Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік кеңістікте өзіндік танылуы білім беру жүйесінің жоғары дәрежеде дамуына тікелей байланысты болғандықтан, терең білімді, сауатты ұрпақ тәрбиелеу ісін мектепке дейінгі кезеңнен бастауды қажет етеді. Өйткені осы шақ рухани күш қуатының, мүмкіндіктерінің, танымдық қажеттіліктері мен интеллект көзінің ашылар кезеңі.

Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістерді мектепке дейінгі ұйымда қызмет ететін педагогтардың әрқайсысы өз жұмысына арқау етуі қажет. Ол үшін маман кадрлардың ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі көтеріп отыруға тура келеді. Бұл міндеттің үлес салмағы оқу-тәрбиенің өзгермелі кезеңдеріи тарату және тәрбиешінің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі,әдіскеріне жүктеледі.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттерін мектепке дейінгі ұйымда жүргізілетін әкімшілік-шаруашылықты ұйымдастыру, басқару, әдістемелік т.б. мәселелермен таныстыруда, басқару, ұйымдастыру жұмыстарына даярлауда «Мектепке дейінгі білімді басқару» пәнінің орны ерекше. Ұсынылып отырған пәннің оқу бағдарламасының мазмұны болашақ мамандарға меңгерушінің, әдіскердің педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарын, жұмыс жоспарын, мекгепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін, бақылау және басшылық жасау түрлерін меңгертіп, білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні бұған дейінгі оқылған «Мектепке дейінгі педагогика» пәнімен байланысты, пәнді оқып-үйрену аталған пәннің біліміне негізделеді.

 

Пәннің мақсаты студенттерді мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жұмысымен және әдістемесімен таныстыру.

 

Пәнді оқыту міндеттері:

дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;

 

Студенттер пәнді оқу нәтижесінде практикалық қызмет үшін төмендегідей біліктілік пен іскерліктерді меңгереді:

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 491 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ | Дәрістер | Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Пәннің қысқша сипаты | ПӘН МАЗМҰНЫ | Мектепке дейiнгі ұйымдардың түрлерi және оларды жинақтау | Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi | Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi | Ылыми басқарудың негізгі ұғымдары. | Азақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектепке дейінгі ұйымның ролі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Педагогика және психология факультеті| Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)