Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орташа мерзімді жоспарлау

Читайте также:
  1. еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.
  2. Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау.
Мұғалімнің ойы Тренердің пікірі
Еліміздегі Білім берудегі «Кембридж тәсілінің теориялық негіздері» бағдaрламасының негізгі міндеті - Қазақстaндық мұғалімдерге педагогикaлық тәжірибесін жетілдіру мен бaғалауға көмек көрсету. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. [МАН, 6 бет] Білім берудегі жаңа бағдарлама негізінде жаңаша үлгіде ұйымдастырылған сабақтардың нәтижесінде оқушылардың сабаққа қатысуы мен сабақ барысындағы белсенділіктері бұрынғы дәстүрлі формада ұйымдастырылған сабақтардағыдай емес, едәуір ілгерілеушіліктің болғанын байқадым. Себебі, дәстүрлі формада ұйымдастырылған сабақтар кезінде оқушылар бір орыннан қозғалмай, топпен араласпай, жеке отырып, мұғалімнің берген дайын білімін тек қабылдаушы болып отыратын еді. Және сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізуге, кез келген жағдаятты сыни тұрғыда ойлануға шорқақ, өз-өздерін бағалаудың нақты критерийлерін білмейтін еді. Жаңа үлгідегі сабақтардың нәтижесінде мұғалім бұрынғыдай дайын ақпаратты беруші, ал оқушы тек тыңдап, қабылдаушы емес, сабақ барысында оқушы ізденуші, өз ойын еркін жеткізуші, ал мұғалім тек бағыттаушы болды. «Әр бір бала жұлдыз болуға лайықты, оның жұлдыз болып жарқырауына бірден-бір ықпал ететін тұлға – мұғалім!»- деген қағиданы ескере отырып, мен өз зерттеуімде осындай «үнсіз оқушының» берілген тапсырманы орындау барысында сыныптың басқа да оқушылармен тең әрекет жасауына жағдай жасауды мақсат еттім. Сол үшін мұғалім саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін, ең бірінші өздерің саналы түрде қалыптастыруы керек, сол мақсатта мұғалім көшбасшылық атқара білуі қажет деген пікірдемін. Сол күнгі сабақ барысында, көшбасшылық жасай отырып, оқушыларымның жұмыс істеу кезінде әрбір оқушының пікірі мен санаса отыруға олардың бойындағы бар қасиеттерін аша білуге бағытталдым. Пажарестің пайымдауынша, әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, мұғалімнің сыныптағы іс –әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер күштірек ықпал етеді демекші. Қазіргі таңда жас ұрпаққа заманына қарай білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін, көптеген сан алуан технологияларды пайдалану керек. Оқушылардың білім алғандығы дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасының рефлексивтік есебіне мен «How is the weather» тақырыбын ашуды көздеп отырмын. Әрине, алғашқы сабағым болғандықтан көптеген күмәндар болды. Үзіліс кезінде мен сынып ішінде жақсы атмосфераны құру үшін «Sprig»әуенін қойып қойдым, оқушыларым кіріп таңғалып жатты бір-бірімен пікір талас туындап жатқанын да байқадым бірақ, оларға ұнап жатқаны мені қуанта бастады. «Сәлем - сөздің анасы демекші кез - келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір – бірімен, қарым - қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем беріскеннен кейін ғана керек мәселе жөнінде сөз қозғайды. Сол күнгі сабақ барысында, көшбасшылық жасай отырып, оқушыларымның жұмыс істеу кезінде әрбір оқушының пікірі мен санасып, олардың бойындағы бар қасиеттерін аша білуге бағытталдым. Сыныпты топқа біріктіру мақсатында мозайка әдісін қолдандым. Топқа бірігу кезінде оқушылардың ойлауын арттыру және ұжымды қалыптастыру үшін арнайы жаңа тақырыпқа байланысты жыл мезгіліне байланысты суреттері бар қима қағаздар берілді. Бірігу кезінде оқушылар Сыни тұрғыда ойланады, бір-бірлерімен өзара қарым – қатынасқа түседі, әрбір оқушы қолдарындағы қима қағаздар арқылы зерттеу жүргізіп, бір-бірімен байланыса отырып іс – әрекетке барғанын байқадым. Сонымен қатар топқа бірігу кезінде оқушылар құрбы -құрдастардың көмегіне жүгініп, мәселені шешу жолдарын іздегенін байқадым, яғни бұл арада мен Выготскийдің тұжырымдамасы Жақын арадағы даму аймағының көрінісі деп айта аламын. Топтастырылғаннан кейін, оқушыларға топ арасында топбасшы сайлауға берілді. Байқағаным, топбасшыны сайлау барысында, оқушылар бір – бірімен талқылау барысында, жігерлі, өз – өзіне деген сенімділігі мол, өз ойын еркін жеткізе алатын, басқаларына нұсқау беретін, әрқашан көмек қолын созатын оқушыны таңдауға ынталы болып жатыр екен. Осы жайттар мені таңқалдырды. Нәтижесінде, топ арасынан топ басшылары ретінде М және А таңдалды. Сол бағытта топ оқушыларымен біріге отыра, критерие құруға бағытталдым. Таңқалдырғаны, оқушылар критери құру барысында, мұғалімнің де талқылау деген пунктті де қосайық деген секілді пікірлер арқылы критериалды бағалау парақшасын құрдық. Нәтижесінде, бағалау парақшалары топ басшыларының қолдарына түсіндіріп тапсырылды. Александрдың пайымдауынша балаларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырлар да артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек деп айтпақшы. (НҰСҚАУЛЫҚ 51,бет) Жаңа тақырыптың тақырыбын ашу мақсатында, әрі қызығушылығын ояту барысында, жыл мезгілі және табиғат құбылыстарына байланысты бейне материал көрсетілді. Сыныптағы оқушылар көру арқылы сыни тұрғыдан ойлау барысында, көптеген пікірлер айтты. Оқушылардың біреуі табиғат, енді біреулері көктем, жаз, қыс, күз деген түрлі пікірлер айтып жаңа тақырыбымның атын табуға жақындай түсті. Соның ішінде А оқушым апай біз бүгін сабағымыздың тақырыбы табиғат құбылыстары ғой деп айтты. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз не жайлы болады дегендей сұрақтар қою нәтижесінде жаңа сабақтың атауын аштық. Байқағаным, оқушыларға біздің әдеттегідей сабағымызды, басынан аяғынан дейін ауызына салып, енді шайнауын ғана қалды дегендей жасағанымыз оқушылардың қызығушылығына, олардың өздігінен ізденуіне мүмкіндік бермегеніміз екен, сабаққа деген ынтасын, құлшынысы жоғалуымен нәтижеленеді екен. Нәтижесінде, оқушыларға көбірек сенім артып, өздіктерінен жұмыс жасауға мүмкіндік бергеніміз барысында, ойлаған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз деген пікірде болдым. Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме –мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезіңде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады. Басқаша айтқанда оқушылар ойланады. (НҰСҚАУЛЫҚ 40,бет) Жоғарыда айтылған сөздерді негізге ала отырып, жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларымды екі топқа бөлдім I – топқа Spring, II- топқа Sammer деген атау берілді сосын оларға постер қорғауға бердім. Постер қорғау барысында түрлі пікірлер айтылды. І топқа тапсырма көктемде болатын құбылыстарды қорғандар деп айтылды. ІІ-топқа Зат есімнен үстеу қалай туындайды деген тапсырма беріліп талқылау жүріп жатты. Байқағаным, М іс-әрекеттері, топ арасындағы зерттеушілік әңгіме барысында, яғни зат есімнен қалай үстеу туындайтынын жан-жақты ізденісін көріп байқадым. М оқушым постерді қорғағаны ерекше назарды аударды. М оқушым өз тобын алға жетелеп, көбіне топбасшысы ретінде өз тобын жақсы деңгейде алып шығуға тырысты. Нәтижесінде, осы сөздерді зерделей келе мен оқушылардың біз ойлағаннанда сыни ойлаулары дамыған екенін байқадым. Бір байқағаным, естігенім топқа зерттеу тапсырмасы берілгенде олар таң қалып, апай бізге ешуақытта өздігімізден ізденуге тапсырма бермеуші еді ғой, барлығын өзі айтып беруші еді ғой деген әңгімеде айтылып жатты.Осы тапсырмада зерттеушілік әңгіме жүріп жатқаны байқалады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Бұл жерде айта кетерлік бір нәрсе - осы бір ғана оқыту мен оқуда АКТ –ны қолдану модулін сабақтың кез келген кезеңінде оқушылар ұялы телефонын пайдаланып жатты, сынып құрамындағы барлық оқушының бойынан әншейінде байқала бермейтін жеке қабілеттерін байқауға болатынына толықтай көзім жетті. Мұның дәлелі ретінде жаңа сөздердің аудармасын ғаламтордан іздеу кезінде топ құрамындағы С оқушының сол топтағы басқа оқушыларға қарағанда әлдеқайда шапшаң қимылдап, соңғы нәтижеге жылдам жеткенінің, яғни сөздің аудармасын жылдам тапқанының куәсі болдым. Сергіту сәті барысында музыка әуеніне сай интербелсенді тақтада көрсетілген іс-қимылды қайталау кезінде топ құрамындағы кейбір Вжәне Соқушылардың биге деген ерекше қабілеттері бар екенін аңғардым. Сондай ақ, мұғалім қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылар жүрегінен орын алуға мүмкіндіктері зор екеніне көзім жетті. Выготскийдің пікірі бойынша, жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. (НҰСҚАУЛЫҚ 28,бет). Осы пікірді жетекшілікке ала отыру мақсатында, қара, жап, жаз, айт, тексер әдісі арқылы оқушылардың жаңа сөздерді жеңіл түрде қабылдауын көздедім. Әрине, осы тапсырманы орындау барысында көптеген кедергілердің тап болуына деген күмәндар болды. Байқағаным бойынша, осы әдісті қолдану барысында, С оқушыларының ынтасы қоса жоғарылай түсті, олардың ешкімнен қалыспауына себепкер болған ЖАДА (Жақын арадағы даму аймағы) яғни А және В оқушыларының С оқушыларын бөліп жармай, ынтымақтастық атмосферасын орнатқаны мен үшін көптеген ойларды түйгізді, сонымен қатар, бойыма барынша куаныш ұялады. Назарымды аудартқаны С оқушылары басқалардың көмегіне көрсеткеніне қуанып қалып, беттеріне күлкі ұялады, өздерінің жалғыз емес екенін әбден түсінді. Әрине, осы кедергілерді жоюға ықпал еткен оқушыларымның ауызбіршілігі, ынтымақтастығы байқалды. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. (НҰСҚАУЛЫҚ 61,бет) Сонымен қатар, оқушыларға қазіргі таңда, пән бойынша ақпарат жинақтап, білімін жетілдіріп, кеңейтуге қажеттілігі зор демекші, оқушыларға Африка, солтүстік Америкадағы төрт мезгіліндегі ауа райының құбылыстары жайлы жалпы түсінікті интернет көзі арқылы табуды бердім. Соның ішінде, тапсырма барысында интернет көзінен тапқан материалдарын жүктеу барысында, оқушыларда топ арасында түсініспеушілік болып жатқанына көзім түсті. Шығармашылық жұмыс кезеңінде барлық топ мүшелері біріге отырып постер жасап, оны барлық топ мүшелері қорғап шықты. Ал екінші топ олардың жұмыстарына өздеріне берілген зат есімнен қалай үстеу туындайды деген тапсырманы қорғады. Осыған дейінгі дәстүрлі сабақтарда көбіне интеллектуалдық деңгейі төмен кейбір С оқушылардың берілген тапсырманы орындау жолын түсінбей, сабаққа еш қатысы жоқ адамдай өз алдына басқа бір шаруамен айналысып отыратынын өкінішке орай кейбір сабақтарымнан байқайтынмын. Сонда мені «осы баланың ағылшын тілінде сабақ үстінде бір сөз болса да үйренуіне, жаңа тақырыпты аз да болса түсінуіне қалай жағдай жасасам екен?» - деген ой көп мазалайтын еді, осы сауалдың жауабын «Өрлеу» ҰБАО өткен ІІІ базалық деңгейлік курстың алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді екінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде іс-тәжірибе жүргізу барысында тапқандаймын. Оның дәлелі ретінде жоғарыда аталған шығармашылық жұмыс барысын сырттай бақылау кезінде топ мүшелерінің ешқайсысының бос отырғанын көрмедім, керісінше біреуі «жоқ осы жалғау жалғанады»- десе, екіншісі «онда мына мысалды жазайық»- деп плакаттарға жазып жатыр, жаңа сөздерді сөздіктерден, жеке телефондарының көмегімен ғаламтордан іздеп жатыр, тағы біреулері постерлерін бояп, әсемдеумен әлек, жалпы айтқанда барлығы бір ғана ортақ жұмысты аяқтау үшін топтың өздері құрған алтын ережесінде жазылғандай бір-бірінің ой-пікірімен келісіп, оны құнды деп бағалай отырып, ортақ шешім қабылдап, белгіленген уақыт ішінде осы жұмысты бітірді. Әр топтан А және С оқушы өздеріне берілген тапсырма бойынша зат есімнен қалай үстеу туындайды деген жасаған постерлерін қорғап шықты. Дәл осы сәтте менің байқағаным топтар арасынан 2 А оқушының суретке қарап, сөйлем құрау қабілетінің ерекше екенін, ал әр топтағы бірнеше С оқушылардың сурет салуға деген дарынын аңғардым да, үй тапсырмасын беру кезінде С оқушыға «өзіңнің не істей алатыныңды яғни сенің жеке қабілетіңді, не істей алатыныңды, не істеу керек екеніңді, не істеуге мүмкіндігіңнің бар екенін білдіретін 3 суреттен тұратын шағын постер жасап кел» деп жыл мезгіліне байланысты жеке тапсырма бердім, соған байланысы оның осы үй тапсырмасын орындау кезінде А оқушымен бірігіп жұмыс жасауын көздеп, оған (яғни А оқушыға) дәл осы постер бойынша шағын мәтін құрап кел»- деп арнайы барлығына бірдей орындауға арналған тапсырмадан бөлек жеке тапсырма беру арқылы сабақ барысында талантты және дарынды балаларды оқыту модулін ендіре алдым деуіме толық негіз бар. Әрине бұл жерде балалар тапсырманың өздеріне түсініксіз болған кейбір кедергілерін ЖАДА -ны пайдалану нәтижесінде бірінің білмегенін екіншісі түсіндіру арқылы орындады. Өз кезегінде бұл жерде кедергілер де кездесіп отырды, ол - балалардың сөздік қорының аздығы, осы кедергіден шығу мақсатында сабақ барысында «look», shut», «-say» ойынын қолдандым, ойын шарты бойынша ең алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінге 1 минут көз жүтіртіп қарап шығады, содан соң барлығы кітапты жауып қойып, мәтін құрамындағы сөздердің ағылшын тіліндегі баламасын табу бойынша бір-біріне сұрақтар қойды. Нәтижесінде балалардың бір-біріне сұрақтарды жиі қайталауынан сөздер есте жатталып қала береді екен, осы ойынды ойнату кезінде мен, сыныптағы Соқушының сөздік бойынша басқаларға сұрақ қоюға деген ынтасының артқандығы және ойын соңында С оқушыларға басқа оқушылар мәтіндегі сөздер бойынша сұрақ қойғанда оның 5-6 жаңа сөзді жаттап үлгергенін байқадым. Сонымен қатар, сабақ барысында 1 топқа және ІІ- топқа өзара жұптық тапсырма берілді диолог әдісін пайдаландым. Топтағы Ажәне В оқушылар бірігіп диолог құра бастады, бірақ бір кедергіге тап болдым А оқушым С оқушымен бірге жұмыс жасағысы келмегенін байқадым. Осындай сан түрлі әдістерді қолдану арқылы мен өз сабағыма «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін кіріктірдім. Сабақтың ең бастапқы кезеңіндегі ынталандыру мен қалыпты психологиялық ахуал орнату кезеңіндегі бір-бірімен құшақтасып болғаннан кейін бірден топқа бөлдім, мен оқушыларды ынталандыруданбастап, берілген тапсырмаларды орындау кезіндегі «How is the waether» 2 топ арасында «оқытудағы делегат» әдісі арқылы жүргізілген талқылаулар мен пікірталастар, сөздікпен жұмыс жасау кезінде өткізілген «қара, жап, айт»ойыны, шығармашылық жұмыс кезіндегі әр топтың өз тақырыбы бойынша постерлер жасап,оны қорғау кездеріндегі бұдан басқа да барлық іс-әрекетті орындаушы оқушылар болса, осы талаптың барлығының дұрыс, сауатты орындалуын қадағалап, сабақтың соңында күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында барлық топ мүшелерінің жұмыстарын бақылай отырып, оларға тек бағыт-бағдар беріп отыру арқылы өз сабағымда мен «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін кіріктіре алдым. Егемендігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария еткен Қазақ елінің алдында «Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің құрамына ену» деген ұлы мақсат тұр. Осы мақсатқа жету жолындағы «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі халықтар арасындағы қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деген халықтар арасындағы ұлттық сана, барлық білім беру мекемелеріндегі «Ағылшын тілі» пәніне баса назар аударумен қатар халқымыздың ұлттық санасында «Қазақ елін болашақ Азия барысына айналдыратын келешек ұрпақ өзінің ана тілімен қоса, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген, көп тілді дарын иесі болып қалыптасуы шарт» деген өзіндік жеке идеяның орын алуы мектеп оқушыларының ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын одан сайын арттыра түсті. Еліміздің болашағының жарқын болуы бүгінгі жастардың қолында екенін ескерер болсақ, сол жастарды саналы тәрбие мен терең де сапалы білім нәрімен сусындату мектептегі ұстаздар қауымының оқушы алдындағы басты борышы. Атақты жазушы М. Әуезов айтқандай «Өзінің уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын» әрбір ұстаз өзінің күнделікті сабағында осыған дейінгі қолданып келген дәстүрлі сабақтардың бір сарынды қатып қалған қағидаларынан арылып, оқыту мен білім беру үрдісінде сабақтың белгілі бір кезеңдеріне жаңаша бір әдіс - тәсілдер енгізіп, әр сабақты түрлендіріп өткізуі, кез келген оқушының осы пәнге деген қызығушылығы мен ынтасының артуына себеп болары даусыз. Оқушының өз сабағыма деген қызығушылығы мен ынтасын арттырып, белсенділігін ояту мақсатында «Өрлеу» ҰБАО алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді пайдалану арқылы, өзім сабақ беретін 6 «А» сыныбына арнап жасалған тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша құрылған орта мерзімді жоспар құрамында қамтылған алғашқы «English modal verbs» тақырыбындағы сабақты бағдарламадағы 7 модульді кіріктіре отырып өткізуді жоспарладым. Сабақтың басында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мен оқушыларды ынталандыру кезінде, балаларға 3 түсті конфет таратып, сол конфеттердің түстері арқылы 3 топқа бөлдім. Осы әдіс арқылы мен сынып оқушыларының өз сабағыма деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыра отырып, олардың бар назары мен зейіндерін сабаққа толық аударып, сабақты көтеріңкі, жоғары көңіл-күймен бастауды мақсат еткен болатынмын, осы мақсатпен мен, ең басында балалар «көздеріңді жұмып, менің қолымдағы конфеттен бір-бірден алыңдар»- дегенде, олардың жүздерінен «енді не болар екен»?-деген қатты таңданыс пен қызығушылықты байқадым, осылайша балалар өздері таңдаған конфеттерінің түсіне қарай «red toffix», «yellow toffix», «green toffix» деген 3 топқа бөлініп, белгіленген орындарға жайғасып жатып, «қандай қызық, мен дәл осылай топқа бөлінеміз деп мүлдем ойламаппын, ары қарай бұдан да қызық болатын шығар»- деп сыбырласып жатқанын байқап қалдым. Яғни осы әдісті қолданудың нәтижесінде сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнап, балалар бар ынтасымен сабаққа қалай кірісіп кеткенін өздері де байқамай қалды. Дәл осы сәтте балалар қолдарындағы конфеттің түсіне қарағанмен, өз достарынан алшақтап, басқа топқа барғысы келмегенін олардың бет-жүздерінен бірден байқаған мен бұл менің сабақ барысындағы алғашқы кедергім екенін аңғардым да, «балалар, сендер өз достарыңмен бір топта болуларың үшін топқа бөлудің талабы бойынша конфеттеріңнің түстері сәйкес келу керек, ал конфетті сендерге мен берген жоқпын ғой, өздерің таңдап алдыңдар, яғни сендер топқа өз еріктеріңмен бөліндіңдер, өздерің жасаған топтың алтын ережесін бұзуға болмайды, талап пен шартқа бағынамыз» - деп едім, оқушылар бастапқыдағыдай емес, өз-өздерін реттеп, сәйкес топтарына жайғаса бастады. Бір сөзбен айтқанда, алғашқы кедергіні өз сабағымда осындай жолмен жеңе білдім деп айта аламын. Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде әр топқа берілген «мәселелі жағдаятты»(проблемная ситуация) шешу кезеңінде топ мүшелері қазақ тілінде берілген етістіктердің ағылшынша баламасын іздеу барысында жаңа сөздермен жұмыс жасай отырып, ерекшеленген торкөзде жасырылған етістіктер туралы жаңа мәліметтер жинақтау кезінде арнайы сөздіктер мен телефондардың, планшеттердің көмегімен интернет желісін пайдалану мен интербелсенді тақтаны қолдану арқылы сергіту сәтін өткізуде, тілді жаттықтыруға арналған фонетикалық жаттығулар жасау кезінде оқытуда Ақпараттық Комуникациялық Технологияларды қолдану модулі көрініс тапқан. Сабақтың кез келген кезеңдерінде қандай да бір тапсырманы АКТ пайдалану арқылы орындау, баланың осы тапсырманы орындауға деген құлшынысын бұрынғыдан да арртыруы даусыз. Бұл жерде айта кетерлік бір нәрсе - осы бір ғана оқыту мен оқуда АКТ –ны қолдану модулін сабақтың кез келген кезеңінде кіріктірудің өзінен сынып құрамындағы барлық оқушының бойынан әншейінде байқала бермейтін жеке қабілеттерін байқауға болатынына толықтай көзім жетті. Мұның дәлелі ретінде жаңа сөздердің аудармасын ғаламтордан іздеу кезінде топ құрамындағы С оқушының сол топтағы басқа оқушыларға қарағанда әлдеқайда шапшаң қимылдап, соңғы нәтижеге жылдам жеткенінің, яғни сөздің аудармасын жылдам тапқанының куәсі болдым. Сергіту сәті барысында музыка әуеніне сай интербелсенді тақтада көрсетілген іс-қимылды қайталау кезінде топ құрамындағы кейбір Вжәне Соқушылардың биге деген ерекше қабілеттері бар екенін аңғардым. Сонымен қатар, баланың берілген тапсырмаға байланысты зейіні мен қабылдау және түсіну қабілетін ескере отырып, жаңа сабақты бекіту кезеңінде алдын- ала деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтардан дайындалған қима қағаздармен жұмыс жасау кезіндегі А, В, С оқушылардың деңгейлік тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыспен айналысуы осы сабаққа жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модулініңқамтылғандығын дәлелдейді. «Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас жасау нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыта түседі» - деген кеңес психологы Лев Выготскийдің жеке пікіріне сүйенер болсақ, сабақ барысында түрлі тапсырмаларды, тест, қима қағаздармен жұмыс жасау, ойын, мәтінмен жұмыс немесе аударма жұмысымен айналысу кезінде топ құрамындағы Соқушы өзіне бейтаныс сөздерді немесе түсініксіз ұғымдарды Ажәне Воқушылардың көмегімен ЖАДА арқылы қайта түсіне алады, ал бұл әдістің қай жағынан алып қарасақ та тиімді тұстары өте көп, біріншіден, А және В оқушы Соқушыға түсіндіру нәтижесінде осы тақырып немесе ұғым туралы жеке түсініктері одан әрі дамып, беки түседі, ал Соқушының бойында еркіндік оянып, кей жағдайда мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда, достарының түсіндіргенін тез әрі тереңірек қабылдайды. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу кезеңінде топтағы барлық балалар «модаль етістіктер» туралы іздену жұмысын жүргізу барысында «can», «may», «must» модаль етістіктерінің атауын сөзжұмбақтар арасындағы ерекше торкөздерден тауып, құрастырып болған соң: I топқа: What can you do? - Сен не істей аласың? ІІ топқа: What must you do? -Сен не істеуге міндеттісің? III топқа: What may you do? – Сен не істеуің мүмкін? – деген сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге арналған жетелеуші сұрақтары қойылады, қойылған сұрақтарға әр топтағы оқушылардың алдын ала өздеріне таратылған суреттерді қолдана отырып, сыни тұрғыда ойлау арқылы I топ:Tom can swim, I can write, My sister can dance ІІ топ:You may go out, She may help to her mother ІІІ топ:Ben must look after his little brother, You must make a sport деген жауаптар беруі арқылы сабақ барысында сыни тұрғыда ойлауға үйретумодулін пайдаландым. Осындай әдіспен оқушыларды тапсырманың жауабын тереңірек ойлау арқылы өздігінен ізденуге түрткі болдым, нәтижесінде бір-бірімен жарысқан әр-бір топ мүшесі өздері және достары туралы жылдам-жылдам сөйлемдер құрастырды. Осы тапсырма бойынша берілген модаль етістіктерді пайдалана отырып, алдын ала таратылған суреттерді қолдану арқылы бірнеше сөйлемдер құрап, оны қазақ тіліне аударды, шығармашылық жұмыс кезеңінде барлық топ мүшелері біріге отырып постер жасап, оны әр топтан 2 оқушы қорғап шықты. Ал қалған екі топ олардың жұмыстарына өздеріне берілген басқа етістіктермен ауыстырып қолдану арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Осыған дейінгі дәстүрлі сабақтарда көбіне интеллектуалдық деңгейі (IQ) төмен кейбір С оқушылардың берілген тапсырманы орындау жолын түсінбей, сабаққа еш қатысы жоқ адамдай өз алдына басқа бір шаруамен айналысып отыратынын өкінішке орай кейбір сабақтарымнан байқайтынмын. Сонда мені «осы баланың ағылшын тілінде сабақ үстінде бір сөз болса да үйренуіне, жаңа тақырыпты аз да болса түсінуіне қалай жағдай жасасам екен?» - деген ой көп мазалайтын, осы сауалдың жауабын «Өрлеу» ҰБАО өткен ІІІ базалық деңгейлік курстың алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді екінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде іс-тәжірибе жүргізу барысында тапқандаймын. Оның дәлелі ретінде жоғарыда аталған шығармашылық жұмыс барысын сырттай бақылау кезінде топ мүшелерінің ешқайсысының бос отырғанын көрмедім, керісінше біреуі «ана суретті салайық»- десе, екіншісі «мына сөзді мына жерге жазайық»- деп плакаттарға жазып жатыр, үшіншісі сурет бойынша жаңа сөздерді сөздіктерден, жеке телефондарының көмегімен ғаламтордан іздеп жатыр, тағы біреулері постерлерін бояп, әсемдеумен әлек, жалпы айтқанда барлығы бір ғана ортақ жұмысты аяқтау үшін топтың өздері құрған алтын ережесінде жазылғандай бір-бірінің ой-пікірімен келісіп, оны құнды деп бағалай отырып, ортақ шешім қабылдап, белгіленген уақыт ішінде осы жұмысты бітірді. Әр топтан Ажәне Соқушы өздеріне берілген тапсырма бойынша «can», «may», «must» модаль етістіктері туралы жасаған постерлерін қорғап шықты. Дәл осы сәтте менің байқағаным топтар арасынан 2 А оқушының суретке қарап, сөйлем құрау қабілетінің ерекше екенін, ал әр топтағы бірнеше С оқушылардың сурет салуға деген дарынынаңғардым да, үй тапсырмасын беру кезінде С оқушыға «өзіңнің не істей алатыныңды яғни сенің жеке қабілетіңді, не істей алатыныңды, не істеу керек екеніңді, не істеуге мүмкіндігіңнің бар екенін білдіретін 3 суреттен тұратын шағын постер жасап кел» деп жеке тапсырма бердім, соған байланысы оның осы үй тапсырмасын орындау кезінде А оқушымен бірігіп жұмыс жасауын көздеп, оған (яғни А оқушыға)дәл осы постер бойынша шағын мәтін құрап кел»- деп арнайы барлығына бірдей орындауға арналған тапсырмадан бөлек жеке тапсырма беру арқылы сабақ барысында талантты және дарынды балаларды оқыту модулін ендіре алдым деуіме толық негіз бар. Әрине бұл жерде балалар тапсырманың өздеріне түсініксіз болған кейбір кедергілерін ЖАДА -ны пайдалану нәтижесінде бірінің білмегенін екіншісі түсіндіру арқылы орындады. Өз кезегінде бұл жерде кедергілер де кездесіп отырды, ол - балалардың сөздік қорының аздығы, осы кедергіден шығу мақсатында сабақ барысында «қара-look», «жап-shut», «айт-say» ойынын қолдандым, ойын шарты бойынша ең алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінге 1 минут көз жүтіртіп қарап шығады, содан соң барлығы кітапты жауып қойып, мәтін құрамындағы сөздердің ағылшын тіліндегі баламасын табу бойынша бір-біріне сұрақтар қойды. Нәтижесінде балалардың бір-біріне сұрақтарды жиі қайталауынан сөздер есте жатталып қала береді екен, осы ойынды ойнату кезінде мен, сыныптағы Соқушының сөздік бойынша басқаларға сұрақ қоюға деген ынтасының артқандығы және ойын соңында С оқушыларға басқа оқушылар мәтіндегі сөздер бойынша сұрақ қойғанда оның 3-4 жаңа сөзді жаттап үлгергенін байқадым. Сонымен қатар, сабақ барысында І- топ қалған 2 топқа «can», ІІ- топ «may», ІІІ-топ «must» модаль етістіктері туралы түсіндіру кезінде «оқытудағы делегат әдісі» қолданылды. Топтағы Ажәне В оқушылар делегат болып келесі топқа түсіндірген мәліметті С оқушы «can, may, must» модаль етістіктерін қолданып, өз постерлеріне өзгерістер енгізу арқылы қайта қорғап шықты. Осындай сан түрлі әдістерді қолдану арқылы мен өз сабағыма «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін кіріктірдім. Сабақтың ең бастапқы кезеңіндегі ынталандыру мен қалыпты психологиялық ахуал орнату кезеңіндегі конфеттердің түстері арқылы топқа бөлу мен оқушыларды ынталандыруданбастап, берілген тапсырмаларды орындау кезіндегі модаль етістіктер туралы 3 топ арасында «оқытудағы делегат» әдісі арқылы жүргізілген талқылаулар мен пікірталастар, сөздікпен жұмыс жасау кезінде өткізілген «қара, жап, айт»ойыны, шығармашылық жұмыс кезіндегі әр топтың өз тақырыбы бойынша постерлер жасап,оны қорғау кездеріндегі бұдан басқа да барлық іс-әрекетті орындаушы оқушылар болса, осы талаптың барлығының дұрыс, сауатты орындалуын қадағалап, сабақтың соңында күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында барлық топ мүшелерінің жұмыстарын бақылай отырып, оларға тек бағыт-бағдар беріп отыру арқылы өз сабағымда мен «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін кіріктіре алдым. Біздер, мұғалімдер, әр қайсысымыз өз сабақтарымыз барысында топ құрамындағы әр бір оқушының жасаған барлық іс-әрекетін өз ойымызша толық бақылап отырмыз деп ойлаймыз, бірақ бұл кейде мүлдем олай емес, мәселен кейде жеке оқушымен жұмыс жүргізу кезінде басқа оқушының ерекше жасаған жұмысы назарымыздан тыс қалып қоюы ғажап емес, міне осындай жағдайларда әр топтағы топ басшысы өз тобының қалған барлық мүшесінің қабілеті мен іс-қимылын бақылап отыруы біз үшін үлкен көмек әрі жетістік деген оймен балалардың өздері сайлаған әр топтың басшысына өз топтарындағы қалған оқушылардың осы сабақ барысында жасаған іс-әрекеті мен жауаптарына қарай топ мүшелерін бағалауды жүктедім, әр топ басшы өз тобындағы Аоқушыға барлық тапсырманы орындау кезінде өз пікірін білдіріп, белсене қатысқаны үшін «5» қойғанын, бірнеше В оқушыларға белсенді қатысқанмен сөздікпен жұмыс жасау және модаль етістіктер арқылы сөйлемдер құрастыру кезінде аздап қателесуіне байланысты «4» қойғанын, жаңа сөздер бойынша бір-біріне сұрақ қою кезінде ғана қатысып, постер жасау кезінде көптеген сөздердің аудармасын білмей қалуына байланысты кейбір оқушыларды «3» деген бағамен бағалағанын айтты, дәл сол сәтте келесі топтың басшысы өзінің тобындағы С оқушының (ол бұған дейінгі сабақтарда үнсіз оқушылардыңбірі болатын) бүгінгі сабақтағы сөйлем құрау мен постер жасау кезіндегі ерекше қабілетіне қарап, ынталандыру үшін «4» деген баға қоятынын айтты, осылайша сабақта оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі көрініс тапқан. Сабақтың соңында арнайы «бұл мен үшін оңай, мен түсіндім және бұл мен үшін қиын, мен түсінген жоқпын» деген 2 бағанға бөлінген кері байланыс кезінде сыныптағы С оқушының «маған сабақ қатты ұнады, әсіресе менің ең алғаш рет сабақ айтқаным өзіме қатты ұнады, мен модаль етістіктер туралы көп нәрсе түсіндім» деген пікірін оқыған кезімде осы оқушының сол сабақтағы жетістігі үшін қатты қуандым. Қорыта келгенде, осы сабақ барысындағы оқшылардың алдыңғы сабақтарға қарағанда қызығушылықтары мен ынтасының артып, тақырыпты тереңірек түсініп, тапсырманы орындау кезінде қолдана білуі сабақты бағдарламадағы 7 модульді кіріктіре отырып өткізудің басты жетістігі мен сыныптағы үнсіз оқушыны сабаққа тарта білудің бірден-бір жолы екенін ескере отырып, алдағы сабақтарымды үнемі осы 7 модульді негізге ала отырып жоспарлау барысында оқытудың жаңаша әдістерін сабақ сайын түрлендіремін деген ойдамын.     Пайдаланылған әдебиеттер: «Мұғалімге арналған нұсқаулық».  

 

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 252 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БРИГАДА -- 2| ЗЕРНОСКЛАДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)