Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
  7. Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары

Адамның қылмыс жасар алдындағы ойлану процесі көпқыр-лы және күрделі. Объективтік және субъективтік факторлар-дың әсерінен адам ойы кінәнің нысанына ықпал ететін әртүрлі қателіктер жіберуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қате женіндегі мәселелерді реттейтін арнайы нормалар жоқ. Олар кінә және оның нысандары туралы ережелер негізінде теория жүзінде қаралып шешіледі. Қате субъектінің өзі жасайтын әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатынасының арнаулы нысаны болыптабылады, сондықтан ол кылмыс қүра-мының субъективтік жағы жайында мәселе қозғалған жағдаіі-да қарастырылады.

Қате — адамның өзі жасаған іс-әрекеттің заңдық қасиетін немесе нақты мән-жайын дүрыс түсінбеуі, яғни оның қателесуі/адасуы.

Дүрыс түсінбеу адамның субъективтік ерекшеліктерінін. және нақты бір қылмыс жасалған объективтік жағдайлардың нәтажесівде болуы мүмкін. Адамның субъекікивтік ерекшеліктеріне

қолданылып жүрген нормативтік актілерді білмеу, кажетті
кәсіби немесе емір тәжірибесінің болмауы, қорқудың, маза-
сызданудың немесе толқудың нәтижесінде әрекет жасалатын
жағдаңды, басқа да мән-жашіардьт дүрыс бағалай алмауы жатады.
Объективтік жагдашарга —
әрекет жасалған жағдай, орын,
уақыт және басқа нақты мән-жайлар жатады.

Қылмыстық құқық теориясында қате зац жузіндегі және іс жүзіндегі болып бөлінеді.

Зац жузіндегі қате — адамның өзі жасаған әрекетінің заң-дық қасиеті мен қүқықтық зардаптарын/салдарын дүрыс түсінбеуі. Оның мәні өзі жасаған әрекеттің заңға қаишы екендігін қылмьтстық заң тұрғысынан дурыс түсінбегендікте, әрекетті дұрыс сараламауда, ол үшін берілетін жазаның сипа-тын анық білмеуде.

Зац жузіндегі қатенің бір түрі — адамның жаза көзделмеген іс-әрекет жасап, оны өзі білместіктен қылмыс деп санауы. Бүлайша қателесіп әрекет жасау, ол үшін қолданылатын қыл-мыстық-қүкық норма болмағандықтан қылмыстык жауапты-лыққа тартуға негіз болып табылмайды. Мысалы, арзанға са-тып алған тауарды қымбатқа сатқанын (спекуляция) адам кыл-мыс жасадым деп қате ойлайды.

Зац жузіндегі қателіктіц тагы бір түрі— адамның қылмыс-тык занда жауаптылық қарастырылған өз әрекетін қылмыстық заңға қайшы емес деп қате ойлауы. Мысалы, адам тауып алған оқ-дәрісін өзінде сақтайды; бүл үшін қылмыстық жауапты-лық қарастырылмаған деп қате ойлайды. Әрекеттің занға кай-шылығын үғыну-үғынбау қасақаналықтың қажетті белгісі бо-лып табылмайтындықтан, бұл көрсетілген әрекеттер ҚК-тің 251-бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыс деп.танылады.

Сондай-ақ, адамның әрекеттің заң бойынша саралануын, жазаның ^ипаты мен мөлшерін дүрыс түсіне алмауы оның кінәсі мен жауаптылығына ықпал ете алмайды.

Іс жүзіндегі қате— адамның өз әрекетінің іс жүзіндегі мән-жайын дүрыс түсінбеуі. Іс жүзіндегі қате адам жасаған қыл-мыс қүрамының жеке элементтеріне — объектіге, объективтік жаққа не сол қылмысты саралаушы мән-жайларға қатысты болады.

Осыған байланысты іс жүзіндегі кателер мынадаи түрлерге бөлінеді: а) қол сүғу объектісіндегі қате; ә) әрекеттің сипатын-дағы қате; б) субъектінің әрекеті мен келген салдар арасын-дағы себептік байланыстың дамуындағы қате.

Объектідегі қатеде, адам өзінің қателесуі салдарынан, қаса-қаналық бағытталған объектіге емес, басқа объектіге қол сүғу-шылықжасайды. Мысалы, адамдәріханадан қүрамында есірткі заттары бар дәрілер үрлап шықтым деп ойлайды, ал шын мәнінде үрлаған дәрілері ондай болмай шығады. Бүл жағдайда әрекет касақаналықтың неге бағытталғанына қарай — есірткі заттарды үрлауға оқталғандык деп „сараланады (ҚК-тің 15, 260-6 аптары).

Объектідегі қатені қылмыстың кінәсі мен саралануына ықпал етпейтін жәбірленушінің жеке басындағы қатеден ажы-ратқан жөн. Мыссілы, Н. қателесіп А. екеһ деп ойлап қалып А -ны өлтірудіц орнына В-ны олтіреді. Қасақана адам өлтірудің құрамы үшін А-ның өмірі сияқты В-ның өмірі де заң жүзінде тең объект болып танылады.

Егер объектілер ойластырылған және іс жүзінде жасалған әрекеттерде заң бойынша езара тең болып келмесе, онда, объектідегі қатенің бірқатар ерекшеліктері болады. Мысалы, қылмыскер халықаралық қорғаудағы адамға шабуыл жасауды ойластырады, бірақ қателесіп басқа адамға шабуыл жасайды. Бұл жағдайда, ҚК-тің 163-бабында жауаптылық көзделген қылмысты жасауға оқталғандық орын алады.

Шындықта жоқ болса да өз әрекетінде қылімыс құрамының объективтік жағының белгілері бар деп қате түсіну, кінәға ықпал жасай алмайды. Мысалы, радиоактивтік материалға жат-пайтын затты радиоактивтік екен деп қателесіп заңсыз сақтаса жауаптылық жарамсыз озбырлық ретінде жүктеледі, яғни әре-кет ҚК-тіҢ'24 және 247-баптары бойьшша сараланады.

Өз әрекетінде осы қылмыстың объектавтік жағын қүрай-тын белгілер бар деп қате түсіну басқа сипаттағы қатеге жата-ды, бұл әрекетте қасақаналық болмайды және қылмыс құрамы жоқ деп таныладьт. Мысалы, егер адам заттың радиоактивтік екенін білмей оны өзінде сақтаса, ол ҚК-тің 247-бабы бойын-ша қылмыстық жауаітқа тартылуға тиіс емес, себебі ол қыл-мыс қасақана қылмыстар санатына жатады, сондықтан да ай-ытжер өзінің сақтауындағы материалдың радиоактивтік екенін білуі тиіс.

Іс-әрекеттің сипатындағы қатенің басқа бір түріне соңдай-ақ қылмыс жасау құралынан қателесу жатады, бүл жағдайда адам қылмыстық нәтижеге жету үшін қателесіп өзінің объективтік қасиеттері жағынан көздеген нәтижені бере алмай-тын құралдарды пайдаланады. Яғни бүл ретте жарамсыз кұрал-дар пайдаланылады. Мысалы, өлтіру максатында бүзылған қарумен ату немесе удың орнына қателесіп уы жоқ (у емес) затты беру.

Көрсетілген жағдайларда әрекет қасаканалықтын бағыт-тылығы бойынша, қасақана өлтіруге оқталғандық ретіт-Іде са-раланады, себебі айыпкер ойластырған зардап болған жоқ.

Құралды пайдаланудағы қателік басқа да сипатта болуы мүмкін, мысалы, адамның қылмыс жасау пиғылы болмағаны-мен де ол қателесіп қоғамдық қауіпті зардаптарға соқтыратын қүралды пайдалануы мүмкін.

Мысалы, ауруға дәрінің орнына қателесіп улы зат беруінің салдарынан ауру адам елген жағдайда медбике мұндай зардап-тың болуьт мүмкін екендігін алдын ала білетін және білуге тиіс болса, абайсызда жасалған қылмыс үшін ҚК-тің 114-бабының бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 577 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде. | Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.| Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)