Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айдап салушы және оның жауапкершілігі.

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  6. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Басқа тұлғаны сөз байласу, сатып алу, қорқыту арқылы немесе басқа тәсілмен қылмыс жасауға көндірген тұлға айдап салушы деп танылады (ҚК-тің 28-бабының пюртінші бөлігі). Бұл тұлғаның атқаратын қызметі — белгілі бір кылмысты жасауды бұған дейін де ойластырып жүрген тұлғаның шешімін бекіте түсіп, оны осы қылмысты жасауға қайрай түсетіндігінде. Осыған орай біреудің қылмысты іспен айналысу туралы жал-пылама, белгісіз түрде айта салған сөздерін айдап салушылық деп қарастыруға болмайды.

Айдап салу: қылмыс жасауға сөз байласу, уәде беру, қорқы-ту, сатып алу арқылы немесе басқа тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін. Айдауға көнген тұлғаның дәл айдап салушы көндірген қылмысты жасауы — айдап салушылықтық нәтижесі болуы тиіс. Басқаша айтқанда, айдап салушының қылығы — айдап са-лынушының, яғни, айдауға түсушінің қылмысқа баруының себебі.

Айдауға көнушіні қьглмыс жасауға көндірген кезде айдап салушының колданған амалдары жаза тағайындауға әсер етеді.

Тұлғаның басқа біреуді дем берушілікке, яғни орындаушыға қолдау к^рсетуге көндіруі де айдап салушылық деп танылады. Мәселен, А. кісі елтіру үшін Б-дан қару тауып беруді сүрап, олар осы жайында сөз байласады делік. Бүл жағдайда А-ның тарапынан айдап салушылық орын алып отыр.

Егер де айдап салынып отырған тұлға бастапқыда бүл іске келісімін бергеніне қарамастан, қылмыс жасаудан бас тартса, айдап салушылық та жойылады. Аталған жағдайда (айдап са-лушылық сәтсіздікке үшырағанда) айдап салушының тарапы-нан қылмыс жасауға дайындық болды деп есептеледі.

Субъективтік жағынан алыпқарағанда, айдап салушылық-та тікелей қасақаналықтың болатындығы анық. Біреуді белгілі бір қылмыс жасауға айдап сала отырып, кінәлі өзінің әрекетінің қоғам үшін қатерлі сипатын жақсы түсікеді, оның қоғам үшін кауіпті салдарының сөзсіз болатындығын немесе мүмкіндігін алдын-ала біліп, сол салдардың орын алуын тілейді.

Айдап салушының әрекетіндегі ниет пен мақсат орындау-шының әрекетіндегі ниетпен мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Алайда, бүл жағдай олардың жауаптылығына әсер ете алмай-ды. Мысалы, кісі өлтіруге айдап салушының қүрбан болушы адаммен бас араздығы болса, үйымдастырушының оны өлтіруде пайдакүнемдік ойы іске асуы мүмкін.

Егер де айдап салушының көндіруімен жасаған қылмысын аяғына дейін жеткізбесе, айдап салынушы қылмыс жасауға оқталуға бірге қатысқандығы үшін ҚК-тің 24, 28-баптарына және Ерекше бөлімнің тиісті бабына сәйкес жауап береді.

Нақты бір қылмыс жасауға бірлесіп қатысу болып есептелетін айдап салушылықтан онымен ұқсастығы бар кейбір қылмыс түрлерін ажырата білу керек. Мысалы, басқыншыльгқ соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде ша-қыру (ҚК-тің 157-бабы), Қазақстан Республикасының консти-туциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бүзуға шақыру (КК-тің 170-бабы). Бұл жағдайларда айдап салушылыкка жеке, қыл-Імыстык әрекетке өзінетиісті жауаптылық қолданылады^себебі мұндағы кінәлінің әрекеттері белгісіз тұлғаларды қоғамдық қауіпті істер жасауға кендіруге бағытталған.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 583 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Абайсыздық және оның түрлері.| Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)