты 3D S Max бағдарламасында макросы/Actions (макростар Photoshop бағдарламасына жазылған макростарды жазып алу және т.б. GhostPainter плагинін қолданушы растрлық көріністібағдарламаның терезелер арасына, ал керек болған жағдайда Photoshop бағдарламасы 3D S Max жобасы терезесінде ашылып кетуі мүмкін.

Ghost Trails. Нысана артында қалатын із эффектісіне арналған плагин. Ghost Trails мысалына аспанда ұшып жүрген кометаны алып қарауға болады.

glu3D. 3D S Max бағдарламасында мыңдаған әртүрлі құралдардың барлығына қарамастан, мұнда сұйықтықты құруға арналған құрал жоқ. Сондықтан, егер осы плагин бойынша анимация жүргізгіңіз келсе, glu3D қосымша модулін пайдалансаңыз болады. Оның мүмкіндіктері біршама кең: сұйықтықтың басқа бір денемен соқтығысуы, сұйықтықты бүркеу эффектісі, сұйықтықтың ағуы және т.б.

GroundWiz. GroundWiz қосымша модулі үш өлшемді ландшафт құруға неігделген. Ол екі бөліктен тұрады: үш өлшемді процедуралық картадан GroundWiz Terrain Map (ландшафт текстурасын құруға аарналған) және GroundWiz Planter құралынан (ландшафттарға көптеген нысаналарды орнату, мысалы ағаш, түптер, шөптер және т.б.).

GroundWiz Terrain Map фрактальді алгоритмді пайдаланады, сондықтан оның көмегімен салынған текстуралық карталар ешқашан қайталанбайды. GroundWiz рельеф картасы, диффузиялық себу немесе басқа көріністе қолданыла алады. Плагинде бағдарламаны Terragen RAW файлына импорттау түрі де қарастырылған. Картаның жүздеген өңделетін күйлері бар, соның ішінде анимацияланатын түрі.

GroundWiz Planter нысаналар орын ауысуын бақылайды, қылқалам арқылы керек жерге арнайы автоматты түрде бөлшектерді кішірейту түрімен айналысады. GroundWiz Planter mental ray визуалдауында оптимальданған, оның арнайы Native Geometry Shader шейдері бар, олар миллиондаған полигондар көрінісін есептеу мүмкіндігін береді.

GroundWiz екі нұсқасы бар: Lite және Full. Толық нұсқа 180 доллар тұрады, бірақ Lite нұсқасы жеке қолданушылар үшін тегін. Ол толықтай функциональданған, бірақ кейбір шектеулері бар: бір уақытта 5 қабат визуалдана алады; қабат түсі түрінде 3D S Max бағдарламасының стандартты карталары немесе суреттері қолданыла алмайды.

GrowFX. GrowFX үлгілеу және өсімдікті анимациялау жүйесінен тұрады. Қосымша көмегімен кез-келген түрдегі және пішіндегі өсімдіктерді құруға болады: шөптен бастап үлкен ағаштарға дейін, пальма мен шыршалардан бастап жапырақты ағаштарға дейін. GrowFX көмегімен тұрғызылған нысана өзіне ұқсас өсімдіктерді өзінің жазықтығында немесе көрсетілген жерге көбейтуі мүмкін.,

55-сурет. GrowFX плагині

 

Hairtrix - Hairtrix қосымша модулі екі танымал плагиндердің бірігу нәтижесі – шаш пен жүн – hairfx және Ornatrix, олар 3D S Max бағдарламасының бұрыңғы нұсқаларында болған болатын. Ол шашты визуалдау және үлгілеудің екі шешімін ұсынады: finalRender және V-Ray визуалдаудың бір-біріне сәйкестігін қамтамасыз етеді және кейіпкерлер санын басқа терезелер ашпай-ақ бірден жоба терезесінде есептеу мүмкіндігіне ие.

Плагин ерекшеліктерінің бірі ретінде шаш қозғалысын ұқсатудағы бірнеше қозғаоысты атап айтқан жөн, соынң ішінде Aegia PhysX. Cloth Mesh конвертері Cloth және SimCloth3 плагині стандартты модулмен сәйкестенуін қамтамасыз етеді. Мұнда қозғалысты тегістеу жұмысын жүргізсек, ол визуалдау нәтижесінде жақсы көрініске ие болады; mental ray плагинін толықтай қолдау, мұнда шашты жасау үшін шаш жасауға арнайы арналған бірнеше материал және бұйралау, шашты жинау, түйіндеп қою секілді эффектілерін қосу үшін арнайы өзгерістер қажет болады.

Hercules. Бұлшық етті анимациялауға арналған қосымша. Плагин мускул жүйесіне кейіпкерді біріктіріп, кейін олар орын ауыстыру, созылу, кейіпкер қозғалысына сай келетіндей алға, артқа қозғалу сияқты күй береді. Мускулдар жүйесін анимацияға да, кез-келген 3D-нысанасына да орнатуға болады. Hercules плагині (Skin, Physique) скининг үшін барлық өзгертулермен жұмыс жасайды;

Illustrate! – Бұл шынайы көрсеткішке ұқсамайтын кескін визуализаторы ол көріністі "ертегі" 2D-суреті түрінде кескіндегісі келеді. изображения. Плагин ShockwaveFlash (*.swf), Autocad (.dxf), және Adobe Illustrator (*.ai) форматында сақтауға мүмкіндік береді;

Krakatoa. Көптеген бөлшектермен жұмыс жасауға арналған плагин. Krakatoa плагині бөлшектер саны көп бөліктерді визуалдап, шаң, түтін, мұхиттар ағымының көпірігін, плазма және т.б. эффектісін орнатыңыз. Krakatoa Particle Flow модулмен интеграцияланып, басқа 3D-қосымшалары, RealFlow берілгендерімен ауысу мүмкіндігіне ие. Krakatoa көмегімен миллиондаған бөлшектер құруға болады, ол Particle Partitioning ерекше әдісінің арқасында жүзеге асады. Олармен жұмыс жасау барысында оперативті жады санының мәні және басқа жүйелік қорлар секілді шектеулер қойылмаған. Бөлшектерді визуалдауда стандартты карталарды және 3D S Max материалдарын пайдалануға болады, көлеңке қойып, майланған қозғалысына эффект көрінісін беру және т.б.

LPM Pro. Визуалдаудың өтуін басқаруға арналған қосымша модулі. Плагин шексіз нысаналар жинағын және жарық көзін, қондырғылар күйін сақтауға және кейін оларды кітапханадан кері жүктеуге, барлық қасиеттерді көшіріп, қоюға, визуалданбайтын нысаналарды жасыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, LPM Pro желілік визуалдау рұқсатына ие, ол Backburner модулін пайдалану арқылы жүзеге асады.

MAX2AE. Adobe After Effects бағдарламасымен берілгендермен алмасуға арналған қосымша. MAX2AE қосымша модулі After Effects бағдарламасына камераның кез-келген қасиетін, жарық көзі мен нысана қасиеттерін жіберуге болады. 3D S Max бағдарламасынан AE жобалауларын импорттауға келетін болсақ, мұнда плагин көрінісіне 3D S Max бағдарлама элементтері, 3D-редакторында барлық көрініс компоненттері берілуі қажет.

MegaTerrain MAX. Шынайы ландшафттарды үлкен өлшемдерде визуалдауға қажет. MegaTerrain MAX жобалау терезелерінде ландшафт көрінісін тамашалауға болады. Ол 3D S Max бағдарламасының стандартты материалдарына ие, импорт және экспорт түрлерін жазықтықта жүргізу түрін құрамдастырады.

Morph-O-Matic. Morpher стандартты өзгертулеріне альтернативті күйде, ол өте күрделі және нүкте саны көп үлгілерде морфинг қызметін орындауға мүмкіндік береді. Көмек қажет болған жағдайда берілгендер жасақтауын сақтап, келесіде қолданатындай күйге келтіреді.

NodeJoe. Плагиннің графикалық интерфейсі бар, олар материалдармен, материалды көру алдын презентациялаумен, текстура мен кіріктірілген карталар көмегімен басқарады. Nodejoe интерфейсінде элементтер арасындағы байланысты қарастыруға болады, олар сызық және қарта түрінде көрсетілген. Сонымен қатар drag-n-drop әдісі жұмыс жасайжы, ол үшін карта мен материалды Nodejoe және Material Editor стандартымен белгілеу қажет. Плагин тек стандартты материалдардан ғана емес, сонымен қатар ішкі визуалдау жүргізген күйде қолданылады.

Particle Flow Tools: Box#3. 3D S Max бағдарламасында бөлшектермен жұмыс жасау үшін Particle Flow құрылғысы қарастырылған. Оның кеңейтілуін одан әрі қосымшамен үлкейтуге болады. Particle Flow Tools: Box#3 – бұл операторлар жинағы мен басқа бағдарламалар құрылғысы, ол Particle Flow модуль авторымен жасақталған. Негізінде бағдарламада оператор бар: Save, файлдарды тез сақтауға арналған оператор; Repair Cache System утилитасы, кэшке байланысты туындайтын мәселені шешуге арналған және т.б. Плагин өзіне қарасты жеке операторларды құру арқылы оларға Particle Flow операторлары сияқты интерфейс орнатады.

Pencil+. 3D S Max бағдарламасында қолдан жасалған суреттерді құрады; бұл суреттер әртүрі үлгіде бола алады. Бағдарламада материалды конверсиялау болғандықтан, стандартты материалдарды өзгертіп алуға болады. Сонымен қатар плагиндер қолданатын материалдар бар: finalToon және Illustrate!, Pencil+.

psd-manager. Визуалдау нәтижесін PSD форматында сақтайтын плагин; Осы қосымшаны пайдалана отырып PSD файлында бөлек-бөлек қабат ретінде визуалдау қабаттарын сақтап қобға болады.

PWrapper. Кез-келген бөлшек жүйесі негізінде жазықтықты құруға арналған қосымша модул; Бөлшектер метаболдар принципі бойынша бірігеді (бір-бірінен алыс орналасқан бөлшектер бірігеді).

Roof Designer. Үш өлшемді төбе құруға арналған құралы. Плагин төбе тұрғызу жұмысын үлгі құру секілді жеңілдетеді. Ол автоматты түрде материал идентификаторын бекітіп, бірден қашау құрады. Қолданушы черепицадағы элементтер орналасуын төбеден көре алады;

RPC. Бұл қосымшалы модуль бірер уақыт аралығында көріністі анимацияланған нысаналарға толтырып тастайды – адамдармен, өсімдіктермен, фонтандармен және т.с.с. Бірақ, көрініс терезесі қатты жүктелмейді. Ол RPC-үлгілеріне байланысты – нысананың әрбірі бір-бірімен қиылысқан жазықтықтан құралған, оларға сәйкес текстуралар, тұссіз каналдар орнатылған.

RPManager. Қабатты визуалдауды жеңіл күйде басқару – қосымқа құралының негізгі жұмысы. Шындығында ол Batch Render түрінің жақсарған нұсқасы. Плагин 3D S Max бағдарламасына қосымша терезелер қосады, мұнда маңызды параметрлердің бәрі сақталған, олар: камераны күйге келтіру, нысана қасиеті, нысаналардың көрінуі, фонды күйге келтіру және т.б. Барлық берілген материалдарды келесі жолы қолдану үшін сақтап қоюға болады. RPManager түрі Brazil, VRay, mental ray және finalRender Stage 1 ішкі визуалдауды саққтайды.

RTTGroup. Плагин Render to Texture функциясының альтернативі. Оның ерекшелігі келесілер: бірнеше нысаналарды текстуралауды визуациялауды бір текстураға біріктіру, ныаналар тобына рендеринг жүргізілген кезде текстура таңдау, текстура өлшемін басқарудағы оңай әдіс, MaxScript құрылғысы көмегімен плагинді кеңейту мүмкіндігі.

ScatterVL Pro. Плагин көлемді жарық көзі эффектісін күйге келтіруге және Volume Light стандартты эффекті мүмкіндігін кеңейтуге арналған. Көбіне ол келесі көлеңке түрлерін қолданады: Raytraced Shadows, тереңдікті айқыдау эффектісі; Glow эффектісі және басқа құрылғылар; ScatterVL Pro түрі FusionWorks технологиясына негізделген.

Skin FX. Skin FX – жазықтықты деформациялауға арналған қосымша өзгертулер. Оның қолданылуы жан-жақты болуы мүмкін. Мысалы, ол «көлемді жоғалту» мүмкіндігін түзейді, ал стандартты түрде қаңқаға теріні созу үдерісі арқылы жүзеге асады. Плагин көмегімен қабықшаның майысуы аймақтарында қатпарлар бейнесін салуға болады, Relax түрі арқылы ортаның деформацияланған аймақтарын тегістеуге болады. Skin FX түрін стандартты өзгертулермен бірге Morph, Flex, TurboSmooth пайдалануға болады..

SolidRocks. V-Ray сыртқы визуалдауын күйге келтіруді жеңілдетуге арналған қосымша. Көптеген қолданушылар сыртқы визуалдауды қосқанда «қандай күйге келтірсем екен» деген сұрақтар қояды. Қолданушы тек суреттің кеңейтілу мәнін беріп, сапасын анықтау қажет: орташа, жақсы, қанағаттанарлық, өте жақсы және т.б. Содан кейін плагин визуалдауға қажетті күйлерді орнатады. Сонымен қоса SolidRocks түрі рендеринг түріне жарық көзі, материалдарға қандай өзгерістер енгізгендігін білуге болады.

Swift 3D MAX. Бұл плагин 3D S Max бағдарламасының экспортын кеңейтеді. Ол үш өлшемді көріністерді SWF, PNT форматтарына және векторлы SVG, AI және EPS форматтарға экспорттайды (бұл Toon Boom Studio бағдарламасының форматы).

Thinking Particles. Бөлшектермен жұмыс жасауға арналған қосымша модуль. Бөлшектерді басқару үшін операторлар мен шарттар қоюға болады, жалпы айтқанда логикалық диаграмма оқиғаларын тізіп қоюға болады. Осының арқасында плагин көмегімен кез-келген бөлшектің эффектін аламыз.

TOCollectoREX - Resource Collector стандартты құрылғының альтернативті түрі. Ол үш өлшемді көріністе бар барлық сыртқы файлдарды жинауға арналған. Бұл утилита көрсетілген мұқабаны тауып және сақтап қана қоймайды, соынмен қатар HDRI, V-Ray mesh, файлы IES, шейдерлер секілді басқа да түрлерді табады. TOCollectoREX көмегімен барлық қорларға сілтеме жасауға болады және барлық жоғалған файлдарды көрсетуге болады.

TurnToolBox. Үш өлшемді жобада интерактивті презентация құруға арналған плагин. Мұндай презентациялар браузерде немесе ActiveX басқару элементінен тұратындықтан басқа бағдарламаларда да көрінеді, әсіресе, PowerPoint және Macromedia Director түрдері. Жобамен жұмыс жасау үшін құрал-саймандар навигаторы қолданылады, олардың көмегімен көрініске түсіп, нысаналарды әрекеттестіруге болады. Бағдарламада жасалатын файлдар кіші өлшемде болады, соның арқасында оларды интернетке, пошта арқылы жіберуге болады.

Unwrella. Текстуралауға арналған плагин. Бұл қосымша өзгертулер, оларды қолдануда оптимальді өзгерістер бар, олар UV-кеңістікте және UV-карталарды 1:1 қатынасында болатындай етіп пропорциялайды. Сонымен қатар, Unwrella қолдануда тігістер саны азаяды. Бұл плагинді кез-келген үлгі түрін текстуралауға қолдануға болады.

Voice-O-Matic. Үш өлшемді кейіпкер үшін еркін қозғалысын автоматтандыру үдерісіне арналған плагин. Қосымшаларды пайдалана отырып, 3D S Max бағдарламасында жазылған аудиофайлды жүктеуге болады. Содан кейін Voice-O-Matic фонемаларды сараптап, автоматты түрде анимация кілттерін құрады.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Ш өлшемді графикаға кіріспе | Олданушы интерфейсі | Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру | Кеңейтілген примитивтер құру | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу | Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері | Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі.| Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)