Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.

Читайте также:
  1. Вопрос6 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  2. Вопрос69 Дамудың сапасын және сипатын жоғары деңгейде көрсететін акмеологияның негізгі ұғымдарын көрсетіңіз.
  3. Еңбек қарым –қатынасы
  4. Орташа мерзімді жоспарлау

Жалақы - еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғары деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Осы «Еңбек нарығы және жалақы» атты курстық жұмысының негізгі зерттелетін мәселесіжалақы, яғни бұл жұмыскерлерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес төленетін төлем мәселесін, мына қағидаларды басшылыққа алдым:

· Қандай да болмасын кәсіпорындарға өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты.

· Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас өзгеруде, «Кім көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс».

· Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өндірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалылығының және жеке табыстарының негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады.

· Еңбекақының нысаны мен жүйесі жалақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағфы байлланысты белгілейді және өз еңбегінің қорытындысына байланысты жалақының белгілі тәртібін есептейді.

· Кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі – ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда кейбір кәсіпорындарда еңбекақының өсуі еіңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда әлде – қайда шапшаң. Бұл дұрыс емес. Еңбек өнімділігі әр уақытта одан жоғары болуы тиіс.

· Кәсіпорындарда еңбекақыны есептегенде мыналар еске алынуы керек:

Ø әділдік принципі, яғни тең еңбекке тең ақы;

Ø атқарылатын жұмыстың күрделілігі және еңбек біліктілігі;

Ø заңды жұмыс жағдайы және ауыр қол еңбегі;

Ø еңбектің сапалылығын ынталандыру және еңбекке адалдықпен қарау; ақаулыққа жол берген және өз міндетіне жауапсыздықпен қарайтындарға материалдық жаза;

Ø инфляция деңгейіне сәйкес жалақыны индекстеу;

Ø кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыратын еңбекақының үдемелі нысаны мен жүйесін қолдау, т.б.

Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімі:

1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақша формасында, айына бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігіне дейін төленеді.

2. Жалақыны беру күні еңбек, ұжымдық келісім-шарт негізінде қарастырылады.

3. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші ай сайын жазбаша түрде жұмысшыларына сәйкес кезеңдегі жалақының құрамдас бөліктері туралы, мөлшері мен ұсталынған ақшаның себебін, соның ішінде міндетті зейнеткерлік қорына ұсталынған салымдар, сонымен қатар төленетін ақшаның толық мөлшерін хабарлайды.

4. Жалақы берілетін күн мейрамға немесе демалыс күніне сәйкес келсе, сол күндер қарсаңында төленеді.

5. Жұмыс берушінің кесірінен жұмысшымен жасалған еңбек келісім-шартын бұзуға байланысты жалақы немесе басқа да төлемдер берілмесе, жұмыс беруші қарызын және өсімін төлейді.

6. Өсім мөлшері жалақы төленуге жататын міндетін атқарған күнге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржыландыру мөлшерінен тыс есептеледі және төлем төленуге тиісті күннен басталған әрбір өтелмеген күнтізбелік күнге бөлініп, соңғы төленген күнмен аяқталады.

7. Еңбек келісім-шарты тоқтаған кезде жұмыс берушіден жұмысшыға берілетін соманы төлеу келісім-шарт тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жұмысшыға жалақы төлеу, егер еңбек келісім-шартымен басқа жағдай қарастырылмаған болса, оның жұмыс істеген орнында жүруі тиіс.

 

 


Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек қарым –қатынасы| ТЕМА 1. Понятие, механизм образования и основные виды денежных потоков (ДП)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)